Рухани Жаңғыру бағытында

 

Аялдамадағы

электронды кітапхана

Аудан әкімі Балабек Нарбаевтың тапсырмасымен, Жаңатас қаласының әкімі Сәкен Мамытов аудандық мәдениет үйі жанында орналасқан аялдамаға электронды 100 жаңа кітаптың жобасы көрсетілген ілмелер қойды.

Енді кез-келген жолаушы аялдама ішінде тұрып, ұялы байланысы арқылы кітаптарды оқи алады. Бұл өте тиімді әрі жаңа әдіс. Осындай электронды кітапхана қаламыздағы алты аялдамаға қойылатын болады.

 

Офис құрамының есебі тыңдалды

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық рухани жаңғыру жобалық офисінің құрамы есеп берді. Аудан әкімінің орынбасары Д.Асанова төрайымдық еткен есеп беруде басқа да білім ошақтары мен ауылдық округ әкімдерінің және мекеме-кәсіпорын басшыларының сәуір-қыркүйек аралығында атқарған жұмыстары тыңдалды.

 

Кездесу

Аудандық орталықтанды-рылған кітапханалар жүйесінің  ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар:  рухани жаңғыру» атты тақырыбында кездесу өтті. Елбасының еңбегі ел назарында дегенді берік ұстанған кітапханашылар ұжымы тұшымды пікірлер айтып, өз ойларын ортаға салды.

 

Сот ұжымы офисте

Аудандық Рухани Жаңғыру жобалық офисінде аудандық соттың қызметкерлері болып,ауданда атқарылып жатқан істермен танысты. 

 

Ардагерлер арамызда

Ұзақ жылдар мемлекеттік салада қызмет етіп, ауданға еңбектері сіңген ауданымыздың ардагерлері Марқаш Мизенбай және Тыныштық Бектөреева, Байтуған Рыспанов, Асылбек Саттаров, Зауал Махан аудандық Рухани Жаңғыру офисіне арнайы келді. Еңбек ардагерлері атқарылған істерге шолу жасап, өз бастарынан өткен қиын қыстау уақытта жасаған игі істерімен бөлісіп, ел ертеңі үшін ерінбей еңбек ету керек деген ақылдарын жеткізді. Қариясы бар елдің ақыл, кені бар деген. Расында, жастарға жол сілтеп, дұрыс бағыт беретін осындай қарияларымыздың арамызда жүргені жөн-ақ.

Басшылармен басқосу

Аудандық Рухани Жаңғыру офисінде ауылдық округ әкімдері мен мекеме басшылары  болып, жаңа, тың идеялар жайында ой бөлісті.

 

Саудакенттіктер үлесі

Еліміздің өркениетті дамыған елдердің қатарына қосылуы үшін дініміз, мәдениетіміз өркендеуі қажет. Елдің денсаулығы бас-ты назарға алынған. Спортты дамыту үшін шаралар қабылдау тапсырылған. Бұл мақсатта Саудакент мәдениет үйінде «Рухани жаңғыру-елдің жаңғыруы» тақырыбында әдеби-сазды кеш өткізілді.

 

Іс-шаралар жалғасуда

«Ақбота» балалар бағында маусым айында «Бала тілі-бал» әдеби-сазды кеш өткізілсе, Техникалық шығармашылық орталығында «Тіл-достықтың алтын көпірі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. 

 

Латын әліпбиіне көшу-заман талабы

Саудакент ауылдық аула клубы мекемесінде  «Латын әліпбиіне көшу-заман талабы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Басқосуда еліміздің мықты, әрі жауапкершілігі жоғары біртұтас ұлт болу үшін болашаққа қадам басатынымыз және бұқаралық сананы қалай өзгертетініміз туралы осы мақалада толыққанды айтылғанын жеткізді. Әлемдегі ең дамыған елдің қатарына қосылу мақсатында латын әліпбиіне көшуіміз қажет екендігі кеңінен айтылды.

 

Тарихи таным

Саудакент ауылындағы Төкен Мақашев атындағы тарихи өлкетану мұражайында мектеп оқушылары мен колледж білімгерлеріне арналған «Ырыс дарып, құт қонған киелі мекен Сарысу» атты экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсияда оқушыларға киелі Сарысудың тарихы, қазба байлықтары өскелең ұрпаққа таныстырылды.

 

Аман жүрші, қарттарым

Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай «Саудакент ауылында  Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, ауданның Құрметті азаматтарының және еңбек ардагерлерінің қатысуымен «Аман жүрші, қарттарым» сазды кеш ұйымдастырылды. Кеште ауылдық округ әкімі Е.Көлбаев көпшілікті құттықтап, ауылдың өсіп-өркендеуіне зор үлес қосып жүрген бірқатар ардагерлерге алғыс хат тапсырып, сый-сияпат көрсетті.

 

Жаңғыру – ана тілімізден басталады

Саудакент ауылдық аула клубында  «Жаңғыру-ана тілімізден басталады» атты іс-шара өткізілді. Жиында сөз алған жалпы бөлім меңгерушісі Г.Қарсыбаева тәуелсіз елдің мемлекеттік тілі  өрістеп дамуына үлес қосу азаматтық борыш дей келе, мақала төңірегінде ойын ортаға салды.

 

100 кітап жобасы

Техникалық шығармашылық орталығында рухани шара жалғасын тапты. Рухани жаңғыру бағытында 100 жаңа кітаптар жобасынан дайындалған  көрме  қойылып, қызметкерлер мен оқушылардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

       

 Тың идеяларыңмен бөліс

Құрметті  Сарысу ауданында туылып, өскен, шалғайда жүрсе де жүректері елім деп соғар азаматтар мен аудан тұрғындары!

Әрбір елім, жерім деген әрбір азамат рухани жаңғыру аясында өз көкейлеріңізде жүрген тың идеялар болса бөлісулеріңізді сұраймыз. Мұндағы мақсат біз ел ертеңі үшін не бере аламыз. Қалай өз бойымыздағы, ойымыздағы тың, жаңа идеяларды жарыққа шығарып, халық игілігі үшін қызмет етеміз дейтін уақыт жетті.

Жаңа жоба іс-шаралармен шектелмей, өзіндік мәні бар, елге тигізер пайдасы мен рухани серпіліс сыйлайтындай дүние болуы керек.

 Мысалы: Жайылма ауылының тумасы Ж.Тоғызақбаев ардагерлер демалыс үйін салу идеясын ортаға салды.

Міне, осыған ұқсас тың идея,  өз ойларыңызбен нақты  жобаларыңызды  sarusujangiru17@mail.ru электронды поштасына немесе (87758707548) ұялы байланысына, сондай-ақ, аудандық әкімдік ғимаратында орналасқан «Сарысу аудандық рухани жобалық офисіне» келіп берулеріңізге болады. Ақпарат берерде нақты аты-жөндеріңізбен, электронды пошта адресі, байланыс нөмерлеріңіз шартты түрде