Қылмыстың алдын алу-басты міндет

Маусым 7, 2019

Жуырда «Аудандағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алудағы атқарылған жұмыстары туралы» аудандық полиция бөлімінің есебі тыңдалып, талқыланды.

Аудан әкімшілігінің үлкен залында өткен жиынды аудан әкімі Қанатбек Мәдібек жүргізіп отырды. Жиынға аудан прокуроры А.Әбілдаев және ауыл әкімдері, мекеме басшылары қатысты. Жиында сөз алған аудандық полиция бөлімінің бастығы Қ.Қапаров:

-Сарысу ауданының полиция бөлімінің қылмысқа қарсы күрес және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында бірқатар кешенді іс-шаралар өткізілгеніне тоқтала келіп, 2019 жылдың 4 айында Сарысу ауданының полиция бөлімінің штат бойынша саны – 74 қызметкер, оның ішінде аттестацияланған – 72, жалдамалы – 2. Қазіргі таңда бос орын – 3, штат бойынша офицерлер саны – 65, сержанттар саны- 7.

Бөлім қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық деректерін болдырмау, қызметтік тәртіппен заңдылықты бұзудың алдын алу мақсатында үнемі бөлімнің жиынында қызметкерлер тәртібі қаралып, сабақтар өткізіліп тұрады. Ағымдағы жылдың 4 айында АПБ-де 12 қызметкер тәртіптік жазаға тартылды, оның ішінде «ескертпе»-6, «сөгіс»-5.

2019 жылдың 4 айында аудан аумағында 111 (60-2018 ж.) жалпы қылмыс тіркелген. Оның ішінде 65 іс (52-2018 ж.) толық аяқталып, қылмыстың ашылу деңгейі 72,2 пайызды (776-2018 ж.) құрады,-деді.

Аудан әкімі Қанатбек Мәдібек баяндамашыға бірнеше сұрақтар қойып, жауабына қанағаттанарлық деген бағасын берді. Сондай-ақ, аудан прокуроры Аслан Әбілдаев бірнеше сұрақтар қойып, тұшымды жауаптар алды.

Жиынды қорытындылаған аудан басшысы, алдағы уақытта қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алуда атқарылатын жұмыстарды ширата түсу керектігіне тоқталды.