Сарысу ауданының қала және ауылдық округтерінің 2018-2020 жылдарға арналған азаматтық бюджеті

2018-2020 жылдарға арналған

Азаматтық бюджет

Құрметті сайт қонақтары!

Сіздердің назарларыңызға аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің негізгі көрсеткіштері, бюджеттік қаражатты қалыптастыру және жұмсау бағыттары туралы ақпараттан тұратын Сарысу ауданының қала және ауылдық округтерінің 2018-2020 жылдарға арналған азаматтық бюджеті ұсынылады.

Аталған құжат келесі бөлімдерден тұрады:

– Сарысу ауданының қала және ауылдық округтерінің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері;

– Сарысу ауданының қала және ауылдық округтері бюджеттерінің түсімдері мен шығыстары.

«2018–2020 жылдарға арналған Сарысу ауданының қала және ауылдық округтерінің бюджет туралы» Сарысу аудандық мәслихаты сессиясының 2017 жылғы 21 желтоқсандағы №26-2 шешімін іске асыру туралы бекітілген.

2018-2020 жылдарға арналған Сарысу ауданының қала және ауылдық округтері деңгейіндегі азаматтық бюджет

  1. 2018-2022 жылдарға арналған Сарысу ауданының

әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері

 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы №9 бұйрығымен бекітілген «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу қағидалары мен мерзімін бекіту туралы» сәйкес Сарысу ауданының 2018-2022 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы әзірленіп, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына ұсынылды.

Аймақтың экономикалық саясатының негізгі бағыты инфрақұрылымды дамыту және индустрияландыру арқылы экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету болып табылады.

Экономикалық өсудің мақсатты параметрлеріне инвестициялық белсенділік есебінен қол жеткізіледі. Бұл өз кезегінде технологиялық модернизациялауды белсенді жүргізуге мүмкіндік беретін негізгі капиталдың шоғырлануының артуы есебінен қамтамасыз етіледі.

 

Көрсеткіштер 2017 ж. Болжам
2018 ж. 2019 ж. 2020 ж. 2021 ж. 2022 ж.
Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі, өткен жылғы тиісті кезеңге % 103,6 101,0 102,2 102,0 103,0 103,0
Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлер қазу көлемі, өткен жылғы тиісті кезеңге % 156,4 101,0 102,0 101,3 103,0 102,5
Өңдеуші өнеркәсібінің көлемі, өткен жылғы тиісті кезеңге % 50,4 101,3 103,0 103,0 103,1 103,3

 

Индустрияландыру картасы аясында 2018-2022 жылдар аралығында 2 жоба жүзеге асырылады, жобалардың жалпы құны 940 млн. теңгені құрайды. Жобалар шеңберінде жалпы 125 жаңадан жұмыс орны ашылады.

 

 

2018-2022 жылдар аралығындағы Сарысу ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері

 

Көрсеткіштер 2017

жыл

2018 жыл 2019 жыл 2020 жыл 2021 жыл 2022 жыл
Болжам
Әлеуметтік сала көрсеткіштері
Тұрғындар саны, мың адам 36,6 37,1 37,8 38,5 39,7 41,2
Ең төменгі күн көріс деңгейі, теңге 21 760 23 066 24 450 25 917 27 471 29 120
Айлық есептік көрсеткіш, теңге 2 269 2 405 2 573 2 753 2 946 3 152

 

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттері – салық және салық емес түсімдер есебінен қалыптастырылатын және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтердің жергілікті мемлекеттік органдарының, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.

Экономикалық саясатты, сондай-ақ қаланың бәсекеге қабілеттілігін сапалы жаңа деңгейге және тұрақты экономикалық дамуға жетуге ықпал ететін жоспарлау және басқару жүйелерді дамыту мақсатында 2018-2020 жылдарға арналған Сарысу ауданының қала және ауылдық округтерінің бюджетін қалыптастыру Елбасының бюджет қаражатын қатаң түрде үнемдеу және оларды тиімді пайдалану туралы берген тапсырмасына сәйкес іске асырылды.

«2018-2020 жылдарға арналған Сарысу ауданының қала және ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» Сарысу ауданы мәслихатының 2017 жылғы 21 желтоқсандағы №26-2 шешімімен Сарысу ауданының қала және ауылдық округтерінің бюджеті бекітілді.

 

 

2018-2020 жылдарға арналған қала және ауылдық округтер бюджеттерінің негізгі параметрлері

мың. теңге

Атауы 2018 жыл 2019 жыл 2020 жыл
Бекітілген жоспар Жоспар Жоспар
1. Кірістер, оның ішінде: 463 518 950 621 465 459
Салықтық түсімдер 51 649 56 854 59 466
Салықтық емес түсiмдер 1 089 1 100 1 150
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 0 0 0
Трансферттердің түсімдері 410 780 892 667 405 993
 2. Шығындар 463 518 950 621 465 459
3. Таза бюджеттік кредиттеу 0  0  0
Бюджеттік кредиттер 0  0  0
Бюджеттік кредиттерді өтеу 0            0            0
4. Қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо 0 0 0
Қаржы активтерін сатып алу 0            0            0
Мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0  0  0
5. Бюджет тапшылығы (профициті) 0  0  0
6. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) 0  0  0
Қарыздар түсімі 0  0  0
Қарыздарды өтеу 0  0  0
Бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары 0  0  0

           

Түсімдері

 

2018-2020 жылдарға арналған Сарысу ауданының қала және ауылдық округтерінің бюджеттері түсімдерінің болжамы бюджеттің түсімдерін болжамдау Әдісімен, Сарысу ауданының қала және ауылдық округтерінің әлеуметтік экономикалық даму болжамындағы макроэкономикалық көрсеткіштер негізінде, Қазақстан Республикасының Салық, Бюджет кодекстеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес болжамдалған.

.

 

Сарысу ауданының қала және ауылдық округтері бюджеттерінің шығындары

 

2018-2020 жылдарға арналған қала және ауылдық округтері бюджеттері жобасы Елбасының Қазақстан халқына жолдауының іс-шараларын жүзеге асыру, халықтың әлеуетін жақсартуға, жұмыссыздықты төмендетуге жасалған бюджет.

 

р/с АТАУЫ 2018 ж. 2019 ж. 2020 ж.
  Шығындар 463 518 950 621 465 459
1 Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер 213 040 189 373 191 163
2 Қорғаныс 0 0 0
3 Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі 0 0 0
4 Бiлiм беру 1 056 1 056 1 056
5 Денсаулық сақтау 0 0 0
6 Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру 0 0 0
7 Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық 93 433 97 926 100 636
8 Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк 0 0 0
9 Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану 0 0 0
10 Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары 0 0 0
11 Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі 0 0 0
12 Көлiк және коммуникация 142 640 648 917 159 255
13 Басқалар 13 349 13 349 13 349
14 Борышқа қызмет көрсету 0 0 0
15 Трансферттер 0 0 0

 

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің шығындары 15 функционалдық топ бойынша жоспарланады. Сарысу ауданының қала және ауылдық округтері бюджеттерінің шығындарында аудандық бюджеттен бөлінген субвенция енгізілген.

2018 жылы аудандық бюджеттен бөлінген субвенция көлемі – 410 780,0 мың теңгені, 2019 жылы – 892 667,0 мың теңгені, 2020 жылы – 405 993,0 мың теңгені құрайды.

 

 

 

Әлеуметтік сала

 

Әлеуметтік саланың шығыстары 3 функционалдық топтан тұрады:

  1. Білім
  2. Әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыру
  3. Мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік.

 

Әлеуметтік салада негізгі бағыттардың бірі азаматтардың әл-аухатын көтеру үшін алдын ала қабылданған әлеуметтік міндеттемелерді орындау болып табылады.

2018 жылы Сарысу ауданының қала және ауылдық округтері бюджеттерінің білім беру саласына қаралған қаржы – 1 056,0 мың теңгені құрайды.

 

2018-2020 жылдарға білім беру саласы шығындары

                                                                                                                         мың. теңге

Атауы  

2018 жыл

 

2019 жыл болжам 2020 жыл болжам
Барлық шығындар: 1 056 1 056 1 056
Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру 1 056 1 056 1 056

 

Коммуналдық және құрылыс саласының шығыстары

 

                мың теңге

Атауы  

2018 жыл

 

2019 жыл болжам 2020 жыл болжам
Барлық шығындар: 142 640 648 917 159 255
Көлік және коммуникация 142 640 648 917 159 255