САРЫСУ АУДАНЫН ДАМЫТУДЫҢ 2016-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ

МАЗМҰНЫ

 

І. БАҒДАРЛАМА ПАСПОРТЫ……………………..……………………... 3
ІІ. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ ………………..………………… 10
Бағыт 1: Экономика …………………………………………………………………………….. 10
  1.1 Өнеркәсіп……………………………………………………………………………………… 10
  1.2 Агроөнеркәсіп кешені……………………………………………………………………. 14
  1.3 Шағын және орта бизнес, сауда……………………………………………………… 22,25
  1.4 Инновациялар және инвестициялар……………………………………………….. 28
  1.5 Экономикалық өсу орталықтарын дамыту 31
Бағыт 2: Әлеуметтік сала……………………………………………………………………… 37
  2.1 Білім беру……………………………………………………………………………………… 37
  2.2 Жастар саясаты……………………………………………………………………………… 41
  2.3 Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау…………………………………………. 43
  2.4 Мәдениет………………………………………………………………………………………. 49
  2.5 Дене шынықтыру және спорт……………………………………………………….. 51
  2.6 Туризм…………………………………………………………………………………………. 55
  2.7 Үш тілдікті дамыту……………………………………………………………………….. 57
Бағыт 3: Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп……………………… 58
Бағыт 4: Инфрақұрылым……………………………………………………………………. 62
  4.1 Құрылыс……………………………………………………………………………………….. 62
  4.2 Жолдар мен көлік ………………………………………………………………………… 64
  4.3 Байланыс және коммуникация………………………………………………………. 66
  4.4 Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы……………………………………….. 77
Бағыт 5. Экология және жер ресурстары……………………………………………… 72
  5.1 Орман қоры………………………………………………………………………………….. 72
  5.2  Жер ресурстары…………………………………………………………………………… 73
Бағыт 6. Мемлекеттік қызмет…………………………………………………………….. 76
  6.1. Мемлекеттік қызмет………………………………………………………………… 76
III. Негізгі бағыттар, мақсаттар, мақсатты  индикаторлар және оларға қол жеткізу жолдары………………..……………………………… 79
  3.1 2016-2020 жылдарға арналған Сарысу ауданының негізгі даму бағыттары………………………………………………………………………………………….. 79
  3.2 Мақсаттар, мақсатты  индикаторлар және оларға қол жеткізу жолдары…………………………………………………………………………………………….. 81
IV.Қажетті ресурстары………………………………………………………. 107

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. БАҒДАРЛАМА  ПАСПОРТЫ

 

Бағдарлама атауы     Сарысу ауданын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы
Әзірлеу үшін негіздеме Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» №827 Жарлығы;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы «Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің  одан әрі қолданылуының кейбір мәселелері туралы» №931 Жарлығы.

Өңірдің негізгі сипаттамалары     Жамбыл облысының Сарысу ауданы 1928 жылы құрылған.

Сарысу ауданы Жамбыл облысының оңтүстік-батысында орналасқан. Солтүстігінде аудан Мойынқұм ауданымен шекаралас, оңтүстігінде – Оңтүстік Қазақстан облысымен және Талас ауданымен. Аудан аумағы 31,3 мың шаршы км жерді алып жатыр.

Сарысу ауданының  01.01.2015 жылғы жағдай бойынша әкімшілік-аумақтық бөлінуі 1 қаламен және 9  ауылдық округтермен сипатталады. Ауданда 26 елді мекен бар.

Аудан орталығы – Жанатас қаласы, 1969 жылдың 25 маусымда құрылған, аумағы – 3044 га, 6 шағынаудан және 3 елді мекендер бар.

Географиялық жағынан оның аумағы негізінен жазық. Ауданның климаты анағұрлым құрғақшылық және кенет континенталды ерекшеліктермен сипатталады. Ауданда, әсіресе, оның жазықты бөлігінде жауын-шашын аз жауады. Қар қабаты жұқа, әркелкі болады. Ауданның барлық дерлік аумақтарында шығыстан және солтүстік шығыстан аңызақ жел соғып, тек қиыр оңтүстікте оңтүстік-шығыс бағыттағы аңызақ жиі қайталанады.

Ауданның ішкі жалпы өнімінде өнеркәсіп 11,3%, ауыл шаруашылығы 40,8%, құрылыс 41,5%, көлік 0,5%, байланыс 1,1 %, сауда 4,89%  құрайды.

Ауданның қалыптасқан экономикалық құрылымында тау-кен өңдеу, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын  қайта  өңдеу салалары басымдыққа ие. Оның аумағында ірі фосфорит кендері орналасқан.

Ауданның  өнеркәсібінің негізін  «Қазфосфат»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің  «Қаратау» тау-кен өңдеу кешені құрайды. Тау-кен өңдеуші кәсіпорын фосфор шикізатын өндірумен және оны ұсақтаумен айналысып, ауданда ғана емес, облысты  тау-кен өңдеу саласының дамуын қамтамасыз етіп отыр.

Бағыттары ·   Экономика;

·   Әлеуметтік сала;

·   Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп;

·   Инфрақұрылым;

·   Экология және жер ресурстары;

·   Мемлекеттік қызмет.

Бағдарламаның мақсаттары Бағыт: экономика

·   Аудан өнеркәсібі саласын дамыту.

·   Ауылшаруашылығын дамыту үшін жағдай жасау.

·   Шағын және орта бизнестің белсенді субъектілерінің өсуіне жағдай жасау.

·   Инновацияны дамыту және инвестицияны арттыру.

·   Моноқаланы және тірек елді мекенін дамыту.

·   Моноқаланың инфрақұрылымын қайта жаңғырту және әлеуметтік жағдайды жақсарту бойынша жұмыстар жасау.

Бағыт: әлеуметтік сала

·   Білім беру саласындағы көрсеткіштерге қолжетімділікті арттыру және жастар саясатын қолдау.

·   Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу. Халықты әлеуметтік қорғау және халықтың әлсіз тобына көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру. Мүгедектерге қолжетімділігі қамтамасыз етілген инфрақұрылымды дамыту.

·   Кітапханалар желісін дамыту.

·   Спортпен шұғылдануға халықты тарту.

·   Туристік қызметті дамытуды қамтамасыз ету.

·   Мемлекеттік тілді дамыту, орыс тілін сақтау және ағылшын тілін меңгеру.

Бағыт: қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

·   Қоғамдық тәртіпті күшейту және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Апаттардың алдын-алу және жоюды ұйымдастыру.

Бағыт: инфрақұрылым

·   Құрылыс жұмыстарын дамыту.

·   Автомобиль жолдарын және елді мекен арасындағы автокөлік қатынасын дамыту.

·   Цифрлық сауаттылық деңгейін арттыру және байланысты дамыту.

·   Коммуналдық инфрақұрылымға қолжетімділік.

Бағыт: экология және жер ресурстары

·   Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоршаған ортаны дамыту.

Бағыт: мемлекеттік қызмет

·   Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру

Нысаналы индикаторлары Өнеркәсіп

·    Өңдеу өнеркәсібі өнімін  шығарудың нақты көлем индексі;

·    Өндеу өнеркәсібінің ішкі салалары (салалық бағытқа байланысты) өнімін шығарудың  нақты көлем индексі:

электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау;

-сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау;

-Химия өнеркәсібінің нақты көлем индексі (ТОО «Жарас» Мұнай өндеу)

·    Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда  (салалық бағытқа байланысты) өнім шығарудың нақты көлем индексі.

Агроөнеркәсіп кешені

·    Ауыл шаруашылығы жалпы өнімін шығарудың нақты көлемінің индексі;

·    Өсімдік шаруашылығы жалпы өнімін шығарудың нақты көлем индексі;

·    Егін алқабын арттыру (салалық бағытқа байланысты):

– майлы дақылдар;

– көкөніс дақылдар;

– бақша дақылдар;

– мал азығы дақылдары.

·    Мал шаруашылығы жалпы өнімін шығарудың нақты көлем индексі;

·    Ұйымдастырылған шаруашылықтардағы  мүйізді ірі қара және мүйізді ұсақ қара мал басының үлесі;

·    Тұқымды өзгерістерге қатысатын мүйізді ірі қара және мүйізді ұсақ қара мал басының үлесі;

·    Мерзімі бұзылып берілген субсидиялар үлесінің төмендеуі.

Шағын және орта бизнес, сауда

·    Бөлшек сауданың нақты көлем индексі;

·    Көтерме сауданың нақты көлем индексі.

Инновациялар және  инвестициялар

·    Халықтың жан басына шаққандағы негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны;

·    Инновация саласында белсенділік деңгейі.

Экономикалық өсу орталықтарын дамыту

·    Тіректі АЕМ-де халық санының өсімі;

·    Шағын және моноқалаларда және тіректі АЕМ-де әлеуметтік саладағы нысандар құрылысы және қайта құру;

·    Тіректі АЕМ-де өндірістерді ашу және дамыту;

·    Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы  аясында жан басына шаққанда   негізгі капиталға инвестициялар;

·    Жаңғыртылған желілердің үлесі, оның ішінде жылумен, электрмен және газбен жабдықтау;

·    Орталықтандырылған сумен жабдықтау және су бұру желілерінің қол жетімділігі;

·    Жылу желілерінің тозығын төмендету;

·    Электрмен жабдықтау желілерінің тозығын төмендету;

·    Жұмыссыздық деңгейін төмендету;

·    Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың ішінен жұмысқа жарамды халық үлесін төмендету.

Білім беру

·    Жұмыс істеп тұрған аппаты және үш ауысымды мектептер саны;

·    Жаратылыстану-математика пәндері бойынша мектеп бітірушілердің арасында білім беру бағдарламаларын табысты (өте жақсы/жақсы) меңгерген оқушылар үлесі;

·    Мүмкіндіктері шектеулі балалардың жалпы санының ішінде балалардың инклюзивті біліммен қамтылуы;

·    Балаларды (3-6 жас) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту;

оның ішінде жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдар желілерін дамыту есебінен.

·    Мемлекеттік тапсырыс бойынша техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары түлектері мен оқуды аяқтағаннан кейінгі бірінші жылы жұмысқа орналастырылғандар үлесі;

·   Типтік жастағы (14-24 жас) жастардың  техникалық және кәсіптік біліммен қамтылу үлесі;

·    Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруда 14-29 жастағы тұрғындардың  қанағаттанушылық деңгейі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

·    Жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша жүгінгендерден жұмысқа орналастырылғандар үлесі;

·    Жүгінген нысаналы топтар санынан тұрақты жұмысқа орналасқандар үлесі;

·   Жұмыспен қамту органдарына жәрдемдесу үшін жүгінген еңбекке жарамды жастағы жұмысқа орналастырылған мүгедектер саны;

·    Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың жалпы санынан еңбекке жарамды азаматтар үлесі;

·    Арнайы әлеуметтік қызмет көрсетумен  қамтылған тұлғалардың үлес салмағы (оларды алуға мұқтаж адамдардың жалпы санының ішінде);

·    Жеке сектор субъектілері (оның ішінде, үкіметтік емес ұйымдар) ұсынатын арнайы әлеуметтік көрсетілетін қызметтермен қамтылған адамдар үлесі;

·    Әлеуметтік, көлік инфрақұрылымның паспортталған нысандардың жалпы санынан мүгедектер үшін қолжетімділікпен қамтамасыз етілген әлеуметтік инфрақұрылым нысандар үлесі.

Мәдениет

·    1000 адамға шаққандағы мәдениет ұйымдарына келушілердің (келу) орташа саны:

кітапханаға;

театрға;

концерттік ұйымдарға;

мұражайларға.

Дене шынықтыру және спорт

·    Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтарды қамту;

·    Балалар мен жас өспірімдер жалпы санына қатысты 7 мен 18 жас аралығында балалар-жас өспірімдер спорт мектептерінде және спорт клубында дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын балалар мен жас өспірімдерді қамту.

Туризм

·    Өткен жылмен салыстырғанда ішкі туризм бойынша орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер санының өсуі (резиденттер);

·    Өткен жылмен салыстырғанда сырттан келу туризмі бойынша орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер санының өсуі (резиденттер емес);

·    Өткен жылмен салыстырғанда ұсынылған төсек-тәулік санының өсуі.

Үш тілдікті дамыту

·    Мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындар үлесі;

·    Ағылшын тілін меңгерген ересек тұрғындар үлесі;

·    Үш тілді (мемлекеттік, орыс және ағылшын) меңгерген ересек тұрғындар үлесі.

Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

·    Көшелерде жасалған қылмыстардың үлес салмағы;

·    100 зардап шеккен адамға шаққандағы  жол-көлік оқиғаларынан қайтыс болғандар санын төмендету;

·    Кәмелет жасына толмаған жастармен  жасалған қылмыстар үлес салмағы;

·    Бұрын қылмыс жасаған адамдармен жасалған қылмыстар үлес салмағы;

·    Төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымының қамтамасыз етілу деңгейі.

 

Құрылыс

·    Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі;

·    Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы.

Жолдар мен көлік

·    Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдар үлесі;

·    Жолаушылар автокөлігі қатынасымен қамтылмаған елді мекендер үлесі;

·    Ауданның автокөлік жолдары.

Байланыс және коммуникация

·    100 тұрғынға шаққанда телефон байланысының тіркелген желісінің тығыздығы;

·    Интернетті пайдаланушылардың үлесі;

·    Халықтың цифрлық  сауаттылық деңгейі;

·    1000 адамнан астам санымен елді мекендерді мобильдік байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

·    Қалаларда күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминиум объектілер үлесін төмендету*;

·    Қалаларда орталықтандырылған сумен жабдықтауға және су бұруға қолжетімділік*;

·    Ауылдық елді мекендерде орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділік;

·    Жалпы ұзақтықтан жаңғыртылған желілер үлесі (бағытқа байланысты):

жылумен жабдықтау*;

газбен жабдықтау;

электрмен жабдықтау.

Экология және жер ресурстары

·    ЖАО қарамағында орналасқан мемлекеттік орман қоры аумағында орманмен  жабылған алқап ауданы;

·    ЖАО қарамағында орналасқан мемлекеттік орман қоры ауданында 1 орман өртінің  орташа ауданы;

·    Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің ауыл шаруашылығы айналымына тартылған үлесін ұлғайту;

·    Жыртылған жер құрамындағы ауыспалы егіс  үлесі (ауыспалы егіс алқабы);

·    Табиғи жайылымдық жерлердің құрамындағы жайылымдық ауыспалы егіс үлесі (азықтық ауыспалы егіс);

·    Тұрмыстық қатты қалдықтардың түзілуіне байланысты оларды кәдеге жарату үлесі;

·    Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың халқын қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтермен қамту;

·    Экологиялық талаптар мен санитарлық қағидаларға сәйкес келетін тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыру объектілерінің үлесі (оларды орналастыру орындарының жалпы санынан).

Мемлекеттік қызмет

·    Жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасына қанағаттанушылық деңгейін арттыру.

Қажетті ресурстар * 2016 жыл – 1948876,3 мың теңге;

2017 жыл – 3579376,6 мың теңге;

2018 жыл – 2882881,2 мың теңге;

2019 жыл – 1795772,6 мың теңге;

2020 жыл – 1864257,4 мың теңге.

* – қаржыландыру көлемдері бюджет шығындарының нақтылануына байланысты өзгереді

 

 

 

 

 

 

 


ІІ. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

 

Бағыт 1: Экономика

      

1.1 Өнеркәсіп

Аудан экономикасы негізінен өнеркәсіп саласына бағытталған. Біздің аймақ фосфор мен фосфор тыңайтқыштарын (100%) шығаруда басты орындардың бірінде.

Ауданда минералдық-шикізат ресурстарының болуы арқасында тау-кен өндіру, металлургия өнеркәсібі, құрылыс материалдары өнеркәсібі дамып келе жатыр.

Аудан өнеркәсібінің негізін «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Қаратау» тау-кен өңдеу кешені мен «ЕвроХим» ЖШС-і құрайды. Тау-кен өңдеуші кәсіпорын фосфор шикізатын өндірумен және оны ұсақтаумен айналысып, ауданда ғана емес, облысты тау-кен өңдеу саласының дамуын қамтамасыз етіп отыр.

Өнеркәсіп өндіріс саласын дамыту бойынша ауданда бірнеше кәсіпорындар іске қосылып жұмыс атқаруда.

Аудан өнеркәсібінің дамуына басқа да кәсіпорындар өз үлестерін қосуда, атап айтқанда: «Минерал» ЖШС – құрылыс  және мрамор тастарын, «Жанатас Монтаж Сервис» ЖШС – құрылыс тастарын (щебень) өңдеумен ,«Жарас» ЖШС – мұнай өнімдерін өңдеумен, «Инженерные сети» ЖШС,  «Жаңатас-су-жылу» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны – жылу өндірумен, суды жинау және тазалаумен айналысады. Қосалқы шаруашылықтар  жеке тұтынуға және тұрғындарға өткізу үшін  ет, сүт және сүт өнімдерін  өндіреді.

 

Металлургия

«Жаңатас» металлургиялық комбинаты» ЖШС-гі 2012 жылы 478,2 млн. теңгеге 5621 тонна өнім өндірген болса, кәсіпорын бүгінгі күнде өндірістік себептерге байланысты шетелдік Қытай елінен келетін жұмысшыларға квота бөлінбеуіне және кадр жетіспеушілік мәселелеріне сәйкес жұмыстары тоқтап қалды.

Металл емес өзге минералды өнімдер өндірісі

«Жаңатас» құрылыс материалдары комбинаты» ЖШС-гіде 2012 жылы 60,0 млн. теңгеге 5000 тонна өнім өндірген болса, бүгінгі күнде 2012 жылғы 25 шілдедегі №2-2050-12 Жамбыл облыстық ауданаралық экономикалық сот шешіміне сәйкес жұмыстары тоқтап тұр.

 

Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігінің Жол картасында Жаңатас қаласында іске асырылуға жоспарланған «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС –нің құрғақ ұсақтау және бөлшектеу объектілері 2015 жылы 11 желтоқсанда Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен Телекөпір шеңберінде ашылды. Бұл кәсіпорын 2013 – 2016 жылдары 766,0 мың тонна кен, 227,5 мың тонна фосфор ұнтағын өндірді. Өндірілген өнімдер Ресей, Бельгия, Белорусия, Болгария, Литва мемлекеттеріне экспортқа шығарылды.

2016 жылы ІІ кезекте «Фосфаттарды қайта өндейтін химиялық кешеннің»  құрылысы басталды, құрылыс жұмыстары 2015-2018-2020 жылдары жүргізілетін болады. Жобаның құны – 950,0 млн. АҚШ доллары.

2018 жылдан бастап жылына кемінде 640 мың тонна фосфариттік ұнтақ өндірілетін болады. 2020 жылдан бастап жылына  2,8 млн тонна тауарлы өнім (оның ішінде минералды тыңайтқыштар 1,5 млн. тонна) өндіру жоспарлануда.

«ЕвроХим-Тыңайтқыш» ЖШС-нің әлеуметтік әріптестік бағдарламасы негізінде 2012-2015 жылдары 1 млрд. 549 млн. теңгеге 10 нысанға жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар «Жаңатас Су-Жылу» КМК- на 9,7 млн. теңгеге электр генераторы сатып алынып, Жаңатас қаласындағы мал соятын алаңшаның құрылысын салудың жобалық сметалық құжаттарын әзірлеуге 3,3 млн. теңге берілді.

2012 жылы қаладағы денсаулық сақтау саласына жедел жәрдем көрсету автокөлігін алып берді.

2017 жылы Жанатас қаласында «Жастар сарайы» ғимаратының құрылысы жүргізілетін болады, жобалық сметалық құжаттары жасалып, мемлекеттік сараптамадан өткізілуде.

 

2015 жылдың қорытындысымен өнеркәсiп кәсiпорындары – 3514,0 млн. теңгенiң өнiмдерiн өндiріп (2014ж–1295,8 млн.тг), өнеркәсiп өнiмдерiнiң физикалық көлем индексi өткен жылмен салыстырғанда 115,2 пайызды құрады.

Өсім тау-кен өндіру саласындағы кәсіпорындардың қарқынды жұмыс жасауының есебінен қамтамасыз етілді.

 

 

 

Өнеркәсіп өнімдерін өндірудің НКИ,%

2016 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында өнеркәсiп кәсiпорындары  10785,9 млн. теңгенiң өнiмдерiн өндiріп (1.10.2015ж – 2114,5 млн. теңге), өнеркәсiп өнiмдерiнiң физикалық көлем индексi өткен жылмен  салыстырғанда 32,8 пайызға артқан.

Жалпы өнеркәсіп өнімдерінің 95,2 пайызы тау – кен  өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазу саласында атқарылған (10268,2 млн.тг).

Экономикалық қызметтің негізгі түрлері бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі кен өндіру өнеркәсібінде – 10268,2 млн. теңгені («Қаратау» ТКӨК – 1015,0 млн. теңге, «ЕвроХим» ЖШС – 9253,2 млн. теңге), өңдеу өнеркәсібінде – 334,5 млн. теңгені, электрмен, сумен, жылумен жабдықтау, кәріз жүйесі –  183,2 млн. теңгені құрады.

 

2013-2016 жылдары экономикалық қызмет түрлері бойынша

өнеркәсіп өндірісінің көлемі

р/с№ Нысаналы индикаторлар Өлшем бірлігі 2013 ж. 2014 ж. 2015 ж. 2016 ж.

9 ай

1 2 3 4 5 6 7
1 Өнеркәсіп өнімі, оның ішінде: % 86,6 110,4 115,2 132,8
млн.тг 2281,5 1295,8 3514,0 10785,9
2 Өңдеу өнеркәсібі % 38,0 5,7 есе 95,9 166,7
млн.тг 178,6 365,4 562,5 334,5
3 Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және  ауа баптау % 94,8 101,9 82,4 81,3
млн.тг 125,3 212,5 277,1 120,9
4 Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын қадағалау % 84,6 97,0 118,7 83,8
млн.тг 43,6 96,8 135,4 62,2
5 Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу % 92,2 112,2 115,6 166,7
млн.тг 1934,0 621,0 2539,0, 10268,2

 

Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру.

«ЕвроХим» ЖШС-гі 2016 жылы ІІ кезекте «Фосфаттарды қайта өндейтін химиялық кешеннің»  құрылысы басталды, құрылыс жұмыстары 2015-2018-2020 жылдары жүргізілетін болады. Жобаның құны – 950,0 млн. АҚШ доллары.

2018 жылдан бастап жылына кемінде 640 мың тонна фосфариттік ұнтақ өндірілетін болады. 2020 жылдан бастап жылына  2,8 млн тонна тауарлы өнім (оның ішінде минералды тыңайтқыштар 1,5 млн. тонна) өндіру жоспарлануда.

Сонымен қатар, өнеркәсіп өндірісінің өнім көлемінің ұлғаюына жұмыс жасап тұрған өндірістерді жетілдіру және қайта жаңғырту мақсатында бірнеше инвест жобаларды іске асыру жоспарлануда:

«Тараз – көлік жолы» ЖШС-і – құрылыс құмын, қиыршық тас, құм аралас қиыршық тастар өндірісі, қиыршық тастың оңтайлы қоспасын және асфальт араластыру зауытының құрылысы. Жобаның құны – 250 млн. теңге,     50 жұмыс орны. Қуаттылығы жылына 50 мың м3. 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында пайдалануға берілген.

Қазіргі уақытта өндірістік базада құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, ДС-185 асфальтбетон заводы және КСД-900 ұсақтау-сұрыптау қондырғысын электр желісімен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Электр энергиясын қосу жұмыстарының жобалық сметалық құны 55,8 млн. теңге,  құжаттар Өңірлік үйлестіру Кеңесімен мақұлданып «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 2017 жылы қаржыландыру жоспарланған.

2016 жылдың 10 айында 4,0 мың тонна асфальт пен 3,8 мың тонна қиыршық тас өндірілді (дизельді электр қондырғылары арқылы), шығарылған қиыршық тастар мен асфальт аудандағы және Оңтүстік Қазақстан облысының Шәуілдір ауылының жол жөңдеу жұмыстарына пайдаланылуда.  Қазіргі кезде заводта 35 адам жұмыс істеуде.

«Асыл тұз компаниясы» ЖШС-і – ас тұзын өндіру зауыты. Жобаның құны – 444,0 млн. теңге, 75 жұмыс орны. Қуаттылығы – 50 мың тонна. Іске асыру мерзімі 2016-2017 жылдарға жоспарланған.

Завод айналасын қоршау бойынша жұмыстары аяқталып, құрылыс жұмыстарын жүргізуге уақытша электр желісі тартылды.

Қазіргі кезде қаражат тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде, құрылыс жұмыстары 2017 жылға жоспарлануда. Жобаны өңірлік индустрияландыру картасына енгізу үшін Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік басқармасына құжаттар тапсырылған.

 

 

 

Саланың даму жағдайына  SWOT-талдау

Күшті жақтары Әлсіз жақтары
Өнеркәсіп

·  Өнеркәсіптің күшті базалық салаларының болуы: тау-кен өндірісі, металлургия өнеркәсібі, металдық емес минералдық өнімдер өндірісі;

·  Шағын кәсіпкерліктің белсенді дамуы, өз бетінше жұмыспен қамтылған халық санының өсімі;

·  Қымбат емес тұрақты өсіп отырған жұмысшы күші.

 

 

Өнеркәсіп

·  Өндірісті модернизациялаудың төмен деңгейі;

·  Инвесторлар үшін төмен тартымдылық;

·  Шағын және орта кәсіпкерліктің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі (өнімділік);

·  Шағын бизнестегі қызмет көрсету саласының жоғары үлесі;

·  Шағын бизнесті ұстау инфрақұрылымының жеткіліксіз деңгейі;

·  Білікті жұмысшы кадрлардың және инновациялық менеджмент саласындағы кадрлардың жеткіліксіздігі.

Мүмкіндіктер Қауіптер
Өнеркәсіп

·      Жаңа минералдық-шикізат ресурстарын игеру;

·      Бәсекеге қабілетті өнімнің кең құрамын шығаратын өндірісті дамыту;

 

Өнеркәсіп

·   Ауылдың басқа өңірлеріне қарағанда экономикалық даму қарқыны төмен.

·   Аудан бизнес-ахуалының нашарлау мүмкіндіктері;

·   Үдемелі индустриаландыру жоспарларын іске асыру үшін қолжетімді электр энергиясының тапшылығы.

 

Саланың негізгі мәселелері:

Өңірдегі өнеркәсіптің жүйе қалыптастырушы кәсіпорындарының тауарлар сатып алуындағы қазақстандық мазмұн деңгейінің төмендігіне мыналар әсер етеді:

  • шикізат сатып алуға мәжбүр республика экономикасының қосымша салалары дамуының жеткіліксіз деңгейі;
  • өңдеу саласы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі, бұл бәрінен де бұрын кәсіпорындардың технологиялық деңгейінің төмендігімен, жабдықтардың физикалық тұрғыдан ескіруімен және моральдық ескіруімен байланысты;
  • отандық кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің төмен деңгейі;
  • айналым қаржыларының жеткіліксіздігі мен пайыздық мөлшерлемесі төмен ұзақ мерзімді кредиттердің қол жетімсіздігі.

Сонымен қатар, өнеркәсіптік кәсіпорындардың маркетингтік қызмет деңгейінің әлсіздігі тұтынушылар тарапынан сұраныстың төмен болуына алып келеді.

 

1.2 Агроөнеркәсіп кешен

Бәсекеге қабілетті өнім өндіру және агроөнеркәсіп кешені жүйесін тиімді жүзеге асыру – ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарының бірі.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің құрылымының жартысынан көбі халық шаруашылығының өнімдері, 9,9 пайызы – шаруа қожалықтарының өнімдері, бұл ретте шаруа қожалықтарының саны аудандағы барлық ауыл шаруашылығы құрылымдарының 36,5 пайызын құрайды.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің құрылымында 2015 жылы мал шаруашылығы 54,3 пайыз мен өсімдік шаруашылығы 45,7 пайыз үлеске ие.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің құрылымы

Кесте 1

  2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл
млн. теңге НКИ, % Үлес  сал. % млн. теңге НКИ, % Үлес  сал. % млн. теңге НКИ, % Үлес  сал. %
Ауыл шаруашы-лығының жалпы өнімі, барлығы, о,і: 5871,3 101,4 100,0 7 089,7 102,5 100,0 9264,0 107,4 100,0
– өсімдік шаруашылығы 2392,6 107,6 40,8 2 462,8 101,2 35,0 4211,6 114,4 45,7
– мал шаруашылығы 3475,9 98,2 59,2 4 611,3 103,0 65,0 5035,8 102,4 54,3

 

2016 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында ауыл шаруашылығында  өндiрiлген өнiм ағымдағы бағалармен есептегенде 6572,9 млн. теңгенi құрап (мал өнімі-3636,8 млн. теңге(101,0%), өсімдік шаруашылығы өнімі – 2933,9 (104,9%) млн. теңге), өткен жылдың тиісті кезеңімен  салыстырғанда 102,7 пайызға орындалды (2015ж-5473,1 млн.тг).

 

Ауыл шаруашылығы дақылдарын егу  алқаптарының құрылымы

Кесте 2

Атауы 2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл
га % га % га %
Егіс алқабы – барлығы 14243,8 100,0 16348,5 100,0 17040 100,0
оның ішінде:            
дәнді, дәнді-бұршақты дақылдар 4412,0 31,0 4549,0 27,9 4229 24,8
майлы дақылдар 4400,0 30,8 6136,0 37,5 7087,9 41,6
көкөніс 212,0 1,5 215,0 1,3 215,0 1,3
бақша 280,8 2,0 300,0 1,8 300,0 1,8
картоп 115,0 0,8 120,0 0,7 120,0 0,7
жемдік дақылдар 4824,0 33,9 5028,5 30,8 5088,1 29,8

 

Ауданда 24568 гектар егістік жер бар, оның 4547 гектар (18,2%) суармалы егістік алқабы. Егістік жердің 20312 гектары (81,4%),  суармалы егістік жердің 3773 гектары (82,9%)  ауыл шаруашылық құрылымдарына берілген.

2016 жылы ауданда 1491 гектар жерге күздік бидай, 2609 гектар жерге арпа, 7500 гектар жерге мақсары, 1000 гектар жерге  жүгері,  220 гектар жерге  көкөніс, 120 гектар жерге  картоп, 300 гектар жерге  бақша, 1000 гектар жерге  жаңадан егілген көп жылдық шөп, 4100 гектар жерге 2-3 жылдық көп жылдық шөп барлығы 18340 гектар жерге  орналастырылды.

2016 жылдың өнімі үшін егілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру үшін 813,6 тонна  отандық тыңайтқыштарға (аммиак селитрасы – 455,78тн, аммофос-357,82 тн) Жаңаталап, Түркістан, Жаңаарық ауылдық округтерінен 13 шаруа қожалықтардан өтінім түсіп алынды.

Егін орағы ауыл шаруашылық құрылымдарының өз күшімен  атқарылды. Күзгі дала жұмыстарын жүргізу үшін 910 тонна дизель отыны бөлінген, одан 13 шаруа қожалығына 475 тонна  дизель отыны алынды.

Ауданда 4100 гектар масақты дақылдар орылды, оның ішінде күздік бидай 1491 гектар орылып әр гектардан 19 центнерден, жаздық арпа 2609 гектар орылып, әр гектардан 18 центнерден өнім алды.

Барлығы 7544 тонна астық жиналды. Ағымдағы жылы 300 гектар бақша жиналып -7200 тонна, 120 гектар картоптан -1980 тонна, 220 гектар көкөністен -3850 тонна өнім алынды.

7500 гектар егілген майлы дақылдан  4500 тонна өнім алынды, гектар қайтарымы 6 центнерден айналды.

Ауданда егілген 1000 гектар жүгерінің әр гектарынан 65 центнер өнім алынып, 6500 тонна астық жиналды.

2017 жылдың өнімі үшін 1350 гектар күздік бидай егіліп, 2730 гектар сүдігер дайындалды.

2004 – 2015 жылдар аралығында 27 трактор, 24 қосалқы құрылымдары лизингке алынды. 2016 жылы «Бәйімбет» шаруа қожалығы  «АгроМашХолдинг» арқылы «Есіл-740» комбайынын 22 млн. теңгеге лизингке сатып алды.

Осы алынған техникаларға мемлекет тарапынан 62,2 млн. теңге көлемінде инвест субсидия берілді.

 

Тамшылатып суғару

Ауданда 2015 жылдан бастап тамшылатып және жаңбырлатып суару технологиясы енгізілді. Жаңаталап ауылдық округіне қарасты «Жантөре»  ЖШС тамшылатып суғару жүйесін енгізе отырып 30 гектар жерге пияз, 1,5 гектар жерге тәтті бұрыш, 3,5 гектар жерге жүгері, 6 гектар жерге бақша екті.

Шаруашылықта пияз өнімін өндіру, жинау жұмыстары механикаландырылған. Оған қажетті заманауи ауыл шаруашылығы техникаларымен толық жабдықталған. Жаңа технологияны енгізу нәтижесінде пияздың әр гектарынан 700 центнерден, жүгерінің әр гектарынан 90 центнерден өнім алды. Алдағы уақытта тамшылатып суару жүйесін тағы да 40 гектарға ұлғайту жоспарланды.

«Ырыс» бағдарламасы бойынша 2015 жылдың тамыз айында Игілік елді мекенінен 50 бас сауын сиырға арналған  сүт – тауарлы ферма ашуға «Алатау-Фруттис» ЖШС–мен меморандумға қол қойылды,  2017 жылы іске асатын болады.

 

Ауданда мал шаруашылығы өндірісінің көлемінің тұрақты өсу қарқыны байқалуда, 2013 жылғы 3475,9 млн. теңгені, 2014 жылы 4611,3 млн. теңге, 2015 жылы – 5035,8 млн. теңгені құрады.

 

 

 

Мал басы динамикасы, мың бас

Кесте 4

Көрсеткіштер өлшем бірлігі 2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл
Ірі қара мал бас 17666 17683 17691
оның ішінде сиыр бас 7100 7107 7107
жылқы бас 5107 5237 5249
түйе бас 1727 1799 1910
қой-ешкі бас 213511 213628 213654
құс бас 20922 20930 21021

 

Мал басында және өнімінде тұрақты өсім сақталып отыр.

2015 жылдың қорытындысымен мүйізді ірі қара 17 691 бас, қой-ешкі 213 654 бас, жылқы 5 249 бас, түйе 1 910 бас, құс   21 021 басты құрап, 6657,5 тонна ет, 5722,2 тонна сүт, 495,7 тонна жүн, 3676,9 мың дана жұмыртқа дайындалды.

«Саудакент КС» ЖШС-гі 2015 жылдың 1 қаңтарында құрылтайшылар саны 39 құрылтайшы болатын. 2015 жылдың тамыз және қараша айларында әділет басқармасынан қайта тіркеуден өтіп нәтижесінде «Саудакент КС» ЖШС-нің құрылтайшылар саны 61 құрылтайшы болды.

«Саудакент КС» ЖШС-гі бойынша 2015 жылы аудандағы 14 шаруа қожалығына мал басын өсіруге 64,6 млн.теңге несие берілді.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша  7,0 млн. теңге несие қаржысы беріліп, Түркістан ауылдық округінен «Мұрат» шаруа қожалығы (Дүтбаев Есенқұл) 42 бас сиыр 2 бас бұқа сатып алды.

– «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 6 шаруа қожалықтарға – 23,0 млн. теңге беріліп,  982 бас асыл тұқымды қой малдары сатып  алынды.

«Құлан» бағдарламасы бойынша 3 шаруа қожалықтарға – 21,3 млн. теңге беріліп,  78 бас бие мен  8 бас асыл тұқымды айғыр алынды.

Қарапайым мал өсіру бойынша 4 шаруа қожалықтарға –  13,3 млн. теңге несие қаржысы беріліп, 315 бас қой малдары, 14 бас МІҚ, 13 бас жылқы малдары сатып алынды.

«Ырыс» бағдарламасы бойынша 2015 жылдың тамыз айында Игілік елді мекенінен 50 бас сауын сиырға арналған  сүт – тауарлы ферма ашуға «Алатау-Фруттис» ЖШС–мен меморандумға қол қойылды, биылғы 2016 жылы іске асатын болады.

 

2016 жылы 17 шаруашылық  41 (11бас –Сыбаға) бас асыл тұқымды бұқа сатып алды.

Мал шаруашылығы саласында басты мақсат – мал тұқымын ет бағытында асылдандыру жұмыстарын қолға алу болып табылады.

Ауданда мемлекеттік бағдарламалар бойынша мал шаруашылығы саласын дамыту мақсатында «Сыбаға» бағдарламасы бойынша жоспар – 270 бас сиыр,  «Құлан» бойынша жоспар – 180 бас жылқы, «Алтын асық» бойынша жоспар – 1675 бас қой малдары сатып алынуы тиіс.

«Алтын асық» бағдарламасымен аудан бойынша 8 шаруа қожалықтары «Саудакент несие серіктестігі» арқылы 26,7 млн. теңге несие қаржысына 1297 бас қой малдарын сатып алды.

 

 

«Құлан» бағдарламасымен ауданда 6 шаруа қожалықтары 38,8 млн. теңге қаржыға 150 бас жылқы малдарын сатып алды.

 

 

 

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 7 шаруа қожалықтарында 39,8 млн. теңге қаржыға 229 бас мүйізді ірі қара малдары сатып алынды.

 

 

Ветеринария

Аудан бойынша бүгінгі күнге 3 типтік үлгідегі Жаңарық, Жаңаталап, Тоғызкент ауылдық округтерінде орналасқан және 7 қарапайым үлгідегі мал қорымдары бар. Типтік үлгідегі мал қорымдары 2014 жылы қаулы бойынша «Сарысу ауданы әкімдігінің ветеринарлық қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны теңгеріміне берілген.

Кәсіпорынға жаңадан дәрілеу (ДУК) машинасы алынды. Ұ.Сыздықбайұлы және Досбол ауылдарында тоғытпа (купка) салынды.

Жайылма, Игілік, Қамқалы ауылдарына тоғытпа салу үшін жобалық-сметалық құжаттар дайындалуда.

Тоғызкентте биотермиялық шұңқыр жасалды.

Жаңатас қаласы, Жаңаталап және Досбол ауылдарында жаңа ветпункттер салу үшін жобалық-сметалық құжаттары жасалуда.

2016 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында «Эпизоотияға қарсы» ветеринариялық іс-шаралар жоспарға сәйкес вакциналар толық көлемде егіліп, жұмыстары 100,0 пайызға орындалды.

Жыл басынан бері 4331 бас мүйізді ірі қара малы, 91952  бас уақ мал, 88 бас түйе және 60 бас жылқы чиптелді.

2011-2014 жылдары ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруге алынған сырғалар, чиптер және ветпаспорттарға кері қайтарылуға тиіс болатын 1,6 млн. теңге қаржысы толық қайтарылды.

2016 жылғы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы індетіне қарсы іс-шаралар үш кезеңмен жүргізілді (1-ші кезең  16 сәуір – 15 мамыр, 2-ші кезең 26 мамыр – 26 маусым, 3-ші кезең 23 тамыз – 23 қыркүйек).

Кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары кесте бойынша жүргізіліп 18,9 мың бас мүйізді ірі қара, 234,3 мың бас қой-ешкі, 5,8 мың бас жылқы, 1,7 мың бас түйе малдары, 5,1 мың мал ұстайтын ауланың қора – жайлары кенеге қарсы 3 кезеңмен залалсыздандырылды.

Сонымен қатар Жаңатас қаласындағы 83 көп қабатты тұрғын үйдің 138,0 мың шаршы метр болатын жертөлесі мен шатырларына залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.

Аудан  көлемінде  Сібір  жарасының  14 ошағы тіркелген. (Түркістан -6, Жаңарық  – 4, Игілік  – 1, Жайылма  -1, Тоғызкент  – 1, Жаңатас қаласы-1)

Аудан көлемінде 3 Сібір жарасы ошақтары талапқа сай бетондалып қоршалған, қалған 11 Сібір жарасы ошағын талапқа сай қоршау жұмыстары жүргізілуде.

Сібір ошақтарын сәйкестендіру жұмыстары бойынша аудандық бюджеттен 2,8 млн. теңге қаржы бөлініп, Жамбыл «Казгеодезия» ЖШС-гі мекемесі тапографиялық картаға түсіру жұмыстарын аяқтады, қазіргі уақытта Қарағанды облысының «Центр геодезия» ЖШС-гі мекемесі жер теліміне байланысты мемлекеттік актісін рәсімдеу жұмыстарын жүргізуде.

 

Су шаруашылығы

Аудандағы 2 су қоймасының бойында барлығы 4366 га суармалы егістік жер орналасқан. Бұл есептегі 4547 га суармалы жердің 96% -ын құрайды.

«Ынталы» су қоймасы 1975 жылы пайдалануға берілген, 2006 жылы «Қазсушар» РМК-ның иелігіне өткізілген. Су қоймасының бойында Байқадам, Игілік және Жаңаталап ауылдық округтерінің 3086 га суармалы егістік жері бар. Толық сиымдылығы 30 млн м3. Келісім шартқа отырған 162 шаруа қожалықтарға толық су берілді.

«Бүркітті» су қоймасы 1975 жылы пайдалануға берілген.

2013 жылы облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының теңгеріміне өткізілген. Су қоймасының бойында Жайылма ауылдық округінің 1305 га суармалы жері бар. Су қоймасының толық сиымдылығы 8,3 млн м3.

Екі су қоймасының бойындағы барлық каналдардың саны -13; оның 7-і лотокты каналдар. Каналдардың жалпы ұзындығы – 102,1 км, оның 41,8 км лотокты каналдар. «Мұрап» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне «Ынталы» және «Бүркітті» су қоймалырының бойындағы каналдарды 2014 жылы ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 14 млн. теңге бөлініп, толығымен игерілді. 2015 жылы 12,5 млн. тенге бөлініп «Кедей», «Бүркітті», «Жаңа кәрітоған», «Өтес» каналдарына жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Кәсіпорынның есебінде 2 жеңіл автокөлік ВАЗ-2107 және 1 экскаватор МТЗ-82,1 бар.

2015 жылы «Кедей», «Бүркітті», «Жаңа кәрітоған», «Өтес» каналдарына 12,5 млн. теңге бөлініп жөндеу жұмыстары жүргізілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Саланың даму жағдайына  SWOT-талдау

Күшті жақтары Әлсіз жақтары
Ауылшаруашылығы

·   Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу өндірісін тұрақты дамыту үшін қолайлы ауа-райы жағдайлары;

·   Табиғи шабындықтары мен жайлаулары бар ауылшаруашылық жерлерінің болуы;

 

 

 

 

 

 

Ауылшаруашылығы

·  Механикаландырудың төмен деңгейі және ауылшаруашылық техникасы ескіруінің жоғары деңгейі;

·  Суару инфрақұрылымының ескіруі, суармалы жерлер алқабының азаюы;

·  Инфрақұрылымдық объектілердің тапшылығы (мал соятын пункттер мен көкөніс сақтайтын қоймалар);

·      Малдың 90% жуығы жеке қосалқы шаруашылықтардың үлесінде.

·      кепілдік капиталдың болмауына байланысты екінші деңгейдегі банктердің ауыл шаруашылығын төмен несиелеуі.

Мүмкіндіктер Қауіптер
Ауылшаруашылығы

·         Мал табынындағы өнімділігі жоғары асыл тұқымды малдың үлесін ұлғайту;

·         Ауылдық несиелік серіктестіктер мен ауылдық тұтыну кооперативтерінің желісін кеңейту.

 

 

 

 

 

Ауылшаруашылығы

·   Ауыл шаруашылығында қаржылық және технологиялық мүмкіндіктері шектеулі жеке қосалқы шаруашылықтар (әсіресе мал шаруашылығында) үлесі басым, бұл саланың дамуына, жаңа технологияларды ендіруге кері әсер етеді;

·   Нашар кепілдік базаға байланысты ауыл халқын кредиттеу проблемалары, халықтың ауылдық кооперация және тетіктері мәселелері бойынша ақпараттануының төмен деңгейі.

 

Саланың негізгі мәселелері:

– аудан ауыл шаруашылығы өсімінің дамуын тежейтін негізгі себеп – шаруашылықтардың ұсақ тауарлығы;

– көптеген ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінде негізгі және айналымдағы қаржылардың жеткіліксіздігі;

– «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдармаларының әлеуетті қатысушыларында несиелерді кепілдік мүлікпен қамтамасыз ету проблемасының болуы. Кепілдікті қамтамасыз ету үшін ұсынылатын мүлік негізінен ауылдық жерлерде орналасқан, сондықтан өте төмен бағаланады.

– машина-трактор паркінің жеткіліксіз техникалық жарақтандырылу деңгейі, жаңа прогрессивтік технологиялардың әлсіз енгізілуі;

– ауылда білікті кадрлардың жеткіліксіздігі;

– еңбекті көп қажетсінетін үрдістердің әлсіз механикаландырылуы; ауыл шаруашылығы техникасының тозу деңгейінің жоғарылығы, мал шаруашылығында өнімділігі жоғары генетикалық материалдың және өсімдік шаруашылығында элиталық тұқымдардың төмен үлесі, мал шаруашылығы шикізатын даярлау, сақтау және бастапқы қайта өңдеу, көкөністі сақтау бойынша инфрақұрылымның болмауы;

– суару кезеңінде судың жеткіліксіздігі;

– сауда-логистикалық инфрақұрылымның дамымауы;

– отандық ауыл шаруашылығы өнімінің және оны қайта өңдеу өнімдерінің ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі.

1.3 Шағын және орта бизнес, сауда

Өңірдегі шағын және орта кәсіпкерлік жолға қойылған экономикалық сала ретінде бағаланады. Шағын және орта бизнес халықтың жұмыспен қамтылуының айтарлықтай пайызын, тауарлар мен қызметтердің кең көлемді саласын қалыптастыруды, бюджетке салық түсімдерінің маңызды үлесін қамтамасыз етеді. Аудандағы шағын және орта кәсіпкерліктің даму көрсеткіштері түсімдік динамикасына ие, бұл экономиканың осы саласының дамуының оңды үрдістерінен көрініс береді.

 

2013-2015 жылдардағы шағын және орта кәсіпкерлік

көрсеткіштерінің өзгеру динамикасы

1 кесте

            Көрсеткіштер Өлшем бірлігі 2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл
Тіркелген субъектілер саны бірлік 1854 1757 1882
Жұмыс істейтіні бірлік 1520 1596 1651
Өндірілген өнім, көрсетілген қызмет көлемі  млн. теңге 4747,1 5214,0 5527,4
Жұмысшылар саны адам 4517 5189 5645

 

Ауданда шағын және орта бизнесті дамыту бағытында 1882 кәсіпкерлік нысан тіркелген, өткен жылмен салыстырғанда 125 бірлікке немесе 7,1 пайызға өскен (2014ж-1757бірлік). Оның ішінде 13-і орта, 1869-ы  шағын кәсіпкерлік нысандары.

1882 шағын және орта кәсіпкерліктің 1651-і белсенді болып саналады, немесе 87,7 пайызы.

Аудан бойынша жеке кәсіпкерлік 1256, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер – 94, өндірістік кооперативтер – 3, шаруа қожалықтар саны – 529.

2015 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында шағын және орта бизнес саласында  өндірген өнім көлемдері 5 527,4 млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 6,0 пайызға артып отыр (2014ж-5214,0 млн. тг).

Салық түсімдері 81,3 млн. теңге, өткен жылмен салыстырғанда 6,0 пайызға артығымен  орындалды.

«КазМикроФинанс» шағын несие ұйымы аудан көлеміндегі кәсіпкерлерге бизнеске, ауыл шаруашылығына және тұтынушылық мақсаттарға  1 758   адамға,  486,8 млн.теңгенің несиелері берілді.

Ауданда егіншілік және мал шаруашылығын арттыруға берілетін «Саудакент-НС» ЖШС-гі  арқылы  14 шаруашылыққа  64,6 млн. теңге көлемінде  5  жылға 9 пайызбен несие берілді.

Шағын және орта бизнесті дамытудың бірден-бір қолдау бағыты «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының екінші бағыты аясында  несие беру іске асырылып келеді, 32  кәсіпкерге 72,4 млн.теңге несиелер беріліп, басым бағыты мал шаруашылығын дамытумен жүзеге асырылған.

Аудан бойынша 72 азамат «Бизнес кеңесші» сертификаттарын алып, 31 кәсіпкерге бизнес-жоспарлар әзірленді. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 2015 жыл басынан бері 29 рет семинар-кеңестер өткізіліп, 2 мәрте бизнес форум жасалды. («Инвест-2015» форумы, «Инвесторлар күні» форумы).

 

Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 2015 жылы 9,9 млн. теңге бөлінді. Олар мына мақсаттарға берілді:

– кәсіпкерлердің банк филиалдарынан алған несиелерінің пайыздық ставкаларын субсидиялауға бағытталған 5 жобаға 4,9 млн. теңге қаржысы «Даму» қорына аударылып берілді.

– жаңа өндірістерді дамытуға гранттар беруге 5,0 млн.теңге қаралып, 1 жобаға грант берілді (3,5 млн. теңге 2014 жылғы жобалардың қарызы).

Кәсіпкерлікті шағын несиелеуге бөлінген 52,7 млн. теңге  Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық дамыту басқармасына берілген, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» оператор болып белгіленіп Жаңатас қаласының кәсіпкерлерінің құжаттары жинақталуда. Бүгінгі таңға 12 жобаға 26,0 млн.теңге қаражаты берілген. Несие қаражаттары кәсіпкерлік нысандардың құрылысына, айналым қаражаттарын толықтыруға, негізгі құрал-жабдықтар мен жүк тасымалдау көліктерін сатып алуға жұмсалған.

Жыл басынан ауданға Ұн және ұн өнімдері бағасын тұрақтандыру мақсатында, нан өнімдерін өндіретін кәсіпкерлердің сұраныстарына сәйкес, Тараз қаласындағы «ДАРА МILL«Тараз» мен «Сауда саттық компаниясы» ЖШС-нен бірінші сұрыпты 740 тонна ұн жеңілдетілген бағамен  босатылып, аудан халқына сату жұмыстары  ұйымдастырылды.

Аудан көлемінде негізгі азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру мақсатында әр аптаның сенбі күндері Жаңатас қаласында Орталық базар аумағында және орталық алаңда жәрмеңкелер өткізіліп, жыл басынан 121,1 млн. теңгенің ауыл шаруашылығы тауарлары сатылды.

 

 Моноқалаларды дамыту бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту

2 кесте

Қолдау құралдары 2013 жыл, млн. теңге 2014 жыл, млн. теңге 2015 жыл, млн. теңге
Кәсіпкерлікті шағын несиелеуге несиелер беру 50,0 44,7 0,0
Банктердің кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау 12,0 4,0 4,9
Жаңа өндірісті дамытуға гранттар беру 6,5 8,0 5,0
Кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу – кәсіпкерлікке оқыту 0,9 0,0 0,0

 

Ауданда 2016 жылғы қаңтар-қыркүйек «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру бағытында 718,7 млн. теңгенің 8 жаңа инвестициялық жобасы іске асырылды:

  1. «Блиц Продукт» ЖШС-мұнай зауытының қаражат айналымын ұлғайту – 500,0 млн. теңге («Ғorte Bank» АҚ).
  2. «Инженерные сети ТС» ЖШС қаражат айналымын ұлғайту – 50,0 млн. теңге («Қазақстан Халық Банкі» АҚ).
  3. ЖК «Сарыпбекова М.К.» айналым қаражатын ұлғайту – 20,5 млн. теңге («БанкЦентрКредит» АҚ).
  4. «Нұрбек» ЖШС-гі айналым қаражатын ұлғайту және жол жөндеу техникалыраын сатып алуға – 10,0 млн. теңге («Қазақстан Халық банкі» АҚ).
  5. «Жарас» ЖШС-гі 4 дана КамАЗ автокөлігін лизингке алу – 35,1 млн. теңге («Нұр банк» АҚ «Нұр лизинг» компаниясы).
  6. «Инженерные сети ТС» ЖШС-гі 3 дана Газель, 1 автобус автокөлігін лизингке алу – 13,0 млн. теңге («СК Лизинг» АҚ компаниясы).
  7. «Айтуған» шаруа қожалығы мал шаруашылығына 4 км қашықтықта электр қуатын тарту үшін Өңірлік Үйлестіру Кеңесінен 03.2016 жылы №4 хаттамасымен мақұлданды (34,3млн.тг).
  8. «Тараз Көлік Жолы» ЖШС-гі асфальт-бетон зауытына 5-км қашықтықта электр қуатын тарту үшін Өңірлік Үйлестіру Кеңесінен 05.2016 жылы №11 хаттамасымен мақұлданды (55,8млн.тг).

Бағдарлама аясында аудан бойынша 74 азамат «Бизнес кеңесші» қысқа мерзімді оқу курсынан өтіп, оларға сертификаттар берілді.

Ауылдық аумақтар мен Жаңатас қаласында барлығы 24 семинар-кеңестер өткізілді.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламаның ІІ-бағыты «Ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту» бойынша 2016 жылы 55 азаматқа 175,3 млн. теңге қаралды. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 30 азаматқа 73,1 млн. теңге несие берілді (мал бордақылау – 19 адам 44,4 млн. теңге, дөңгелек желімдеу – 1 адам 1,8 млн. теңге, көлік жуу орталығы – 1 адам 3,0 млн. теңге, жүк тасымалдау көлігін сатып алу – 3 адам 9,0 млн. теңге, тас өндейтін құрылғыларды сатып алу – 1 адам 2,4 млн. теңге, қоғамдық тамақтануға арналған құрал жабдықтар алу – 2 адам 6,0 млн. теңге, жылыжай ашу – 1 адам 3,0 млн. теңге, сән салоның ашу – 1 адам 1,5 млн. теңге, алма ағаш көшеттерін алу және өсіру – 1 адам 2,0 млн. теңге).

 

Аудан экономикаларын ұзақ мерзімді әртараптандыру үшін «зәкірлі» инвестициялық жобалар іске асырылуда (шикізаттық емес салаларда):

1) «Тараз – көлік жолы» ЖШС-і – құрылыс құмын, қиыршық тас, құм аралас қиыршық тастар өндірісі, қиыршық тастың оңтайлы қоспасын және асфальт араластыру зауытының құрылысы. Жобаның құны – 250 млн. теңге,     50 жұмыс орны. Қуаттылығы жылына 50 мың м3. 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында пайдалануға берілген.

Қазіргі уақытта өндірістік базада құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, ДС-185 асфальтбетон заводы және КСД-900 ұсақтау-сұрыптау қондырғысын электр желісімен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Электр энергиясын қосу жұмыстарының жобалық сметалық құны 55,8 млн. теңге,  құжаттар Өңірлік үйлестіру Кеңесімен мақұлданып «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 2017 жылы қаржыландыру жоспарланған.

2016 жылдың 10 айында 4,0 мың тонна асфальт пен 3,8 мың тонна қиыршық тас өндірілді (дизельді электр қондырғылары арқылы), шығарылған қиыршық тастар мен асфальт аудандағы және Оңтүстік Қазақстан облысының Шәуілдір ауылының жол жөңдеу жұмыстарына пайдаланылуда.  Қазіргі кезде заводта 35 адам жұмыс істеуде.

2) «Асыл тұз компаниясы» ЖШС-і – ас тұзын өндіру зауыты. Жобаның құны – 444,0 млн. теңге, 75 жұмыс орны. Қуаттылығы – 50 мың тонна. Іске асыру мерзімі 2016-2017 жылдарға жоспарланған.

Завод айналасын қоршау бойынша жұмыстары аяқталып, құрылыс жұмыстарын жүргізуге уақытша электр желісі тартылды.

Қазіргі кезде қаражат тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде, құрылыс жұмыстары 2017 жылға жоспарлануда. Жобаны өңірлік индустрияландыру картасына енгізу үшін Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік басқармасына құжаттар тапсырылған.

 

Сауда

Ішкі сауда бөлшек және көтерме сауда тауар айналымдарынан құралады.

Аудан бойынша 2015 жылдың қорытындысы бойынша бөлшек сауда тауар айналымы – 3998,7 млн. теңгені құрап, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 154,5 пайызды құрады (01.01.2015ж – 2431,6 млн. теңге).

 

Атауы Өлш. бір. 2013 ж. 2014 ж. 2015 ж.
Аудандағы  бөлшек сауда айналымы млн. теңге 1159,0 2431,6 3998,7
Аудандағы бөлшек сауда айналымының НКИ % 125,3 194,1 154,5

 

2013-2015 жылдардағы бөлшек сауда тауар айналымы, млн.теңге

 

 

 

2013-2015 жылдардағы бөлшек сауда тауар айналымының

нақты көлем индексінің динамикасы, %

 

 

Аудан бойынша бөлшек сауданың көлемі 22,2 % ауылдық жерлерде, 78,8% – қалада қамтылған.

 

2016 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында аудан бойынша бөлшек сауда тауар айналымы – 753,6 млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда физикалық көлем индексі 88,8 пайыз болып қалыптасты (01.10.2015ж – 696,5 млн. теңге).

 

Көтерме сауда

2015 жылдың қорытындысы бойынша көтерме сауда тауар айналымының жалпы көлемі 434,0 млн. теңгені құрап, 2015 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда физикалық көлем индексі 7,2 есеге артты. (2014 ж. – 55,9 млн. теңге)

2013-2015 жылдардағы көтерме сауда тауар айналымы, млн.теңге

Атауы Өлш. бір. 2013 ж. 2014 ж. 2015 ж.
Аудандағы көтерме сауда айналымы млн. теңге 55,9 434,0 15,6
Аудандағы көтерме сауда айналымының НКИ % 21,8 7,2 есе 60,7

 

2016 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында көтерме сауда тауар айналымының жалпы көлемі 247,3 млн. теңгені құрап, 2015 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда физикалық көлем индексі 17,9 есеге артты. (2015 ж. – 11,5 млн. теңге).

 

Саланың даму жағдайына  SWOT-талдау

Күшті жақтары Әлсіз жақтары
Шағын және орта кәсіпкерлік

·      «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының шеңберінде бизнесті қаржылай қолдау;

·   Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде  моноқалалардағы ШОБ қолдау шаралары;

·   «өңірде ауыл кәсіпкерлігінің белсенді дамуы;

·   ірі бизнес пен ШОБ арасындағы серіктестік бағдарламасы;

·   ШОБ үшін әкімшілік кедергілерді болдырмау бойынша әкімдіктің жүйелі жұмыстары;

·   сауда көлемі дамуының және халықты жұмыспен қамтудың оң динамикасы;

·   әлеуметтік-маңызы бар тауарларға бөлшек сауда бағасы мониторингінің қалыптасқан жүйесі;

Шағын және орта кәсіпкерлік

·      ШОБ субъектілерінде жеке айналым қаражатының, кепілзаттық мүліктің жеткіліксіздігі;

·      аймақтағы ШОБ өкілдерінің кооперациясының және мамандандырылуының жеткіліксіздігі;

·      бөлшек сауда бойынша заңнамада кемшіліктер, сондай-ақ нормативтік-құқықтық актілерде заманауи терминологиялардың болмауы;

·      көліктік-логистикалық орталықтарының болмауы, «ауылдық жер» байланысындағы логистикалық мәселе;

·      айналым қаражатының тапшылығы, сауда кәсіпорындарының және желілерінің жоғары борыштық жүктемесі;

·      кәсіпкерлердің теориялық және тәжірибелік әлсіз дайындықтары, білікті мамандардың жетіспеушілігі, оның ішінде сауда саласында.

·      өндірілетін өнімнің бәсекеге қабілеттігінің төмендігі;

Мүмкіндіктер Қауіптер
Шағын және орта кәсіпкерлік

·   Шағын кәсіпорындардың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын дамыту.

 

Сауда

·   Халыққа көрсетілетін қызметтер номенклатурасын кеңейту және қызметтердің заманауи түрлерін дамыту;

·   Қызметтер саласының экономиканы дамытудағы ролі мен орнын толық ауқымда зерттеу кәсіпкерлердің осы салаға назар аударуын арттырып, аудан экономикасының сервистік-технологиялық дамуының алғышарттарын қалыптастыруға мүмкіндік берген болар еді.

Шағын және орта кәсіпкерлік

·   Бизнестің жабылуы және банкроттыққа ұшырауы, жаңа өндіріс ашуда кәсіпкерлік бастаманың төмендеуі, қолданыстағы өндірістің әртараптануы;

Сауда

·   Көрсетілген қызметтер көлемдерінің қысқаруы;

·   Қызмет көрсету саласына заманауи технологияларды ендірудің төмен деңгейі.

 

 

Саланың негізгі мәселелер:

ШОБ-та: субъектілердің басым бөлігінде өз инвестициялық және айналымдағы қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жеткілікті қаржы ресурстарының жоқтығы; банктер ШОБ субъектілерінің кепілдікке қабілеттілігінің төмендігінен займдар бойынша пайыздық ставканы ұлғайту арқылы тәуекелділік құнын кредиттерге ауыстыруға мәжбүр; шағын бизнес үшін инженерлік-техникалық жұмысшы мамандықтар саласындағы білікті кадрлардың тапшылығы.

Саудада: бөлшек сауда кәсіпорындары қауымдастықтары жанындағы сату орталықтарының, тұтыну кооперативтерінің, ірі тәуелсіз супер және гипермаркеттердің жоқтығы; «ауылдық жер-қала» байланысына қажетті көлік-логистикалық орталықтардың болмауы; алаңдарды жалға алудың жоғары ставкалары, логистика және сақтау шығындары бүкіл сауда жүйесінің жалпы тиімсіздігін және бәсекеге қабілетсіздігін айқындайды; айналымдағы қаражаттың тапшылығы; сауда секторында топ-менеджменттің тапшылығы.

 

1.4 Инновациялар және инвестициялар

 

Инновациялар.

Инновация саласындағы белсенділік деңгейі де 2015 жылы 5,6 %-ды құрады (2014 жылы 5,9%).

 

Инновация саласындағы белсенділік деңгейі

кесте 1

Атауы 2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл
Кәсіпорындардың саны, бірлік

инновация барлары, бірлік

16

17

1

18

Инновация саласындағы белсенділік деңгейі, % 0,0 5,9 5,6

 

Инвестиция

Ауданда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемінде тұрақты өсім байқалуда. Яғни, 2013 жылы негізгі капиталға салынған инвестиция – 4216,4 млн. теңге, 2014 жылы – 14939,5 млн. теңге, 2015 жылы – 10385,8 млн. теңге болды.

 

2013-2015 жылдары негізгі капиталға салынған инвестиция

(млн.теңге)

 

р/с№ 

Нысаналы  индикаторлар Өлшем бірлігі 2013 ж. нақты 2014 ж. нақты 2015 ж. нақты
1 2 3 4 5 6
  Негізгі капиталға салынған инвестициялар %, НКИ 114,7 3,4 есе 67,8
млн.тг 4216,4 14940,0 10385,8

 

Негізгі капиталға салынған инвестиция құрылымы

 

Атауы 2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл
Бюджеттік қаражаттар 2091,9 2014,8 881,6
Жеке қаражаттар 252,4 3392,9 517,7
Банк кредиттері 640,5
Қарыз қаражаттар 1872,1 8891,3 8986,5
Барлығы 4216,4 14 939,5 10385,8

 

2016 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі қаңтар-қыркүйек айларында 14883,7 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңінен 16,3 пайызға артты (01.10.2015ж.-13851,1 млн. теңге).

Инвестициялар салымы көлемінің 84,0 пайызын, немесе 12,5 млрд. теңгені «ЕвроХим-Тыңайтқыш» ЖШС – і құрап, бұл көрсеткіш осы кәсіпорын есебінен өсіп отыр.

Қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар: меншік қаражаты – 5863,2 млн. теңге, республикалық және жергілікті бюджет қаржысы – 847,0 млн. теңге, резидент еместер қаражаты – 8173,5 млн. теңге.

 

 

Инвестициялық қызмет көлемі «Еврохим-Тыңайтқыш» ЖШС-нің капиталдық салымдарының және  есебінен өскен.

Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігінің Жол картасында Жаңатас қаласында іске асырылуға жоспарланған «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС –нің құрғақ ұсақтау және бөлшектеу объектілері 2015 жылы 11 желтоқсанда Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен Телекөпір шеңберінде ашылды. Бұл кәсіпорын 2013 – 2016 жылдары 766,0 мың тонна кен, 227,5 мың тонна фосфор ұнтағын өндірді. Өндірілген өнімдер Ресей, Бельгия, Белорусия, Болгария, Литва мемлекеттеріне экспортқа шығарылды.

Жаңатас қаласындағы минералды тыңайтқыштар өндірісі бойынша Химиялық кешеннің ағымдағы жай-күйі 2 кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең бойынша өндірістің инфрақұрылымдары толық аяқталды. Ендігі мәселе газ құбырын тарту жобасы әзірленуде. ТЭН жасалған.

Екінші кезен бойынша 2018-2020 жылдары құрылысы нысандарын аяқтау жоспарланған.

ЕвроХиммен бірлесіп ұзақтығы 115 км «Түркістан-Жаңатас» темір жолының құрылысына арналған Министрліктің қарастыруын ТЭН-ді енгізу бойынша іс-шаралар енгізілді. Толық қуаттылықта шыққанда 1200 жаңа жұмыс орны ашылады. Бүгінгі күнге «ЕвроХим-Тыңайтқыш» ЖШС-да 221 адам, «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС-155 адам, «Сары-Тас-Тыңайтқыш» ЖШС-73 адам жұмыс істеуде. Сонымен қатар, мердігер компанияларда 184 жұмысшы жұмысқа тартылған.

«ЕвроХим-Тыңайтқыш» ЖШС-нің әлеуметтік әріптестік бағдарламасы негізінде 2012-2015 жылдары 1,5 млрд. теңгеге 10 нысанға жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар «Жаңатас Су-Жылу» КМК- на 9,7 млн. теңгеге электр генераторы сатып алынып, Жаңатас қаласындағы мал соятын алаңшаның құрылысын салудың жобалық сметалық құжаттарын әзірлеуге 3,3 млн. теңге берілді.

2012 жылы қаладағы денсаулық сақтау саласына жедел жәрдем көрсету автокөлігін алып берді.

2017 жылы Жанатас қаласында «Жастар сарайы» ғимаратының құрылысы жүргізілетін болады, жобалық сметалық құжаттары жасалып, мемлекеттік сараптамадан өткізілуде.

«ЕвроХим-Қаратау» ЖШС-гі еңбеккерлердің әлеуметтік жағдайларын ескере келіп, олардың тұратын тұрмыстық жағдайларын жақсарту мақсатында «ЕвроХим минералды химиялық компаниясы» АҚ тапсырысымен Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы «КБ Высотных и Подземных Сооружений» Акционерлік қоғамы Жаңатас қаласының даму консепциясы құжаттарын дайындауды қолға алды.

Қазіргі таңда, Жаңатас қаласының сәулеттік келбетін жақсарту, қалада өмір сүру сапасын арттыру, әлеуметтік-экономикалық жағдайын арттыру және т.б. жағдайлар арнайы мамандармен зерделеу, Жаңатас қаласын дамыту, проблемалық мәселелерін шешу жолдары туралы стратегиялық және қала ғимараттарының қасбеттерін әсемдеу құжаттары дайындалып, аудандық және облыстық деңгейде таныстыру рәсімдері өтті.

 

Саланың даму жағдайына  SWOT-талдау

Күшті жақтары Әлсіз жақтары
Инновациялар және инвестициялар

·      Тұрғындардың жоғары білім деңгейі;

·      инновациялық инфрақұрылым элементтері;

·      техника және технологияны дамыту бойынша бөлімшелері бар ірі кәсіпорындардың болуы;

·      инновация дамуының оң динамикасы.

 

Инновациялар және инвестициялар

·      Ғылым және өнеркәсіп арасындағы әлсіз байланыс;

·      бизнестің инновациялық белсенділігінің төмен деңгейі;

·      инновация дамуының іріктелген статистикалық бақылау мәселелері;

·      ірі өнеркәсіптік компанияларының өңірлік университеттермен өзара-іс қимылға қызығушылығының болмауы;

ӘКК инновациялық жобаларда әлсіз қатысуы.

Мүмкіндіктер Қауіптер
·      Инновацияларды дамыту үшін ИИДМБ мүмкіндіктерін қолдана отырып өнеркәсіп салаларын жаңғырту үшін жаңа технологияларды әзірлеу;

·      2020 жылға дейін Қазақстан Республикасының инновациялық даму Тұжырымдамасының және оны іске асыру бойынша Жол Картасының мүмкіндіктерін пайдалану;

·      энерго және ресурсты үнемдеу салаларында инновацияны дамыту.

·      Қолданыстағы өңірлік инновациялық жүйенің жоқтығы.

 

 

Саланың негізгі мәселелері:

Өңірлік инновация орталығының жоқтығы, өнеркәсіп кәсіпорындарының ғылыммен белсенділігінің төмен үлесі;

Жеке инвестициялар үшін жобалардың тартымсыздығы.

 

1.5 Экономикалық өсу орталықтарын дамыту

 

Жаңатас моноқаласы

Жаңатас қаласы – Жамбыл облысы, Сарысу ауданының орталығы, Тараз қаласынан оңтүстік – батыс  бағытында 180 шақырым қашықтықта орналасқан, 1969 жылы Қаратау бассейнінде фосфор кендерін өндіру кезеңінде құрылған.

2016 жылдың 1-ші қазанына тұрғындар саны -21,9 мың адам.

Негізгі шикі-минералдың базасы қаланың фосфор рудасының ірі кен орындарын  ұсынады. Қаратау алқабының жерінде фосфор рудасының 5 кен орындары орналасқан (Жаңатас, Көксу, Герес Гиммельфарбское, Көк жоң), оның ішінде 3-і (Джанытас, Көк жоң, Көксу) ашық түрдегі әдіспен өндіріледі, 3-і барлауда (Ақжар, Үшбас, Ильгерибас).

Қаланың өнеркәсіптік меншігіне мынандай кәсіпорындар енгізілген: «Қаратау» ТКӨК-і («Казфосфат» ЖШС филиалы, ұсақталған фосфат шикізаты және ұнтақталып тартылған фосфат шикізаты); «ЕвроХим» ЖШС-гі (фосфор шикізаты), «Жарас» ЖШС-гі (дизельдік отын, мазут және жанар жағар май АИ-80); «Минерал» ЖШС-гі (табиғи тастардан жер төсініштерін өндіру); Жаңатас «Су-жылу» КМК (жылу энергиясын беру, ауыз суды жинап және тазарту).

2016 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында осы аталған өнеркәсiп кәсiпорындары  10785,9 млн. теңгенiң өнiмдерiн өндiріп (1.10.2015ж – 2114,5 млн. теңге), өнеркәсiп өнiмдерiнiң физикалық көлем индексi өткен жылмен  салыстырғанда 32,8 пайызға артқан.

Жалпы өнеркәсіп өнімдерінің 95,2 пайызы тау – кен  өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазу саласында атқарылған (10268,2 млн.тг).

Экономикалық қызметтің негізгі түрлері бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі кен өндіру өнеркәсібінде – 10268,2 млн. теңгені («Қаратау» ТКӨК – 1015,0 млн. теңге, «ЕвроХим» ЖШС – 9253,2 млн. теңге), өңдеу өнеркәсібінде – 334,5 млн. теңгені, электрмен, сумен, жылумен жабдықтау, кәріз жүйесі –  183,2 млн. теңгені құрады.

 

Қалада 5 балабақша, жалпы білім беретін мектептер жанындағы 3 шағын орталық, 5 жалпы білім беретін мектептер, 3 мектептен тыс мекемелер, 1 балалар жасөспірімдер спорт мектебі, 2 колледж жұмыс істейді.

Мектептерде мұғалімдер тапшылығы байқалмайды. Қала мектептері типтік негіздегі ғимараттарда орналасқан.  Қаладағы барлық мектептерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Техникалық кадрларды дайындау ісімен 451 білімгері бар Жаңатас көпсалалы колледжі және 198 білімгер оқитын №5 Кәсіптік лицей шұғылданады.  Колледжде 4 тау-кен және 4 әлеуметтік-гуманитарлық мамандар дайындалуда.

Қалада 10 спорт нысаны және 1 спорт кешені бар, оның 2 екеуі  жеке меншікте. Спорттық құрылымдарының саны 46 бірлік, оның ішінде 1 стадион, 14 футбол алаңшасы, 21 спорт алаңшасы, 9 спорт зал.

Барлық жастағы спортпен белсенді шұғылданушылар саны  25,1% құрайды (2016 жылдың 9 айдағы мәліметі). Халықты спорттық нысандармен қамтамасыз ету қызметі 90%. Мектептердегі дене шынықтыру тәрбиесіне қатысушылардың бөлігі жалпы оқушылардың 97% құрауда.

2016 жылдың 1 қазан жағдайы бойынша мәдениет нысандарының саны 5, оның ішінде: 4 кітапхана, 1 мәдениет үйі.

Жаңатас қаласы Сарысу ауданының орталығы болғандықтан, қала бойынша бөлек бюджеттік есептеме жүргізілмейді.

 

Жаңатас қаласы моноқалаларды дамыту бағдарламасына енгелі бері көптеген ауқымды шаралар атқарыла бастады.

Инженерлік инфрақұрылымды дамыту мақсатында 2013-2015 жылдары 853,2 млн. теңгеге қаладағы жылу жуйелерін  қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді.

– Жаңатас қаласындағы Аспандияров көшесінен Мұханов көшесіне дейінгі ішкі квартал жылу желісін қайта жаңғырту;

– Жаңатас қаласындағы жылу жүйелерін қайта жаңғырту (Шанхай).

Қаланы абаттандыру үшін бағдарлама аясында 2012-2015 жылдары 1162,6 млн. теңге бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылды.

– Жаңатас қаласындағы Жібек жолы, Бейбітшілік көшелері бойындағы қоршаулардың және жолсоқпақтың ағымдағы жөндеу жұмыстарына – 35,5 млн.теңге;

– Жаңатас қаласындағы «Тәуелсіздік және ұрпақтар» аллеясын ағымдағы жөндеу жұмыстары -23,3 млн.теңге;

– Жаңатас қаласына кіреберістегі қақпа мен Әулие ата көшесі бойындағы қоршауларды ағымдағы жөңдеу жұмыстары – 24,1 млн.теңге;

– Жаңатас қаласының «Бәйтерек» аллеясын көріктендіру, суландыру – 46,5 млн.теңге;

– Жаңатас қаласының орталық саябақ аумағын абаттандырып, суландыру – 132,7 млн.теңге;

– Жаңатас қаласындағы бұзылған көп қабатты тұрғын үйлердің орнын тазалау (111 үй)  – 757,7 млн.теңге;

– «Балалар саябағын» көгалдандыру және  көріктендіру – 24,9 млн.теңге;

– Қала көшелерін абаттандыру -36,4 млн.теңге; 

– Қала ішілік көше жарықтарын қалпына келтіру – 38,4 млн.теңге; 

 – Жаңатас қаласындағы 1, 3 мөлтек аудандарындағы ішкі квартал көшелерін орта жөндеу – 43,1 млн.теңге.

 

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға 136,0 млн.теңге қаржы бөлінген (2013ж-69,4млн.тг, 2014ж-56,7млн.тг, 2015ж- 9,9 млн.тг). Оның ішінде:

– жобаларды іске асыру үшін банктердің кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 2013-2015 жылдары республикалық бюджеттен барлығы 20,9 млн.теңге бөлінді, 17 жобаның пайыздық ставкалары субсидияланды, 47 жаңа жұмыс орындары құрылды.

–  конкурстық негізде жаңа өндірістерді құруға гранттар беруге барлығы республикалық бюджеттен 19,5 млн. теңге бөлініп, 7 жобаға грант берілді, 7 цех іске қосылып, 34 жаңа жұмыс орындары ашылды:

–  Жеке кәсіпкерлер Альмуратова.З, Досымбекова.К – «Сүт өнімдерінен тағамдар дайындау цехы» – 6,0 млн. теңге;

  – Жеке кәсіпкер Тусипбеков.Б – «Тұрмыстық қалдықтарды қайта өндеп шығару цехы» – 3,0 млн. теңге;

  – Жеке кәсіпкер Махамбетов.Д  – «Құрылыс қоспаларын жасау цехы» – 3,0 млн. теңге;

 – Жеке кәсіпкер Сердалиев. С – темір бұйымдарынан  қыздырып өю-өрнек  заттарын  дайындау – 3,0 млн. теңге;

– «Жанұзақ-Өрлеу-2005» ЖШС – шаруашылық кір сабынын дайындауға жабдықтар сатып алу –3,0 млн.теңге;

Жеке кәсіпкер «Смак» – пенаблок өндіру цехы  – 1,5 млн. теңге.

 

– кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу бағытында кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға – 876,0 мың теңгеге 25 адам кәсіпкерлікті оқыту курсынан өтіп, арнайы сертификаттарын алды.

– кәсіпкерлікті шағын несиелеу бойынша 2013-2015 жылдары барлығы 94,7 млн. теңге қаржы бөлініп, 2013-2014 жылдары 43 адам шағын несие алды, 93 жаңа жұмыс орындары құрылды. Шағын несиелер негізінен қызмет көрсету, жиһаз жасау, көлік жөндеу, мал шаруашылығы өнімдерін жеткізу, қоғамдық тамақтану және  т.б салаларға пайдаланылған.

 

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 2015-2016 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген 555,6 млн. теңгеге Жаңатас қаласындағы Пушкин көшесі бойынан 280 орындық бала бақша құрылысы жүргізіліп падалануға берілді.

 

«ЕвроХим-Тыңайтқыш» ЖШС-нің әлеуметтік әріптестік бағдарламасы негізінде 2012-2015 жылдары 10 нысанға  жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жаңатас қаласы 1 ықшам ауданындағы № 19,31,33 тұрғын үйлерді күрделі жөндеу жұмыстары – 878,5 млн.  теңге;

– Жаңатас қаласындағы балалар мен жасөспірімдер орталығы ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстары – 58,2 млн. теңге;

– Жаңатас қаласындағы «Балдырған» бала бақшасын  күрделі жөндеу жұмыстары – 16,0 млн. теңге;

– Жаңатас қаласындағы «Даңқ» монументіне көріктендіру және көгеріштендіру жұмыстары – 12,1 млн.теңге;

– Жаңатас қаласындағы «Ы.Дүкенұлы» атындағы мәдениет үйін күрделі жөндеу жұмыстары – 211,9 млн. теңге;

– Жаңатас қаласындағы Бейбітшілік көшесіне орташа жөндеу жұмыстары – 19,5 млн. теңге;

– Жаңатас қаласындағы Абай орта мектебін күрделі жөндеу – 131,4 млн.  теңге;

– Жанатас қаласындағы М.Әуезов атындағы мектеп гимназиясының ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстары – 208,0 млн. теңге;

 

Қаланың даму жағдайына  SWOT-талдау

Күшті жақтары Әлсіз жақтары
– үлесі 0,06 % – ға жуық сирек кездесетін элементтері (лантан цецерий, иттрий, иттербий) бар фосфарит шикізатының ірі қорының иеленетін «Қаратау» бассейнінің кен орны;

– тұзды кен орындары, «Айнакен», «Батпакен», «Бұралқының тұзы», «Жабар», «Қамқалыкөл», «Қарақыр», «Майдакенкөл», «Тұзкөл» және басқалары ерекше өнеркәсіптік қызығушылықты тудырады;

– Жаңатас доломит, әк тас және кремний кен орындары;

–       Дөңгелек кен орны (мәрмәрлі әк тас, қазбалы кендер);

• Инженерлік инфрақұрылымның дамуы;

• Кіші және орта бизнеске арналған оңтайлы жағдайлар

·         Инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымның тозуы.

·         Көліктік инфрақұлымның жеткіліксіз дамуы (темір жол бойының жоқтығы, қала тұйықта орналасқан).

 

Мүмкіндіктер Қауіптер
– Жоба 1. «Асыл тұз компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ас тұзын өндіру зауыты;

-Жоба 2. Жаңатас қаласындағы фосфаттарды қайта өңдейтін химиялық кешен құрылысын жүргізу (2 кезең) («ЕвроХим – тыңайтқыш» ЖШС);

-Жоба 3. «Бәйдібек» жел энергиялық кешені («Нар» ЖШС шығармашылық өңдірістік фирмасы);

-Жоба 4. «Жаңатас» жел электрос-танциясының құрылысы (Қазақстан – Түрік біріккен мекемесі Central Asia Green Power»),

-Жоба 5. «ИЗИ» ЖШС-нің тұз кендеріндегі ащы суларды пайдалану арқылы құбыр мен темір және  үй асханасында қолданатын тазартқыштар шығару.

-Жоба 6. «Қазақсода» ЖШС-нің жылына 400,0 мың тонна кальций содасын өндіретін зауыт жобасы.

-коммерциялық тәуекелдер;

-салық табыстарының өзгеруіне қарай бюджеттің салық және салық емес көздерінің төмендеуі;

-газбен қамтамасыздандырудың жоқтығы;

-балабақшалардағы орынның тапшылығы;

-қаладағы көлік инфрақұрылымның өткізу қабілетінің жеткіліксіздігі.

 

Саланың негізгі мәселелері:

Жаңатас-Шаян бағытындағы автокөлік жолының 45 шақырым бөлігіне орта жөндеу жұмыстарын жүргізу;

Газ құбырының құрылысын жүргізу;

Қалаішілік жолдарды жөндеу;

Жаңатас қаласының коммуналдық меншігіндегі бос тұрған көп қабатты үйлерді қалпына келтіру және қайта жаңғырту;

«Жаңатас қаласының кәріз желілерін және тазалау имараттарын қайта  жаңғырту. Тазалау имараты қуаттылығы 4500м3/тәу» құрылыс монтаж жұмыстарын жүргізу;

Жаңатас қаласы Әулие-Ата көшесінің бойында орналасқан Үш алып жатақханасы ғимаратын күрделі жөндеу.

 

Саудакент тірек ауылдық елді мекені

Саудакент елді мекені Байқадам ауылдық округінің орталығы болып табылады. Жалпы жер көлемі 17747 га, онын ішінде: елді мекен жері  –  2898 га, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 7415 га, жеке тұрғын үй құрылысына арналған жерлер – 157,9 га. Тұрғылықты халық саны 5783 адам. Саудакент елді мекені аудан орталығынан 27 шақырым қашықтықта орналасқан.

Саудакент ауылының негізгі бағыты ауыл шаруашылық өнімдерін  өндіру болып табылады.

Саудакент тіректі ауылдық елді мекенінің айналасында 30 шақырым радиуста 7 ауылдық елді мекен орналасқан. Бұл ауылдар Саудакентпен тығыз экономикалық байланыста себебі: Саудакент тіректі ауылдық елді мекені Жаңатас – Тараз (Шолаққорған – Алматы) автокөлік жолы бойында орналасқан, аталған автокөлік жолы бойында техникалық қызмет көрсету бекеті, наубайхана, жанар-жағар май құю станциясы, асхана, мейрамханалар (тойхана) бар.

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорын және мекемелер саны – 31, оның 29 мемлекеттік мекеме (ауылдық округ әкімінің аппараты, мектептер, мәдениет үйлері, емхана, аудандық деңгейдегі туберкулезге қарсы диспансер, балабақша, жас өспірімдер спорт мектебі, кітапхана, интернат, мұражай, аудандық мұрағат) және 2 кәсіпорын Бакыт-92»ЖШС, «Айжанат»ЖШС).

Әлеуметтік қызмет көрсету нысандары бойынша елді мекенде 2 орта мектеп бар, оның біреуі қазақ-орыс тілінде білім беруде, ондағы барлық оқушылар саны – 1151. Емхана, туберкулезге қарсы диспансер, спорт зал және мәдениет үйі әлеуметтік қызмет көрсету нысандары күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етеді.

Қызмет көрсету саласында: пошта бөлімшесі, сандық АТС, 46 дүкендер, 4 жанар-жағар май құю бекеті, 2 техникалық қызмет орталығы, 4 мейрамхана (тойхана), 2 кафе, 1 наубайхана бар.

Ауылдық елді мекенде 2297 бас МІҚ, 744 бас жылқы, 20073 бас қой – ешкі, 440бас түйе бар. 

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасының жергілікті өзін-өзі басқаруға қаржылай көмек басымдығы бойынша 2013-2016 жылдары Саудакент ауылында 19673,0 мың теңге бөлініп, 5 іс-шара жүзеге асырылды.

 

Қаланың даму жағдайына  SWOT-талдау

Күшті жақтары Әлсіз жақтары
-кәсіпкерлік қызметтің дамуы үшін жағдай жасалған;

 

-еңбекке жарамды халықтың негізгі бөлігі аудан орталығында немесе Тараз және Алматы қалаларында жұмыс істейді.
Мүмкіндіктер Қауіптер
– ауылшаруашылығында құнарлы жердің бар болуына байланысты, ауылшаруашлығы өндірістерін дамыту;

– Саудакент ауылы ұлы тарихи «Жібек жолы» бойында орналасқандықтан туризмнің дамуына жол ашатын бірнеше мүмкіндіктер бар. Олар: Ш.Датқа кесенесі, Ы.Дүкенұлының мемориалы және ежелгі Саудакент қаласының «Күлтөбе» тарихи қорғаны.

-ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің кірістері қажетті деңгейде болмағандықтан ауыл шаруашылығын техникалық-технологиялық жабдықтаудың төмен деңгейі;

-пайдаланылмайтын құнарлы ауыл шаруашылығы жерлерінің болуы;

– әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым қанағаттанғысыз деңгейде дамуы.

 

 

 

Саланың негізгі мәселелері:

  • ауыл ішіндегі жолдар мен тротуарларды жөндеу;
  • су құбыры желілерін қайта жаңғырту;
  • газ құбыры желілерінің құрылысы, тұрғындарды табиғи газбен қамту.

 

Бағыт 2: Әлеуметтік сала

 

2.1 Білім беру

Ауданда «Білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізіліп, оның шеңберінде өңірдегі білімге қолжетімділікті және оның сапасын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жүзеге асырылды.

Білім беру жүйесінде компьютерлермен, жаңа үлгідегі және кең ауқымды интернеті бар кабинеттермен жабдықтау негізінде мектептерді материалдық – техникалық жарақтандыру деңгейін арттырудың тұрақты үрдісі байқалуда, бұл сапалы білімге қол жетімділікті арттырады.

Ауданда 16 типтік және 11 ыңғайластырылған ғимараттарда орналасқан 27 мектеп бар.

 

Мектепке дейінгі білім беру

2015 жылы мектепке дейінгі білім берумен айналысатын мекемелердің саны – 22, онда 1815 бала тәрбиеленуде. 2012 жылы мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне қамтылған балалардың пайыздық көрсеткіші -43,2% болса,    2013 жылы   – 55,1 %, ал 2014 жылы 60,4% болды. 9 балабақшаның 5-і типтік ғимаратқа, 4-і ыңғайластырылған ғимаратқа орналастырылған. 6 балабақша қазақ тілінде жұмыс жүргізеді, Жаңатас қаласындағы «Айгүл» және «Айгөлек» балабақшалары аралас тілдегі балабақшалар.

 

№ 1 кесте. Мектепке дейінгі білім беру мекемелер желісінің даму динамикасы

 

Атауы 2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл
саны балалармен қамту саны балалармен қамту саны балалармен қамту
Барлығы 20 1640 22 1815 22 1840
оның ішінде            
бала-бақшалар 8 1265 9 1390 9 1390
шағын орталықтар 12 375 13 425 13 450

 

2016 жылы Жаңатас қаласында 280 балаға арналған жаңадан мемлекеттік балабақша мен мемлекеттік жекеменшік әріптесітік бағдарламасы аясында 80 балаға арналған балабақша ашылып, пайдалануға берілді.

«Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасының индикаторлық көрсеткіштеріне сәйкес, ауданда 11 балабақша (10 мемлекеттік балабақша және 1 жекеменшік балабақша), 13 шағын орталық жұмыс жасайды.

1-6 жас аралығындағы 2200 бүлдіршін мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған (қала – 1345 бала, ауылдық елді мекен – 875 бала), қамтылу көрсеткіші 72,3 пайыз.

Бес балабақшада (Айгүл, Айгөлек, Балдырған, Ақбота, Болашақ) мектепалды даярлық топтары жұмыс істейді.

Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 20 желтоқсан №557 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің  жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарының 53-тармағын орындау және 2015 жылы балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамтуды -74% және 2020 жылы-100% қамтамасыз ету туралы Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында ауданда 2014-2020 жылдарға арналған мектепке дейінгі ұйымдардың ашылуы және енгізілуінің жоспары жасалды.

 

Орта білім беру

Аудан бойынша 2016-2017 оқу жылында 27 күндізгі жалпы орта білім беретін мектеп бар (1 бастауыш, 4 негізгі, 22 орта мектеп, 25 қазақ тілінде, 2 қазақ және орыс тілдерінде). Оның 17 (62 %) типтік, 10-ы (37,4 %) ыңғайластырылған ғимараттарда орналасқан, 5 мектеп саманнан соғылған. 17 шағын жинақталған мектепте – 1653 оқушы оқиды.

2016-2017 оқу жылын 517 сыныпта 8 015 оқушымен бастады.

Педагогтар – 1257, оның ішінде ауылда – 845, қалада – 412 мұғалім бар. (жоғары білімдісі – 1094 (87%), арнаулы орта – 163 (13%);

Жоғары санаттысы – 293 (23,3%), І санатты – 350 (27,8%), ІІ санатты – 319 (25,4%), санаты жоғы – 295 (23,5%).  Барлық санатты мұғалімдер – 962 (76,5%).

«Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасының индикаторлық көрсеткіштеріне сәйкес, 2015-2016 оқу жылында педагогтардың жалпы санының жоғарғы және бірінші санаты бар біліктілігі жоғары педагог қызметкерлердің үлесі 49,0 % болу қажет. Бүгінгі таңда бұл көрсеткіш – 51,2% құрап отыр.

Ауданда Б.Адамбаев атындағы тірек мектебі-ресурстық орталық бар. Магниттік мектептер –  Досбол, Сарысу, Жаңаталап орта мектептері мен Үшарал, Үшбас, Шағалалы негізгі мектептерінің 8,9,10,11 сынып  оқушылары оқу жылының ішінде  он күннен үш рет білім алады.

Б.Қашқынбаев атындағы орта мектебі жанындағы интернат бала саны 56 баладан 80 балаға артты. Аудандық бюджет қаражаты есебінен интернат  балаларын ыстық тамақпен қамтамасыз етуге 13 млн 349 мың теңге қаралды.

Мұғалімдердің білімін жетілдіру курсы туралы.

Білім саласы қызметкерлерінің «Назарбаев зияткерлік мектептері» білім беру  бағдарламасы бойынша 3 деңгейлік біліктілігін арттыру курсынан

І деңгейден – 46 мұғалім жоғарғы санатты  мұғалімдердің-17.8%

ІІ деңгейден – 30 мұғалім І санатты  мұғалімдердің – 8,9%

ІІІ деңгейден-  102 мұғалім ІІ санатты мұғалімдердің -30,7% құрап отыр.

Деңгейлік біліктілігін жетілдіру курстарынан жалпы 178 мұғалім өтіп, пайыздық көрсеткіші – 19.2% болып отыр.

Аудан бойынша 2015-2016 жылдар аралығында қысқа мерзімді курстан өткен педагогтар саны -125. Қазіргі таңда, жаңартылған білім беру мазмұны бойынша – 460 педагог, оның ішінде 15 мектеп директоры, 22 мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары курстан өтті.

Мектеп тренері бойынша 23 адам, мектеп кординаторы бойынша, яғни критериялды бағалау тақырыбында – 56 педагог курстан өтті.

 

ҰБТ қорытындысы

2015-2016 оқу жылы бойынша мектеп бітіруші 274 түлектің Ұлттық бірыңғай тестілеуге 89,0 пайызы немесе 244 түлек қатысты (2014ж-83,8%, 2015ж – 87,6%).

Аудан бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеудің орта баллы 75,87 құрады (облыс -78,71балл, республика -81,2 балл).

Былтырғы оқу жылында орта балл – 75,98 болған, өткен жылмен салыстырғанда нәтиже 0,11 баллға кеміді (2014ж-69,9балл).

Аудан бойынша Ұлттық біріңғай тестілеу көрсеткіштері

 

  2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл 2016 жыл
1 ҰБТ қатысқан оқушылар саны 290 233 234 244
2 Орташа балл көрсеткіші 67,9 балл 69,9 балл 75,98 балл 75,87
3 100-ден жоғары балл алған бітірушілер көрсеткіші 9 (3,1%) 9 (3,8%) 20 (8,5%) 20 (8,2%)

 

Балалардың сауықтырылуы.

2015-2016 оқу жылында аудан мектептеріндегі 1-10 сыныптар арасында 7308 баланың 6556-сы, яғни 89,7 %-ы жазғы сауықтыру жұмыстарына қамтылды.

Аудандағы 21 мектепте (5 қала, 16 ауыл) 1689 бала (25,5%)   оның ішінде ауылда 796 балаларға мектеп жанындағы демалыс  лагерлері ұйымдастырылды. Сонымен қатар 368 бала «Қаратау» тау-кен өндеу кешеніне қарасты «Жұлдыз» сауықтыру лагерінде демалды. Барлығы қала сыртында демалуға  773 бала (11,8%) қамтылды.

Балалар құқықтары мен мүдделерін қорғау

Мектептерде қыркүйек айының басында 8015 бала оқыды, қазіргі таңда 7 989 (1-тоқсан) бала оқиды, оның ішінде:

– ауданның 6 жалпы білім беретін мектебінде 53 бала инклюзивтік оқытумен қамтылған;

– жеке бағдарлама бойынша үйде оқытумен 97 бала қамтылған.

Бұдан басқа, 1 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде 84 бала түзету, педагогикалық қолдау алуда.

2015 жылы аудан бойынша 27 мектептің 6 жалпы білім беретін мектебінде (22,2 %) инклюзивтік білім беру үшін жағдайлар жасалған.

Техникалық және кәсіптік білім

Сарысу ауданы бойынша техникалық және кәсіптік білім берумен 3 колледж айналысады. Атап айтар болсақ: Жанатас көпсалалы колледжі, №5 Жанатас колледжі және №11 Сарысу колледжі. Аталған колледждер 16 мамандық бойынша дәріс беруде: мектепке дейінгі тәрбие, бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі мамандығы, таукен өндірісі, электрик, маркшрейдер, программсит, есеп және аудит, аспаз, ветеринар, фермер, автомеханик, бұрғылау машинисті, конвейер машинисті, эксковатор машинисті, тігін ісі.

2016-2017 оқу жылында аталған оқу орындарында 16 мамандық бойынша білім алған оқушылар саны 938.

2016 жылы оқу бітірген 231 түлектің бүгінгі таңда жұмысқа орналасқандар саны 114 құрап отыр. Жұмысқа орналастыру бойынша білім ұйымдары тарапынан жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша аудандағы ірі кәсіпорындардың бірі «Қаратау» ТКӨК атап айтуға болады. Бүгінгі таңда «Қаратау» ТКӨК мен білім беру ұйыдары арасында қажетті мамандарды дайындау бойынша келісім-шарт жасалып, жұмыстар жүргізілуде.

 

Саланың даму жағдайына  SWOT-талдау

Күшті жақтары Әлсіз жақтары
Білім беру

·      мектепке дейінгі мекемелер санының жыл сайынғы өсуі;

·      оқушылардың республикалық және халықаралық пәндік олимпиадаларда, конкурстарда, ғылыми жобалар байқауында жоғары нәтижелері;

·      ТжКБ жұмысқа орналасқан түлектері санының өсуі.

·   Мектепке дейінгі балалар ұйымдарының желісін кеңейту;

 

 

Білім беру

·  Мектепке дейінгі балалар ұйымдарында орын тапшылығы сақталуда;

·  Ауданның мектепке дейінгі балалар ұйымдарының спорт залдармен, жүзу бассейндерімен, музыкалық сабақтар өткізетін залдармен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі, тиісті жабдықтар (асханалық) мен құрал-саймандардың ескіруі;

·  Күрделі жөндеуді қажет ететін мектептер үлесінің артуы;

·  Ауылдық елді мекендерде кең жолақты Интернет желісіне қолжетімділіктің жеткіліксіздігі;

·  Техникалық және кәсіптік білім беру объектілері ғимараттарының ескіруі;

·  Арнайы пәндер оқытушыларының тапшылығы.

Мүмкіндіктер Қауіптер
Білім беру

·     Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамтуды 100%-ға жеткізу мақсатында бюджеттік және жеке қаржыландыруды кеңейту;

·     Жас мамандарды мектепке дейінгі білім беру саласына тарту және қолдау;

·      Мектеп оқушыларының санын 1 компьютерге 1-2 балаға дейін келетіндей етіп азайту, кең жолақты Интернетке қосылуын 100% жеткізу мақсатында жұмыстарды дамыту;

·      Мектептерді ыңғайландырылған жайларда орналастыру дағдысын жою, мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту және тәрбиелеу үшін жағдайлар жасау мақсатында шаралар қабылдау;

·     Жас педагог кадрлардың өз ісіне шынай берілуін және ауылдық жердегі елді мекенге орнығуын ынталандыру;

·     Білікті кадрлардың ауылдық аудандардағы кәсіптік білім беру жүйесіне ағылуын ынталандыру;

Білім беру

·   Мектепке дейінгі білім беру саласын мемлекеттік қаржыландырудың жеткіліксіздігі және жоқтығы жаңа мектепке дейінгі балалар ұйымдарын салуда жеке сектор бастамасының жоқтығы;

·   Облыстық және жергілікті бюджеттерден бөлініп отырған бюджеттік қаржылардың шектеулігі салдарынан аудандағы мектепке дейінгі балалар мекемелерінің материалдық-техникалық базасы нашарлауда, атап айтқанда бірқатар мектепке дейінгі балалар мекемелерінде спорт залдары, жүзу бассейндері, саз залдары, ыстық су жоқ, бұл балалардың денсаулығын нығайту және олардың арасында салауатты өмір салтын насихаттау мүмкіндігін төмендетеді;

·   Ауылдық жерлердегі ыңғайластырылған жайларда орналасқан мектептер үлесін сақтау салдарынан жаңа мектептер салу шығыстарын қаржыландырудың жеткіліксіздігі;

·   Колледждегі өндірістік оқу шеберлері жалақысының төмендігі, олардың кәсіптік білім беру жүйесінен кетуі оқу процесінің сапасының және оқушылардың практикалық тәжірибені меңгеруінің төмендеуіне әсер етуде, бұл кезегіне қарай бітірушілердің еңбек нарығындағы қажеттілігіне кері әсерін тигізеді.

 

Саланың негізгі мәселелері:

  • 1 мектеп апатты жағдайда. Досбол ауылындағы 50 орындық мектеп құрылысының ЖСҚ мен МС қорытындысы дайын, жалпы сомасы 304,2 млн. теңге.
  • 27 мектептің 3-де асхана жоқ (Үшбас, Үшарал негізіг және Көкдала бастауыш мектептері). Себебі, мектеп ғимараттары ыңғайластырылған, саманнан салынған.
  • 8 мектепте спорт зал жоқ (Д.Сенбин ОМ, Досбол ОМ, Жаңаталап ОМ, Ы.Сүлейменов ОМ, Арыстанды ОМ, Үшарал НМ, Үшбас НМ, Көкдала БМ);
  • Білім беру мекемелерінің арасында 16 мектепте, 6 балабақшада және 9

мектептен тыс мекемеде бейнебақылау камералары орнатылмаған.

  • «Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған» мемлекеттік

бағдарламасының индикатолық көрсеткіштеріне сәйкес, 2015 жылы 1 компьютерге келетін оқушылардың үлесі 10% болу қажет. Бүгінгі таңда бұл көрсеткіш – 11% құрап отыр.

  • «Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасының индикатолық көрсеткіштеріне сәйкес, 2015 жылы инклюзивті жағдай жасалған мектептердің үлесі 30% болу қажет. Бүгінгі таңда бұл көрсеткіш аудан бойынша – 22% құрап отыр.

 

2.2 Жастар саясаты

Ауданда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру» заңын және «Қазақстан 2020: Болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылып келеді.

Бүгінгі таңда ауданда 14 пен 29 жас аралығындағы жастар саны 11902 адам. Бұл аудан халқының  27 пайызын құрайды. (Жаңатас қаласында жастардың саны 7052, ауылдық округтерде 4850).  Халық саны 43826.

Ауданда мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жұмыстарын «Сарысу жастары» мекемесі, «Жас Отан» жастар қанаты ұйымы үйлестіруде.

«Сарысу жастары» мекемесі қазіргі таңда 15 штаттық бірлікпен Жаңатас қаласы және барлық ауылдық округтерде қызмет атқарып келеді.

Жастар саясатын іске асыруға аудандық бюджеттен бөлінетін қаржы көлемі жыл сайын ұлғаюда.

Сарысу ауданы бойынша үкіметтік емес ұйымдарды қолдау мақсатында аудандық бюджет есебінен қаражаттар бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. 2013 жыл бұл жұмыстарға 4,0 млн. теңге, 2014 жылы 7,0 млн. теңге, 2015 жылы 8,0 млн. теңге және 2016 жылы 4,3 млн. теңге бөлінді.

2016 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында өткізілген    іс-шаралар:

  • «Жаңатас қалалық «Ардагерлер ұйымы» – қала ардагерлер ұйымын дамытуға бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру;
  • «Сарысу патриоттары» – «Азаттыққа жетелеген Алаш идеясын» жастар арасында насихаттау;
  • «Жас жігер» – мемлекеттің дін саласындағы саясатын жастар арасында насихаттау жұмыстарын ұйымдастыру;
  • «Сарысу патриоттары» – құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша әлеуметтік қызмет жұмысын ұйымдастыру және өткізу;
  • «Сарысу патриоттары» – тұрғындар арасында ұлттық дәстүр мен мәдени құндылықтарды және ұрпақтар сабақтастығын насихаттауға арналған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және өткізу;
  • «Жас жігер» – Сарысу ауданында Қазақстан Республикасының гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру мақсатында және отбасы институтын , ене мен келін, қыз тәрбиесін нығайтуға арналған кешенді іс-шаралар ұйымдастыру;
  • «Аудандық ардагерлер ұйымы» – ардагерлер ұйымдарын дамытуға бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу;
  • «Жан шуағы» – дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарды қоғамға бейімдеуге бағытталған әртүрлі іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу.

Ауданда әрекет ететін жастар ұйымы қызметінің тиімділігін анықтау мақсатындағы әлеуметтік сауалнама нәтижесінің қорытындысы бойынша                   14 пен 29 жас аралығындағы тұрғындар арасында жастарға қатысты мемлекеттік саясатқа қанағаттану деңгейі 76% құрап отыр.

Мекеме тарапынан жастар арасындағы патриотизм, адамгершілік-имандылық, құқықтық, эстетикалық, кәсіптік, тіл, нашақорлыққа және қылмысқа қарсы күрес, дін, жемқорлық, салауатты өмір салты, экология, жастардың әлеуметтік мәселелеріне байланысты және қоғамдағы түрлі салалар бойынша  жастардың қатысуымен 233 мәдени-көпшілік іс-шара өткізілді.

(49 байқау, 29 акция, 2 автокеруен, 5 ақындар мүшәйрасы, 72 кездесу жиындар, 25 жастар кештері, 8 фестиваль, 32-спорттық іс-шаралар, 3 форум. облыстық «100 мейірімді іс» жобасы аясында 10 акция)

 

 

 

Саланың даму жағдайына  SWOT-талдау

Күшті жақтар Әлсіз жақтар
·      Аудандық деңгейде жастар орталықтары желісінің болуы;

·      мемлекеттік жастар саясаты жанынан  аудандық және қалалық бюджеттер есебінен қаржыландыру.

·      Аудандар мен Тараз қаласы әкімдіктері жастар саясаты мәселесі бойынша бөлімдердің болмауы;

·      барлық деңгейдегі мәслихаттарда жастардың әлсіз өкілеттігі.

Мүмкіндіктер Қауіптер
·      Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруды кеңейту. ·      Облыс жастарының әлеуметтік белсенділік деңгейінің төмендеуі.

 

 

Саланың негізгі мәселелері:

  • аудандық деңгейде үкіметтік емес сектордың төмен даму деңгейі;
  • мемлекеттік жастар саясаты саласында құрылымдық бөлімшелермен әдістемелік жұмыс жүйесінің жоқтығы;
  • жастармен жұмыс барысында жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың жоғары деңгейінің жеткіліксіздігі;
  • жастарды жұмысқа орналастырудың төмен пайызы.

 

2.3 Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

2015 жылы жұмыспен қамту мен әлеуметтік бағдарламаларға бюджеттен қаралған қаражат 312 257,5 мың теңге (РБ-тен – 52 791,0 мың теңге, ОБ-тен – 2190,0 мың теңге, АБ-тен – 257 276,5 мың теңге) оның ішінде:

– жұмыспен қамту бағдарламасына – 54 694.0 мың теңге,

– әлеуметтік бағдарламаларға – 206 515,0 мың теңге,

-мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік көмектерге – 51 048,5 мың теңге.

 

Жұмыспен қамту

Сарысу ауданы халқының құрылымында экономикалық белсенді халықтың үлесі орташа республикалық көрсеткіштен жоғары, алайда жұмысқа жарамдылардың үлесі орташа республикалық деңгейден төмен болып қалуда.

2015 жылдың қорытындысы бойынша экономикалық белсенді халық саны 21,8 мың адамды құрап отыр.

Аумақтық жұмыспен қамту бағдарламасын жүзеге асыру үшін бюджеттен 54 694,0.0 мың теңге қаражат қарастырылған.

Оның ішінде:

  • ақылы қоғамдық жұмыстарға – 47 000,0 мың теңге;
  • әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға 1923.0 мың теңге;
  • жастар тәжірибесі бағдарламасына 3768.0 мың теңге;
  • кәсіби оқыту мен қайта даярлау курстарын жүргізуге 2 003,0 мың теңге.

 

2015 жыл ішінде 309 жұмыссыз азамат қоғамдық жұмыстарға тартылып, 47,0 млн.теңге төленіп берілді.

 

Жұмыссыз азаматтарды кәсіби оқыту мен қайта даярлау курстарын жүргізуге қаралған 2003,0 мың теңге қаражатқа 35 жұмыссыз азамат үш мамандық бойынша (сантехник, маникюр, тігінші) оқыту курстарынан өткізілді, тиісті куәліктері берілді. Оқыту курстарынан өткендердің ішінде, 2-і мүмкіндігі шектеулі азамат, 9-і 29 жасқа дейінгі жас болса қалған 24-і аз қамтылған азаматтар.

Мемлекеттік сатып алу нәтижесінде қатысушы-жеңіпаз ЖК «Alsem tekhnology» 2 003,0 мың теңге баға ұсынымымен ұтып алды.

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру бағытында  17 жұмыссыз азамат 6 ұйыммен келісім шарт жасалып уақытша жұмысқа орналасты.

«Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша 19 мекеме, кәсіпорынмен келісім шарт жасалып, 26 жас маман уақытша жұмыспен қамтылды.

2015 жылдың басынан жұмыспен қамту уәкілетті органына барлығы                  1511 адам жұмыс сұрап өтініш білдірді, олардың ішінде 614-і ауыл тұрғындары. Жұмыс орындарына 1356 адам жолдама алған, немесе өтініш білдіргендердің ішінен жұмысқа орналасқандардың үлесі 89,7%.

Жыл ішінде аудан бойынша 370 жаңа тұрақты жұмыс орындары ашылды.  Жылдық жоспардың орындалуы 100 % құрады.

Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылған азаматтардың саны 1732, оның ішінде:

  • ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылғандар – 309 адам;
  • тұрақты жұмысқа орналасқандар-1356 адам;
  • кәсіби даярлау қайта даярлау курстарына жолданғандар 35 адам;
  • шағын несие алғандар – 32 адам.

2016 жылдың 1 қаңтарына ресми түрде тіркелген жұмыссыздардың саны – 141, оның ішінде ауыл турғындары – 48 азамат.

 

2016 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында жұмыспен қамту уәкілетті органға 1553 адам жұмыс сұрап өтініш білдірді, оның ішінде  598-і ауыл тұрғындары.

Жұмыс орындарына 833 адам жолдама алған, немесе өтініш білдіргендердің ішінен жұмысқа орналасқандардың үлесі 53,6 пайыз.

Жыл ішінде аудан бойынша 306 жаңа тұрақты жұмыс орындары ашылды (өнеркәсіп-90, құрылыс-116, саудада-40, білім-1 және т.б-59).

Жұмыссыздықтан 1528 азамат әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылды:

– ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылғандар – 373 адам;

– тұрақты жұмысқа орналасқандар – 833 адам;

– әлеуметтік жұмыс орындары – 109 адам;

– жастар тәжірибесі – 165 адам;

– кәсіптік оқыту және біліктілігін арттыру– 10 адам;

– несие алғандар – 30 адам;

– кәсіпкерлік негіздеріне оқытылып сетификаттарын алғандар – 13 адам.

2016 жылдың 1 қазанына ресми түрде тіркелген жұмыссыздардың саны – 435, оның ішінде ауыл тұрғындары – 191 азамат.

 

Халықты әлеуметтік қорғау

2015 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында  10,7 мың тұрғынға 150,4 млн. теңгеге әлеуметтік қолдау көрсетілді, олар:

атаулы әлеуметтік көмекке барлығы 2680,0 мың теңге қарастырылып, ( ЖБ-853,0 мың тг, РБ–1827,0 мың тг) аз қамтылған  39 отбасындағы 160 азаматқа  тағайындалып төленді.

2015 жылдың қорытындысы бойынша атаулы әлеуметтік көмек алушылардың ішіндегі жұмысқа жарамды азаматтардың салмақ үлесі  26,2 % құрады. Бұл көрсеткіш 2014 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 2,8% төмендеген (2014 – 29%).

мемлекеттік балалар жәрдемақысына барлығы 101999,0 мың теңге қарастырылып (ЖБ- 96045,0 мың тг,РБ – 5954,0 мың тг), 1801 отбасындағы 5199 балаға тағайындалып төленді.

тұрғын үй жәрдемақысына 25400,0 мың.теңге қаржы бөлініп, 990 отбасындағы 3607 адамға тағайындалып төленді.

  • үйде оқитын мүгедек балаларды материалдық қамсыздандыруға каралған қаржы 3422,0 мың теңге, 83 отбасындағы 83 мүмкіндігі шектеулі балаға төленді.

«Жергілікті уәкілетті органдардың шешімі бойынша, мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсету» бағдарламасы бойынша 9825,0 мың теңге қарастырылып, 499 азаматтың өтініші қанағаттандырылды:

Ауылдық елді мекендерде тұрып жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім, мәдениет, спорт және ветеринария салаларының мамандарына отын сатып алу үшін 7061,0 мың теңге қарастырылған. Жыл ішінде өтініш білдірген 1187 азаматқа 7061,0 мың теңге тағайындалып төленді.

 

Ауданда кедейшілік шегінен төмен тұратын 27 отбасындағы адамдардың саны 112, немесе олардың халық ішіндегі үлесі 0,3% құрады. Бұл көрсеткіш 2014 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 0,1% төмендеп отыр (2014 – 0,4%).

 

 

 

 Әлеуметтік төлем алушылардың динамикасы

Атауы Өлш. бір. 2013

жыл

2014 жыл 2015 жыл
МАӘК алушылар саны жанұя/ адам 112/477 68/282 39/160
Атаулы әлеуметтік көмек алушылар санынан еңбекке жарамдылар үлесі % 32,7 29 26,2
18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайын мемлекеттік жәрдемақы алушылар саны жанұя/ адам 1983/5577 1975/5503 1801/5199
Тұрғын үй көмегін алушылар саны жанұя/ адам 1150/4292 1134/4033 990/3607

 

Кедейшілік шегінің динамикасы

Атауы Өлш. бір. 2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл
кедейшілік шегінен табысы төмен халық үлесі % 0,8 0,4 0,3

 

2016 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 9,6 мың адамға  121,7 млн. теңгеге әлеуметтік қолдау көрсетілді, олар:

– атаулы әлеуметтік көмекке 31 аз қамтылған отбасындағы 134 азаматқа 1,8 млн. теңге тағайындалып төленді.

– мемлекеттік балалар жәрдемақысы бойынша 1790 отбасындағы 5160 балаға 85,4 млн. теңге төленді.

– тұрғын үй жәрдемақысы бойынша 780 отбасындағы 2822 адамға 15,7 млн.теңге қаржысы тағайындалып төленді.

– үйде оқитын 68 отбасындағы 68 мүгедек балаларды материалдық қамсыздандыруға 2,3 млн. теңге төленді.

– «Жергілікті уәкілетті органдардың шешімі бойынша, мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсету» бағдарламасы бойынша 428 азаматтың өтініші қанағаттандырылып, төлемге 10,0 млн. теңге жіберілді.

– Ауылдық елді мекендерде тұрып  жұмыс істейтін 1022  мамандарға  отын сатып алу үшін 6,5 млн. теңге төленіп берілді.

Ауданда кедейшілік шегінен төмен тұратын 26 отбасындағы адамдардың саны 122, немесе олардың халық ішіндегі үлесі 0,2 пайызды құрады. Бұл көрсеткіш 2015 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 0,2 пайызға төмендеп отыр (2015 – 0,4%).

 

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау

Мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдау мемлекеттік әлеуметтік саясат шеңберінде жүзеге асырылады.

Ауданда жыл сайын стационар, жартылай стационар, үйде уақытша күтілу жағдайларында арнайы әлеуметтік қызметтер алушыларының саны өсуде.

Оңды динамика медициналық-әлеуметтік мекемелердің материалдық-техникалық базасының нығаюымен, мүгедектерді, оның ішінде мүгедек балаларды сауықтыру және бейімдеу орталықтары желісінің дамуымен, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде арнайы әлеуметтік қызметтер көлемінің ұлғаюымен байланысты.

2015 жылдың қорытындысы бойынша қозғалуға қиындығы бар  бірінші топтағы 98 мүгедекке 96 жеке көмекші мен есту қабілеті төмен 2 мүмкіндігі шектеулі азаматқа әлеуметтік қызмет көрсеткен 1 ымдау тілі маманына 13150,0 мың теңге төленді.

140 мүмкіндігі шектеулі азамат 8500,5 мың теңге көлемінде   қажетті міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді.

Үйде арнаулы қызмет көрсету жағдайында 56 балаға, 18 жастан асқан 20 мүгедекке, жалғыз басты 93 қартқа, барлығы 169 адамға 26 күтім жөніндегі қызметкер қызмет көрсетті, оларға бюджеттен қаралған 19729,0 мың теңге төленді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы «Қазақстан  Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының бірінші кезеңін (2014-2015 жылдар) жүзеге асыру туралы» №64 қаулысын орындау мақсатында аудандағы қолданыстағы ғимараттарға түгендеу (паспорттау) жүргізу үшін аудан әкімінің 19.04.2012 жылы №105 өкімімен 18 адамнан тұратын жұмысшы тобы құрылды. Аудандағы 153 нысандардың ішінен 53-і іріктелініп алынып,  түгендеу (паспорттау) жұмыстары жүргізілген.

2016 жылдың 9 айында қозғалуға қиындығы бар бірінші топтағы 98 мүгедекке 98 жеке көмекші мен есту қабілеті төмен 2 мүмкіндігі шектеулі азаматқа әлеуметтік қызмет көрсеткен 1 ымдау тілі маманына 18,0 млн.теңге төленді.

143 мүмкіндігі шектеулі азамат 10,9 млн. теңге көлемінде қажетті міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді.

Үйде арнаулы қызмет көрсету жағдайында 58 балаға, 18 жастан асқан 19 мүгедекке, жалғыз басты 88 қартқа, барлығы 165 адамға 26 күтім жөніндегі қызметкер қызмет көрсетті, оларға бюджеттен қаралған 26,2 млн.теңге төленді.

Аудандағы мүгедектер саны 1760 адам:

  • 1 топтағы – 140 адам;
  • 2 топтағы – 689 адам;
  • 3 топтағы – 724 адам;
  • 18 жасқа дейінгі мүгедек бала – 174 адам;
  • 16 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар саны – 13.

 

Саланың даму жағдайына  SWOT-талдау

Күшті жақтары Әлсіз жақтары
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

·      Жұмыссыздардың, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және аз қамтылғандардың шағын несие алуға үлкен сұранысы;

·      мүмкіндіктері шектеулі адамдарды жұмыспен қамтамасыз ету;

·      сауықтыру шараларын жүргізу үшін және мүгедек балалардың денсаулық сапасын жақсарту үшін ең соңғы технологиялармен жабдықталған сауықтыру орталақтарының желілері кеңеюде;

·      «Өрлеу» пилоттық жобасын жүзеге асыру;

·      атаулы әлеуметтік көмек алушылар санының төмендеуі;

·      өндірістік жарақаттану деңгейінің азаюы;

бақылау және түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде еңбек заңнамаларының бұзылу фактілері төмендеген.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

·      Өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың үлесінің жоғарылығы;

·      жұмыс күшінің біліктілігінің төмендігі;

·      тұрақты жұмыс орындарының болмауы, әсіресе ауылда;

·      ауылдағы кедейшілікті және жұмыссыздықты оқшаулау;

·      өліммен аяқталатын жағдайлардан зардап шегушілердің артуы;

·      қабылданып жатқан шараларға қарамастан жоспарлы тексерістердің санын азайту аясында еңбек құқығының бұзылғаны байқалуда.

 

Мүмкіндіктер Қауіптер
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

·      Жастар тәжірибесімен қамтамасыз ету;

·      әлеуметтік қызмет және арнайы қызметтерді көрсету мекемелерінің жүйесін кеңейту;

·      ауылда кәсіпкерлік бастамасының дамуына ықпал ету;

·      медициналық-әлеуметтік мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайту.

·      материалдық шығынды талап етпейтін ұйымдық сипаты бар қайғылы оқиғалардың себептерін жою;

кең ауқымды тұрақты жұмыстарды жүргізу есебінен еңбек заңнамасының бұзылу деректері азайды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

·      Шағын несие беруге қаржыландыруға қаражаттың жетіспеушілігі;

·      жастар тәжірибесін өткеннен кейін тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасу барысындағы қиындықтары.

 

 

Саланың негізгі мәселелері:

– еңбек нарағындағы сұраныс пен ұсыныстың арасындағы теңсіздік сақталуда, дәрігерлер, мұғалімдер, монтажниктер, газоэлектросварщиктер, электриктер, ауыр жүк машинасын жүргізушілер барынша қажет мамандықтар болып табылады;

– өз бетінше жұмыспен қамтылғандар және уақытша жұмысқа орналастырылғандардың жоғары үлесі, әсіресе ауылдық жерлерде;

– жастарды жұмысқа орналастырудың төмен деңгейі;

– жұмыс күші біліктілігінің төмендігі.

– өмір сүру деңгейінен төмен халықтың үлесінің жоғарылығы;

– атаулы әлеуметтік көмек алушылардың жалпы санындағы өз бетінше жұмыспен қамтығандардың үлесінің жоғарылығы;

– атаулы әлеуметтік көмек алушылардың және мемлекеттік балалар жәрдемақысы жұмыспен қамтуға ықпал етудің белсенді шараларына қатысуға тілек білдірмеуі;

– жұмысқа орналасу мәселесі өзекті болып тұрған кедейшіліктен шығу бойынша белсенді шаралардың тиімділігінің төмендігі.

– ауданда қозғалуы қиын мүгедектер үшін ыңғайластырылған қоғамдық көліктің жоқтығы;

– мүгедектерді жұмысқа орналастыру проблемасы;

– үкіметтік емес секторда мүгедектерді арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтудың төмен деңгейі;

– әлеуметтік маңызды нысандардың ішінара бейімделуі, қолжетімділік тек пандустар салумен ғана шектеледі.

 

2.4  Мәдениет

 «Мәдениет – өмір айнасы» демекші, әрбір ел, ұлт өзінің ата-бабадан қалыптасқан әдет-ғұрпы, салт-дәстүрімен, өнерімен, мәдениетімен танылады. Өркениетті ел қатарындағы еліміз өзінің қазіргі заманғы болмысын, күллі қоғам үшін мән-маңызы бар құндылықтарын бейнелейтін мемлекеттік мерекелерге тыңғылықты дайындық жасап, олардың ел рухын көтеретіндей жүйеге келуі арқылы халыққа мәдени қызмет жасай отырып, өз міндеттерін атқаруда.

Қазақстан Республикасы Президентінің дәстүрлі Жолдауын басшылыққа ала отырып, еліміздің өркендеу жолында, қарқынды дамуы мен ілгері жылжуы барысында, ауданымызда атқарылып жатқан барлық мәдени-көпшілік іс-шаралар, айтулы төл мерекелер – өнер мен мәдениетіміздің  қарқынды дамуына өз септігін тигізіп келе жатқан негізгі дәнекер.

Бүгінде аудан көлеміндегі мәдениет саласында 45 мәдениет нысаны және бір «Зерде» бейнемобилі халыққа қызмет атқарады. Оның 17 ауылдық клубтар, 2 мәдениет үйі, 1 аудандық орталық кітапхана, 3 қалалық, 22 ауылдық кітапхана.      Сонымен қатар аудандық музей мен аудандық мұрағат жұмыс істейді.

Осы аталған мәдениет нысандарында барлығы – 220-ға жуық қызметкер жұмыс жасайды.

Аудан кітапханаларындағы кітап қоры 420,0 мың дана кітапты құрайды.                                                                                                                              Аудандық орталық кітапхана «КАБИС», филиалдар «РАБИС» бағдарламасымен жұмыс жасайды.

Аудандық мәдениет үйіне қарасты 5 халықтық атағы бар ұжым жұмыс жасайды. Атап айтатын болсақ «Сарысу» халықтық театры, «Талант» көркемсурет студиясы, «Айжанқыз» халықтық би ұжымы, «Саудакент» халықтық  театры және «Сарыарқа»  ұлт-аспаптар оркестрі.

Мәдениет саласының атқарылған жұмыстарға көз жүгіртетін болсақ, аудандық мәдениет үйі және орталықтандырылған кітапханалар жүйесі, ауылдық клубтар мен қала және ауылдық кітапханалар бойынша көптеген жұмыстар атқарылып өз жемісін беріп келеді.

2013 жылы Тараз қаласында өткен «Есірткісіз болашақ» атты байқауына «Сарысу» халықтық театры әртістері «Өкініш» атты этюд драмасын қойып, бас жүлдеге ие болды.

2014 жылы «Айжанқыз» халықтық би ұжымы «Дельфийлік» ойындарға қатысып ІІ-орын жүлдегері атанды.

2016 жылы Тараз қаласында өткен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Жамбылым-ән бесігім!» атты жергілікті сазгерлердің облыстық байқауына Т.Үшқоңыров қатысып 3 орынға ие болды.

2016 жылдың 30-қыркүйегінде  Ықылас Дүкенұлы атындағы «Жез киік» атты ІІІ республикалық  байқауда Саудакент мәдениет үйінің қызметкері Балтабаев Алмаз бас жүлдемен оралды. Алдағы уақытта да облыстық республикалық деңгейде өткізілетін бірқатар іс шаралар жоспарына сәйкес ауданымыздан үміткерлерді қатыстыру жұмыстары басты назарда.

Бүгінгі таңда аудан әкімдігі тарапынан мәдениет саласын дамытуға барынша қолдау көрсетілуде.

Мәдениет нысандарын күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарына келетін болсақ – 2014 жылы аудандық мәдениет үйі ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

«Жұмыспен қамту-2020» жол картасы мемлекеттік бағдарламасы аясында 2009 жылы Жайылма ауылдық клуб үйі, 2014-2015 жылдар аралығында  6 кітапхана үйлері, 5 мәдениет үйі мен ауылдық клуб үйлеріне  ағымдағы жөңдеу жұмыстары жүргізілді.

2016 жылы Шағалалы ауылдық кітапхана ғимаратына ағымдағы жөңдеу жұмыстары жүргізіліп аяқталды. Алдағы уақытта 3 ауылдық клуб  үйіне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

 

 

Мәдениет саласын қаржыландыру, млн. теңге

 

2016 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында барлығы 86,0 мың адам қатысқан 600 мәдени іс-шаралар өткізілді. Аудандық мәдениет үйіне 5,0 млн. теңгеге жылжымалы сахна және 1,0 млн. теңгеге дыбыс күшейткіш аппаратура сатып алынды. «Айжанқыз» халықтық би ұжымына, жеке әншілерге 600,0 мың теңгеге және «Сарыарқа» ұлт аспаптар оркестріне 1,4 млн. теңгеге сахналық киім тіктірілді.

Сондай-ақ аудандық 2 мәдениет үйіне және 2 ауылдық клуб үйлеріне 2,0 млн. теңгеге бейнебақылау камералары орнатылды.

 

Саланың даму жағдайына  SWOT-талдау

Күшті жақтары Әлсіз жақтары
Мәдениет

·   Отандық мәдениет өніміне сұраныс дәрежесінің жоспарлы өсуі байқалады;

·   Мәдениет саласында жаңа ақпараттық технологияларды ендіру арқылы халықтың мәдени құндылықтарға қолайлы осы заманғы форматта қол жетімділігі кеңейтілген.

Мәдениет

·  Мәдени мекемелер желісінің дамуындағы теңсіздіктерге байланысты аудан халқының мәдени ұйымдар қызметіне қолжетімділігінің бірдей еместігі;

·  Саланың нашар материалдық-техникалық базасы және білікті кадрлардың тапшылығы;

Мүмкіндіктер Қауіптер
Мәдениет

·   Ауданның тарихи-мәдени мұрасын сақтау және дамыту;

 

Мәдениет

·   Табиғи-ауа райы жағдайларының тарихи-мәдени мұра объектілеріне келеңсіз әсері;

·   Мәдениет мекемелері қызметтері құнының өсімі;

·   Саладан білікті мамандардың кетуі.

 

Саланың негізгі мәселелері:

  • мәдени қызметкерлерді даярлау орталықтарының болмауы. Маркетингті және арт-менеджментті игерген жаңа үлгідегі басқарушы кадрлардың, шығармашылық көшбасшылардың тапшылығы проблемасы шешуді қажет етеді.
  • ауылдық елді мекендердегі мәдениет мекемелері желілерінің жеткіліксіздігі, атап айтқанда Түркістан ауылдық клуб үйі әкімшілік ғимаратта орналасқан;
  • ауылдарда білікті мамандардың жеткіліксіздігі және ауылдық жерлердегі жұмыстың тартымсыздығы;
  • мәдениет мекемелерінің материалдық – техникалық базасының дамымауы, атап айтқанда ауылдық клуб үйлерінде музыкалық күшейткіш аппаратуралар жоқ.

 

2.5 Дене шынықтыру және спорт

Елбасы Н.Назарбаевтың 2012 жылғы дәстүрлі Қазақстан халқына жолдауында айтылған халықтың дене шынықтыру және спортпен жаппай айналысуы үшін спорттық инфрақұрылымдардың қолжетімділігін кеңейту туралы мәселені шешудегі тапсырмасын, Қазақстандағы тұрғындар арасында спортпен айналысушылардың санын 30 пайызға жеткізу, дене шынықтыру және спортты дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған аумақтық бағдарламасын орындау мақсатында, Ауданда 157 спорт нысан бар. Оның ішінде 2 стадион, 45 футбол алаңы, 25 спорт залы және 85 спорт алаңшалары бар. Аталған нысандардың ішінен тұрғындарды қабылдау мүмкіндігіне қарай бөлім тарапынан талдау жұмыстары жүргізіліп, 34 спорт нысан белгіленді. Оларда аудан тұрғындарының тұрақты түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылдануы үшін кесте жасалды. Соның ішінде Жаңатас қаласы бойынша – 15, ауылдық округтерде 19 нысан. Осы нысандарда тұрғындардың шұғылдану кестесі аудандық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.

Балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде, балалар мен жасөспірімдерді спортқа жүйелі түрде қатыстыруға, спортшылардың спорттық шеберліктерін шыңдау мақсатында жоспарлы түрде жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Бүгінгі таңда аудандағы 5 балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде спорттың 9 түрі қамтылған, 5 олимпиадалық, 2 олимпиадалық емес және 2 ұлттық спорт түрінен 1554 спортшы спорттық шеберліктерін шыңдауда.

Қазіргі таңда 9 ауылдық округтерге спорт-нұсқаушылар штат бірлігі берілген. Олар ауыл тұрғындарын дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға және спорттық іс–шараларды ұйымдастыруда өзіндік үлес қосуда.

2013 жылдары «Казфосфат» ЖШС-нің демеушілік көрсетуімен «Қаратау» тау кен өндеу кешенінің Жаңатас қаласындағы орталық стадионы күрделі жөндеуден өтіп, стадионға 1000 адамға арналған жеке орындықтар қойылып, стадион алаңы жасанды төсенішпен қайта жаңартылды.

2014 жылдың маусым айында аудан орталығы Жаңатас қаласынан балалар-жасөспірімдер бокс мектебі ашылды.

Сонымен қатар Жаңатас қаласында голландиялық жасанды төсеніштен жаңа үлгідегі кіші футбол алаңшасы пайдалануға берілді.

Ауданда Б.Тоғызақбаев атындағы қазақ күресінен жасөспірімдер арасындағы, шахматтан жасөспірімдер арасындағы КСРО және Қазақстанның халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Жамбыл облысының құрметті азаматы А.Әшімовтың жүлдесі үшін, бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионы, Сарысу ауданының құрметті азаматы С.Өмірбековтің жүлдесі үшін жасөспірімдер арасындағы республикалық турнирлер дәстүрлі түрде өтіп келеді.

Қазіргі таңда 9 ауылдық округтерге спорт-нұсқаушылар штат бірлігі берілген. Олар ауыл тұрғындарын дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға және спорттық іс–шараларды ұйымдастыруда өзіндік үлес қосуда. Спорт түрлеріне қарай (волейбол, баскетбол, футбол,  бокс, каратэ-до, қазақ күресі, ат спорты, тоғызқұмалақ, шахмат) федерация филиалдарыда тиісті жұмыстар атқаруда.

Аудан спортшыларының соңғы жылдардағы қол жеткен жетістіктеріне тоқталар болсақ:

  • Серік Жаманқұлов футзалдан – Қазақстан құрамасының сапында 2016 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері, УЕФА чемпиондар лигасының 2 дүркін жеңімпазы (2011, 2013 жылы), Алматылық «Қайрат» футбол клубының сапында 2010-2016 жылдары Қазақстанның 7 дүркін чемпионы, футзалдан клубтар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы және т.б.
  • Бағлан Шубаев каратэ-додан жастар арасында әлем чемпионы (2015-2016 жылдар).
  • Дастан Өскенбеков ересектер арасындағы грек-рим күресінен Қазақстан Республикасының чемпионы (2015 жыл).
  • Данай Ермағанбетов мүмкіндігі шектеулі жандар арасында қол күресінен Азия чемпионы (2016 жыл).
  • Аяулым Қуанышева дзю-до күресінен жастар арасында Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпазы (2016 жыл).

 

2016 жылдың 9 айында ауданда 16,0 мың адам қатысқан            165 спорттық іс-шаралар өткізілді.

Халықаралық және елімізде өткізілген жарыстарда аудан спортшылары барлығы 219 медальға ие болды (61 алтын,79 күміс,      79 қола).

 

 

Ағымдағы жылдың 1 қазан жағдайы бойынша жүйелі түрде  дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын тұрғындар саны 11,0 мың адамды немесе жалпы аудан халқы санынан 25,1 пайызды құрады.

 

Саланың даму жағдайына  SWOT-талдау

Күшті жақтары Әлсіз жақтары
Дене шынықтыру және спорт

·   Бірінші кезекте сұраныс жағынан дене шынықтыру кіші секторының күшті жақтарына оқушылар мен білімгерлер санының өсіп отырғандығын жатқызуға болады, бұл демографиялық келеңсіздіктің аяқталуының салдары.

 

Дене шынықтыру және спорт

·  Мектептердегі спорт объектілері мен спорт алаңдарының (спорт залдары, киім шешетін жерлер, спорт алаңқайлары) созылмалы жеткіліксіздігі, сондай-ақ құрал-саймандардың айтарлықтай жеткіліксіздігі;

·  Сондай-ақ елеулі кемшілігі – ауылдық елді мекендерде спорт бойынша нұсқаушы-әдіскерлердің жетіспеушілігі.

Мүмкіндіктер Қауіптер
Дене шынықтыру және спорт

·   Спорт мектептері мен спорттық секциялардың айтарлықтай жетіспеушілігінен осындай ұйымдардың қызметіне қанағаттандырылмаған сұраныс. Бұдан басқа балалар мен жастардың өсіп отырған саны бұқаралық спортты дамытудың мүмкіндігі болып табылады, бұл алда сұраныстың өсетінін көрсетеді;

Дене шынықтыру және спорт

·   Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, халықтың дене шынықтыру белсенділігі әдетте әл-ауқатының жақсаруына қарай төмендейді.

 

 

Саланың негізгі мәселелері:

  • материалдық-техникалық базаның және спорт инфрақұрылымының төмен деңгейі.
  • спорттық ғимараттардың басым көпшілігі техникалық пайдалану жөніндегі жетілдірілген нормативтер мен талаптарға, халықаралық регламенттерге және жарыстар мен оқу-жаттығу процесін өткізу ережелеріне сәйкес келмеуі.
  • ауылдық жерлердегі 12 спорт залының 11-і жалпы білім беру мектептерінде орналасуы;
  • бұқаралық және балалар мен жасөспірімдер спортының дамымауы;
  • заманауи талаптарға жауап беретін ғылыми базаның болмауы;
  • спорт саласында білікті мамандардың жетіспеуі.

2.6 Туризм

2015 жылдың қорытындысы бойынша туризм саласы бойынша қызмет көрсету 1032 адамды құрады немесе 2013 жылмен салыстырғанда 54,5 пайызға артқан (2014 ж. -668 адам). Аудан бойынша қызмет көрсететін 2 қонақ үй тіркелген.

2015 жылы орналастыру орындарының көрсеткіштері, ұсынылған тәулік-төсек – 2740, 2014 жылмен салыстырғанда 6,5 аайызға артқан (2014 ж. 2571).

Аудан тарихының қоры болатын мұражай мекемесі Саудакент ауылында орналасқан. Тарихи-мәдени  орындар аудан көлемінде 6 топқа бөлініп отыр, олар:

Археологиялық ескерткіштер бойынша:

  1. Тұрақтар, тас ғасыры кезінде өмір сүрген орындар,
  2. Көне елді мекендер, қалашықтар,бекіністер,
  3. Қорғандар мен қорымдар,
  4. Тас мүсіндер (обалар),

 

Сәулет ескерткіштері бойынша:

  1. Мазарлар, мешіттер;
  2. Тарихи және монументальды өнер ескерткіштері.

 

Ауданда Жаңатас қаласы мен ауылдық округтер бойынша 66 тарихи-мәдени ескерткіштер мен археологиялық орындар бар. Атап айтқанда:

  1. Жаңатас қаласы – 5 тарихи, 1 мәдени орын;
  2. Байқадам ауылдық округі – 4 археологиялық, 5 тарихи, 3 монумент, 1 сәулеттік орын;
  3. Жайылма ауылдық округі – 10 археологиялық, 5 монументтік орын;
  4. Жаңаарық ауылдық округі – 13 археологиялық, 1 монументтік орын;
  5. Жаңаталап ауылдық округі – 1 монумент;
  6. Игілік ауылдық округі – 2 монументтік орын;
  7. Қамқалы ауылдық округі – 4 археологиялық, 1 сәулет, 1 тарихи орын;
  8. Тоғызкент ауылдық округі – 1 археологиялық, 1 монументтік орын;
  9. Түркістан ауылдық округі – 5 археологиялық, 2 монументтік орын.

 

Сарысу ауданында  туристік имиджді қалыптастыру мақсатында 34 тарихи археологиялық орындарды атап өтуге болады. Олардың ішінде: 

  1. Саудакент қалашығы 9-15 ғ.ғ. Ұлы Жібек жолы өтетін жол бойындағы сауда орталығы болған көне қала. Саудакент ауылы көне қала орыны 1901 жылы және 1946 жылдары  археологиялық  экспедициясымен зерттелген.  Көне қаланың ішкі  қамалдарына зерттеу  жұмыстары жүргізілген.
  2. Ақтөбе қалашығы 8-10 ғ.ғ. Жайылма ауылдық округіне қарасты Ақтам ауылынан шығысқа қарай, 3 шақырым жерде орналасқан. Шабақты өзені бойында болған бұл қалашықты 1980 жылы Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайының экспедициясы келіп, зерттеген. Зерттеу барысында  көптеген көне заттар табылып, қалашықтың құрылысы болғандығы аңғарылған.
  3. 3. Бекініс (төрткүл) 11-13 ғ.ғ. Түркістан ауылдық округіне қарасты Үшбас ауылының оңтүстігіне қарай орыны болған.  Бекіністі 1980 жылы Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайының экспедициясы зерттеген (К.Байбосынов). Кірер қақпасы бекіністің оңтүстік жағында орналасқаны анықталған.
  4. Кентарал қалашығы 7-12 ғ.ғ. Қамқалы ауылдық округіне қарасты Шығанақ ауылының солтүстігіне қарай 7 шақырым жерде болған. Кентарал қалашығын 1980жылы Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайының экспедициясының қатысуымен зерттелген (К.Байбосынов). Қамалдан 4 бекініс мұранасы бар іздер табылған.

Археологиялық орындардың  көбісі обалар мен обалы қорымдардан  болған. Обалы тарихи орындарды зеттеу кезінде 1-3 ғ.ғ және 2-5 ғ.ғ.  кезінде өмір сүрген адамдардан қалған орындар болғандығы анықталған.

Сонымен қатар, тарихи-сәулет орындардың ішінен қазақ даласына танымал азаматтардың  зираттары аудан аумағында орналасқанын атап өтуге болады, олар:

  1. Шоқай датқа мавзолейі 17-18 ғғ. Саудакент ауылында орналасқан, 1946 жылы және 2000 жылы зерттеген.
  2. Бибатыржарма кесенесі 19 ғ. бетпақ далада ескі көшпенді дала жолдарының бірінде орналасқан. Жалғыз кесене. Дөңгелек пішінді, шағын күмбезі бар.
  3. Қазақтың халық композиторы, ұлы қобызшы Ықылас Дүкенұлы зираты (1843-1916 ж.ж.) Шығанақ ауылының қасында.
  4. Байқадам Қашқынбаев зираты (Саудакент ауылы).

 

Саланың даму жағдайына  SWOT-талдау

Күшті жақтары Әлсіз жақтары
Туризм

·      Тартымды климат, бай және көркем табиғи әлеует, бай мәдени мұра;

·      өсімдік және жануарлар әлемінің әртүрлілігі, бірегей ландшафтар мен таулы жерлер пейзаждары;

демалыстың белсенді түрлерімен айналысу мүмкіндіктері: экологиялық, спорттық және этникалық туризм.

Туризм

·      Туристік және көліктік инфрақұрылымның дамымауы;

·      сервистің төмен деңгейі;

·      кадрларды даярлаудың әлсіз деңгейі.

 

Мүмкіндіктер Қауіптер
Туризм

·      Туризмнің бәсекеге қабілетті инфрақұрылымын құру;

·      халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету;

·      ішкі және кіру туризмін дамыту.

 

Туризм

·   Қорғау шараларын қабылдамаған жағдайда қолданыстағы нысандарды және қорларды жоғалту мүмкіндігі;

·   туризм саласында қолдаудың шектеулі қаржылық мүмкіндіктері, жеке қаражаттың және инвестициялық қорлардың тапшылығы;

туристік бизнесте кәсіби мамандық деңгейінің төмендігі, туризм саласында қызмет көрсету сапасының және деңгейінің сәйкессіздігі.

 

Саланың негізгі мәселелері:

– туристік өнімдерге жоғары бағалар:

– сервистің деңгейінің төмендігінен туристерді тартудың жеткіліксіздігі;

– қызмет көрсету саласында және туризм индустриясы нысандарында білікті мамандардың жоқтығы, кадрларды даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін жоғарылатудың әлсіз деңгейі.

 

2.7  Үш тілдікті дамыту

2014 жылы аудан халқының 95,8 пайыздан астамы мемлекеттік тілді меңгергенін ескере отырып, тіл саясаты ең алдымен өңірде тұратын өзге ұлттар мен ұлыстар өкілдерінің мемлекеттік тілді үйренуіне жағдайлар жасауға және тілді үйретудің әдістемелік базасын қалыптастыруға арналған.

Сала инфрақұрылымы Жаңатас қаласында орналасқан Жамбыл облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының «Мемлекеттік тілді оқыту орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Сарысу аудандық бөлімшесі 2009 жылы ашылған.

Осы аталған бөлімшеде мемлекеттік тілді оқыту ІІІ кезең («Бастауыш», «Жалғастырушы» және «Тереңдетілген») бойынша жүргізіледі.

2013 жылы 113 тындаушы тіркелді, 60 тыңдаушы бітіріп шықты.

2014 жылы 127 тыңдаушы тіркеліп, 75 тыңдаушы  бітіріп шықты.

2015 жылы 85 тыңдаушы тіркеліп,оқу курсын аяқтады.

Осы аталған тыңдаушылардың ұлттық құрамы:

2013 жылы 113 тыңдаушының ұлттық құрамы 49 орыс (43,3%), 2 украин (1,7 %), 1 неміс (0,9 %), 1 кәріс (0,9 %), 5 татар (4,4 %), 29 қазақ (25,6%), 1 өзбек (0,9 %), 1 әзірбайжан (0,9 %), 24 күрді  (21,2 %), болды.

2014 жылы 127 тыңдаушының ұлттық құрамы 66 орыс,2 украйн, 5татар, 27 күрді, 1 өзбек, 1 кәріс, 1неміс, 2 башқұрт, 2 беларус, 1 болгар, 19 қазақ болды.

2015 жылы 85 тыңдаушының ұлттық құрамы 42 орыс,2 өзбек,4 татар, 2 беларус, 20 күрді, 1 башқұрт,14 қазақ оқып дәріс алды.

Мемлекеттік органдардағы мемлекеттік тілде іс жүргізу мәліметтерінің мониторингі бойынша ауданда мемлекеттік тілде іс жүргізу 2013, 2014 және 2015 жылы 100,0 % болды.

Сондай ақ мемлекеттік тілді оқыту орталығында ағылшын тілін оқыту курсы жұмыс істеуде. Қазіргі кезде аталған курс мемлекеттік қызметшілерді оқытумен айналысуда. Бүгінгі таңда ағылшын тілін меңгерген ересек тұрғындар үлесі 7,5 пайды құрауда.

 

Саланың даму жағдайына  SWOT-талдау

Күшті жақтары Әлсіз жақтары
Үш тілдікті дамыту

·      Үш тілдікті дамытуға инфрақұрылым құрылған;

·      мемлекеттік тілді оқу процесінде жаңа ақпараттық технологияларды құру және енгізу қамтамасыз етілген (лингафондық кабинеттер, компьютерлік бағдарламалар);

іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу процесі белсенді түрде енгізілген.

Үш тілдікті дамыту

·      Мемлекеттік тілді үйретудің бірыңғай стандарттарының болмауы;

·      тіл саласының жеткіліксіз нормативтік-құқықтық қамтамасыз етілуі.

 

Мүмкіндіктер Қауіптер
Үш тілдікті дамыту

·      Үш тілді меңгерген халықтың үлесін арттыру;

·      ұлттық бірліктің дұрыс саясатын жүргізу есебінен төзімділік ортаны сақтау;

Қазақстандықтардың тіл мәдениетінің  төмендеу мүмкіндігі.

Үш тілдікті дамыту

·      Мәдениет және спорт министрлігінің деңгейінде ономастика бойынша нормативтік-құқықтық акті қабылдаудың қажеттілігі;

Қазақстандықтардың лингвистикалық капиталының дамуы.

 

Саланың негізгі мәселелері:

– мемлекеттік тілді оқытудың бірыңғай стандарттарының жоқтығы;

– тілді дамыту және ономастика саласындағы нормативтік-құқықтық қамсыздандырудың жеткіліксіздігі;

– оқу сапасын арттыру үшін мемлекеттік тілді және басқа тілдерді оқытудың әдістемелік базасының жеткіліксіз деңгейі.

 

Бағыт 3: Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп.

 

Қылмыстар туралы арыздар мен хабарларды есепке алу мен тіркеудің толықтығын қамтамасыз ету, қылмыстың объективті статистикалық мәліметтеріне қол жеткізу және оларды нақтырақ көрініске келтіру қылмыстар туралы арыздар мен хабарларды қабылдау және тіркеу рәсімдерінің ашықтығын, сондай-ақ оларды шешудің жеделдігін арттыруға мүмкіндік берді.

2015 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында жалпы 250 қылмыс тіркелді. Былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда қылмыс саны 13 төмендеген (2014 жыл – 263 қылмыс). Қылмыстың ашылу деңгейі 76,6 пайыз (2014ж.-33,0 пайыз).

33 ауыр және аса ауыр қылмыстар тіркеліп, ашылуы 93,9 пайызды құрады (2014ж- 26 қылмыс, ашылуы-92,3 пайыз).

2015 жылы аудандық ішкі істер бөліміне 11 дана бейнетіркеу (видеорегистратор) және 2 жеңіл автокөлік алып берілді.

Жергілікті әкімдік тарапынан ішкі істер бөліміне мүмкіндігінше көмек көрсетілуде.

Көлік қатынасын реттеу үшін үш көшенің қиылыстарына жаңа бағдаршамдар орнатылды. Мүгедектер үшін жол белгілері мен дыбыс, жарық сигналдарын орнатылған.

Барлық учаскелік полиция қызметкерлеріне ақылы қоғамдық қызмет есебінен көмекшілер берілген.

Барлық тірек пункттері жаңа компьютерлермен жабдықтаған.

 

 

2016 жылдың қаңтар-қыркүйек айында жалпы 263 қылмыс тіркелді. Былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда қылмыс саны 22 қылмысқа артқан. Қылмыстың ашылу деңгейі 70,7 пайыз (2015 ж.-71,3 пайыз) өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 0,6 пайызға төмендеген.

 

Жаңатас қаласында 4 мөлтек ауданда орналасқан 4-ші өрт бөлімшесі өрт қауіпсіздігі қызметін атқарады.

Қала аумағында 15 өрт сөндіру гидранттары бар. Жалпы су құбыры желісінің ұзақтығы 95,3 шақырым.

Ауданда 201 адамнан құрайтын 24 ерікті өрт сөндіру жасақтары құрылған, 41 техника, оның ішінде 17 соқасы бар тракторлар, 183 сапалақтар және күрек, шелек құралдарымен жабдықталған.

Бес мың және одан жоғары халық қоныстанған Саудакент ауылында мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшесі орналасқан, онда өрт сөндіру бекетінің бастығы, 5-жүргізуші, 4-бөлімше командирлері АЦ-2,5-40 арнайы автокөлігімен (пожарный авто машина) Байқадам ауылдық округі Саудакент ауылы және жақын орналасқан Жаңаталап, Ұйым, Игілік, Өндіріс, Жайылма, Қызыл-дихан, Маятас ауылдары бойынша қызмет атқарып келеді.

Сарысу ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері аудан көлеміндегі білім беру оқу орындарында оқушылары арасында және мектеп мұғалімдерінің қатысуымен өрт қауіпсіздігі саласындағы білімін нығайтуға бағытталған және «Уланудың себебі – тұншықтырғыш газ» тақырыбы бойынша интерактивті үгіт-насихат сабақтар кеңінен өткізіліп, 130 оқушы мен 20 мұғалім қамтылды.

Сонымен қатар, өрт жағдайының жедел талдауы нәтижесіне сәйкес және тұрмыстық өрттерді алдын алу мақсатында күзгі және көктемгі мерзімдерде үнемі тұрғын үй секторы аумағында авариялық құтқару қызметтерінің қатысуымен өрт қауіпсіздігі айлықтары жарияланып, жүргізілді. Айлық жүргізу барысында, өрттерді алдын алу жөніндегі үгіт-насихат жұмыстары ұйымдастырылып, тұрғындарды өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту жұмысы жүргізілді.

Полиция органдарымен, жанұялық жағдайы қалыптаспаған жанұяларға бірлескен рейдтер жүргізіліп, оларды есепке алу және үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.

Кәсіпкерлермен, коммуналды мекемелерімен, дөңгелек үстел отырыстары өткізіліп, онда шаруашылық объектілердің және тұрғын үй секторының өртке қарсы қорғанысын арттыруға бағытталған мәселелер қаралды.

Өндірістік тұрмыстық өрттерді техногендік сипаттағы апаттарды алдын алу мақсатында, өндірістік процесстердің өрт қауіпсіздігі жағдайына тексеру жүргізу арқылы жүзеге асырылды.

Орын алған өрт қауіпсіздігі ережелерінң бұзылуы бойынша ұйғарымдамалар беріліп, бірнеше рет тиісті органдарға және білім бөліміне ақпараттар берілді.

Аудандық білім беру бөлімінің келісімімен, білім беру мекемелерінде өртке қарсы тақырыптарға 34 тақырыптық сабақтар өткізіліп, оған жалпы  1000-нан астам оқушылар қатысты.

Аудандық №4-ші өрт сөндіру бөлімінде және Саудакент ауылдық №1-ші Өрт бекетінде «Ашық есік» күндері ұйымдастырылып, оқушыларға өрт техникалары мен өрт техникалық құрал-жабдықтары көрсетілді.

Қазіргі таңда тұрғындар арасында өртке қарсы тақырыптарға 860 жаднамалар таратылып, 300-ден астам адам қатысқан 14 жиын өткізілді.

 

Саланың даму жағдайына  SWOT-талдау

Күшті жақтары Әлсіз жақтары
Қоғамдық қауіпсіздік

·      Азаматтардың заңды мүдделерін, құқықтарын және еркіндігін қорғау бойынша жағдайлар жасау. Қылмыс жөніндегі барлық арыздар мен хабарламалардың толық тіркелуі және есепке алынуы;

·      ІІМ ұрлықтармен күресу бойынша ведомствалық бағдарламасын жүзеге асыру;

·      полиция қызметкерлерінің қызметтік және жауынгерлік дайындық деңгейін, жауынгерлік қабілеттілігін және кәсібилігін арттыру;

·      полиция «мектеп» инспекторларының институтын одан әрі дамыту.

 

Қоғамдық қауіпсіздік

·  Қылмыс туралы барлық арыздарды және жүгінуді толық тіркеу және есепке алу негізінде полиция қызметкерлеріне жүктеме артты, бұдан ішкі істер органдарының негізгі қызметтерінде кәсіби мамандардың  жылыстауын және олардың тұрақтамауын алдын алады;

·  ІІБ тіркеуде тұрған тұлғалардың ішінде отбасы-тұрмыстық  саласындағы құқық бұзушылық алдын алу бойынша шаралардың жетіспеушілігі;

·  тұрмыстық маскүнемділік, алкоголизм және нашақорлықтың алдын алуының шешілмеуі;

·  қиын тұрмыстық жағдайдағы тұлғаларды әлеуметтік бейімдеудің және сауықтырудың жеткіліксіз деңгейі;

·  облыстың ішкі істер органдарының типтік әкімшілік ғимараттармен қамтамасыз етілмегендігі және қолданыстағыларын қайта құру қажеттілігі;

·  қажетті материалдық-техникалық қамтамасыз етудің жеткіліксіз деңгейі және полиция бөлімшелерінің оқыту базасының болмауы;

балалардың бос уақытын ұйымдастыратын нысандардың, қайтарымсыз аула клубтарының, үйірмелердің, спорттық секциялардың жеткіліксіздігі.

Мүмкіндіктер Қауіптер
Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

·      Қылмыспен күресуде халықаралық ынтымақтастықты жетілдіру;

·      ақпараттандыру жүйесі мен электрондық дерекқор базасын жетілдіру және құру;

·      құқық бұзушылардың және қылмыстардың санын өсуін ескерту бойынша заманауи шараларды қабылдау;

·      оңтайландырылған сотқа дейінгі істі қолдану саласын кеңейтудің қажеттілігі;

·      лаңкестік және экстремистік ұйымдардың мүшелерін анықтау және құрықтау, әкелім, діни-экстремистік әдебиетін және басқа заттарды тарату арналарын жабу шараларын жүргізу.

Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

·      Бірыңғай экономикалық кеңістіктің аумағында Кедендік одақтың дамуымен қылмыстық топтастырулардың белсенді шоғырланудың қауіпі өсуде, халықаралық қылмыстық топтардың Қазақстан аумағын ауған героинінің транзиті және қылмыстық табыстарды жасыру үшін пайдаланудағы әрекеттерінің күшеюі.

·      Қазақстанмен шектес мемлекеттердің тұрақсыз қоғамдық-саяси ахуалы көші-қон ағындарының және олармен байланысты қылмыс өсіміне ықпал етеді;

·      дәстүрлі емес экстремистік ағымды білдіретін шетелдік миссионерлер мен діни бірлестіктердің қызметі;

 

Саланың негізгі мәселелері:

– мақсатты жедел-іздестіру іс-шараларының және қылмыстарды ашу бойынша арнайы операциялар санының жеткіліксіздігі;

– полиция бөлімшелерінің кадрлық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуінің төмен деңгейі;

– аудандық мәндегі жолдарға көше-жол желілеріне қызмет көрсететін жол-патрульдік полиция қызметкерлері санының жеткіліксіздігі;

– төтенше жағдайлар, өрт қауіпсіздігі қызеттерінде материалдық-техникалық қамтамасыз етілуінің төмен деңгейі.

 


Бағыт 4: Инфрақұрылымы

 

4.1 Құрылыс

 

2015 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 6893,0 млн. теңгені құрап, 2014 жылмен салыстырғанда 88,7 пайыз болып қалыптасты.

 

Құрылыс жұмыстарының көлемі, млн. теңге

 

 

Қаңтар-қыркүйек айларында ауданда жүргізілген құрылыс жұмыстарының көлемі 8255,5 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,3 есеге артып отыр (2015ж.-3610,4 млн.теңге).

(ХК «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС құрылыс жұмыстары есебінен өсіп отыр).

Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі, %

 

Көрсеткіш 2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл 2016 жыл 9 ай
Нақты көлем индексі 127,6 2,5 есе 88,7 2,3 есе

 

2014 жылы 220 пәтерлі екі көпқабатты үй жөндеуден өткізіліп, №31,19 үй тұрғындар пайдалануына берілді.

Қалпына келтірілген №19 көпқабатты үйді «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы аясында жас отбасыларға және өзге де тілек білдірушілерге «Тұрғын үй құрылыс  жинақ банкісі» арқылы ипотекаға берілді.

2014 жылы жергілікті бюджеттен 10,0 млн. теңге бөлініп қаладағы апатты жағдайдағы 4 көпқабатты үйдің шатырына жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2014 жылы Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы аясында Жаңатас қаласындағы жылу жүйелерін қайта жаңғырту жұмыстарына 200,3 млн.теңге (РБ – 198,6 млн.теңге, ЖБ қосымша қаржыландыру есебінен – 1,7 млн.теңге) бөлініп тиісті жұмыстар жүргізілді.

Республикалық және облыстық бюджеттің қосымша қаржыландыру көздерінен қаралған 1,2 млрд. теңгеге Жаңатас қаласының кәріз желілері мен су құбыры желілеріне қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді.

2015 жылы пайдалануға берілген тұрғын жайлардың жалпы алаңы 9239 шаршы метрді құрап, 2014 жылдың тиісті кезенімен салыстырғанда 82,3 пайызға орындалды (2014 ж.- 11228 шаршы метр).

Тұрғын үйлерді іске қосуда жеке тұлғалардан құны – 115,4 млн. теңгеге жалпы көлемі – 4435 шаршы метр болатын 33 тұрғын үй жеке сектор есебінен пайдалануға беріліп, өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш 1,2 пайызға артқан (2014ж–100,7 млн. теңгеге 4381 шаршы метрді құрайтын 49 үй берілген).

2016 жылы «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша Жаңатас қаласында 280 балаға арналған жаңа балабақшаның құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар Жаңатас қаласы 1 шағын аудандағы №35 көп қабатты тұрғын үйдің қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды.

Сондай-ақ Жанатас қаласының су құбырлары желілерін қайта жаңғырту, І-этап (түзету) жобасына – 185,6 млн. теңге бөлініп, қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді.

2016 жылдың 9 айында тұрғын үйлерді іске қосуда жеке тұлғалардан құны – 143,9 млн. теңгеге жалпы көлемі – 3783 шаршы метр болатын 32 тұрғын үй жеке сектор есебінен пайдалануға беріліп, өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш 1,2 пайызға артқан (2015ж–86,0 млн. теңгеге 3737 шаршы метрді құрайтын 32 үй берілген).

 

Саланың даму жағдайына  SWOT-талдау

Күшті жақтары Әлсіз жақтары
Құрылыс

·    Бастапқы құрылыс материалдарымен қамтамасыз етілу: шағал тас, құм, топырақ;

·    Құрылыс материалдары өндірісінің өсуі;

·    Әлеуметтік сала объектілерін пайдалануға енгізу;

·    Мемлекеттік бюджеттен құрылысқа бөлінген қаржыларды мақсатты және толық игеру.

 

Құрылыс

·  Халықтың төмен кірістері;

·  Халықтың сатып алу қабілетінің төмендігіне байланысты азаматтардың тұрғын үйге қолжетімділігінің жеткіліксіз деңгейі;

·  Елді мекендерге құрылыс салу бас жоспарларының жоқтығы ;

·  Коммуналдық инфрақұрылымның жетімсіздігі;

·  Ескірген құрылыс технологиялары;

·  Халық пен құрылыс компанияларының үлестік құрылысқа дайын еместігі.

Мүмкіндіктер Қауіптер
Құрылыс

·  Пайдалануға енгізіліп отырған объектілерді инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету.

 

Құрылыс

·   Елді мекендер бас жоспарларының бекітілуі мен қабылдануының кешеуілдеуі;

·   Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын әзірлеудің кешеуілдеуі;

·   Халықтың тұтыну қабілетінің төмендеуі.

 

Саланың негізгі мәселелері:

  • Жаңатас қаласына газ құбырының құрылысын жүргізу;
  • Су құбыры желілерін қайта жаңғырту (су құбырын жүргізу жұмыстарын аяқтау, І-кезең);
  • Су құбыры желілерін қайта жаңғырту (ІІІ және ІV-кезең);
  • Жаңатас қаласындағы кәріз желілері мен тазалау имаратын қайта қалпына келтіру (Тазалау имаратының қуаттылығы 4500 м³/тәул.);
  • Жаңатас қаласының коммуналдық меншігіндегі бос тұрған көп қабатты үйлерді қалпына келтіру және қайта жаңғырту.

 

4.2  Жолдар мен көлік

Аудан көлемінде облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының 317,6 шақырымы Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының есебіне, 576,9 шақырымы автомобиль жолдары мен көшелері аудан есебіне алынған, оның ішінде 76,7 шақырым автомобиль жолы, 57,1 шақырым қала мен 81,1 шақырым елді мекендердегі көше жолдары болса, өндіріс орындарында 362 шақырым жол технологиялық жолдар болып есептелінеді.

Аудан бойынша аудандық маңыздағы 205,9 шақырым автокөлік жолы бар, оның  140,1 шақырымы қанағаттанарлық деңгейде.

2015 жылы Сарысу ауданы бойынша жол жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен барлығы 307,9 млн. теңге бөлініп жөндеу жұмыстары атқарылды.

 

Сарысу ауданы бойынша 2013-2015 жылдары атқарылған жұмыстар

 

Бюджеттік инвестиция жоба атауы Елді мекен атауы 2013 жыл, мың теңге 2014 жыл, мың теңге 2015 жыл, мың теңге
  Автомобиль жолдарын жөндеу
1 Жаңатас қаласына кіреберіс (ІІ) автокөлік жолын орта жөндеу (Әулие ата көшесі) Жаңатас қаласы 41539,3
2 Жаңатас қаласына 1,670 км автокөлік жолын орта жөндеу (Бейбітшілік көшесі) Жаңатас қаласы 35516,6
3 Жаңатас қаласына кіреберіс 0,8 км автокөлік жолын орта жөндеу (Жібек жолы көшесі) Жаңатас қаласы 71812,1
4 Жаңатас қаласындағы Пушкин және Байсейтов көшелерін орта жөндеу 1,1км Жаңатас қаласы 19319
5 Жаңатас қаласындағы 1, 3 мөлтек аудандарындағы ішкі квартал көшелерін және А.Ыбраев  көшелерін орта жөндеу. Жаңатас қаласы 43338
6 Саудакент ауылындағы Қариев көшесінің 1 шақырымын жолын жөндеу Саудакент ауылы 12000,0
7 Саудакент ауылындағы Рысқұлов көшесінің 1,1 шақырым жолын орта  жөндеу Саудакент ауылы 16151
8 Саудакент ауылындағы Садовая көшесін орта жөндеу 1,4 км Саудакент ауылы 16549
9 Саудакент ауылындағы Сұлтанғазиев көшесін орта жөндеу 0,9 км Саудакент ауылы 21965
10 Саудакент ауылына кіреберіс автожолын орта жөндеу 4 км Саудакент ауылы 58682,3
11 Ақтоғай ауылындағы Ш.Датқа -Бектеміс көшесін 2,4 шақырым автомобиль жолдарын орта жөндеу Ақтоғай ауылы 42979,0
12 Ұ. Сыздықбайұлы ауылындағы Жарылқап көшесінің 1 шақырым жолын жөндеу Ұ.Сыздықбайұлы ауылы 12000,0
13 Ұ.Сыздықбайұлы ауылындағы Құрмансейт көшесін орта жөндеу 1,2 км Ұ.Сыздықбайұлы ауылы 19100
14 Жайылма ауылының кіреберіс 2,1 шақырым автомобиль жолдарын орта жөндеу Жайылма ауылы 16280,0
15 Жайылма ауылындағы Байзақ көшесін орта жөндеу 1,5 км Жайылма ауылы 27554
16 Қызыл Дихан ауылының кіреберіс 7,8 шақырым автомобиль жолдарын орта жөндеу Қызыл Дихан ауылы 41223,0
17 Қызыл Дихан ауылының кіреберіс 7,8 шақырым автомобиль жолдарын орта жөндеу Қызыл Дихан ауылы 39909
18 Түркістан-Арыстанды 13,5 шақырым автомобиль жолдарын орта жөндеу Түркістан а/о 31266,0 106236 19765
19 Түркістан-Үшбас автожолын орта жөндеу 7,2 км Түркістан а/о 39300
20 Ә.Бүркітбаев ауылындағы Октябрьдің 50 жылдығы көшесін орта жөндеу Ә.Бүркітбаев ауылы 6458
21 Ә.Бүркітбаев -Арыстанды автомобиль жолындағы көпірді ағымдағы жөндеу-9км Ә.Бүркітбаев ауылы 956,0
22 Ұйым ауылының кіреберіс 2,1 шақырым автомобиль жолдарын орта жөндеу Ұйым ауылы 25862,0
23 Средний ремонт презжей части 1,1 км  с.Жанаталап Жаңаталап ауылы 12378
24 Тоғызкент ауылындағы Жамбай баба көшесін орта жөндеу 1,3 км Тоғызкент ауылы 22537
  Жалпы сомасы   181610,0 311164,0 307901,7

 

Қалада жүргіншілерге арналған 24 өтпел және 12 бағдаршам бар. Бағдаршамдарда 8 дана дыбыстық дабылы орнатылған,  қала көшелерінде 130 дана «Мүгедектер» белгісі орнатылған.

Сарысу ауданы бойынша 2016 жылы жол жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 300,2 млн. теңге қаралып, 10 елді мекеннің 13 көшесіне, 1 ауыларалық жолға және Жаңатас қаласының шағын аудандарындағы 5 үйдің жолдарына орта жөндеу жұмыстары жүргізілді.

 

Саланың даму жағдайына  SWOT-талдау

 

Күшті жақтары Әлсіз жақтары
Жолдармен көлік

·   Қатты төсеніші бар автомобиль жолдарының жоғары үлес салмағы.

 

Жолдармен көлік

·  Автожол төсенішінің нашар жағдайы;

·  Жүк автокөлігі үшін сервистік инфрақұрылымның жоқтығы;

·  Шалғай жатқан елді мекендермен автобус қатынасының жоқтығы;

·  А класты қойма терминалдарының жоқтығы;

·  Көлік-логистикалық орталықтың жоқтығы.

Мүмкіндіктер Қауіптер
Жолдармен көлік

·      ішкі автобағыттарды ашу және жаңарту жолымен аудан тұрғындарына арналған барлық көлік түрлерінің бағыт желілерін кеңейту, ішкі теміржол қатынастарын субсидиялауды ұйымдастыру;

·      әлеуметтік маңызы бар облысішілік (ауданішілік) жолаушылар маршруттарын субсидиялау есебінен бағыт желілерін дамыту;

·      бәсекелестікті арттыру есебінен жалпы жүк айналымы мен жолаушылар айналымындағы  теміржол көліктерінің үлесін арттыру (сапа, сұрыпталым);

Жолдармен көлік

·      жанармайды сатып алу шығындары, инфляциямен салыстырғанда энерго тасымалдаушыларда ішкі бағаның өсуі мемлекеттік және жекеменшік тасымалдаушы мекемелердің ұсталымының ұлғаюына әкеліп соғады;

·      негізгі тасымалдаушылармен дамыту бағдарламаларының қысқаруы;

·      технологендік және экологиялық қауіп.

 

 

Саланың негізгі мәселелері:

  • ауыр жүкті автокөліктермен бұзылатын жол жабынының тасымалдау мүмкіндіктерінің жедел төмендеуі;
  • жалпы пайдаланымдағы жол бойындағы сервис жүйелерінің жеткіліксіз дамуы (кемпинг, эстакадтар, автокөлік тұрағы, мотельдер, шұғыл көмек көрсетілетін пункттер);
  • жол саласында білікті кадрлардың және инженерлерлік құрамының тапшылығы;
  • жобалық-сметалық құжаттамада зертханалық жұмыстарға қаржы қарастырылмауы зертханалық сараптамалар сапасына кері әсер етеді;
  • жергілікті мәндегі автомобиль жолдарын жалға беруге мүмкіндік жасайтын құқықтық базаның болмауы;
  • ауданның қолданыстағы қоғамдық көліктерінің табиғи тозуы.

 

4.3 Байланыс және коммуникация.

«Қазақтелеком» Акционерлік Қоғамының даму стратегиясына сәйкес орталықтан төмен жерлерге жаңа желіні ары қарай құруға және ұсынылатын жоғары сапалы байланыс қызметін жасауға бағытталған.

«Электрондық үкіметті» қалыптастыру бағдарламасын іске асыру қорытындысы бойынша ауданда ақпарат алмастырудың қағазсыз технологиясы енгізілген, «Адрестік регистр». Автоматтырылған ақпараттық жүйенің мәліметтер базасын (МБ) толықтыру жүргізілуде, басқармаларда локальдық есептейтін желі (ЛЕЖ) енгізілген, аудан басқармаларымен берілістің жоғары сорттық желісіне орай байланыс құрылған, Сарысу ауданы әкімінің www.sarysu.kz сайты жұмыс істеуде, мәліметтерді тұрақты толықтыру және жаңарту жүргізілуде. Құрылған www.sarysu.kz сайтпен келесі е-қызметтері ұсынылады: ақпараттық жаңалықтар, мемлекеттік органдардың құрылымы және байланыстары туралы мәліметтер, орталық атқарушы органдардың ақпараттық ресурстарына сілтемелер, нормативтік актілер, қызмет көрсетуге тарифтер, жұмыстардың регламенті және т.б.; интербелсенді ықтимал қоғамдық қабылдау бөлмесі, өңірлік сайт құрылған.

Бүгінгі таңда «е-әкімдікті» дамыту бағыттарының мәліметтері бойынша төмендегі жұмыстар орындалған:

  • 15 серверден серверлік түйін құрылған;
  • электрондық құжат айналымын, локальдық есептейтін желіні, серверлерді, порталды тіркеу жүзеге асырылуда.

Басқару органдарын компьютерлік техникамен қамту пайызы 75% құрайды, Интернет желісіне қосылу байланыс каналында орташа 256 kb/s өткізу қабілеттілігімен бірге ұйымдастырылған.

«Lotus-Notes» электрондық құжат айналымына Сарысу ауданы әкімінің аппараты, ауылдық округ әкімдіктер және аудан әкімдігінің тиісті бөлімдері қосылған.

Аудан бойынша 27 елді мекеннің 7 елді мекенінде тұрғындар саны 1000 адамнан жоғары халықты құрайды (Жаңатас -21873, Саудакент – 5729, Тоғызкент – 1795, Өндіріс – 1383, Игілік – 1458, Ұйым – 1007). Аталған елді мекендердің барлығы мобильдік байланыс қызметтерімен қамтамасыз етілген.

 

Саланың даму жағдайына  SWOT-талдау

Күшті жақтары Әлсіз жақтары
Байланыс және коммуникация

·      Телекоммуникациялық қызметтердің дамыған жүйесі;

·      жаңа сандық технологиямен ауыстыру арқылы АТС жаңғырту;

·      ғаламтор желісін жаппай енгізу;

·      ұялы байланыс жүйесінің дамуы;

·      ұялы ғаламторды пайдаланушылар үлесінің артуы.

 

Байланыс және коммуникация

·      Тіркелген байланыс абоненттері тығыздығының төмен деңгейі;

·      тіркелген байланыс нарығында нақты бәсекенің болмауы;

·      кең жолақты Интернет желісіне қол жеткізудің жеткіліксіз дамуы;

·      инфрақұрылымға инвестициямен байланысты елеулі жүктеме, оның ішінде төмен өтелімділікпен әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру салдарынан;

ұялы байланысқа жоғары тарифтер.

Мүмкіндіктер Қауіптер
Байланыс және коммуникация

·      Халықты, мекемелерді қолжетімді және сапалы байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету;

·      күнделікті өмірде азаматтардың және мекемелердің ақпараттық-телекоммуникациялық технологияларды кең пайдалануына көшуі;

·      АЕМ тұрғындарын әмбебап байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету;

коммуникацияда, ақпаратта, ойын-сауықта үй шаруашылығының барлық мүшелерінің қажеттілігін толығымен қанағаттандыратын телекоммуникациялық және басқада үй шаруашылығы қызметтерінің пакеттік ұсынымының жылжытылуы.

Байланыс және коммуникация

·      Телекоммуникациялық нарықтың нақты бәсекелестікте дамымауы;

·      тіркелген желіден кетуіне байланысты және абонеттердің тіркелген телефонияның қызметінен ұялы байланыстың  пайдасына бас тартуы есебінен тіркелген телефониядағы табыстардың төмендеуі;

·      тіркелген КЖҚ нарығында бәсекелестіктің жоғарылауы;

·      тез өсу бағыттарындағы әлсіз ұстаным -мобильді сегмент, ақылы ТВ, АКТ.

 

 

Саланың негізгі мәселелері:

  • жоғары жылдамдықты интернет желісінің жоқтығы.

 

4.4 Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

 

Тұрғын үй қоры

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында Жаңатас қаласында тұрғын үйлерді жөндеу  жұмыстары жүргізілуде. Бағдарлама аясында күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминиум объектілерінің үлесін 79,5%-дан 53,0%-ға төмендету жоспарлануда. Жаңатас қаласындағы көпқабатты тұрғын үйдің жалпы саны – 84. Тұрғын үйдің жалпы қоры – 345,0 мың шаршы метрді құрайды.

Жаңатас қаласы бойынша 10 кондоминиум объектілерін басқару органдары – пәтер иелері кооперативтері (ПИК) бар, 68 көпқабатты тұрғын үй кондоминиум нысаны ретінде Сарысу аудандық Әділет басқармасына тіркелген (7 тұрғын үй коммуналдық меншік есебінде, 1 тұрғын үй «ЕвроХим» ЖШС-ің тенгерімінде, 8 көпқабатты тұрғын үй тіркелмеген).

Қазақстан Республикасының «Өңірлерді дамытудың 2020» жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) аясында 2012 жылғы 1-ші және 2-ші тетік бойынша 6 көпқабатты тұрғын үйлерге жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Жаңатас қаласындағы коммуналдық меншіктегі пәтер алу кезегінде  1501 пәтерге мұхтаж азаматтар тіркелген, оның ішінде 24 – жетім бала, 940-і аз қамтылған отбасылар және 537-ы бюджеттік мекеме қызметкерлері.

2012 жылы №7-і және №32-і көпқабатты үйлер (130 пәтер), 2013 жылы №33-і көпқабатты үй (120 пәтер), 2014 жылы №4, №19 және №31 көпқабатты үйлер (180 пәтер) пайдалануға берілді. Оның ішінде №4 көпқабатты үй «ЕвроХим» ЖШС-ның меншігінде, ал №19 көпқабатты үйді жас отбасыларға ипотека негізінде беру жұмыстары жүргізілді.

Жаңатас  қаласында бос 20 көпқабатты тұрғын үйлер қайта қалпына келтіру жатады. Осыған орай қайта қалпына келтіруге жататын 1 мөлтек ауданы №34,35 көпқабатты тұрғын үйді (120 пәтерлі, сметалық құны – 282,2 млн.теңге), (70 пәтерлі, сметалық құны – 199,1 млн.теңге) күрделі жөндеу жоспарланған. Қажетті қаржы көлемі – 528,3 млн.теңге.

2016 жылы Жаңатас қаласында 1 шағын аудандағы №35 көп қабатты тұрғын үйдің қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды.

 

 

Саланың даму жағдайына  SWOT-талдау

Күшті жақтары Әлсіз жақтары
Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы

·   Алмастырушы тауарлардың болмауынан коммуналдық қызметтерге деген сұраныс;

·   Коммуналдық қызметтердің сапасын және коммуналдық кәсіпорындар қызметінің тиімділігін арттыруға арналған осы заманғы технологиялар мен жабдықтардың болуы.

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы

·  Халықтың жалпыүйлік аумақты басқарудағы белсенділігінің төмендігі (ПИК төмен үлесі), ПИК басқарушыларының кәсіби еместігі, ПИК жұмысының ашық еместігі, тұрғын үй қорының өте ескіруі;

·  Халықтың төмен төлем қабілеттілігі;

·  Үйлерді күрделі жөндеу үшін тұрғындарды кредиттеудің дамымауы.

Мүмкіндіктер Қауіптер
Тұрғын үй қорын басқару

·   Кондоминиумдар құру және ПИК-не ену;

·   Тұрғын үй қоры және коммуналдық қызметтер инфрақұрылымы жағдайының тұрақты жаңартылып отыратын мәліметтер базасын жасау.

Тұрғын үй қорын басқару

·              Халықта жалпыүйлік аумақтардың жағдайына, қалдықтарды жинау мен шығаруға жауапкершіліктің жоқтығы;

Тұрғын үй қорының істен шығу қарқынының жеделдеуі.

 

Саланың негізгі мәселелері:

  • тұрғын үй құрылысын мемлекеттік қолдауға қарамастан ауданда мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекте тұрған азаматтар санының өсімі байқалады. Мұның себебі – халықтың көпшілігінде тұрғын үй сатып алуға қажетті қаражаттың болмауы. Сондай-ақ кезектің көбеюі халықтың ауылдардан қалаларға көшуімен және халық санының өсуімен байланысты орын алуда.
  • тұрғын үй құнының жоғарылығы жаппай тұрғын үй құрылысы өсімін тежейтін негізгі себептердің бірі болып табылады;
  • тұрғын үй құрылысы саласын дамыту үшін тұрғын үй құрылысына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдар салуға қаржыландыру көлемдерін ұлғайту.

 

Сумен жабдықтау және су жүргізу

Аудан бойынша су құбыры желісінің жалпы ұзындығы 186,6 км, оның ішінде ауылдық жерлерде 45,6 км құрайды.

Ауданда 27 ауылдық елді мекендердің 18-і, ауыз сумен қамтамасыз етілген.

 

Елді мекендердегі орталықтандырылған ауыз сумен жабдықтауға тұрғындардың қолжетімділігі

Атауы Өлшем бірлігі 2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл
Қалада орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жетімділігі бар тұрғындар үлесі % 71,0 71,0 74,0
Қалада орталықтандырылған су бұруға қол жетімділігі бар тұрғындар үлесі % 67,0 67,0 67,5
Ауылдық елді мекендерде орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жетімділігі бар тұрғындар үлесі % 63,0 66,0 66,0

 

 2013-2015 жылдары аудандғы суды есептеу құралымен қамту деңгейі

Атауы Өлш. бір. 2013 ж. 2014 ж. 2015 ж.
Қаладағы халықты жеке суды есептеу құрылғысымен қамту % 56,0 63,0 67,0
Ауылдық елді мекендердегі халықты жеке суды есептеу құрылғысымен қамту % 10,0 12,0 13,0

 

Жалпы су құбыры жүйесінің ұзындығы 141 км, оның ішінде су жеткізетін құбыр 44 км, ішкі кварталдікі 97 км. Қаланың су жүйесі 1964-1967 жылдары тупикті жалғаспа вариантта, тұйықталмай соғылған. Техникалық орындалу жағынан тұтынушыларды тәулік бойы режимде шаруашылық, ауыз суымен қамтамасыз ете алмайды.

Ауданда 2 су қоймасы бар.

«Ынталы» су қоймасы 1975 жылы пайдалануға берілген, 2006 жылы «Қазсушар» РМК-ның иелігіне өткізілген. Су қоймасының бойында Байқадам, Игілік және Жаңаталап ауылдық округтерінің 3086 га суармалы егістік жері бар. Толық сиымдылығы 30 млн м3. Келісім шартқа отырған 162 шаруа қожалықтарға толық су берілді.

«Бүркітті» су қоймасы 1975 жылы пайдалануға берілген.

2013 жылы облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының теңгеріміне өткізілген. Су қоймасының бойында Жайылма ауылдық округінің 1305 га суармалы жері бар. Су қоймасының толық сиымдылығы 8,3 млн м3.

Екі су қоймасының бойындағы барлық каналдардың саны -13; оның 7-і лотокты каналдар. Каналдардың жалпы ұзындығы – 102,1 км, оның 41,8 км лотокты каналдар. «Мұрап» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне «Ынталы» және «Бүркітті» су қоймалырының бойындағы каналдарды 2014 жылы ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 14 млн. теңге бөлініп, толығымен игерілді. 2015 жылы 12,5 млн. тенге бөлініп «Кедей», «Бүркітті», «Жаңа кәрітоған», «Өтес» каналдарына жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сарысу ауданының сумен жабдықтау және су жүргізу «Жаңатас–Су-Жылу» кәсіпорны тиесілі.

 

Саланың даму жағдайына  SWOT-талдау

Күшті жақтары Әлсіз жақтары
Сумен қамтамасыз ету және су бөлу

·   Сумен қамтамасыз ету жүйелерін қайта жаңғыртуды қаржыландырудың өсуі.

 

Сумен қамтамасыз ету және су бөлу

·  Тұрғын үй қорының орталықтандырылған сумен қамтамасыз етумен және су бөлумен төмен жарақтандырылуы;

·  Ауылдық жерлерде сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілудің төмен деңгейі;

·  Су құбырлары және кәріздік желілердің тозуының жоғары дәрежесі;

·  Қалдық суларды биологиялық тазалау қондырғыларының жоқтығы;

·  Тасымалдау кезінде суды айтарлықтай жоғалту;

·  Инвестицияларға ықпал етпейтін сумен қамтамасыз етудің және су бөлудің төмен тарифтері.

Мүмкіндіктер Қауіптер
Сумен қамтамасыз ету және су бөлу

·   Жеткілікті қаржыландыра отырып ауданның барлық ауылдары мен аудан орталығы Жаңатас қаласын ауыз сумен сапалы қамтамасыз ету.

 

Сумен қамтамасыз ету және су бөлу

·  Сумен қамтамасыз ету желілері жағдайының одан әрі нашарлауы және су құбырлары ұзындығының азаюы салдарынан аудан халқының өмір сүру сапасының нашарлау қаупі өседі.

 

Саланың негізгі мәселелері:

-сумен жабдықтау және су бұру, кәріз жүйелерінің тозығы жетуі;

-орталықтандырылған сумен қамтамасыз етумен және су бөлумен төмен жарақтандырылуы;

-ауылдық жерлерде сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілудің төмен деңгейі.

 

Жылумен  қамтамасыз  ету

«Жаңатас-Су-Жылу»  КМК-ны 2015-2016 ж.ж. жылу беру маусымына дайындық  бекітілген  іс-шаралар бойынша жүргізілді.

2016 жылдың 1-ші қантар айындағы жағдай бойынша көрсетілген коммуналдық қызметке барлық дебиторлық қарыз 45,5 млн.тенгені құрап отыр, оның ішінде:

– шаруашылық нысандар 7,1 млн.тенге;

– тұрғындар 28,7 млн.тенге;

– бюджеттік мекемелер 9,5 млн.теңге.

Қазақстан Республикасының Ұлтық қорынан Жаңатас қаласындағы орталық қазандықтың бір қазандығымен құрал жабдықтарын күрделі жөндеу жұмыстарына 215,1 млн.теңге кредиттік қаржы бөлініп, мемлекеттік комиссия қабылдап алды.

Аудандық бюджеттен материалдық техникалық жарақтандыруға 7,0 млн.теңге бөлініп толығымен игерілді.

 

Саланың даму жағдайына  SWOT-талдау

Күшті жақтары Әлсіз жақтары
Жылумен қамтамасыз ету

·                Жаңа тұрғын үйлер мен әлеуметтік сала ғимараттарының енгізілуіне байланысты коммуналдық қызметтерге сұраныстың өсуі.

 

 

Жылумен қамтамасыз ету

·  Тұрғын үй қорының және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің орталықтандырылған жылумен жарақтандырылуының төмендігі, қуаттардың көптігі, негізгі қорлардың тозуы;

·  Жылумен қамтамасыз ету қызметтеріне бағалардың жоғарылығы.

Мүмкіндіктер Қауіптер
Жылумен қамтамасыз ету

·   Бюджеттік ресурстармен қарқынды қаржыландыра отырып магистралдық және ішкікварталдық жылу желілерін қайта жаңғырту, қалпына келтіру және күрделі жөндеу;

Жылумен қамтамасыз ету

·        Жаңатас қаласында жылумен қамтамасыз ету желілері аварияларының веерлік тізбегі.

 

Саланың негізгі мәселелері:

Жылу желілерінің тозуына байланысты қаражаттардың аз мөлшерде бөлінуі.

 

 

 

Газбен  қамтамасыз ету

Көпқабатты үйлерді газбен қамтамасыз ету, жеке үйлерді көмірмен әсіресе қысқы кезеңде бірінші кезектегі мәселесі болып отыр. 10 жылдан астам бері газ қондырғылары істен шыққан.

1997 жылдан бері Жаңатас қаласының тұрғындары, сол сияқты көп қабатты тұрғын үйлердің тұрғындары, қауіптілігіне қарамастан, газ баллондарын қолданып келеді. «Бейбарыс газ» ЖШС қаланы сұйытылған газ баллонмен қамтамасыз етеді.

 

Саланың даму жағдайына  SWOT-талдау

Күшті жақтары Әлсіз жақтары
Газбен қамтамасыз ету

·   Газбен қамтамасыз етуге сұраныстың өсуі.

Газбен қамтамасыз ету

·  Орталықтандырылған газбен қамтамасыз етілмеген;

Мүмкіндіктер Қауіптер
Газбен қамтамасыз ету

·   Алдағы уақытта  елді мекенді газдандыру (өңірді газдандыру).

Газбен қамтамасыз ету

·        Жеткіліксіз қаржыландыру салдарынан елді мекендерді газдандыру үрдісінің баялау қаупі бар.

 

Саланың негізгі мәселелері:

Ауданға табиғи газ тарту мәселесіне байланысты, жұмыстардың баяу жүруі.

 

Бағыт 5. Экология және жер ресурстары

 

5.1 Орман қоры

Мемлекеттік орман қорының орман алқаптарының көлемі 192375,0 га, орман қорының жалпы аумағы 532092 га жерді құрайды, орналасқан жері Сарысу ауданының Саудакент ауылындағы орталық усадьбада орналасқан.

Мемлекеттік орман қорының жері 3 орманшылыққа бөлінген – Байқадам, Түгіскен, Жайлаукөл. Мекемелерге бөлінген бөлімше жер көлемі төменгі кестеде көрсетілген.

 

Орманшылық Көлемі, га Орманшылықтың конторы орналасқан жері Қашықтығы, км
барлығы % Мекеме конторына дейін Жақын темір жол станциясы
1 Байқадам 7702 1,5 Жаңатас 30
2 Түгіскен 177351 33,3 Досбол 70 100
3 Жайлаукөл 347039 65,2 Жайлаукөл 200 230
  Барлығы: 532092 100   300 330

 

Мемлекеттік орман қорының жалпы аумағы 532092 га жерді құрайды. Оның ішінде орманды алқабы 192375 га, осының ішінде екпе ормандар 15441 га жерді құрайды, соның ішінде 7702 га жері таулы өңір – 1,4%, және 524390 га, тегіс құмды өңір – 98,6%, өсіп жетілген орманды алқабы – 36% жалпы көлемінен, ағаш өспеген жерлері – 45%, ормансыз жерлері -19%.

2013 жылғы көктемде 70 га жерге сексеуіл көшеті отырғызылды, күз айында 600 га жерге сексеуіл ұрығы себілді.

2014 жылғы көктемде 100 га жерге сексеуіл көшеті отырғызылды, қосымша 15 мың дана сексеуіл көшетімен толықтырылды. 2015 жылғы күз айында 800 га жерге сексеуіл ұрығы себілді. Сексеуіл егілетін алаңдардың көлемі жыл сайын артуда.

Орман өрті орын алған жағдайда өртті дер кезінде анықтап, жедел сөндіруді ұйымдастыру үшін бір өрт бақылау мұнарасы орнатылған. Мекемеде барлығы 5 рация бар.

Мекемеде 55 адам жұмыс істейді, өрт науқанына байланысты мекемеде 25 адамнан тұратын 5 өрт сөндіру кұрамы ұйымдастырылған, 1 – Фермер УАЗ автомашинасы, 1 – МТЗ-80 тракторы тұрақты дайындықта тұр. Өрт қаупі жоғары кезеңге орман қорын өрттен қорғауды күшейту мақсатында 9 адамнан тұартын Мемлекеттік емес өртке қарсы өрт жасақшылары ұйымдастырылып, мекеменің кеңсесінде кезекшілік қызмет атқарады. ЗИЛ-133 өрт сөндіру автомашинасы және 3 тонналық өрт цистернасы бекітіліп жұмыс атқаруда.

Cарысу ауданы көлемінде көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын өз дәрежесінде «Көріктендіру және Көгалдандыру» ЖШС-ң мекемесі жұмыстар атқаруда.

2015 жылы  аудандық бюджеттен көгалдандыру және көріктендіру жұмыстарына 33,4 млн. теңге, санитариялық тазалық жұмыстарына – 39,2 млн. теңге, қаржы бөлінді.

Жаңатас қаласының моноқала қатарына кіруіне байланысты Жаңатас қаласындағы 111 көпқабатты қираған үйлердің орны тазаланды.

Моноқалаларды дамыту бағдарламасы шеңберінде конкурстық негізде жаңа өндірістерді құруға гранттар беру есебінен – 3,0 млн. теңге қаржыға жеке кәсіпкер Б.Тусипбеков. «Тұрмыстық қалдықтарды қайта өндеп шығару цехын (пластикалық қалдықтар)» ашып, жұмыс жасауда. Жұмысшылар саны – 5 адам, жылдық қуаты 1,0 тонна пластикалық қоқыстарды өндеу.

Елді мекендерде тұрмыстық қатты қалдықтар (ТҚҚ) полигондары бар, оларға қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алынған. Жаңатас қаласында санитарлық, экологиялық және техникалық нормаларға сәйкес тұрмыстық қалдықтарды орналастыруға арналған полигон салынды.

 

5.2 Жер ресурстары

Сарысу ауданының аумағы – 3 136 094 га. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 654499 га құрап, өткен жылға қарағанда 10415 га азайған. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін пайдаланушылар саны 993, оның ішінде бағбандыққа және саяжайға арналған жерлерді пайдаланушылар 426, шаруа қожалықтарын жүргізетіндер 534, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар 9, өндірістік кооперативтер 3, басқада мемлекеттік емес кәсіпорындар 4, ғылыми зерттеу және білім беру мекемелері 1, қосалқы кәсіпорындар 6 және басқа да мемлекеттік кәсіпорындар 10. Елді мекендердің жерлері 72 495 га, өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс жерi және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлер 10 239 га құрап, өзгеріссіз қалды. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері 1 000 га, орман қоры жерлері 532 092 га, су қорының жерлері 1 788 га құрап, өткен жылғы деңгейде қалды. Ауданның босалқы жерлері 828981 га болып, 10415 га ұлғайды. Басқа мемлекеттің пайдаланып жатқан жерлері 1 035 000 га.

2015 жылы 7 ауылдық округтегі 55 иелері белгісіз шаруа қожалықтары анықталып 2856 гектар жер учаскелері Сарысу аудандық әділет басқармасына иесіз мүлік ретінде тіркеліп, сот арқылы заңды түрде мемлекет есебіне қайтарылады.

Өз еріктерімен бас тартқан 6 шаруа қожалығының жалпы көлемі 1,0 мың гектар жер (0,6 мың га суарылмайтын егістік және 0,4 мың га жайылымдық жер) учаскелері аудандық сот қарауымен коммуналдық меншікке қайтарылды.

3 шаруа қожалығына 6 шаруа қожалығының жер учаскелері қосылып, ірілендірілді.

Ауданда 19 жер учаскесі аукционға ұсынылып, 15 жер учаскесі сатылды (13 жер учаскесі жеке меншік және 2 жер учаскесі жалға алу бойынша).

Жалпы жерді сатудан бюджетке түскен қаражат көлемі 10,6 млн. теңгені құрады.

Мемлекет иелігіне қайтарылған жерлерді қайта ауыл шаруашылық айналымына қосу үшін 2 рет конкурс өткізілді. Нәтижесінде жалпы көлемі   60,0 мың гектар жер учаскелерін құрайтын 56 жер учаскесі ауыл шаруашылық құрылымдарына берілді.

 

2015 жылғы жағдай бойынша

Cарысу ауданы, ауылдық аймақтардағы ауыл шаруашылығы айналымына тартылған ауыл шаруашылық алқаптарын түгендеудің нәтижесі

(га есебімен)

Ауылдық округ атауы   барлығы оның ішінде    
    Ауыл шаруашылық құрылымдарының саны а/ш

алқаптары

егістік   Көп жылдық екпелер шабындық жайылым

дық

        барлығы одан суармалы      
1 2 3 4 5 6 7 8 9
  Аудан бойынша 568 604257 20312 3773 102 11470 572373
  оның ішінде:              
1 Түркістан 79 37337,56 11767,19       25570,37
2 Жаңаарық 37 37709,59 1258,53   5   36446,06
3 Жаңаталап 101 17425,67 1445,93 1191,68 21,09 941,15 15017,5
4 Байқадам 58 7552,43 328,6 328,6 28   7195,83
5 Қамқалы 8 221011,45       522,45 220489
6 Игілік 133 42949,79 2911,6 1550,65 30,34 2889,34 37118,51
7 Досбол 21 42415,4       790 41325,4
8 Тоғызкент 44 120189,6     6 4190,1 115993,5
9 Жайылма 87 77964,16 2600,08 701,81 11,21 2136,47 73216,4

 

Аудан бойынша 2016 жылдың 9 айында тұрғын үй құрылысын салу үшін  3,4 гектар жер учаскесі, өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу үшін         2,1 гектар жер учаскесі берілді.

Осы есепті кезеңде өз өтініштері бойынша 10 азаматтың көлемі 4365,09 гектар жер учаскесінен бас тартуларына байланысты Сарысу аудандық сотының шешімімен коммуналдық меншікке қайтарылды.

Жыл басынан бері жер учаскелерін сату бойынша (303101 кодына) жергілікті бюджетке 3,5 млн. теңге салық түсті.

 

Саланың даму жағдайына  SWOT-талдау

Күшті жақтары Әлсіз жақтары
Экология және жер ресурстары

·      Тұрақты қадағалау бекеттер санының және атмосфера ауасын автоматты бақылау станцияларының жеткілікті қолда бары;

·      өнеркәсіптік өндіріс көлемінің өсуі негізінде тұрақты экологиялық жағдай;

·      табиғат пайдаланушылармен -кәсіпорындармен жыл сайынғы табиғат қорғау шараларының орындалуы;

·      жабайы жануарлардың негізгі тіршілік ететін түрлерінің тұрақтылығы және санының көбеюі;

көп жылдық реттеу тәртібі бар су жинақтау қоймаларының болуы.

Экология және жер ресурстары

·     Жинақтаудың дамымаған жүйесі, оның ішінде қатты-тұрмыстық қалдықтардың бөлінбелі жинағы;

·     қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратудың төмен көлемі;

·     қатты тұрмыстық қалдықтарды көлемін қолданыстағы нысандардың санитарлық ереже талаптарына сәйкессіздігі;

·     штаттық санның және орман шаруашылығының коммуналды мемлекеттік мекемелерінің материалды-техникалық жабдықталуының жеткіліксіздігі;

білікті кадрлардың жоқтығы және аңшылық шаруашылығының материалдық-техникалық базасының әлсіздігі.

Мүмкіндіктер Қауіптер
Экология және жер ресурстары

·      Қайталама қайта өңдеуді енгізу және қалдықтарды кәдеге жарату;

·      табиғи ресурстарды пайдалануға азаматтарда саналы көзқарастың қалыптасуы;

·      аудан аумағында сексеуілді және басқа өскелең түрлерін егу және отырғызу жолымен ормандылықтың көлемін көбейту және арттыру;

·      көшет материалдарының өндірісі үшін тәлімбақтардың көлемін ұлғайту;

·      заңсыз кесу және броконьерлік фактілерінің алдын алу жолымен ауданның мемлекеттік орман қорының аумағында орман және жануарлар дүниесін қорғауды одан әрі күшейту.

Экология және жер ресурстары

·      Иесіз, өнеркәсіптік, улы және тұрмыстық қалдықтардың жинақталу қарқынының сақталуы, сондай-ақ қайталама қайта өндеу және кәдеге жарату технологиясының болмауы;

·      табиғат қорғау шараларын жүзеге асыру үшін қоршаған ортаның эмиссияларынан бюджеттік қаражаттың толық бөлінбеуі;

 

 

Саланың негізгі мәселелері:

– қоршаған ортаны ластау деңгейін төмендету бойынша табиғатты қорғау іс-шаралары толық көлемде жоспарланбаған;

– ауылдарда тазартқыш құрылғылар салу және қайта жаңғырту қажет;

– қалдықтарды көму полигондарын табиғатты қорғау заңнамасы талаптарына сәйкестендіру арқылы қатты тұрмыстық қалдықтардың жабайы, өз бетінше құралған орындарының пайда болуын алдын алу;

– тұрмыстық қалдықтарды және оларға теңестірілген өнеркәсіп қалдықтарын қайта өңдейтін өндірістік кешендер құрылысы;

– қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының құрылысы;

– қалдықтарды қайта кәдеге жаратуды және қайта өңдеуді енгізу, бұл табиғи ресурстарды үнемдеуге, қалдықтар көлемдерінің азаюына әкеледі;

  • өз мақсатында пайдаланылмай отырған жерлерді мемлекет қорына қайтару бойынша жұмыстардың аяқталмауы.
  • мемлекет қорына қайтарылған жерлердің айналымға толық енгізілмеуі.

 

Бағыт 6. Мемлекеттік қызмет

 

Мемлекеттік қызмет

Ауданның мемлекеттік органдарының құрылымын аудандық мәслихат аппараты, 11 барлық деңгейдегі әкімдер аппараттары (аудан әкімінің аппараты, 1 аудандық маңызы бар қала әкімдерінің аппараты, 9 ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары), жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын 14 атқарушы органдар (аудандық бөлімдер) және  орталық органдардың аумақтық бөлімшелері құрайды.

Аудан әкімдігінің қызметі ақпараттық талдау, ұйымдастыру және өзге қызмет түрлерін қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік органдар функцияларының бизнес-процестерін автоматтандыру, яғни ақпараттық жүйе құру арқылы жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасын білдіреді.

«Электрондық үкіметті» қалыптастыру бағдарламасын іске асыру қорытындылары бойынша ауданда ақпарат алмасудың қағазсыз технологиясы – электрондық құжат айналымы ендірілген, «Адрестік регистр» АИС мәліметтер базасын толықтыру жүргізіледі, басқармаларда локалдық есептеу желісі (ЛЕЖ) енгізілген, облыс басқармаларымен және аудандармен жоғары сұрыпты өткізу желілері арқылы байланыс орнатылған, Сарысу ауданы әкімінің сайты sarysu.zhambyl.kz әзірленген, мәліметтердің тұрақты толықтырылуы және жаңартылуы жүргізіледі.

Аудандық мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік қызметкерлердің функционалдық міндеттеріне мемлекеттік қызмет көрсету міндеттерінің енгізілуі қамтамасыз етіліп, арнайы бұйрық және өкіммен жауапты мамандар бекітілген. Сонымен қатар, тұтынушыларға арналып, қолайлы әрі қолжетімді етіліп, тиісті нормативтік-құқықтық актілер жиынтығы және басқада қажетті ақпараттар арнайы тақтайшалар орнатылған.

Сарысу ауданы әкімінің ресми sarysu.zhambyl.kz  сайтының Мемлекеттік қызмет бөлімінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары бойынша қаулыларын, қызмет көрсететін мекемелер, олардың мекен-жайлары, жұмыс кестелері, электронды мекен-жайлары туралы мәліметтер орналастырылған.

Құрылған аудан әкімінің сайтымен келесі е-қызметтер көрсетіледі: ақпараттық жаңалықтар, мемлекеттік органдардың құрылымы және байланыстары туралы мәліметтер,  нормативтік актілер, қызметтерге тарифтер, жұмыс регламенті және басқалар; интерактивтік виртуалдық қоғамдық қабылдау.

Аудандық вебсайтты қайта дизайндау және қайта құрылымдау бойынша жұмыстар жүргізілді.

Сарысу ауданында «е-әкімдікті» іске асыру шеңберінде бүгінгі таңда келесі бағыттар бойынша іс-шаралар атқарылған: техникалық жарақтандыру; ведомстволық АЖ әзірлеу және ендіру; мемлекеттік қызмет көрсетулерді автоматтандыру; «е-әкімдіктің» ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Мемлекеттік органдардың интернет порталы (МОИП) арқылы мемлекеттік қызметшілер Бірыңғай пошта сервисін пайдаланады, электрондық хаттарды жеке адрестерден жолдау үрдісі жоқ. Жаңа модульдар ендірілуде.

Аудан әкімдігі мен Жамбыл облысы әкімдігі арасында бейне конференцбайланыс жүйесі орнатылған.

Әлеуметтік елеулі қызмет көрсетулердің 60 пайызын электрондық түрге ауыстыру, электрондық үкіметті дамыту, рұқсат беру рәсімдерін берудегі әкімшілік тосқауылдарды төмендету, халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мониторингілеу туралы Мемлекет басшысының 2012 жылғы «Әлеуметтік-экономикалық жаңару – Қазақстанның дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының аясында 2013 жылдан бастап жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру бойынша жұмыс басталды.

Облыстың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді.

Қызметтер көрсету облыстық басқармалардың, аудандар, қалалар және ауылдық округтер әкімдіктері деңгейлерінде жүзеге асырылады.

Сарысу ауданы бойынша жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сәйкес қала, 62 қызмет түрі бойынша ауылдық округ әкімі аппараттары, аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, білім бөлімі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, жер қатынастары бөлімі, ауыл шаруашылығы бөлімі, аудан әкімдігінің ветеринария бөлімі, кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі, дене шынықтыру және спорт бөлімі, және сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі  қызметтер көрсетеді.

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2014 жылы жеке және заңды тұлғаларға барлығы 30585 қызмет көрсетілген.

Ауданы бойынша аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, аудан әкімдігінің ТҮ,КШ, ЖКжәне АЖ бөлімі, аудан әкімдігінің білім бөлімі «Халыққа қызмет көрсету орталықтары үшін ықпалдастырылған ақпараттық жүйесіне» және «Е-әкімдік» ақпарттық жүйесіне қосылған.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамымен арада шарт жасалып, аудан әкімдігінің білім бөліміне және аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне «Е-әкімдік» ақпараттық жүйесіне қызмет көрсетуде.

Азаматтық хал актілерін тіркеу функциялары жергілікті атқарушы органдарға берілуіне байланысты Сарысу ауданы әкімі аппаратының ережесі және біліктілік талаптары қайта бекітілді.

Азаматтық хал актілерін тіркеу қызметі аудан әкімі аппараты арқылы жүйелі көрсетілуде.

 

 

Саланың даму жағдайына  SWOT-талдау

Күшті жақтары Әлсіз жақтары
·      ЖАО жеткілікті техникалық жабдықталуы;

·      мемлекеттік қызмет көрсету сапасының мониторингін жүргізу үшін негіздемелердің болуы;

·      бірыңғай электронды құжат айналымы жүйесінің болуы;

·      мемлекеттік органдардың функцияларының бизнес-процестерін автоматтандыру;

·      мүмкіндігінше аз мерзімде «электронды үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету.

 

·      Қағазбастылық;

·      Қызмет көрсету мерзімінің бұзыуы (мемлекеттік органдарда тікелей атқарушылардың қанағаттанарлықсыз жұмысы, кадрлардың жетіспеушілігі, үлкен жұмыс көлемі);

·      Әлсіз бағдарламалық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

·      Халықтың әлсіз ақпараттандырылуы (қызмет алушылар қызметті қайдан алуға болатынын білмейді – ХҚО-ма әлде мемлекеттік органдама);

«Электрондық үкімет» порталымен жұмыстың күрделігі.-

Мүмкіндіктер Қауіптер
·   өңір тұрғындарының мемлекеттік қызметті электрондық түрде алудағы қызығушылығы;

·   мемлекеттік қызметті көрсету сапасымен қанағаттанарлық деңгейін қамтамасыз ету үшін инфрақұрылым дамуының жеткілікті деңгейін иемдену, алайда әлсіз жақтары да бар;

·      мемлекеттік қызметті электрондық түрде беру процесін жеңілдету.

·   ғаламтор желілеріне шектеулі қолжетімділікке байланысты электрондық мемлекеттік қызметтерге сұранымсыздығы;

·   жеке аудандарда ХҚО-ң аумақтық қол жетіспеушілігі, электрондық мемлекеттік қызметтерді көрсететін сапасымен тұрғындардың қанағаттанбауы.

 

 

Саланың негізгі мәселелері:

  • білікті кадрлардың жетіспеущілігі;
  • әртүрлі ақпараттық жүйелердің болуы (бір маманға ақпаратты бір мезгілде бірнеше ақпараттық жүйеге салуға тура келеді);
  • іс-шаралар жоспарына және ТЭН-ге сәйкес мемлекеттік органдар функцияларын автоматтандыру бойынша іс-шаралардың жеткіліксіз қаржыландырылуы.

 

 

III. НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР, МАҚСАТТАР, МАҚСАТТЫ ИНДИКАТОРЛАР ЖӘНЕ ОЛАРҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖОЛДАРЫ

3.1. 2016-2020 жылдарға арналған Сарысу ауданының негізгі даму бағыттары

 

Ауданның негізгі даму бағыттары өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және құрылыс салаларында.

Сарысу ауданы фосфор мен фосфор тыңайтқыштарын шығаруда басты орындардың бірінде.

Ауданда минералдық – шикізат ресурстарының болуы арқасында тау-кен өндіру, құрылыс материалдары өнеркәсібі дамуда.

Аудан өнеркәсібінің негізін «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Қаратау» тау-кен өңдеу кешені мен «ЕвроХим» ЖШС-і құрайды. Тау-кен өңдеуші кәсіпорын фосфор шикізатын өндірумен және оны ұсақтаумен айналысып, ауданда ғана емес, облысты тау-кен өңдеу саласының дамуын қамтамасыз етіп отыр.

Қаратау қойнауындағы фосфорлы шикізат базасының негізгі   артықшылықтары:

  • Жүздеген миллион тонна кені негізінен аса ірі   кен  орындарында  шоғырланған  орасан үлкен  қор;
  • Алынатын кен   құрамындағы Р2О5 пайдалы  бөлігінің   үлесі (21–25%) біршама   жоғары;
  • өнеркәсіптік тұрғыдан игеріліп, қалыптасқан өңірде, фосфор тыңайтқыштарының ірі тұтынушылары болып табылатын Қазақстанның  мақта   және   қант  қызылшасын   егумен  айналысатын  аудандары мен Орталық Азия елдеріне  жақын   орналасуы.

Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігінің Жол картасында Жаңатас қаласында іске асырылуға жоспарланған «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС –нің құрғақ ұсақтау және бөлшектеу объектілері 2015 жылы 11 желтоқсанда Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен Телекөпір шеңберінде ашылды. Бұл кәсіпорын 2013 – 2016 жылдары 766,0 мың тонна кен, 227,5 мың тонна фосфор ұнтағын өндірді. Өндірілген өнімдер Ресей, Бельгия, Белорусия, Болгария, Литва мемлекеттеріне экспортқа шығарылды.

2016 жылы ІІ кезекте «Фосфаттарды қайта өндейтін химиялық кешеннің»  құрылысы басталды, құрылыс жұмыстары 2015-2018-2020 жылдары жүргізілетін болады. Жобаның құны – 950,0 млн. АҚШ доллары.

2018 жылдан бастап жылына кемінде 640 мың тонна фосфариттік ұнтақ өндірілетін болады. 2020 жылдан бастап жылына  2,8 млн тонна тауарлы өнім (оның ішінде минералды тыңайтқыштар 1,5 млн. тонна) өндіру жоспарлануда.

Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы орта мерзімді кезеңде ауыл шаруашылығы кешенін дамытудың негізі болып табылады.

Сарысу ауданында еркін бәсекені дамыту және нарыққа тауарлар мен қызметтерге бірдей қол жетімділікті қамтамасыз ету арқылы бизнестің экономикалық белсенділігін арттыру үшін жағдай жасалатын болады.

Әлеуметтік саладағы жұмыс Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі әлеуметтік даму тұжырымдамасында көзделген қағидаттарға сәйкес жүзеге асырылады.

Апатты жағдайдағы мектеп бойынша 50 орындық Досбол негізгі мектебінің құрылысының ЖСҚ-ы дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өткізілген. Мектеп құрылысының жалпы сомасы 304,2 млн. теңге. 2016 жылғы бюджеттен 170,0 млн. теңге бөлініп, мектеп құрылысы басталды (Қалған қаржы көздері 2017 жылға жоспарланған).

2019 жылы Жаңатас қаласындағы 2 шағын ауданынан 280 балаға арналған жаңа балабақша құрылысы жоспарлануда, сонымен қатар Ертөстік балабақшасынан 25 балаға арналған 1 топ қосымша топ ашу жоспарлануда     (96,2 пайыз).

2020 жылы бағларламаға Жаңатас қаласы Бүркітті елді мекенінен 280 балаға арналған жаңа балабақша құрылысы, Сарысу орта мектебі жанынан 50 балаға арналған шағын орталық, Донда Сенбин орта мектебі жанынан 50 балаға арналған шағын орталық ашу жоспарлануда (98,1 пайыз).

Республикалық және жергілікті бюджет есебінен мақсатты индикаторларды орындау үшін төмендегідей жұмыс орындары ашылады деп жоспарлануда:

-жастар тәжірибесі бағдарламасы бойынша: 2016 жылы 145 адам (РБ-105 адам, ЖБ -40 адам), 2017 жылы 140 адам (РБ-100 адам, ЖБ -40 адам), 2018 жылы 140 адам (РБ-100 адам, ЖБ -40 адам), 2019 жылы 155 адам (РБ-110 адам, ЖБ -45 адам), 2020 жылы 170 адам (РБ-120 адам, ЖБ -50 адам);

-әлеуметтік жұмыс орындарына: 2016 жылы 100 адам (РБ-70 адам, ЖБ -30 адам), 2017 жылы 110 адам (РБ-80 адам, ЖБ -30адам), 2018 жылы 110 адам (РБ-80 адам, ЖБ -30 адам), 2019 жылы 120 адам (РБ-85 адам, ЖБ -35 адам), 2020 жылы 130 адам (РБ-90 адам, ЖБ -40 адам).

-ақылы қоғамдық жұмыс орындарына: 2016 жылы – 300 адам, 2017 жылы – 350 адам, 2018 жылы – 350 адам, 2019 жылы – 360 адам, 2020 жылы – 360 адам жолданады деп жоспарлануда.

Құрылыс саласын дамыту бағытында:

Жаңатас қаласының су құбыры желілеріне қайта құру жұмыстарын аяқтау:

– Жаңатас қаласының су құбырлары желілерін қайта  жаңғырту (І кезең);

«Сарысу ауданы Жаңатас қаласы су құбыры желілерін қайта жаңғырту. ІІІ-кезең»,  нысанының жобалық сметалық құжаттары мемлекеттік сараптамаға қорытынды алу үшін тапсырылды.

Жаңатас қаласындағы кәріз желілері мен тазалау имаратын қайта қалпына келтіру (Тазалау имаратының қуаттылығы 4500 м³/тәул.) Жалпы құны 2669,8 млн. теңге.ЖСҚ дайын, мемлекеттік сараптамадан өткізілген.

2017 жылы «ЕвроХим-Тыңайтқыш» ЖШС-нің демеушілігі есебінен Жанатас қаласында 673,6 млн. теңгеге «Жастар» кешенінің құрылысы жүргізілетін болады, ЖСҚ-ы дайын, мемлекеттік сараптамадан өткізілуде.


3.2. Мақсаттар, мақсатты индикатор және олраға қол жеткізу жолдары

 

Бағыт: экономика

3.2.1.Өнеркәсіп

Мақсат 3.2.1.1: Аудан өнеркәсібі саласын дамыту

 

р/с№ Нысаналы индикаторлар Өл. бір 2014 ж. нақты 2015 ж. нақты Жоспар Ақпарат көзі
2016 ж. 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж. 2020 ж.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
1 Өңдеу өнеркәсібі өнімін  шығарудың нақты көлем индексі % 5,7 есе 95,9 70,0 100,1 103,0 105,0 110,0 ресми статистикалық деректер

 

2 Өндеу өнеркәсібінің ішкі салалары (салалық бағытқа байланысты) өнімін шығарудың  нақты көлем индексі % 101,9 100,5 82,0 101,0 102,0 103,0 104,0
  электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау % 101,9 82,4 94,0 100,5 101,5 102,0 103,0
  сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау % 97,0 118,7 70,0 101,5 102,5 104,0 105,0
3 Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда  (салалық бағытқа байланысты)өнім шығарудың нақты көлем индексі % 112,2 115,6 150,0 106,0 104,5 105,0 106,3
Қол жеткізуге жауаптылар: Аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі

 

Қол жеткізу жолдары: 2016-2020 ж.ж.:

Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру.

Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігінің Жол картасында Жаңатас қаласында іске асырылуға жоспарланған «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС –нің құрғақ ұсақтау және бөлшектеу объектілері 2015 жылы 11 желтоқсанда Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен Телекөпір шеңберінде ашылды. Бұл кәсіпорын 2013 – 2016 жылдары 766,0 мың тонна кен, 227,5 мың тонна фосфор ұнтағын өндірді. Өндірілген өнімдер Ресей, Бельгия, Белорусия, Болгария, Литва мемлекеттеріне экспортқа шығарылды.

2016 жылы ІІ кезекте «Фосфаттарды қайта өндейтін химиялық кешеннің»  құрылысы басталды, құрылыс жұмыстары 2015-2018-2020 жылдары жүргізілетін болады. Жобаның құны – 950,0 млн. АҚШ доллары.

2018 жылдан бастап жылына кемінде 640 мың тонна фосфариттік ұнтақ өндірілетін болады. 2020 жылдан бастап жылына  2,8 млн тонна тауарлы өнім (оның ішінде минералды тыңайтқыштар 1,5 млн. тонна) өндіру жоспарлануда.

Сонымен қатар, өнеркәсіп өндірісінің өнім көлемінің ұлғаюына жұмыс жасап тұрған өндірістерді жетілдіру және қайта жаңғырту мақсатында бірнеше инвест жобаларды іске асыру жоспарлануда:

«Тараз – көлік жолы» ЖШС-і – құрылыс құмын, қиыршық тас, құм аралас қиыршық тастар өндірісі, қиыршық тастың оңтайлы қоспасын және асфальт араластыру зауытының құрылысы. Жобаның құны – 250 млн. теңге,     50 жұмыс орны. Қуаттылығы жылына 50 мың м3. 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында пайдалануға берілген.

Қазіргі уақытта өндірістік базада құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, ДС-185 асфальтбетон заводы және КСД-900 ұсақтау-сұрыптау қондырғысын электр желісімен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Электр энергиясын қосу жұмыстарының жобалық сметалық құны 55,8 млн. теңге,  құжаттар Өңірлік үйлестіру Кеңесімен мақұлданып «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 2017 жылы қаржыландыру жоспарланған.

2016 жылдың 10 айында 4,0 мың тонна асфальт пен 3,8 мың тонна қиыршық тас өндірілді (дизельді электр қондырғылары арқылы), шығарылған қиыршық тастар мен асфальт аудандағы және Оңтүстік Қазақстан облысының Шәуілдір ауылының жол жөңдеу жұмыстарына пайдаланылуда.  Қазіргі кезде заводта 35 адам жұмыс істеуде.

«Асыл тұз компаниясы» ЖШС-і – ас тұзын өндіру зауыты. Жобаның құны – 444,0 млн. теңге, 75 жұмыс орны. Қуаттылығы – 50 мың тонна. Іске асыру мерзімі 2016-2017 жылдарға жоспарланған.

Завод айналасын қоршау бойынша жұмыстары аяқталып, құрылыс жұмыстарын жүргізуге уақытша электр желісі тартылды.

Қазіргі кезде қаражат тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде, құрылыс жұмыстары 2017 жылға жоспарлануда. Жобаны өңірлік индустрияландыру картасына енгізу үшін Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік басқармасына құжаттар тапсырылған.

 

3.2.2 Агроөнеркәсіп кешені

Мақсат 3.2.2.1: Ауылшаруашылығын дамыту үшін жағдай жасау

 

р/с№ Нысаналы индикаторлар Өл. бір 2014 ж. нақты 2015 ж. нақты Жоспар Ақпарат көзі
2016 ж. 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж. 2020 ж.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
1 Ауыл шаруашылығы жалпы өнімін шығарудың нақты көлемінің индексі % 102,5 107,4 102,0 102,1 102,2 102,4 102,8 ресми статистикалық деректер
2 Өсімдік шаруашылығы жалпы өнімін шығарудың нақты көлем индексі % 101,2 114,4 101,8 101,9 102,0 102,1 102,2 ресми статистикалық деректер
3 Егін алқабын арттыру (салалық бағытқа байланысты) га 16348,5 17040 17135 17200 17320 17370 17400 ведомстволық есептер
4 – майлы дақылдар га 6136 7087,9 4300 4400 4400 4400 4400 ведомстволық есептер
5 – көкөніс дақылдар (картоп) га 215 215 300 300 300 300 300 ведомстволық есептер
6 – бақша дақылдар га 300 300 300 300 300 300 300 ведомстволық есептер
7 – мал азығы дақылдары га 5028 5088,1 4500 4600 4600 4600 4600 ведомстволық есептер
8 Мал шаруашылығы жалпы өнімін шығарудың нақты көлем индексі % 103,0 102,4 100,0 101,7 101,8 101,9 102,2 ресми статистикалық деректер
9 Ұйымдастырылған шаруашылықтардағы  мүйізді ірі қара және мүйізді ұсақ қара мал басының үлесі МІҚ,

%

15,7 17,3 31,9 33,9 35,6 36,7 36,9 ведомстволық есептер
МҰҚ,

%

27,3 37,2 46,3 46,1 48,2 49,2 52,2
10 Тұқымды өзгерістерге қатысатын мүйізді ірі қара және мүйізді ұсақ қара мал басының үлесі МІҚ,

%

6,5 21,9 24,1 25,9 26,5 28,3 29,6 ведомстволық есептер
МҰҚ,

%

8,2 13,4 12,1 12,7 12,7 13,7 15,3
11 Мерзімі бұзылып берілген субсидиялар үлесінің төмендеуі % 0 0 0 0 0 ведомстволық есептер
Қол жеткізуге жауаптылар: Аудан әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімі, ауылдық округ әкімдері

 

Қол жеткізу жолдары  (2016-2020 жылдар):

  1. Көктемгі егіс және жинау жұмыстарын уақтылы жүргізу, егін егу кезеңінде іріктелген тұқымды пайдалану, минералды тыңайтқыштарды пайдаланатын егін алқаптарын кеңейту, бос пайдаланбай жатқан жерлер есебінен егіс алаңын кеңейту (ирригация, дренаж, мелиорация және басқа гидротехникалық іс-шаралар), ылғалды ресурсты үнемдеу технологиясын (оның ішінде тамшылатып суару, нөлдік технология және т.б.) пайдалану, көпжылдық көшеттерді тиімді пайдалану, көкөніс сақтау қоймасы және жылыжай құрылысын жүргізу бағыттарында жұмыстар атқарылатын болады.

Ылғал және ресурс сақтау технологияларын пайдалану тиімділігі туралы шаруашылық құрылымдарына түсіндіру жұмыстары әр ауылдарға барып жүргізілуде.

Алдағы уақытта аумағы 20 гектар болатын 4 интенсивтік алма бақтарын егіп, өсіру жоспарланып отыр.

  1. Мал шаруашылығының жалпы көлеміндегі ұйымдастырылған шаруашылықтардағы мүйізді ірі қара және мүйізді ұсақ қара мал басының үлесін арттыру (жыл сайын 2-2,5%), асыл тұқымды мал шаруашылықтарының санын арттыру, қолдан ұрықтандыру пункттерін тиімді пайдалану, жеке сектордағы МІҚ малды қолдан ұрықтандырумен қамту пайызын арттыру, биязы жүнді, майлы ет бағытындағы қой шаруашылығының сапасын арттыру жұмыстарын жүргізу, қой шаруашылығы, жылқы және түйе шаруашылығын дамыту, ірі елді мекендерде бордақылау алаңдарын кеңейту және типтік мал сою пунктерінің құрылысын жүргізу, мемлекеттік бағдарламаларды («Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламалары) және ауыл шаруашылығын қолдау инструменттерін яғни республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген субсидияны тиімді пайдалану.

 

3.2.3 Шағын және орта бизнес, сауда

Мақсат 3.2.3.1: Шағын және орта бизнестің белсенді субъектілерінің өсуіне жағдай жасау

 

р/с№  Нысаналы индикаторлар Өл.

бір

2014 ж. нақты 2015 ж. нақты Жоспар Ақпарат көзі
2016 ж. 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж. 2020 ж.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
1 Бөлшек сауданың нақты көлем индексі % 194,1 154,5 100,6 102,5 102,0 103,0 104,0 ресми статистикалық деректер
2 Көтерме сауданың нақты көлем индексі % 71,5 50,8 39,3 есе 71,6 71,7 71,8 71,9
Қол жеткізуге жауаптылар: Аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі, ауылдық округ әкімдері

 

Қол жеткізу жолдары (2016-2020 ж.ж.):

Сарысу ауданында еркін бәсекені дамыту және нарыққа тауарлар мен қызметтерге бірдей қол жетімділікті қамтамасыз ету арқылы бизнестің экономикалық белсенділігін арттыру үшін жағдай жасалатын болады.

Сауда саласында:

– заманауи сауда нысандары алаңдарының санын және олардың бөлшек сауданың жалпы айналымындағы үлесін ұлғайтуды ынталандыру көзделген. Бұл бағытта Жаңатас қаласынан «Жаңатас орталық көк базары» ЖШС-і жаңадан ашылып, 254 жеке кәсіпкерлер сауда орындарымен қамтылды.

– сонымен қатар, жанар-жағар май сататын бекеттерді бөлшек сауда есебін тапсырушы тұлға ретінде тіркеу шаралары қабылданатын болады;

– базарлардағы және сауда орындарындағы сауданың ашықтығын арттыру және тұрақты жәрменкелер өткізу жоспарлары құрылды.

Аудан орталығында 2015 жылы сауда орындарының жұмыстарын ірілендіру бағытында 3 сауда орталықтары  ашылып тіркелді («Заңғар», «Барс», «Бақытжан»). Қазіргі жағдайда бұл сауда орталықтарында халық тұтынатын барлық тауар түрлері  тұтынушылардың сұранысын толық қанағаттандыруда.

 

3.2.4 Инновациялар және  инвестициялар

Мақсат 3.2.4.1: Инновацияны дамыту және инвестицияны арттыру

 

р/с№ 

Нысаналы  индикаторлар Өл.

бір

2014 ж. нақты 2015 ж. нақты Жоспар Ақпарат көзі
2016 ж. 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж. 2020 ж.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
1 Халықтың жан басына шаққандағы негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны % 350,7 72,7 102,1 103,1 103,3 103,8 102,3 ресми статистикалық деректер
2 Инновация саласында белсенділік деңгейі % 5,9 5,6 5,9 6,2 6,3 6,4 6,5
Қол жеткізуге жауаптылар: Аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі

 

 

Қол жеткізу жолдары (2016-2020 ж.ж.):

– инвесторларға қызмет көрсетуді дамыту, өңірде мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту, инвестиция тарту жөнінде форумдар өткізу, ауыл шаруашылығын және химия өнеркәсібін дамыту үшін стратегиялық инвесторлар тарту, экономикалық басым секторларында зәкірлі инвесторлармен бірлескен кәсіпорындарды құру, индустриялық аймақтарды дамыту, индустриялық аймақтар қызметіне мониторинг және талдау.

Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру.

Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігінің Жол картасында Жаңатас қаласында іске асырылуға жоспарланған «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС –нің құрғақ ұсақтау және бөлшектеу объектілері 2015 жылы 11 желтоқсанда Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен Телекөпір шеңберінде ашылды. Бұл кәсіпорын 2013 – 2016 жылдары 766,0 мың тонна кен, 227,5 мың тонна фосфор ұнтағын өндірді. Өндірілген өнімдер Ресей, Бельгия, Белорусия, Болгария, Литва мемлекеттеріне экспортқа шығарылды.

2016 жылы ІІ кезекте «Фосфаттарды қайта өндейтін химиялық кешеннің»  құрылысы басталды, құрылыс жұмыстары 2015-2018-2020 жылдары жүргізілетін болады. Жобаның құны – 950,0 млн. АҚШ доллары.

2018 жылдан бастап жылына кемінде 640 мың тонна фосфариттік ұнтақ өндірілетін болады. 2020 жылдан бастап жылына  2,8 млн тонна тауарлы өнім (оның ішінде минералды тыңайтқыштар 1,5 млн. тонна) өндіру жоспарлануда.

Сонымен қатар, өнеркәсіп өндірісінің өнім көлемінің ұлғаюына жұмыс жасап тұрған өндірістерді жетілдіру және қайта жаңғырту мақсатында бірнеше инвест жобаларды іске асыру жоспарлануда:

«Тараз – көлік жолы» ЖШС-і – құрылыс құмын, қиыршық тас, құм аралас қиыршық тастар өндірісі, қиыршық тастың оңтайлы қоспасын және асфальт араластыру зауытының құрылысы. Жобаның құны – 250 млн. теңге,     50 жұмыс орны. Қуаттылығы жылына 50 мың м3. 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында пайдалануға берілген.

Қазіргі уақытта өндірістік базада құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, ДС-185 асфальтбетон заводы және КСД-900 ұсақтау-сұрыптау қондырғысын электр желісімен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Электр энергиясын қосу жұмыстарының жобалық сметалық құны 55,8 млн. теңге,  құжаттар Өңірлік үйлестіру Кеңесімен мақұлданып «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 2017 жылы қаржыландыру жоспарланған.

2016 жылдың 10 айында 4,0 мың тонна асфальт пен 3,8 мың тонна қиыршық тас өндірілді (дизельді электр қондырғылары арқылы), шығарылған қиыршық тастар мен асфальт аудандағы және Оңтүстік Қазақстан облысының Шәуілдір ауылының жол жөңдеу жұмыстарына пайдаланылуда.  Қазіргі кезде заводта 35 адам жұмыс істеуде.

«Асыл тұз компаниясы» ЖШС-і – ас тұзын өндіру зауыты. Жобаның құны – 444,0 млн. теңге, 75 жұмыс орны. Қуаттылығы – 50 мың тонна. Іске асыру мерзімі 2016-2017 жылдарға жоспарланған.

Завод айналасын қоршау бойынша жұмыстары аяқталып, құрылыс жұмыстарын жүргізуге уақытша электр желісі тартылды.

Қазіргі кезде қаражат тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде, құрылыс жұмыстары 2017 жылға жоспарлануда. Жобаны өңірлік индустрияландыру картасына енгізу үшін Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік басқармасына құжаттар тапсырылған.

Инновацияны дамыту институттарын қолдау:

– семинарлар, кеңестер, форумдар шеңберінде, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қолданыстағы индустриялды-инновациялық қызметке мемлекеттік қолдау тетіктері туралы хабарлау;

Инвестиция тартудың бір бағыты орта кәсіпкерлік нысандарын аудан аумағына тарту, бұл бағытта «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде  индустриялды аймақты іске қосу болып отыр. Жаңатас қаласы аумағынан 60 га жер аумағы  индустриялды аймаққа белгіленген. Бағдарлама негізінде оператор болып белгіленген облыстық әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы есебіне жер телімін уақытша беріп, онда техникалық экономикалық негіздеме құжаттарын дайындауға сұраныс жасалу қажет.

Индустриялды аймақты іске асыру шығындарын (құжаттарын) облыстық бюджет қаражаты есебінен жоспарлап, инфрақұрылымдарды әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы республикалық бюджет есебінен қаржыландыру тиіс.

Инфрақұрылымы толық дайын индустриялды аймақта жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру кәсіпкерлердің  де өз қызығушылығын арттырар еді.

Индустриялық аймаққа дейінгі  инфрақұрылымдарға  орташа есеппен 181,4 млн теңге  қаражат қажет:

-Автокөлік жолы-37,0 млн.теңге;

-Темір жол тұйығы-77,1млн.теңге;

-Электр желісі бағандарын орнату-17,2 млн.теңге;

-Су құбырын тарту -50,1 млн.теңге

Инновацияларды одан әрі дамыту Қазақстанның 2020 жылға дейінгі инновациялық даму тұжырымдамасы аясында өтеді:

– өнертапқыштықты және ойлап табушылықты ынталандыру;

– инновациялық кәсіпкерлік саласына жеке инвесторларды тарту;

– халық және мүдделілер арасында инновациялық қызметтің мәнін түсіндіруді дәріптеу.

 

3.2.5 Экономикалық өсу орталықтарын дамыту

Мақсат 3.2.5.1: Моноқаланы және тірек елді мекенін дамыту.

 

р/с№ 

Нысаналы  индикаторлар Өл.

бір

Жоспар Ақпарат көзі
2016 ж. 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж. 2020 ж.
1 2 3 4 5 6 7 8 9
1 Тіректі АЕМ-де халық санының өсімі мың адам 5,8 5,9 6,0 6,2 6,4 ресми статистикалық  деректер
2 Шағын және моноқалаларда және тіректі АЕМ-де әлеуметтік саладағы нысандар құрылысы және қайта құру бірлік 2 2 3 2 2 ведомстволық есептер
3 Тіректі АЕМ-де өндірістерді ашу және дамыту бірлік 3 3 3 3 3 ведомстволық есептер

 

Қол жеткізу жолдары (2016-2020 ж.ж.):

Мемлекеттік бағдарламаларды пайдалана отырып тірек елді мекенінде халық санын өсіру. Оның ішінде: жұмыс орындарын ашу, ауыл шаруашылығын дамыту және т.б.

2016 жылы «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша Жаңатас қаласында 280 балаға арналған жаңа балабақшаның құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар Жаңатас қаласы 1 шағын аудандағы №35 көп қабатты тұрғын үйдің қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды.

2017 жылы Жаңатас қаласында «Жастар сарайы» ғимаратының құрылысы және 1 шағын аудандағы №34 көп қабатты тұрғын үйдің қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілетін болады;

2018 жылы Жаңатас қаласындағы 1 шағын аудандағы №5,15 көп қабатты тұрғын үйді қайта жаңғырту және Саудакент ауылында мүгедектерді оңалту орталығын ашу (облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына ұсыныс берілді);

2019 жылы Жаңатас қаласындағы 1 шағын аудандағы №41,47 көп қабатты тұрғын үйді қайта жаңғырту;

2020 жылы Жаңатас қаласындағы 1 шағын аудандағы №9 көп қабатты тұрғын үйді қайта жаңғырту және Саудакент ауылында спорт кешенінің құрылысын жүргізу.

Саудакент тіректі АЕМ-де өндірістерді ашу және дамыту бойынша 2016-2020 жылдары 15 жоба ашу жоспарланған:

2016 жылы – сауда дүкені, монша, газ құю бекеті;

2017 жылы – сауда дүкені, шаштараз, автокөлік бөлшектерін сататын дүкен;

2018 жылы – сауда орталығы, сауда кешені, ойын-сауық орталығы (жеке қаржы);

2019 жылы – автокөлік жуу орталығы, автокөлік жөндеу шеберханасы, құс фабрикасы;

2020 жылы – шикізат өндеу цехы, газ құю бекеті, сүт өнімдерін өндейтін цех.

 

Мақсат 3.2.5.2: Моноқаланың инфрақұрылымын қайта жаңғырту және әлеуметтік жағдайды жақсарту бойынша жұмыстар жасау.

р/с№ 

Нысаналы  индикаторлар Өл.

бір

Жоспар Ақпарат көзі
2016 ж. 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж. 2020 ж.
1 2 3 4 5 6 7 8 9
1 Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы  аясында жан басына шаққанда   негізгі капиталға инвестициялар % 102,1 103,1 103,3 103,8 102,3 ресми статистикалық  деректер
2 Жаңғыртылған желілердің үлесі, оның ішінде жылумен, электрмен және газбен жабдықтау %           ведомстволық есептер
жылу
электр 35,0 40,0 45,0 50,0 60,0
3 Орталықтандырылған сумен жабдықтау және су бұру желілерінің қол жетімділігі % 72,0 78,0 84,0 91,0 100,0 ведомстволық есептер
4 Жылу желілерінің тозығын төмендету % 10,0 10,0 10,0 8,0 5,0 ведомстволық есептер
5 Электрмен жабдықтау желілерінің тозығын төмендету % 55,0 50,0 45,0 40,0 35,0 ведомстволық есептер
6 Жұмыссыздық деңгейін төмендету % 4,9 4,8 4,7 4,6 4,5 ведомстволық есептер
7 Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың ішінен жұмысқа жарамды халық үлесін төмендету % 24,0 23,9 23,7 23,5 23,3 ведомстволық есептер

 

Қол жеткізу жолдары (2016-2020 ж.ж.):

– инвесторларға қызмет көрсетуді дамыту, өңірде мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту, инвестиция тарту жөнінде форумдар өткізу, ауыл шаруашылығын және химия өнеркәсібін дамыту үшін стратегиялық инвесторлар тарту, экономикалық басым секторларында зәкірлі инвесторлармен бірлескен кәсіпорындарды құру,индустриялық аймақтарды дамыту, индустриялық аймақтар қызметіне мониторинг және талдау.

Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру.

– Республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын сумен қамтамасыз ету және су бұру нысандарын салу және қайта жаңғырту бойынша инвестициялық жобаларды іске асыруға жүйелі түрде мониторинг жүргізу.

Жаңатас қаласының су құбыры желілеріне қайта құру жұмыстарын аяқтау:

«Сарысу ауданы Жаңатас қаласы су құбыры желілерін қайта жаңғырту. ІІІ-кезең».

– Элекрмен жабдықтау желісінің жағдайын жақсарту мақсатында ауданда тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласын дамыту және электр желілерін жаңғыртуға жыл сайын бюджеттік қаражат бөлу.

Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың жалпы санынан еңбекке жарамды азаматтардың үлесі 2016-2020 жылдары 24,0%-дан 23,3%-ға жеткізіледі. Олар мына бағытттарда жүргізіледі:

– мемлекеттік балалар жәрдемақысын тағайындау;

– атаулы әлеуметтік көмек тағайындау;

– «Өрлеу» жобасы шеңберінде шартты ақшалай көмек тағайындау;

– «жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсету» бағдарламасы .

Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың ішіндегі еңбекке ажарамды азаматтар «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы арқылы тұрақты, мерзімді және уақытша жұмысқа орналастырылады. Олар: жастар тәжірибесі, ақылы қоғамдық жұмыс, әлеуметтік жұмыс орындары.

 

Бағыт: Әлеуметтік сала

 

3.2.6 Білім беру

Мақсат 3.2.6.1: Білім беру саласындағы көрсеткіштерге қолжетімділікті арттыру және жастар саясатын қолдау

 

р/с№ Нысаналы индикаторлар өл. бір 2014 ж. нақты 2015 ж. нақты Жоспар Ақпарат көзі
2016 ж. 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж. 2020 ж.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
1 Жұмыс істеп тұрған аппаты және үш ауысымды мектептер саны бірлік 1 1 1 ведомстволық есептер
2 Жаратылыстану-математика пәндері бойынша мектеп бітірушілердің арасында білім беру бағдарламаларын табысты (өте жақсы/жақсы) меңгерген оқушылар үлесі % 44,5 45,7 51,5 52,8 54,9 57,0 59,9 ведомстволық есептер
3 Мүмкіндіктері шектеулі балалардың жалпы санының ішінде балалардың инклюзивті біліммен қамтылуы % 20,0 22,0 25,0 35,0 40,0 45,0 50,0 ведомстволық есептер
4 Балаларды (3-6 жас) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту % 90,3 90,4 90,5 91,8 92,2 95,8 99,0 ведомстволық есептер
5 оның ішінде жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдар желілерін дамыту есебінен       1,2 1,2 1,3 2,0  
6 Мемлекеттік тапсырыс бойынша техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары түлектері мен оқуды аяқтағаннан кейінгі бірінші жылы жұмысқа орналастырылғандар үлесі % 49,4 49,6 55,9 57,5 60,4 62,2 63,9 ведомстволық есептер
7 Типтік жастағы (14-24 жас) жастардың  техникалық және кәсіптік біліммен қамтылу үлесі

 

% 10,7 10,9 14,2 14,3 14,4 14,5 14,6 ведомстволық есептер
8 Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруда 14-29 жастағы тұрғындардың  қанағаттанушылық деңгейі % 68,0 69,0 70,0 71,0 72,0 73,0 74,0 ЖАО әлеуметтік зерттеу қорытындылары
Қол жеткізуге жауаптылар: Аудан әкімдігінің білім бөлімі, Сарысу жастары мекемесі

 

Қол жеткізу жолдары (2016-2020 жж.):

  • апатты жағдайдағы мектеп бойынша 50 орындық Досбол негізгі мектебінің құрылысының ЖСҚ-ы дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өткізілген. Мектеп құрылысының жалпы сомасы 304,2 млн. теңге. 2016 жылғы бюджеттен 170,0 млн. теңге бөлініп, мектеп құрылысы басталды (2017 жыл құрылыс жұмыстары жалғасатын болады).
  • 2016 жылы бағдарламаға сәйкес мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті біліммен қамту деңгейі 25 пайызға жету көзделуде, бұл мақсатта аудандық бюджеттен мектептерге пандустар, кеңейтілген есіктер орнатуға сонымен қатар демалыс орындарын ұйымдастыруға, арнайы құрал жабдықтар сатып алуға 3,5 млн. теңге бөлінді.

Индикаторларға қол жеткізу жолдары:

  • инклюзивті білім беруді іске асырып жатқан жалпы білім беретін мектептердің педагогтары үшін оқыту әдістемелік семинарларын, біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
  • даму мүмкіндігі шектеулі балалар үшін оқу-тәрбие үдерісіне педагог-дефектолог, педагог-логопед мамандарымен және инклюзивті білім жүйесін дамытумен кедергісіз ортаны ұйымдастыру есебінен жағдай жасауды қамтамасыз ету;
  • бюджет қаражаты есебінен мүмкіндіктері шектеулі балалардың инклюзивті біліммен қамтылуына жағдай жасау, арнайы кабинеттермен қамтамасыз ету.
  • Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы инклюзивті білімді дамытуды, яғни даму мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру ортасына кіргізуді көздейді. Мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санының ішінде балалардың инклюзивті біліммен қамтылу деңгейі 2015 жылы 22 пайызды құрап отыр (27 мектеп ішінде 6 мектепте инклюзивті білім беруге жағдай жасалған 6*100/27).

Ағымдағы жылы Жаңатас қаласында 280 балаға арналған жаңадан мемлекеттік балабақша мен мемлекеттік жекеменшік әріптесітік бағдарламасы аясында 80 балаға арналған балабақша ашылып, пайдалануға берілді.

«Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасының индикаторлық көрсеткіштеріне сәйкес, ауданда 11 балабақша (10 мемлекеттік балабақша және 1 жекеменшік балабақша), 13 шағын орталық жұмыс жасайды.

1-6 жас аралығындағы 2200 бүлдіршін мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған (қала – 1345 бала, ауылдық елді мекен – 875 бала), қамтылу көрсеткіші 72,3 пайыз.

Бес балабақшада (Айгүл, Айгөлек, Балдырған, Ақбота, Болашақ) мектепалды даярлық топтары жұмыс істейді.

Балаларды (3-6 жас) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 2016-2020 жылдарға арналған индикаторлық көрсеткішке сәйкес 2016 жылы 90,5 пайызға жету көзделген болатын. Бұл мақсатта мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры есебінен 2016 жылы Жаңатас қаласында 280 балаға арналған жаңадан мемлекеттік балабақша мен мемлекеттік жекеменшік әріптесітік бағдарламасы аясында 80 балаға арналған балабақша ашылып, пайдалануға берілді.

2017 жылы Арыстанды ауылындағы Арыстанды орта мектебінің жанынан 25 балаға арналған 1 топ шағын орталық ашу және Жаңатас қаласынан 25 балаға арналған жеке меншік балабақшасын ашу көзделуде (91,2пайыз);

2018 жылы Өндіріс ауылдық елді мекенінен 140 балаға арналған балабақша құрылысы жүргізіліп, сонымен қатар Досбол орта мектебі жанынан 1 топқа арналған шағын орталық ашылады (94,0 пайыз).

2019 жылы Жаңатас қаласындағы 2 шағын ауданынан 280 балаға арналған жаңа балабақша құрылысы жоспарлануда, сонымен қатар Ертөстік балабақшасынан 25 балаға арналған 1 топ қосымша топ ашу жоспарлануда     (96,2 пайыз).

2020 жылы бағларламаға Жаңатас қаласы Бүркітті елді мекенінен 280 балаға арналған жаңа балабақша құрылысы, Сарысу орта мектебі жанынан 50 балаға арналған шағын орталық, Донда Сенбин орта мектебі жанынан 50 балаға арналған шағын орталық ашу жоспарлануда (98,1 пайыз).

 

3.2.7 Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

Мақсат 3.2.7.1: Мақсат: Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу. Халықты әлеуметтік қорғау және халықтың әлсіз тобына көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру. Мүгедектерге қолжетімділігі қамтамасыз етілген инфрақұрылымды дамыту. 

 

р/с№ Нысаналы индикаторлар Өл. бір 2014 ж. нақты 2015 ж. нақты Жоспар Ақпарат көзі
2016 ж. 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж. 2020 ж.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
1 Жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша жүгінгендерден жұмысқа орналастырылғандар үлесі % 90,0 89,7 78,6 79,1 79,4 79,9 80,1 ведомстволық есептер
2 Жүгінген нысаналы топтар санынан тұрақты жұмысқа орналасқандар үлесі % 65,4 65,9 66,4 66,9 67,4 ведомстволық есептер
3 Жұмыспен қамту органдарына жәрдемдесу үшін жүгінген еңбекке жарамды жастағы жұмысқа орналастырылған мүгедектер саны адам 40 460 32 34 37 38 40 ведомстволық есептер
4 Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың жалпы санынан еңбекке жарамды азаматтар үлесі % 26,25 25,75 25,36 25,21 24,53 23,94 ведомстволық есептер
5 Арнайы әлеуметтік қызмет көрсетумен  қамтылған тұлғалардың үлес салмағы (оларды алуға мұқтаж адамдардың жалпы санының ішінде) % 98,5 97,4 100,0 100,0 100,0 100,0 100,0 ведомстволық есептер
6 Жеке сектор субъектілері (оның ішінде, үкіметтік емес ұйымдар) ұсынатын арнайы әлеуметтік көрсетілетін қызметтермен қамтылған адамдар үлесі % 9,7 11,3 12,1 14,7 ведомстволық есептер
7 Әлеуметтік, көлік инфрақұрылымның паспортталған нысандардың жалпы санынан мүгедектер үшін қолжетімділікпен қамтамасыз етілген әлеуметтік инфрақұрылым нысандар үлесі % 78,6 61,9 50,0 70,0 80,0 90,0 100,0 ведомстволық есептер
Қол жеткізуге жауаптылар: Аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

 

Қол жеткізу жолдары  (2016-2020 жылдар):

Жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша жүгінгендерден жұмысқа орналастырылғандардың үлесі 2016-2020 жылдары 78,6%-дан  80,1%-ға дейін жетеді.

Жүгінген азаматтарға кәсіби даярлықтарына, мамандықтарына, еңбек тәжірибелеріне сәйкес келетін бос жұмыс орындары бойынша сұраныстар ұсынылады. Лайықты жұмыс орындарына орналастырылады.

Республикалық және жергілікті бюджет есебінен мақсатты индикаторларды орындау үшін төмендегідей жұмыс орындары ашылады деп жоспарлануда:

  • жастар тәжірибесі бағдарламасы бойынша: 2016 жылы 145 адам (РБ-105 адам, ЖБ -40 адам), 2017 жылы 140 адам (РБ-100 адам, ЖБ -40 адам), 2018 жылы 140 адам (РБ-100 адам, ЖБ -40 адам), 2019 жылы 155 адам (РБ-110 адам, ЖБ -45 адам), 2020 жылы 170 адам (РБ-120 адам, ЖБ -50 адам);
  • әлеуметтік жұмыс орындарына: 2016 жылы 100 адам (РБ-70 адам, ЖБ -30 адам), 2017 жылы 110 адам (РБ-80 адам, ЖБ -30адам), 2018 жылы 110 адам (РБ-80 адам, ЖБ -30 адам), 2019 жылы 120 адам (РБ-85 адам, ЖБ -35 адам), 2020 жылы 130 адам (РБ-90 адам, ЖБ -40 адам).
  • ақылы қоғамдық жұмыс орындарына: 2016 жылы – 300 адам, 2017 жылы – 350 адам, 2018 жылы – 350 адам, 2019 жылы – 360 адам, 2020 жылы – 360 адам жолданады деп жоспарлануда.

Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен халықты тең қамту мақсатында кемінде тоқсанында бір рет бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылады.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының үш бағыты бойынша ашылатын жұмыс орындарына жолдама өтініш білдірген азаматтардың ішінен  беріледі. Ауылдық жерде тұратын жұмыссыз азаматтарға шағын несие беріледі.

Жүгінген нысаналы топтар санынан тұрақты жұмысқа орналасқандардың үлесі 2016-2020 жылдары 65,4%-дан 67,4%-ға дейін жеткізіледі.

Жүгінген нысаналы топ азаматтарына кәсіби даярлықтарына, мамандықтарына, еңбек тәжірибелеріне сәйкес келетін бос жұмыс орындары бойынша сұраныстар ұсынылады. Лайықты жұмыс орындарына орналастырылады.

Жұмыспен қамту органдарына жәрдемдесу үшін жүгінген еңбекке жарамды жастағы жұмысқа орналастырылған мүгедектер саны 2016-2020 жылдары 32-ден 40 адамға дейін жетеді.

Жүгінген мүгедек азаматтардың кәсіби даярлықтарына, мамандықтарына, еңбек тәжірибелеріне сәйкес келетін бос жұмыс орындары бойынша сұраныстар ұсынылады. Лайықты жұмыс орындарына орналастырылады.

Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың жалпы санынан еңбекке жарамды азаматтардың үлесі 2016-2020 жылдары 25,75%-дан 23,94%-ға жеткізіледі. Олар мына бағытттарда жүргізіледі:

– мемлекеттік балалар жәрдемақысын тағайындау;

– атаулы әлеуметтік көмек тағайындау;

– «Өрлеу» жобасы шеңберінде шартты ақшалай көмек тағайындау;

– «жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсету» бағдарламасы .

Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың ішіндегі еңбекке ажарамды азаматтар «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы арқылы тұрақты, мерзімді және уақытша жұмысқа орналастырылады. Олар: жастар тәжірибесі, ақылы қоғамдық жұмыс, әлеуметтік жұмыс орындары.

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетумен қамтылған тұлғалардың үлесі (оларды алуға мұқтаж адамдардың жалпы санының ішінде) 2016-2020 жылдары 100% көрсеткішті құрайды.

Мұқтаж азаматтардың барлығы есепке алынып, бөлімнің үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің әлеуметтік қызметкерлері тарапынан тиісті арнаулы әлеуметтік қызметтері көрсетіледі.

Әлеуметтік, көлік инфрақұрылымының паспортталған нысандардың жалпы санынан мүгедектер үшін қолжетімділікпен қамтамасыз етілген нысандар үлесі 100% -ға жеткізіледі.

Республикалық және облыстық бюджеттер есебінен бөлінген қаржыларға күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары  жүргізілетін нысандар мүмкіндігі шектеулі азаматтарға лайықтап бейімделеді.

 

 

3.2.8 Мәдениет

Мақсат 3.2.8.1: Кітапханалар желісін дамыту

 

р/с№ Нысаналы индикаторлар Өл. бір 2014 ж. нақты 2015 ж. нақты Жоспар Ақпарат көзі
2016 ж. 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж. 2020 ж.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
1 1000 адамға шаққандағы мәдениет ұйымдарына келушілердің (келу) орташа саны:                 ресми статистикалық деректер
2 кітапханаға 526,8 535,9 538 541,0 544,0 547,0 550,0
3 театрға *              
4 концерттік ұйымдарға*              
5 мұражайларға              
Қол жеткізуге жауаптылар: Аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

 

Қол жеткізу жолдары (2016-2020 ж.ж.):

Кітапхана жүйесіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу, электронды мәліметтер базасын құру, компьютермен қамтамасыз ету, ауылдық кітапханаларды интернет желісіне қосу, танымдық және шығармашылық мақсаттарда электрондық құралдарды пайдалану, орталықтандырылған кітапханалар жүйесіндегі кітаптар қорын жаңа кітаптармен толықтыру, оның ішінде мемлекеттік тілдегі кітаптар санын арттыру, жаңа кітапханалық жобаларға жастарды тарту, конференциялар, дөңгелек үстелдер, әдеби кештер және т.б. іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу;

Оқырмандарға жаңа заманға  сай кітапхана қызметін ұсыну.

Ауданда 26 кітапхана оқырмандарға қызмет көрсетеді (1- аудандық орталық кітапхана, 3- қалалық, 22 ауылдық кітапхана). Орталық кітапханада оқырмандарға арналған электрондық оқу залы ашылған.

Барлық ауылдық кітапханалар компьютермен жабдықталып, интернетке қосылған және «Кабис», «Рабис» бағдарламалары орнатылған.

Кітапхана жұмыстарын жарнамалап тұратын «Жарнама»(жүгіртпе жол) құрылғысы орнатылып, қазіргі уақытта жарнамалық жұмыстар жүргізілуде. Сарысу орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің сайты және электрондық почтасы sarysu_okj@mail.ru жұмыс істеуде.

 

3.2.9 Дене шынықтыру және спорт

Мақсат 3.2.9.1: Спортпен шұғылдануға халықты тарту

 

р/с№ Нысаналы индикаторлар Өл. бір 2014 ж. нақты 2015 ж. нақты Жоспар Ақпарат көзі
2016 ж. 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж. 2020 ж.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
1 Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтарды қамту % 23,1 25,0 25,9 27,0 28,0 29,0 30,0 ведомстволық есептер
2 Балалар мен жас өспірімдер жалпы санына қатысты 7 мен 18 жас аралығында балалар-жас өспірімдер спорт мектептерінде және спорт клубында дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын балалар мен жас өспірімдерді қамту % 17,4 21,1 21,5 22,2 22,4 22,8 23,1 ведомстволық есептер
Қол жеткізуге жауаптылар: Аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі

 

Қол жеткізу жолдары (2016-2020 ж.ж.):  

  • Жаңатас қаласындағы 3 мөлтек ауданында қала тұрғындарына ақылы жаттығу клубының ашылуы есебінен спортпен шұғылданушылар санын арттыру.
  • Тоғызкент ауылындағы футбол алаңына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу.
  • Ауылдық округтердегі спорт жөніндегі әдіскер-нұсқаушылар дене шынықтыру мен спортты дамыту бойынша насихат жұмыстарын жүргізу арқылы халықтың барлық жастағы топтар арасында елді мекендерде түрлі бұқаралық-спорт шараларын ұйымдастырып, санын арттыру.
  • Сондай-ақ, нысаналы индикаторларға қол жеткізуге:
  • аудандағы 34 спорт нысан халықтың спортпен шұғылдануына қол жетімді және тегін қызмет көрсетілуі, алдағы уақытта қол жетімді спорт нысандарын көбейту арқылы дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатындар санын өсіру;
  • аудандағы балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің жоғары кәсіби кадрлары мен жоғары класстағы спортшыларын облыстық спорт резерві мектептеріне лайықты қылып тәрбиелеу;
  • қалалық және ауылдық инфрақұрылымдарда спортпен айналысуға мүмкіндік жасау: тұрғын үйлердің аулаларында спорт нысандарының құрылысын жүргізу арқылы халықтың дене шынықтыру мен спортқа қызығушылығын арттыру.

 

3.2.10 Туризм

Мақсат 3.2.10.1: Туристік қызметті дамытуды қамтамасыз ету

 

р/с№ Нысаналы индикаторлар Өл. бір 2014 ж. нақты 2015 ж. нақты Жоспар Ақпарат көзі
2016 ж. 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж. 2020 ж.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
1 Өткен жылмен салыстырғанда ішкі туризм бойынша орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер санының өсуі (резиденттер) % 128,9 154,4 100,0 100,1 100,0 100,1 100,1 ресми статистикалық деректер
2 Өткен жылмен салыстырғанда сырттан келу туризмі бойынша орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер санының өсуі (резиденттер емес) % 100,0 100,0 100,0 100,0 100,0 ресми статистикалық деректер
3 Өткен жылмен салыстырғанда ұсынылған төсек-тәулік санының өсуі % 234,7 106,6 100,0 100,0 100,0 100,0 100,0 ресми статистикалық деректер
Қол жеткізуге жауаптылар: Аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі

 

Қол жеткізу жолдары (2016-2020 ж.ж.):

Ауданда туристік картасын әзірлеу және тарихи-мәдени ескерткіштер, табиғи ресурстар мен туризм инфрақұрылымдарын  дамыту. Сарысу ауданында туристік имиджді қалыптастыру. Сарысу ауданында туристік имиджді қалыптастыру үшін ұсынылатын тарихи орындар мен археологиялық ескерткіштерді 6 топқа бөліп қарастыруға болады:

  • Тұрақтар, тас ғасыры кезінде өмір сүрген орындар;
  • Көне елді мекендер, қалашықтар, бекіністер;
  • Қорғандар мен қорымдар;
  • Тас мүсіндер;
  • Мазарлар, мешіттер;
  • Тарихи және монументальді өнер ескерткіштері.

Аудандағы туристерді орналастыру орындары бойынша нысандарды көбейту бойынша жеке кәсіпкер Дүтбаев Есенқұлдың Жаңатас қаласындағы 1 шағын ауданнан 20 орынды қонақ үй құрылысы аяқталды.  Жылына 600 – ге дейін келушілерге қызмет көрсетеді. 2015 жылы Жаңаарық, Саудакент, Жайылма ауылдық округтеріндегі тарихи-мәдени орындарға аралаған туристер саны –  120 адамды құрады.

Ауданда 66 тарихи-мәдени  ескерткіштер мен археологиялық орындар бар.  Атап айтқанда:

– Жаңатас қаласында 5 тарихи, 1 мәдени орын бар.

– Байқадам а/о округінде 4 археологиялық, 5 тарихи, 3 монумент, 1 сәулеттік орын бар.

– Жайылма а/о 10 археологиялық, 5 монументтік орын бар.

– Жаңаарық а/о 13 археологиялық, 1 монументтік орын бар.

– Жаңаталап а/о 1 монумент бар.

– Игілік а/о 2 монументтік орын бар.

– Қамқалы а/о 4 археологиялық, 1 сәулет, 1 тарихи орын бар.

– Тоғызкент а/о 1 археологиялық, 1монументтік орын бар.

– Түркістан а/о 5 археологиялық, 2 монументтік орын бар.

Бұл бағытта жұмыстар қолға алынуда, алдағы уақытта ауданға келетін туристер саны артатын болады.

 

 

 

3.2.11 Үш тілдікті дамыту

Мақсат 3.2.11.1: Мемлекеттік тілді дамыту, орыс тілін сақтау және ағылшын тілін меңгеру

 

р/с№ Нысаналы индикаторлар Өл. бір 2014 ж. нақты 2015 ж. нақты Жоспар Ақпарат көзі
2016 ж. 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж. 2020 ж.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
1 Мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындар үлесі % 97,0 95,8 97,5 98,0 98,7 99,5 100,0 ведомстволық есептер
2 Ағылшын тілін меңгерген ересек тұрғындар үлесі % 7,5 11,5 13,5 14,8 16,0 18,0 ведомстволық есептер
3 Үш тілді (мемлекеттік, орыс және ағылшын) меңгерген ересек тұрғындар үлесі % 7,4 9,9 10,9 11,5 13,5 14,8 ведомстволық есептер
Қол жеткізуге жауаптылар: Аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

 

Қол жеткізу жолдары (2016-2020 ж.ж.):

Қазақстанның лингвистикалық капиталын сақтау мақсатында ауданда төмендегідей жұмыстар өткізілетін болады:

– мемлекеттік қызметкер өзге ұлт өкілдеріне – мемлекеттік тілді;

– аудандағы ересек тұрғындарға  – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін  үйрету бойынша жұмыс жалғастырылады.

Тілдерді дамыту мақсатында келесі шаралар өткізіледі:

– Қазақстан халқы мемлекеттік тілін және басқа тілдерді дамыту мәселелері бойынша әлеуметтік тренингтер және талдау зерттеулерін өткізу, Мемлекеттік тілді қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларында қолдану, сондай-ақ басқа тілдерді дамыту бойынша жыл сайынғы семинар-кеңестер, ғылыми – практикалық конференциялар, фестивалдар, дөңгелек үстелдер өткізу, Мемлекеттік тілді үйренгендерді қызметке ынталандыру, Қазақстан халқы тілдері республикалық фестивалі шеңберінде жыл сайынғы тілдер апталығын өткізу, іс-қағаздарды жүргізуде әдістемелік көмек көрсету мақсатында семинарлар өткізу, облыстың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мекеме қызметкерлеріне мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін тегін оқыту.

Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының Сарысу ауданында орындалуына толыққанды қол жеткізу.

Аудан тұрғындары арасында мемлекеттік тілді еркін меңгерген  ересек тұрғындардың санын 100%-ға жеткізу.

 

Бағыт: Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

 

3.2.12 Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

Мақсат 3.2.12.1: Қоғамдық тәртіпті күшейту және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Апаттардың алдын-алу және жоюды ұйымдастыру.

 

р/с№ Нысаналы индикаторлар Өл. бір 2014 ж. нақты 2015 ж. нақты Жоспар Ақпарат көзі
2016 ж. 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж. 2020 ж.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
1 Көшелерде жасалған қылмыстардың үлес салмағы % 11,6 13,6 20,1 22,8 21,5 21,3 21,1 ведомстволық есептер
2 100 зардап шеккен адамға шаққандағы  жол-көлік оқиғаларынан қайтыс болғандар санын төмендету % 17,6 6,3 5,4 6,2 6,1 6,0 5,9 ведомстволық есептер
3 Кәмелет жасына толмаған жастармен  жасалған қылмыстар үлес салмағы % 3,4 1,1 5,4 1,0 0,9 0,8 0,7 ведомстволық есептер
4 Бұрын қылмыс жасаған адамдармен жасалған қылмыстар үлес салмағы % 3,4 0,8 59,5 51,1 49,0 47,2 47,0 ведомстволық есептер
5 Төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымының қамтамасыз етілу деңгейі % 11,6 23,0 27,0 33,0 39,0 ведомстволық есептер
Қол жеткізуге жауаптылар: Аудандық ішкі істер бөлімі, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі

 

Қол жеткізу жолдары  (2016-2020 жылдар):

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін келесідей  іс-шаралар  іске асырылатын болады:

– жол қозғалысы қауіпсіздігіне шынайы қауіп төндіретін құқықбұзушылықтарды ескерту мен алдын алу;

– жол қозғалысына қатысушыларды, әсіресе жолаушылар көлігінің жүргізушілерінің  тәртібін нығайту;

– көлік құралдарының, жол жағдайларының қауіпсіздігі мен жай-күйіне және жүргізушілердің кәсіби дайындықтарына жол-патрульдік полициясының әсер ету тиімділігін арттыру;

– көлік құралдарының тіркелу процесін жетілдіру;

– жол қозғалысы ережесін бұзушылықты бақылау мен түсірудің техникалық құралдарын  жер-жерлерге енгізу;

– жол-патрульдік полициясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру және  халықтың құрметі мен сенімін иелену;

– жол қозғалысы қауіпсіздігін насихаттау бойынша әлеуметтік роликтер жасау және ауылдық елді мекендерде, қалада билбордтар ілу, іс-шаралар өткізу;

Қоғамдық тәртіпті нығайту және азаматтардың өмірі, денсаулығы, конституциялық құқығы мен бостандықтары қауіпсіздігінің қажетті  деңгейін қолдау  үшін келесідей негізгі  іс-шаралар  іске асырылатын болады:

– тәуліктік  стационарлық бекеттер, полицияның жылжымалы пункттері, жылжымалы полицейлік топтар, ЖБО мен кішігірім ЖБО желілерін жетілдіру есебінен көшелер мен бақа да қоғамдық орындарда құқық тәртібін қорғау тетіктерін жетілдіру;

– криминогендік жағдайдың күрделенуі барысында полиция мен ішкі әскерлердің күштері мен құралдарын бірыңғай орналасу орындары жоспарына уақтылы түзетулер енгізу;

Құқық бұзушылық пен қылмыстылықтың алдын алуды қамтамасыз ету үшін келесідей іс-шаралар іске асырылатын болады:

– құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құрылымдар желісін жетілдіру;

– қалалық және ауылдық мектептерге бекітілген кәмелетке толмағандар істері бойынша инспектор қызметін енгізу;

– кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта көңіл көтеретін орындарда болуына, сондай-ақ  кәмелетке толмағандармен алкогольді ішімдік және темекі өнімдерін сатуға тыйым салу туралы заңнама талаптарының орындалуын бақылау бойынша рейдтік тексерістер ұйымдастыру және жиі өткізу;

– есептегі тұлғалармен алдын алу жұмыстарының деңгейін арттыру, құқықбұзушылық жасауға бейім тұлғаларды уақытылы анықтау мақсатында УПИ-ның қоғамдық көмекшілермен бірге пәтерлер мен аулаларды тексеруді ұйымдастыру, бұл үнемі қызмет көрсету орнында болуға, бірінші кезекте есепте тұрған тұлғалармен алдын алу жұмыстарын іске асыруға мүмкіндік береді;

– әкімшілік қадағалауда тұрған бұрын сотты болған тұлғаларға бақылауды күшейту мақсатында аудандық жедел-алдын алу іс-шараларын өткізуді ұйымдастыру;

– ай сайын ҚР ІІМ ҚАЖКБ аумақтық бөлімшелерімен бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан адамдарға салыстырулар жүргізуді ұйымдастыру. АІІБ есебінен жалтарған тұлғаларды анықтау бойынша бірлескен алдын-алу іс-шараларын жүргізу.

Төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымын қамтамасыз ету үшін келесідей іс-шаралар іске асырылатын болады:

Сейсмикалық тұрақты ғимараттар салу, қолданыстағы ғимараттарды күшейту арқылы жер сілкіністері салдарынан туындауы мүмкін шығындарды азайту бойынша кешенді іс-шаралар жүзеге асырылады. Гидротехникалық қорғайтын ғиммараттардың тұрақтылығын асыру, өзендер, су айдындар, тоғандардың су тасу қаупі бар жер телімдерінде тасқын суға қарсы, жағалауды күшейту және түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу.

Тұрғындарды төтенше жағдайлардың туындауы жөнінде құлақтандыру ауданның елді мекендерінде заманауи жергілікті құлақтандыру жүйелерін орнату жолымен жүзеге асырылады.

Тұрғындарға азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар саласындағы білімді насихаттау және оқыту бойынша іс-шараларды орындау Жамбыл облысы ТЖ Департментінің және «Азаматтық қорғаныстың Республикалық ОӘО» ЖШС жинақтау Жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.

Аудан орталықтарынан 50 шақырым алыста орналасқан елді мекендерде ерікті өртке қарсы жасақтарды (ЕӨҚЖ) құру және жеке құрамды жеткізу үшін жүріп өту мүмкіндігі жоғары автокөліктермен, суды тасымалдау техникасымен (су шашатын машина, әмбебап өрт тіркемелері және т.б.), арнайы жабдықтармен және құралдармен жасақтау.

Алыстағы елді мекендерде кезең-кезеңмен өрт сөндіру бекеттерін құру, оның ішінде шығарылатын өрт техникасын және жабдықтарын, тұрмыстық және орманды дала өрттерді сөндіру үшін арнайы жауынгерлік киімдер мен құралдарды және сатып алу, апаттан құтқару жұмыстарын жүргізу.

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері үшін өрт сөндіру және апаттан құтқару техникасын және жабдықтарды сатып алу.

 

Бағыт: Инфрақұрылым

 

3.2.13 Құрылыс

Мақсат 3.2.13.1 Құрылыс және тұрғын үйді дамыту

 

р/с№ Нысаналы индикаторлар Өл. бір 2014 ж. нақты 2015 ж. нақты Жоспар Ақпарат көзі
2016 ж. 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж. 2020 ж.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
1 Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі % 65,2 80,4 130,5 100,0 100,0 100,0 100,0 ресми статистикалық деректер
2 Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы м2 11228 9239 9239 5500 5500 7500 7500 ресми статистикалық деректер
Қол жеткізуге жауаптылар: Аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі

 

Қол жеткізу жолдары 2016-2020 жж.:

Нысаналы индикаторды орындау мақсатында келесідей құрылыс жұмыстар жүргізілетін болады:

2016 жылы ІІ кезекте «Фосфаттарды қайта өндейтін химиялық кешеннің»  құрылысы басталды, құрылыс жұмыстары 2015-2018-2020 жылдары жүргізілетін болады. Жобаның құны – 950,0 млн. АҚШ доллары..

Жаңатас қаласының су құбыры желілеріне қайта құру жұмыстарын аяқтау:

– Жаңатас қаласының су құбырлары желілерін қайта  жаңғырту (І кезең);

-«Сарысу ауданы Жаңатас қаласы су құбыры желілерін қайта жаңғырту. ІІІ-кезең» нысанының жобалық сметалық құжаттары «Мемсараптама» КМК-мен келісім шарт жасалып, мемлекеттік сараптамаға қорытынды алу үшін тапсырылды.

Жаңатас қаласындағы кәріз желілері мен тазалау имаратын қайта қалпына келтіру (Тазалау имаратының қуаттылығы 4500 м³/тәул.) Жалпы құны 2669,8 млн. теңге ЖСҚ дайын, мемлекеттік сараптамадан өткізілген.

2017 жылы «ЕвроХим-Тыңайтқыш» ЖШС-нің демеушілігі есебінен Жанатас қаласында 673,6 млн. теңгеге «Жастар» кешенінің құрылысы жүргізілетін болады, ЖСҚ-ы дайын, мемлекеттік сараптамадан өткізілуде.

2016 жылы «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша Жаңатас қаласында 280 балаға арналған жаңа балабақшаның құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар Жаңатас қаласы 1 шағын аудандағы №35 көп қабатты тұрғын үйдің қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды.

2017 жылы Жаңатас қаласында «Жастар сарайы» ғимаратының құрылысы және 1 шағын аудандағы №34 көп қабатты тұрғын үйдің қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілетін болады;

2018 жылы Жаңатас қаласындағы 1 шағын аудандағы №5,15 көп қабатты тұрғын үйді қайта жаңғырту және Саудакент ауылында мүгедектерді оңалту орталығын ашу (облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына ұсыныс берілді);

2019 жылы Жаңатас қаласындағы 1 шағын аудандағы №41,47 көп қабатты тұрғын үйді қайта жаңғырту;

2020 жылы Жаңатас қаласындағы 1 шағын аудандағы №9 көп қабатты тұрғын үйді қайта жаңғырту және Саудакент ауылында спорт кешенінің құрылысын жүргізу.

 

3.2.14 Жолдар мен көлік

Мақсат 3.2.14.1: Автомобиль жолдарын және елді мекен арасындағы автокөлік қатынасын дамыту

 

р/с№ Нысаналы индикаторлар Өл. бір 2014 ж. нақты 2015 ж. нақты Жоспар Ақпарат көзі
2016 ж. 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж. 2020 ж.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
1 Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар  автомобиль жолдар үлесі % 59,0 65,0 72,9 74,5 76,7 78,2 79,6 ведомстволық есептер
2 Жолаушылар автокөлігі қатынасымен қамтылмаған елді мекендер үлесі % 18,5 18,5 18,5 0,0 0,0 0,0 0,0 ведомстволық есептер
Қол жеткізуге жауаптылар: Аудан әкімдігінің тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

 

Қол жеткізу жолдары  (2016-2020 жылдар):

Аудан бойынша 27 елді мекеннің 5 елді мекені жолаушылар автокөлігі қатынасымен қамтылмаған (Ақтам, Талас, Жарқұдық, Көкдала-1, Көкдала-2).

Индикаторға қол жеткізу үшін:

– автомобиль жолдарын қайта жаңғырту, құрылысын салу, күрделі және орташа жөндеуден өткізу есебінен жүк және жолаушылар тасымалын арттыру;

– облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу;

– көпірлерді, көпір және жол өткелдерін салу, қайта жаңғырту;

– аудандағы елді мекендер көшелерін күрделі және орташа жөндеу;

– жаяу жүргіншілер жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында мәселелерді қарастыру.

Қол жеткізу жолдары  (2016-2020 жылдар):

Аудан әкімдігінің тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан жолаушылар автокөлігі қатынасының елді мекендердің қамтылуы бойынша жұмыстар жүргізу, оның ішінде:

– қолданыстағы ауданішілік маршруттардың схемасын қарау және толықтыру;

– ауданішілік жаңа маршруттарды ашу (елді мекендер арасында).

 

3.2.15 Байланыс және коммуникация

Мақсат 3.2.15.1: Цифрлық сауаттылық деңгейін арттыру және байланысты дамыту

 

р/с№ Нысаналы индикаторлар Өл. бір 2014 ж. нақты 2015 ж. нақты Жоспар Ақпарат көзі
2016 ж. 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж. 2020 ж.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
1 100 тұрғынға шаққанда телефон байланысының тіркелген желісінің тығыздығы бірлік 8,4 12 8,1 7,9 7,8 7,6 ведомстволық есептер
2 Интернетті пайдаланушылардың үлесі % 3,5 3,5 3,6 3,7 3,7 3,8 ведомстволық есептер
3 Халықтың цифрлық  сауаттылық деңгейі % 62,0 63,0 65,0 67,0 69,0 71,0 75,0 ведомстволық есептер
4 1000 адамнан астам санымен елді мекендерді мобильдік байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету % 100,0 100,0 100,0 100,0 100,0 100,0 100,0 ведомстволық есептер
Қол жеткізуге жауаптылар: Сарысу аудандық өндірістік телекоммуникациялар торабы («Қазақтелеком» АҚ)

 

Қол жеткізу жолдары 2016-2020 жж.:

-«Қазақтелеком» АҚ бизнес-жоспарына сәйкес телекоммуникация жүйесін дамыту қарастырылған, оның ішінде радиоға қолжетімділік желісін кеңейту, аналогты құрылғыларды сандық форматқа деңгейлі ауыстыру.

– халықты байланыс қызметімен жалпылай қамту;

-жоғарғы жылдамдықпен деректерді беру инфрақұрылымына үй шаруашылықтарын қол жеткізуге қамтамасыз ету;

– мультисервистік абоненттік қолжетімділік желісін кеңейту;

– POTS порттарының желісін кеңейту;

– базалық станцияларды енгізу;

– GPON; FTTN желілерін кеңейту.

Қызмет көрсетуді электрондық түрге көшіру тетігі арқылы:

– Сарысу ауданы әкімдігі әзірлеген ақпараттық жүйелер есебінен;

– «Электрондық үкімет» шлюзінің кіші жүйесі «Өңірлік шлюз» ақпараттық жүйесінің қызметтер көрсету процесіне қатысатын жергілікті атқарушы органдардың қызметкерінің автоматтандырылған жұмыс орны есебінен қамтамасыз етіледі.

 

3.2.16 Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

Мақсат 3.2.16.1: Коммуналдық инфрақұрылымға қолжетімділік

 

р/с№ Нысаналы индикаторлар Өл. бір 2014 ж. нақты 2015 ж. нақты Жоспар Ақпарат көзі
2016 ж. 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж. 2020 ж.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
1 Қалаларда күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминиум объектілер үлесін төмендету* % 3,7 4,1 ведомстволық есептер
2 Қалаларда орталықтандырылған сумен жабдықтауға және су бұруға қолжетімділік* %               ведомстволық есептер
сумен жабдықтауға 71,0 74,0 76,0 76,5 77,0 77,5 78,0
су бұруға 67,0 67,5 68,0 68,5 69,0 70,0 70,5
3 Ауылдық елді мекендерде орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділік % 63,0 66,0 68,0 68,0 68,0 68,0 ведомстволық есептер
4 Жалпы ұзақтықтан жаңғыртылған желілер үлесі (бағытқа байланысты): %               ведомстволық есептер
4.1 жылумен жабдықтау*   2,3 2,6
4.2 газбен жабдықтау                
4.3 электрмен жабдықтау   10,4 10,5 9,9 11,2 10,6 13,2 9,8
Қол жеткізуге жауаптылар: Аудан әкімдігінің тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, тұрғын үй инспекциясы бөлімі

 

Қол жеткізу жолдары  (2016-2020 жылдар):

– Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында Жаңатас қаласында мамандандырылған уәкілетті ұйымдардың жарғылық капиталдарын ұлғайтуға берілетін даму трансферттері (модернизация жилья) – 225,9 млн. теңгеге бюджеттік өтінім  тиісті салалық басқармаға беріліп Ұлттық экономика министрлігіне тапсырылған (тұрғын үйді жаңғырту 2017 жылы – 7 үй, 2018 жылы – 4 үй, 2019 жылы – 4 үй).

Жаңатас қаласының су құбыры желілеріне қайта құру жұмыстарын аяқтау:

– Жаңатас қаласының су құбырлары желілерін қайта  жаңғырту (І кезең);

-«Сарысу ауданы Жаңатас қаласы су құбыры желілерін қайта жаңғырту. ІІІ-кезең» нысанының жобалық сметалық құжаттары «Мемсараптама» КМК-мен келісім шарт жасалып, мемлекеттік сараптамаға қорытынды алу үшін тапсырылды.

Жаңатас қаласындағы кәріз желілері мен тазалау имаратын қайта қалпына келтіру (Тазалау имаратының қуаттылығы 4500 м³/тәул.) Жалпы құны 2669,8 млн. теңге ЖСҚ дайын, мемлекеттік сараптамадан өткізілген.

Элекрмен жабдықтау желісінің жағдайын жақсарту мақсатында ауданда тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласын дамыту және электр желілерін жаңғыртуға жыл сайын бюджеттік қаражат бөлу.

 

 

 

 

 

Бағыт: Экология және жер ресурстарыэ

 

3.2.17 Экология және жер ресурстары

Мақсат 3.2.17.1: Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоршаған ортаны дамыту

 

р/с№ Нысаналы индикаторлар Өл. бір 2014 ж. нақты 2015 ж. нақты Жоспар Ақпарат көзі
2016 ж. 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж. 2020 ж.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
1 ЖАО қарамағында орналасқан мемлекеттік орман қоры аумағында орманмен  жабылған алқап ауданы мың га 191,74 192,44 193,09 193,725 194,395 195,095 196,195 ведомстволық есептер
2 ЖАО қарамағында орналасқан мемлекеттік орман қоры ауданында 1 орман өртінің  орташа ауданы мың га ведомстволық есептер
3 Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің ауыл шаруашылығы айналымына тартылған үлесін ұлғайту % 9,6 2,0 2,0 2,0 2,0 ведомстволық есептер
4 Жыртылған жер құрамындағы ауыспалы егіс  үлесі (ауыспалы егіс алқабы) % 15,0 16,2 19,0 19,1 19,6 20,8 ведомстволық есептер
5 Табиғи жайылымдық жерлердің құрамындағы жайылымдық ауыспалы егіс үлесі (азықтық ауыспалы егіс) % 8,3 8,3 8,6 8,6 8,6 8,6 ведомстволық есептер
6 Тұрмыстық қатты қалдықтардың түзілуіне байланысты оларды кәдеге жарату үлесі % 0,0 0,0 0,0 15,0 20,0 30,0 40,0 ведомстволық есептер
7 Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың халқын қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтермен қамту % 74,0 74,0 74,0 74,0 74,0 80,0 80,0 ведомстволық есептер
8 Экологиялық талаптар мен санитарлық қағидаларға сәйкес келетін тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыру объектілерінің үлесі (оларды орналастыру орындарының жалпы санынан) % 9,0 9,0 12,0 15,0 25,0 40,0 50,0 ведомстволық есептер
Қол жеткізуге жауаптылар: Ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі, аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі және аудан әкімдігінің тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

 

Қол жеткізу жолдары  (2016-2020 жылдар):

– мемлекеттік орман қоры аумағына жыл сайын 800 га жерді орманды жерлерге қосу жоспарлануда, оның ішінде: 2016 -2020 жылдары жылына 700 немесе 800 га жерлерге сексеуіл көшеттерін отырғызу.

Мемлекеттік орман қоры аумағында өрт болдырмау мақсатында және орман өрті болған жағдайда орман өртінің орташа алаңын төмендету үшін төмендегі жұмыстарды атқару керек:

– ғарыштық мониторинг мәліметтерін және орманды әуеден күзету мен қорғау бойынша іс-шараларды іске асыру;

– мемлекеттік орман қоры аумағында орман өрттері таралуының алдын-алу үшін өртке қарсы минералды жолақтар және өткен жылдары жасалынған өртке қарсы минералды жолақтарды күтіп-баптау жұмыстарын жүргізу қажет.

 

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің ауыл шаруашылығы айналымына енгізіп үлесін ұлғайту үшін Қазақстан Республикасының жер Кодексінің 48-бабына сәйкес азаматтардың өтініштеріне сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері беріледі. Жыл сайын жер үлесін ұлғайтудың пайыздық көрсеткіші азаматтардың сұраныстарына сәйкес анықталады.

 

Нысаналы индикаторға қол жеткізу үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен:

– Сарысу ауданында қатты тұрмыстық қалдықтарды орналастыру үшін полигондар құрылысын жүргізу;

– Қоқыс өңдейтін зауыт немесе шағын цехтар құрылысы (жеке кәсіпкерлер тарапынан  аудан аумағында қалдықтарды өндейтін цехтар ашу: әйнек, пластик, қағазды қайта өңдейді).

Аудандағы «Көгалдандыру және көріктендіру» КМК-ның жұмысын жақсарту, техникалармен қамтамасыз ету.

 

Бағыт: Мемлекеттік қызмет

 

3.2.18. Мемлекеттік қызмет

Мақсат 3.2.18.1: Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру

 

№ р/с Нысаналы индикаторлар Өлш. бірл. 2014 ж. нақты 2015 ж. нақты жоспар Ақпарат көзі
2016 ж. 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж. 2020 ж.
1 Жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасына қанағаттанушылық деңгейін арттыру % 91,0 91,0 91,0 92,0 93,0 94,0 95,0 МҚІСҚА ведомстволық есептілігі
Қол жеткізуге жауаптылар: мемлекеттік қызмет көрсететін Сарысу ауданы әкімдігінің бөлімдері, ауылдық округ әкімдіктері

 

Қол жеткізу жолдары (2016-2020 жылдар):      

– Сарысу ауданының жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасымен қанағаттану деңгейін жыл сайын 100 пайызда ұсыьап отыру жоспарлануда.

– мемлекеттік қызмет көрсетуді уақтылы регламенттеу;

– электронды форматта мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің санын көбейту;

– электронды үкімет порталы қызметін дәріптеу (БАҚ-да жариялау);

– семинар-кеңестер, «дөңгелек үстелдерді» ХҚКО, «ҰАТ» АҚ мамандарын және үкіметтік емес ұйымдарды қатыстырып, ұйымдастыру және өткізу.

 

ІV. ҚАЖЕТТІ  РЕСУРСТАР

                    мың тенге

Бағыт 2016 жылы 2017 жылы 2018 жылы 2019 жылы 2020 жылы
Бағыт: экономика
1 3.2.1.1: Аудан өнеркәсібі саласын дамыту 0,0 0,0 0,0 0,0 0,0
2 3.2.2.1: Ауылшаруашылығын дамыту үшін жағдай жасау 113400,0 160700,0 168600,0 8600,0 8800,0
3 3.2.3.1: Шағын және орта бизнестің белсенді субъектілерінің өсуіне жағдай жасау 0,0 0,0 0,0 0,0 0,0
4 3.2.4.1: Инновацияны дамыту және инвестицияны арттыру 0,0 0,0 0,0 0,0 0,0
5 3.2.5.1: Моноқаланы және тірек елді мекенін дамыту 581025,0 978677,0 609321,0 610120,0 605060,0
6 3.2.5.2: Моноқаланың инфрақұрылымын қайта жаңғырту және әлеуметтік жағдайды жақсарту бойынша жұмыстар жасау.
Бағыт: әлеуметтік сала
7 3.2.6.1: Білім беру саласындағы көрсеткіштерге қолжетімділікті арттыру және жастар саясатын қолдау 521714,0 536545,0 326862,0 341739,0 342085,0
8 3.2.7.1: Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу. Халықты әлеуметтік қорғау және халықтың әлсіз тобына көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру. Мүгедектерге қолжетімділігі қамтамасыз етілген инфрақұрылымды дамыту. 190190,0 160378,1 166696,7 119848,1 131096,9
9 3.2.8.1: Кітапханалар желісін дамыту 7325,0 26000,0 27000,0 2500,0 3000,0
10 3.2.9.1: Спортпен шұғылдануға халықты тарту 14610,0 12000,0 13000,0 13000,0 14000,0
11 3.2.10.1: Туристік қызметті дамытуды қамтамасыз ету 598,0 1000,0 1000,0 1000,0 1000,0
12 3.2.11.1: Мемлекеттік тілді дамыту, орыс тілін сақтау және ағылшын тілін меңгеру 500,0 500,0 500,0 500,0 500,0
Бағыт: қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп
13 3.2.12.1: Қоғамдық тәртіпті күшейту және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Апаттардың алдын-алу және жоюды ұйымдастыру. 600,0 800,0 1000,0 1000,0 1000,0
Бағыт: инфрақұрылым
14 3.2.13.1: Құрылыс және тұрғын үйді дамыту 210177,1 198901,0 144678,0 0,0 0,0
15 3.2.14.1: Автомобиль жолдарын және елді мекен арасындағы автокөлік қатынасын дамыту 298725,0 964000,0 1060998,0 284000,0 294000,0
16 3.2.15.1 Цифрлық сауаттылық деңгейін арттыру және байланысты дамыту 3141,5 3645,5 3645,5 3645,5 3645,5
17 3.2.16.1: Коммуналдық инфрақұрылымға қолжетімділік 0,0 527000,0 350000,0 400000,0 450000,0
Бағыт: экология және жер ресурстары
18 3.2.17.1: Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоршаған ортаны дамыту 6870,7 9230,0 9580,0 9820,0 10070,0
Бағыт: мемлекеттік қызмет
19 3.2.18.1: Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру Қаржыландыру қажет етпейді

 

Ескерту – қаржыландыру көлемдері іс-шаралар жоспарына нақтыланған бюджет параметрлеріне сәйкес өзгертулер енгізілгеннен кейін нақтыланады.