2020-2022 жылдарға арналған Азаматтық бюджет

2020-2022 жылдарға арналған

Азаматтық бюджет

Құрметті сайт қонақтары!

Сіздердің назарларыңызға аудан бюджетінің негізгі көрсеткіштері, бюджеттік қаражатты қалыптастыру және жұмсау бағыттары туралы ақпараттан тұратын Сарысу ауданының
2020-2022 жылдарға арналған азаматтық бюджеті ұсынылады.

 

Аталған құжат келесі бөлімдерден тұрады:

– Сарысу ауданыныңәлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері;

– Сарысу ауданы бюджетінің түсімдері мен шығыстары.

 

Сарысу ауданының«2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2019 жылғы 20 желтоқсандағы №66-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралыСарысу аудандық мәслихаты сессиясының
2020 жылғы 28 сәуірдегі№73-2 шешімін іске асыру туралыбекітілген.

 

 

2020-2022 жылдарға арналған Сарысу ауданы деңгейіндегі

азаматтық бюджет

 

  1. 2020-2024 жылдарға арналған Сарысу ауданының

әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы №9 бұйрығымен бекітілген «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу қағидалары мен мерзімін бекіту туралы» сәйкес Сарысу ауданының 2020-2024 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы әзірленіп, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына ұсынылды.

Аймақтың экономикалық саясатының негізгі бағыты инфрақұрылымды дамыту және индустрияландыру арқылы экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету болып табылады.

Экономикалық өсудің мақсатты параметрлеріне инвестициялық белсенділік есебінен қол жеткізіледі. Бұл өз кезегінде технологиялық модернизациялауды белсенді жүргізуге мүмкіндік беретін негізгі капиталдың шоғырлануының артуы есебінен қамтамасыз етіледі.

 

Көрсеткіштер 2019 ж. Болжам
2020 ж. 2021 ж. 2022 ж. 2023 ж. 2024 ж.
Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі, өткен жылғы тиісті кезеңге % 103,0 101,0 101,5 102,0 102,0 102,5
Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлер қазу көлемі, өткен жылғы тиісті кезеңге % 103,4 101,0 101,5 102,0 102,0 102,5
Өңдеуші өнеркәсібінің көлемі, өткен жылғы тиісті кезеңге % 102,6 101,0 101,5 102,0 102,0 101,0

 

Индустрияландыру картасы аясында 2020-2024 жылдар аралығында 6 жоба жүзеге асырылады, жобалардың жалпы құны 543,6 млрд. теңгені құрайды. Жобалар шеңберінде жалпы2 130 жаңадан жұмыс орын ашылады.

 

2020-2024 жылдар аралығындағы Сарысу ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері

 

Көрсеткіштер 2019

жыл

2020 жыл 2021 жыл 2022 жыл 2023 жыл 2024 жыл
Болжам
Әлеуметтік сала көрсеткіштері
Тұрғындар саны, мыңадам 44,2 44,5 44,7 45,0 45,7 46,5
Ең төменгі күн көріс деңгейі, теңге 29 698 31 183 32 121 33 406 34 742 36 132
Айлық есептік көрсеткіш, теңге 2 525 2 651 2 784 2 922 3 069 3 222

 

Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті – салық және салық емес түсімдер есебінен қалыптастырылатын және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті мемлекеттік органдарының, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.

Экономикалық саясатты, сондай-ақ қаланың бәсекеге қабілеттілігін сапалы жаңа деңгейге және тұрақты экономикалық дамуға жетуге ықпал ететін жоспарлау және басқару жүйелерді дамыту мақсатында 2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджетті қалыптастыру Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтың бюджет қаражатын қатаң түрде үнемдеу және оларды тиімді пайдалану туралы берген тапсырмасына сәйкес іске асырылды.

Сарысу ауданының «2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2019 жылғы 20 желтоқсандағы №66-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралыСарысу аудандық мәслихаты сессиясының
2020 жылғы 28 сәуірдегі №73-2 шешімімен н аудан бюджеті бекітілді.

 

 

2020-2022 жылдарға арналған аудан бюджетінің негізгі параметрлері

мың. теңге

Атауы 2020 жыл 2021жыл 2022жыл
Нақтыланған жоспар Жоспар Жоспар
1. Кірістер, оның ішінде: 16 332 088 12 746 634 13 855 545
Салықтықтүсімдер 1 380 603 1 455 449 1 530 604
Салықтықеместүсiмдер 7 388 7 933 7 333
Негізгікапиталдысатудантүсетін түсімдер 28 664 27 638 28 152
Трансферттердіңтүсімдері 14 915 433 11 255 614 12 289 456
2. Шығындар 16 823 658 12 746 634 13 855 545
3. Таза бюджеттіккредиттеу 342 621  0  0
Бюджеттік кредиттер 386 129  0  0
Бюджеттіккредиттердіөтеу 43508            0            0
4. Қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо 0 0 0
Қаржы активтерін сатып алу 0            0            0
Мемлекеттікқаржыактивтерінсатудан түсетін түсімдер 0  0  0
5. Бюджет тапшылығы (профициті) -834 191  0  0
6. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) 834 191  0  0
Қарыздартүсімі 784 019  0  0
Қарыздарды өтеу 43508  0  0
Бюджет қаражаттарыныңпайдаланылатынқалдықтары 93 680  0  0

                                                                                                                                                             

Түсімдері

 

2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет түсімдерінің болжамы бюджеттің түсімдерін болжамдау Әдісімен, ауданның әлеуметтік экономикалық даму болжамындағы макроэкономикалық көрсеткіштер негізінде, Қазақстан Республикасының Салық, Бюджет кодекстеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес болжамдалған.

.

 

 

 

 

Ауданбюджетінің шығындары

 

2020-2022 жылдарға арналған бюджет жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының іс-шараларын жүзеге асыру, халықтың әлеуетін жақсартуға, жұмыссыздықты төмендетуге жасалған бюджет.

 

Р/с АТАУЫ 2020ж. 2021ж. 2022ж.
  Шығындар 16 823 658 12 746 634 13 855 545
1 Жалпысипаттағымемлекеттiкқызметтер 338 407 210 869 212 629
2 Қорғаныс 34 506 13 431 14 100
3 Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі 837 837 837
4 Бiлiм беру 7 958 566 9 256 546 10 273 739
5 Денсаулық сақтау 0 0 0
6 Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру 1 766 301 784 966 802 301
7 Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық 2 952 370 39 529 39 559
8 Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк 633 029 593 267 596 655
9 Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану 0 0 0
10 Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары 103 370 206 499 212 030
11 Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі 81 291 19 961 20 159
12 Көлiк және коммуникация 437 246 213 689 223 689
13 Басқалар 796 572 29 652 31 208
14 Борышқа қызмет көрсету 0 0 0
15 Трансферттер 1 721 163 1 377 388 1 428 639

 

Жыл сайын аудан бюджетінің шығындары 15 функционалдық топ бойынша жоспарланады.Аудан бюджетінің шығындарында облыстық және республикалық бюджеттен бөлінген мақсатты трансферт енгізілген.

Мақсатты трансферттер ағымдағы нысаналы трансферттер және даму нысаналы трансферттеріне бөлінеді.

 

Ағымдағы нысаналы трансферттер.Жалпы сипаттағы трансферттердіңүш жылдық көлемініңқолданылуы кезеңінде республикалық немесе облыстық бюджеттерде бекітілген сома шегінде: жоғары тұрған бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге беретін, жергілікті бюджеттер шығыстарының ұлғаюына және (немесе) кірістерінің азаюына әкеп соғатын, заңнамалық актілерді, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыстыңөкілді және атқарушы органдарының, актілерін қабылдаудан туындайтын төмен тұрған бюджеттердің шығындарын өтеуге бағытталған.

 

Нысаналы даму трансферттер жоғары тұрған бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге жергілікті бюджеттік даму бағдарламаларын іске асыру үшін республикалық немесе жергілікті бюджетте бекітілген сомалар шегінде беретін трансферттер нысаналы даму трансферттері болып табылады.

Жергілікті атқарушы органдар нысаналы даму трансферттерінің сомаларын айқындау үшін тиісті жоғары тұрған органға жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесі мен олар бойынша шығыстар сомалары көрсетілген өтінімдерді ұсынады.

 

2020 жылға арналған аудан бюджетінің түсімдері мен шығыстары құрамында ескерілген облыстық және республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер,нысаналы даму трансферттер және бюджеттік кредиттер

 

р/с Атауы Сомма
ыңтеңге)
1 2 3
Барлығы 6 802 182
оныңішінде:
Ағымдағынысаналытрансферттер 3 942 979
Нысаналы даму трансферттері 2 473 074
Бюджеттіккредиттер 386129
Ағымдағынысаналытрансферттер
оныңішінде:
1 Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 470 255
2 Балаларға кепілдендірілген әлеуметтік пакет 89637
3 Мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайту 9 946
4 Ымдау тілі маманының қызметін көрсету 956
5 Техникалық көмекшi (компенсаторлық)  құралдар тiзбесiн кеңейту 7 256
6 Туберкулезбен ауыратын адамдарға ай сайынғы ақшалай жәрдемақы 4 811
7 Мемлекеттік халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін жұмыскерлердің жалақысына қосымша ақылар белгілеу 7 955
8 Мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтарының еңбегіне ақы төлеуді ұлғайту 139 319
9 Мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтарына біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеу 14 234
10 Мемлекеттік орта білім беру ұйымдары педагогтарының еңбегіне ақы төлеуді ұлғайту 700 020
11 Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының педагогтарына біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеу 331 949
12 Мемлекеттік мәдениет ұйымдарының және архив мекемелерінің басқарушы және негізгі персоналына мәдениет ұйымдарындағы және архив мекемелеріндегі ерекше еңбек жағдайлары үшін лауазымдық айлықақысына қосымша ақылар белгілеу 53 891
13 «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыру 662 214
14 Жалақыны ішінара субсидиялау 21 125
15 Жастар практикасы 111 342
16 Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар беру 106 024
17 Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту 39 495
18 Ауылдық округтерде, қалаларда «е-Халық» ақпараттық жүйесін енгізу 8 180
19 Шағын қалаларды үздіксіз жылумен қамтамасыз ету 590 229
20 Конго – Қырым геморрагиялық қызбасына  қарсы  күрес бойынша шараларды жүргізу 16 709
21 Аудандық маңыздағы автожолдарды жөндеу жұмыстары 26 005
22 Төтенше жағдайға байланысты азық-түлік, тұрмыстық жиынтықтармен қамтамасыз ету 293 427
23 Ақылы қоғамдық жұмыстарға 238 000
Нысаналы даму трансферттері
оның ішінде:
1 «Жамбыл облысы Сарысу ауданы Игілік және Өндіріс ауылдарының сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңғырту» 538 476
2 «Жамбыл облысының Сарысу ауданы Жаңатас қаласының канализация желілерін және тазарту құрылыстарын реконструкциялау. Канализация желілері» Түзету» 59 668
3 ‘»Жамбыл облысы Сарысу ауданы Досбол ауылдық округі Көкдала ауылы Е.А.Қожасбаевтың «Ержан» және Е.Ж. Шагырбаевтың «Жұмыскер» шаруа қожалықтарын электр жүйесімен қамтамасыз ету» 35 785
4 ‘»Жамбыл облысы Сарысу ауданы Саудакент ауылы «Ынтымақ» шаруа қожалығына электр жүйесімен қамтамасыз ету» 28 544
5 ‘»Жамбыл облысы Сарысу ауданы Саудакент ауылына спорт зал құрылысын салу» 260 866
6 ‘»Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы «2» шағын ауданындағы №24 үйді қайта жаңғырту» 469 254
7 ‘»Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы «2» шағын ауданындағы №26 үйді қайта жаңғырту» 469 974
8 ‘Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңаталап ауылын сумен жабдықтау құрылысы 260 107
9 Жамбыл облысы Сарысу Ұйым ауылын сумен жабдықтау құрылысы 350 400
Бюджеттік кредиттер
Оның ішінде
1 Мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға берілетін бюджеттік кредиттер 63 624
2 Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде шараларды қаржыландыру үшін аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеттеріне кредит беру 322 505

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әлеуметтік сала

 

Әлеуметтік саланың шығыстары 3 функционалдық топтан тұрады:

  1. Білім
  2. Әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыру
  3. Мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік.

Әлеуметтік салада негізгі бағыттардың бірі азаматтардың әл-аухатын көтеру үшін алдын ала қабылданған әлеуметтік міндеттемелерді орындау болып табылады.

Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мақсатында мемлекет тарапынан жан жақты көмек көрсетілуде.Жалпы білім беру мектептерінің, мектепке дейінгі балалар ұйымдарының, мәдениет үйлерінің, спорттық алаңдар құрылыстары жүргізілуде.

 

2020-2022 жылдарға білім беру саласы шығындары

                                                                                                      мың.теңге

Атауы  

2020жыл

 

2021жыл болжам 2022жыл болжам
Барлық шығындар: 7 958 566 9 256 546 10 273 739
Мектепкедейiнгiтәрбиежәне оқыту 167 851 185 007 202 879
Бастауыш, негізгі орта жәнежалпы орта білім беру 6 896 266 8 426 161 9 267 007
Бiлiм беру саласындағыөзге де қызметтер 894 449 645 378 803 853

 

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы іс-шараларды жүзеге асыру шығыстары

                                   мың.теңге

Атауы  

2020 жыл

 

2021жыл болжам 2022жыл болжам
Барлық шығындар: 1 766 301 784 966 802 301
Әлеуметтiкқамсыздандыру 862 165 216 256 202 148
Әлеуметтiккөмек 842 651 503 249 533 720
Әлеуметтiккөмекжәнеәлеуметтiкқам-тамасызетусалаларындағыөзге де қызметтер 61 485 65 461 66 433

 

 

 

 

 

 

 

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік саласындағы іс-шараларды жүзеге асыру шығыстары

                                                                                              мың теңге

Атауы  

2020 жыл

 

2021жыл болжам 2022жыл болжам
Барлық шығындар: 633 029 593 267 596 655
Мәдениет саласындағы қызмет 273 974 272 141 274 821
Спорт 25 834 30 279 30 315
Ақпараттық кеңістік 219 274 199 619 200 033
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікті ұйымдастыру жөніндегі өзге қызметтер 113 947 91 228 91 486

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Коммуналдық және құрылыс саласының шығыстары

 

                мың теңге

Атауы  

2020 жыл

 

2021жыл болжам 2022жыл болжам
Барлық шығындар: 3 389 616 253 218 263 248
Тұрғын үй шаруашылығы 2 952 370 39 529 39 559
Көлік және коммуникация 437 246 213 689 223 689

 

Құрылыс саласындағы іс-шараларды жүзеге асыру шығыстары

                мың теңге

Атауы  

2020 жыл

 

2021жыл болжам 2022жыл болжам
Барлық шығындар: 2 473 074 0 0
Құрылыс жұмыстары 2 473 074 0 0