2017-2019 жылдарға арналған Азаматтық бюджет

 

Сіздердің назарларыңызға аудан бюджетінің негізгі көрсеткіштері, бюджеттік қаражатты  қалыптастыру және жұмсау бағыттары  туралы ақпараттан тұратын Сарысу ауданының 2017-2019 жылдарға арналған азаматтық бюджеті ұсынылады.

 

Аталған құжат келесі бөлімдерден тұрады:

– Сарысу ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері;

– Сарысу ауданы бюджетінің түсімдері мен шығыстары;

 

2017-2019 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Сарысу ауданы мәслихатының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы №12-3 шешімімен аудан бюджеті бекітілді.


2017-2019 жылдарға арналған Сарысу ауданы деңгейіндегі

азаматтық бюджет.

 

  1. 2017-2021 жылдарға арналған Сарысу ауданының

әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері

 

«Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 9 бұйрығына  сәйкес Сарысу ауданының 2017-2021 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы әзірленіп, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен келісілген.

Аймақтың экономикалық саясатының негізгі бағыты – инфрақұрылымды дамыту және индустрияландыру арқылы экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету болып табылады.

Экономикалық өсудің мақсатты параметрлеріне инвестициялық белсенділік есебінен қол жеткізіледі. Бұл өз кезегінде технологиялық модернизациялауды белсенді жүргізуге мүмкіндік беретін негізгі капиталдың шоғырлануының артуы есебінен қамтамасыз етіледі.

 

Көрсеткіштер 2016 ж. бағалау Болжам
2017 ж. 2018 ж. 2019 ж. 2020 ж. 2021 ж.
Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі, өткен жылғы тиісті кезеңге % 101,0 101,0 102,2 102,0 103,0 103,0
Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлер қазу көлемі, өткен жылғы тиісті кезеңге % 101,0 101,0 102,0 101,3 103,0 110,2
Өңдеуші өнеркәсібінің көлемі, өткен жылғы тиісті кезеңге % 101,1 101,3 103,0 103,0 103,1 114,4

 

2017 жылғы бағалау

 

 

Индустрияландыру картасы аясында 2017-2021 жылдар аралығында 2 жоба жүзеге асырылады, жобалардың жалпы құны 940 млн. теңгені құрайды. Жобалар шеңберінде жалпы       125 жаңадан жұмыс орны ашылады.

 

 

 

2017-2021 жылдар аралығындағы Сарысу ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері

 

Көрсеткіштер 2016

жыл
бағалау

2017 жыл 2018 жыл 2019 жыл 2020 жыл 2021 жыл
Болжам
Әлеуметтік сала көрсеткіштері
Тұрғындар саны, мың адам 43,9 44,0 44,1 44,8 45,0 45,2
Ең төменгі күн көріс деңгейі, теңге 20 581 21 815 23 123 24510 25 980 27 538
Айлық есептік көрсеткіш, теңге 2269 2428 2598 2780 2974 3 182

 

Аудан (аудандық маңызы бар қала) бюджеті – салық және салық емес түсімдер есебінен қалыптастырылатын  және ауданның (аудандық  маңызы бар қаланың) жергілікті мемлекеттік органдарының, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.

Экономикалық саясатты, сондай-ақ қаланың бәсекеге қабілеттілігін сапалы жаңа деңгейге және тұрақты экономикалық дамуға жетуге ықпал ететін жоспарлау және басқару жүйелерді дамыту мақсатында 2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджетті қалыптастыру Елбасының бюджет қаражатын қатаң түрде үнемдеу және оларды тиімді пайдалану туралы берген тапсырмасына сәйкес іске асырылды.

«2017-2019 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Сарысу ауданы мәслихатының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы №12-3 шешімімен аудан бюджеті бекітілді.

 

2016-2018 жылдарға арналған аудан бюджетінің негізгі параметрлері

мың. теңге

Атауы 2017 жыл 2018 жыл 2019 жыл
Бекітілген жоспар Жоспар Жоспар
1. Кірістер, оның ішінде: 7 859 117 7 600 652 7 367 775
Салықтық түсімдер 737 756 787 756      837 756
Салықтық емес түсiмдер 6 153 6 153 6 153
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 6 091 6 091 6 091
Трансферттердің түсімдері 7 109 117 6 800 652 6 517 775
 2. Шығындар 7 859 117 7 600 652 7 367 775
3. Таза бюджеттік кредиттеу 80 948  0  0
Бюджеттік кредиттер 102 106  0  0
Бюджеттік кредиттерді өтеу 21 158            0            0
4. Қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо 0            0            0
Қаржы активтерін сатып алу 0            0            0
Мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0  0  0
5. Бюджет тапшылығы (профициті) -80 948  0  0
6. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) 80 948  0  0
Қарыздар түсімі 102 106  0  0
Қарыздарды өтеу 21 158  0  0
Бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары  0  0

         

Түсімдері

 

2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет түсімдерінің болжамы бюджеттің түсімдерін болжамдау Әдісімен, қаланың әлеуметтік экономикалық даму болжамындағы макроэкономикалық көрсеткіштер негізінде, Қазақстан Республикасының Салық, Бюджет кодекстеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес болжамдалған.

.

 

Аудан бюджетінің шығындары

 

2017-2019 жылдарға арналған бюджет жобасы Елбасының Қазақстан халқына жолдауының іс-шараларын жүзеге асыру, халықтың әлеуетін жақсартуға, жұмыссыздықты төмендетуге жасалған бюджет.

 

р/с АТАУЫ 2017ж 2018ж 2019ж
  Шығындар 7 859 117 7 600 652 7 367 775
1 Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер 488 225 458 781 463 271
2 Қорғаныс 46 710 20 333 20 399
3 Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі 0 0 0
4 Бiлiм беру 4 770 875 4 829 259 5 058 713
5 Денсаулық сақтау 0 0 0
6 Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру 487 351 490 058 516 707
7 Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық 1 070 953 729 101 154 272
8 Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк 413 354 448 251 477 836
9 Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары 193 718 175 044 175 437
10 Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі 26 681 18 840 19 096
11 Көлiк және коммуникация 261 711 330 171 380 171
12 Басқалар 40 976 42 251 43 310
13 Борышқа қызмет көрсету 0 0 0
14 Трансферттер 58 563 58 563 58563

 

Жыл сайын қала бюджетінің шығындары 17 функционалдық топ бойынша жоспарланады. Аудан бюджетінің шығындарында облыстық және республикалық бюджеттен бөлінген мақсатты трансферт енгізілген.

Мақсатты трансферттер ағымдағы нысаналы трансферттер және даму нысаналы трансферттерге бөлінеді.

 

Ағымдағы нысаналы трансферттер.  Жалпы сипаттағы трансферттердің үш жылдық көлемінің қолданылуы кезеңінде республикалық немесе облыстық бюджеттерде бекітілген сома шегінде: жоғары тұрған бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге беретін, жергілікті бюджеттер шығыстарының ұлғаюына және (немесе) кірістерінің азаюына әкеп соғатын, заңнамалық актілерді, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыстың өкілді және атқарушы органдарының, актілерін қабылдаудан туындайтын төмен тұрған бюджеттердің шығындарын өтеуге бағытталған.

 

Нысаналы даму трансферттер жоғары тұрған бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге жергілікті бюджеттік даму бағдарламаларын іске асыру үшін республикалық немесе жергілікті бюджетте бекітілген сомалар шегінде беретін трансферттер нысаналы даму трансферттері болып табылады.

Жергілікті атқарушы органдар нысаналы даму трансферттерінің сомаларын айқындау үшін тиісті жоғары тұрған органға жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесі мен олар бойынша шығыстар сомалары көрсетілген өтінімдерді ұсынады.

 

2017 жылға арналған аудан бюджетінің түсімдері мен шығыстары құрамында ескерілген облыстық және республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер, нысаналы даму трансферттер және бюджеттік кредиттер

 

р/с Атауы Сомма
ың. теңге)
1 2 3
Барлығы 1 344 370
оның ішінде:
Ағымдағы нысаналы трансферттер 742 688
Нысаналы даму трансферттері 499 576
Бюджеттік кредиттер 102 106
Ағымдағы нысаналы трансферттер
оның ішінде:
1 Білім беру нысандарын күрделі жөндеуге: 401 762
Қамқалы ауылындағы Т.Әубәкіров мектебінің ғимаратын күрделі жөндеу. 110 080
Жайлаукөл ауылындағы Жайлаукөл орта мектебінің ғимаратын күрделі жөндеу 147 803
Бүркітбаев  ауылындағы «Ер-Төстік» бала бақшасын күрделі жөндеу  60 184
Игілік ауылындағы «Балбөбек» бала бақшасын күрделі жөндеу  83 695
2 Тілдік курстар өтілінен өткен мұғалімдерге үстемақы төлеу үшін және оқу кезеңінде негізгі қызметкерді алмастырғаны үшін мұғалімдерге үстемақы төлеу үшін 6 571
3 Өрлеу жобасы бойынша келісілген қаржылай көмекті енгізуге 27 299
4 Мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын көбейтуге 10 342
5 Ымдау тілі маманының қызмет көрсетуге 220
6 Техникалық көмекшi (компенсаторлық)  құралдар тiзбесiн кеңейту 5 892
7 Жалақыны ішінара субсидиялауға 12 638
8 Жастар практикасына 25 526
9 Туберкулез ауруының қолдаушы фазасында емделіп жүрген науқастарға әлеуметтік көмек көрсетуге 2 969
10 Конго – Қырым геморрагиялық қызбасына  қарсы  күрес бойынша шараларды жүргізуге 26 439
11 Шағын қалаларды үздіксіз жылумен қамтамасыз ету 223 030
Нысаналы даму трансферттері
оның ішінде:
1 Досбол ауылында 50 оқушыға арналған негізгі мектептің құрылысын салу 128 901
2 Арыстанды ауылындағы Арыстанды орта мектебінің спорт залының құрылысы 112 002
3 Жаңатас қаласы №1 мөлтек ауданы №34 үйді қайта жаңғырту 11 111
4 Игілік ауылында уақ малдарды псороптоз ауруынан емдеу және алдын алуға арналған былау құрылысын салу 8 058
5 Қамқалы ауылында уақ малдарды псороптоз ауруынан емдеу және алдын алуға арналған былау құрылысын салу 8 387
6 Жайылма ауылында уақ малдарды псороптоз ауруынан емдеу және алдын алуға арналған былау құрылысын салу 8 387
7 Жаңатас қаласының су құбыры желілерін қайта құру. 2 кезең. Тұтынушылардың жер телімі шекарасына таратылатын су құбыры желілері». Қосымша қаржыландыру 28 278
8 Жаңатас қаласының су құбырлары желілерін қайта жаңғырту. Түзету»

Қосымша қаржыландыру.

166 752
9 Жаңатас қаласындағы кәріз желілерін және тазалау имараттарын қайта жаңғырту. Кәріз желілері». Қосымша қаржыландыру 27 700
Бюджеттік кредиттер
Оның ішінде
165 Мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға 102 106

 

 

Әлеуметтік сала

 

Әлеуметтік саланың шығыстары 3 функционалдық топтан тұрады:

  1. Білім,
  2. Әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыру
  3. Мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік.

 

Әлеуметтік салада негізгі бағыттардың бірі азаматтардың әл-аухатын көтеру үшін алдын ала қабылданған әлеуметтік міндеттемелерді орындау болып табылады.

Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мақсатында мемлекет тарапынан жан жақты көмек көрсетілуде. Жалпы білім беру мектептерінің, мектепке дейінгі балалар ұйымдарының, мәдениет үйлерінің, спорттық алаңдар құрылыстары жүргізілуде.

 

2017 жылға қаралған қаржы

млн. теңге

 

 

 

 

 

Білім беру саласындағы іс-шараларды жүзеге асыру шығыстары

 

2017-2019 жылдарға білім беру саласы шығындары

                                                                                                           мың.теңге

Атауы  

2017 жыл

 

2018 жыл болжам 2019 жыл болжам
Барлық шығындар: 4 770 875 4 829 259 5 058 713
Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту 567 943 582 702 618 876
Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру 3 993 425 4 022 267 4 064 194
Бiлiм беру саласындағы өзге де қызметтер 209 507 224 290 375 643

 

 

 

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы іс-шараларды жүзеге асыру шығыстары

                              мың.теңге

Атауы  

2017 жыл

 

2018 жыл болжам 2019 жыл болжам
Барлық шығындар: 487 351 490 058 516 707
Әлеуметтiк қамсыздандыру 166 301 153 471 163 970
Әлеуметтiк көмек 286 778 301 644  317 714
Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қам-тамасыз ету салаларындағы өзге де қызметтер 34 272  34 943 35 023

 

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік саласындағы іс-шараларды жүзеге асыру шығыстары  

                                                                            мың теңге

Атауы  

2017 жыл

 

2018 жыл болжам 2019 жыл болжам
Барлық шығындар: 413 354 448 251 477 836
Мәдениет саласындағы қызмет 171 579 202 245 226 667
Спорт 31 485 26 941 29 045
Ақпараттық кеңістік 134 688 138 557 140 147
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікті ұйымдастыру жөніндегі өзге қызметтер 75 602 80 508 81 977

 

 

 

Коммуналдық және құрылыс саласының шығыстары

 

  1. Тұрғын үй шаруашылығы
  2. Көлік және коммуникация
  3. Құрылыс саласы

млн. теңге

                      

 

Тұрғын үй шаруашылығы, көлік және коммуникация саласындағы іс-шараларды жүзеге асыру шығыстары

                                   

             мың теңге

Атауы  

2017 жыл

 

2018 жыл болжам 2019 жыл болжам
Барлық шығындар: 720 397 868 623 411 422
Тұрғын үй шаруашылығы 458 686 538 452 31 251
Көлік және коммуникация 261 711 330 171 380 171

 

 

 

                   Құрылыс саласындағы іс-шараларды жүзеге асыру шығыстары

             мың теңге

Атауы  

2017 жыл

 

2018 жыл болжам 2019 жыл болжам
Барлық шығындар: 499 576 509 320 0
Құрылыс шаруашылығы 499 576 509 320 0