Қос ауылдағы қуаныш

Қыркүйек 2, 2019

Қос ауылдағы қуаныш

Ауданының қос ауылы таза судың игілігіне ие болды. Енді әр үйге желі тартылып, ауыз сумен қамтылатын болды.
Бір апта ішінде Арыстанды мен Қызылдихан тұрғындарын қуантқан оңды іс «Аймақтарды дамыту – 2020» бағдарламасы бойынша жүзеге асты.
Тұрғындардың қуанышына 30 тамыз ҚР Конституциясы күні Жайылма ауылындағы Қызылдихан елді мекенінде жаңадан «Ауыз су» қоймасы пайдалануға берілді.
– Міне, біздің ауылдарымыз да сапалы ауыз суға қол жеткізіп отыр,-дейді Қызыдихандық тұрғындар қуаныштарын жасыра алмай.
Қызылдихандағы ауылдықтармен қуанышын бөлісіп құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Олжас Көкей салтанатты шараның алқызыл лентасын қиды.
Ауылдықтар нысан басында атқарылған ұңғыманы бұрғылау жұмыстары, электр желісін тарту жұмыстары, магистралді су құбырын тарту жұмыстарын аралап, оң бағаларын берді.