Қолы ашықтың-жолы ашық

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады.

Сол себепті, «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынды.

Осы бағдарлама аясында ауданымызда ауқымды істер кең көлемде атқарылуда. Осының бір дәлелі  өткен аптада Тоғызкент ауылдық округінің  жеке кәсіпкері Өткелбаев Манатбек  өз ауылында тұратын жасы 100-ге келген Алимбетова Қалдықызбен  97 жасқа келген Жетібаева Ибагүл  әжелерімізге және  бірқатар қариялар мен мұқтаж азаматтарға 1 қап ұннан (50 келі) 10 отбасыға таратып берді.

Осындай қолдау көрсеткен, қолы ашық, жомарт азаматқа ақ баталарын беріп, алғыстарын айтты.