Жастар –тәуелсіздік тірегі

 2Жастар- Тәуелсіздік тірегі.Расымен де егемен еліміздің болашағын көркейтіп, қоғамымыздың дамуына өз үлесін қосатын ол әрине жастар. Бүгінгі жас ұрпақ жарқын келешектің кепілі. Осыған орай жуырда «Жастар –Тәуелсіздік тірегі» атты облыстық автокеруен ауданымызға келді.

Ең әуелі облыстық автокеруен мүшелері №11 Сарысу колледжінің мәжіліс залында білімгерлермен кездесті.

Жиынға облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Е.Құралбаев, «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Б.Далабаев және білімгерлер қатысты. Басқосуды аудан әкімінің орынбасары Д.Асанова ашып, жүргізіп отырды.

Жиында облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Е.Құралбаев, «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Б.Далабаев сөз алып, жастарды Отанды сүюге, мемлекет үшін аянбай тер төгуге шақырды. Жиын соңында білімгерлер өз ойларын ортаға салды.

Колледж спорт залында білімгерлердің спорттық қабілетін шыңдау мақсатында автокеруен құрамындағы жастарымыз спорттық ойын түрлерін көрсетті.

Жиын барысы Саудакент мәдениет үйінде Жамбыл облысының өнерпаз жастарының әзірлеген концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты. Байқадам ауылдық округінің әкімі Е.Көлбаев сөз сөйлеп, Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтады. Содан соң облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Е.Құралбаев аудандық «Жастар ресурстық орталығы»КММ-нің аға кеңесші маманы Р.Исаев пен Жаңаталап ауылдық округінің «Жастар ресурстық орталығы»КММ-нің кеңесші маманы Е. Бөгенбаевқа Алғыс хат тапсырды.

Концерттік бағдарлама шымылдығын облыстық «Томирис» би тобы «Қазақ» биімен ашып берді. Жас әншілер «Қазағым», «Қазақстан», «Жайдарлы Жамбылым», «Айналайын» әндерін тамылжыта орындап, әсем әуен, тәтті күй сыйлады.