Жаңатастағы жаңа балабақша

Елбасы мен егемендік жыр-әнім

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы аясында ауданымызда көптеген игілікті істер атқарылуда. Солардың бірі сәрсенбінің сәтті күні 1-желтоқсан Президент күніне орай ашылған Жаңатас қаласы 6-шағынаудандағы «Сайн» балабақшасы.

7Мектепке дейінгі бала жасына арналған нысанның ашылуы тұрғындар үшін қуанышты оқиға болды. Ата-аналардың асыға күткен балабақшаның ашылу салтанатына аудан әкімі Балабек Нарбаев қатысып, қала тұрғындарын мерекелерімен құттықтады.

Содан соң Жаңатас қаласының ардагерлер кеңесі төрағасы Байтуған Рыспанов сөз сөйлеп,   аудан әкімі

Балабек Нарбаев пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Құдайберлі Әбілов балабақшаның салтанатты лентасын қиды.

«Сайн» ЖШС-нің құрылтайшысы, аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры Шыңғыс Әбдірахманов жаңа балабақшаның кілтін әдіскер Гүлбаршын Иляқызына табыстады.8

Салтанатты рәсімге келген 6-шағынаудан тұрғыны, көп балалы ана Камшат Жұмағұлова аудан басшыларына жас ұрпақтың тәрбиесіне көңіл бөліп келе жатқандықтары үшін алғысын білдірді.

Мерекелік шараның соңында қонақтар «Айгөлек» балабақшасының бүлдіршіндері ұсынған концерттік бағдарламасын тамашалады.