Ырыс, дәулет бірлікпен толығады

Сәрсенбінің сәтті күнінде Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейлі мерекесіне орай, аудандық мәдениет үйінде  ауыл шаруашылығы саласы еңбеккерлері марапатталды. Салтанатты жиын барысында ауданның  осы жылғы ауыл шаруашылығы саласында жеткен жетістіктері видеоролик арқылы көрсетілді.

Аудан әкімінің орынбасары Олжас Көкейдің  ауыл шаруашылығы саласында атқарған жұмыстары туралы хабарламасы тыңдалды.

Хабарламадан соң аудан әкімі Балабек

Нарбаевқа «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалін аудандық мәслихат хатшысы С.Бегеев табыстады. Содан соң аудан басшысы осы  жылы қол жеткізген жетістіктерге тоқталып, ауыл шаруашылық саласын дамытуға қомақты үлес қосып,аянбай еңбек етіп жүрген азаматтарды құттықтап, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медальдар, «Нұр Отан» партиясының және  аудан әкімінің Құрмет грамоталары мен Алғыс  хаттарын тапсырды.

Марапатты жиында аудандық мәслихаттың хатшысы Сағымбек Бегеев еңбек озаттарын және аудан әкімінің орынбасары Олжас Көкей  ауыл шаруашылық қызметкерлері кәсіподағының мақтау грамоталарын тапсырды.  Сонымен қатар ауыл шаруашылық бөлімінің мамандары мен еңбек озаттарына заттай сыйлықтар үлестірді.  Шара соңы аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.