Үздік бастауыш партия ұйымдары марапатталды

Мереке қарсаңында «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында салтанатты жағдайда «Үздік бастауыш партия ұйымы» байқауының облыстық деңгейі қорытындыланды. Байқау қорытындысы бойынша партия Сарысу аудандық филиалының «Өндіріс» бастауыш партия ұйымы төрайымы Д.Ыдырысова ІІ-орын иеленіп, сыйлыққа компьютер құрал-жабдығымен алды.

Ал, облыс бойынша ең ірі 15 бастауыш партия ұйымдарының қатарына енетін «Қаратау» тау-кен өңдеу кешені «Қаратау» бастауыш партия ұйымының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Ғани Қадырұлы Несіпбай Алғыс хатпен және планшетпен марапатталды. Барлық жүлдегерлерге марапаттарды «Қазақстанның Еңбек ері», «Қазфосфат» ЖШС-нің бас директоры, облыстық мәслихат депутаты М.Ескендіров пен «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ш.Тлеумұрат табыс етті.