Ұлт болашағы-иманды әйел

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында аудан әкімінің жанындағы отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы мен «Жас Жігер» қоғамдық бірлестігінің және аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен «Ұлт болашағы-иманды әйел» тақырыбында іскер әйелдер арасында сыр-сұхбат кеші өткізілді. Кештің мақсаты, Ислам дініндегі әйелдің орны туралы айта отырып, тілі мен дінін құрметтейтін, санасы терең, көкірегі ояу, ұлтжанды парасатты ұрпақ тәрбиелеу. Кешке қатысқан қонақтар Мәрия және Маржан апалар, Н. Кенешбаева, С.Қожаназарова, Ә. Кемелбекова, Ж.Жақсыбаева, Г. Ақтөлеева сөз сөйлеп, көпшілікті Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтады. Сонымен қатар, аталған іс-шара барысында кітапхана қызметкері Раушан Тажиева, Самат Тоқпанов дін тақырыбында өлеңдер оқыса, мәдениет үйінің қызметкері Жанарбек Абдрахманов «Қос бәйтерек», Майлықожаның термесін шырқады. Аудан әкімінің жанындағы отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының хатшысы Жолмаханова Айтбала қонақтарды мерекемен құттықтап, ең басты құндылық отбасы жайлы айтып өтті.                                                                                           Кеш соңында «Жас Жігер» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Айнұр Жапарбекова қонақтарды мерекемен құттықтай отырып, сыйлықтар үлестірді.