Тәжірибе алмасты

Тәуелсіздік мерекесіне орай аудан әкімдігі кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі мен «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жастар өндіріс ошағына экскурсияға шықты. Тәжірибелік мәні зор шарада Жаңатас көпсалалы колледжінің білімгерлері «ЕвроХим» ЖШС-не арнайы барып, ондағы жұмыс барысымен танысты. Тау-кен саласына қатысты сұрақтарын қойып, мамандардан тиісті жауаптар алды. Кеншілердің жемісті еңбектерін көзбен көріп, болашақта өздерінің осында қызмет еткілері келетін ой-пікірлерін ортаға салды.