Тәуелсіздіктің жеткіншектері

  6Жайылма өңірі өнер қонған киелі өлке. Осы өлкеде көптеген өнер адамдары дүниеге келіп, отанымыздың мәдениеті мен өнерінің өркендеуіне үлес косып келеді. Жайылма ауылдық балалар өнер мектебінің ұжымы да көп еңбек етуде.12 жылдық тарихы бар мектеп, қаншама шәкірттерді тәрбиелеп ұшыруда. Мектептегі әрбір ұстаз, өз жұмысына жауапкершілікпен қарап, оқушыларының өнер айдынында еркін жүзуіне көп еңбегін сіңіріп, байқауларға қатыстырып, еңбектерін дәлелдеуде.

Соның бір айғағы мектеп өнерпаздары Тараз қаласында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай өткізілген «Балдәурен» балалар шығармашылығының ұйымдастыруымен «Тәуелсіз елдің ұланымын» атты республикалық байқауда көркемсөз, драма, вокаль, би, дәстүрлі ән, бейнелеу өнері, қолөнер, аспапта орындау номинациялары бойынша сынға түсті.Сайысқа қатысқан әр оқушы жас ерекшеліктерімен топ-топқа бөлінді. Кіші топ, бүлдіршін, орта, үлкен жеткіншек.

Осы байқауға аталмыш мектептен 5 оқушы қатысты. Нәтижесінде қолөнер пәнінің мұғалімі Байулиев Қанаттың оқушысы Амангелдин Баққожа қолөнер бойынша бас жүлде, аспапты орындау номинациясы» бойынша баян пәнінің мұғалімі Сабырбаева Жанардың оқушысы Төлен Олжас жүлделі 1-ші орынды, домбыра пәнінің мұғалімі Қойлыбекова Айнұрдың шәкірті Сақтағанова Әсел 2-ші орынды, домбыра пәнінің мұғалімі Рахымжанова Жансаяның оқушысы Қалқаман Балнұр мен домбыра пәнінің мұғалімі Қуандықова Динараның оқушысы Аманжолова Ұлпан 3-ші орынды иеленді. Әр жеңімпазға диплом, кубоктар берілді және де барлық қатысқан пән мұғалімдері мен мектеп директоры Әмірәлі Әбенов оқушыларды қатыстырудағы белсенділік танытқандары үшін «Балдаурен» орталығының Алғыс хатымен марапатталды.