Тәуелсіздікті ту еткен шаралар Марафон

Тәуелсіздік мерекесіне орай аудандық мекеме-кәсіпорын қызметкерлері арасында марафон өтті.

Марафонның ашылу салтанатында аудан әкімі Б.Нарбаев құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Аталмыш шараға аудандық мәслихаттың хатшысы С.Бегеев, аудан әкімінің орынбасары Динара Асанова, ауданның Құрметті азаматы Т.Мысықбаев қатысты. Сонымен қатар аудандық мәдинет үйінің өнерпаздары патриоттық әндерден шашу шашты.

Ардагер спортшы, ауданның Құрметті азаматы Т.Мысықбаев бастаған спортшылар Жібек жолы көшесінің бойымен, орталық алаңдағы мәрені кесіп өтті.

Жарысқа қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді.