Тәуелсіздік-тұғырым, мәдениетім-мәртебем

Елбасы, Егемендік егіз ұғым

11991 жылдың 1 желтоқсан күні тәуелсіз Қазақ елінде, алғашқы сайлау өтіп, онда басым дауыспен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жеңіске жеткен болатын. Осы атаулы дата, міне, соңғы жылдары Елбасы күні ретінде тойланып келе жатыр. Бұл мейрам біздің ауданымызда да кең көлемде аталды. Мерекелік кеште аудан әкімі Балабек Жанбекұлы Нарбаев аудан тұрғындарын мәртебелі мерекемен құттықтап, тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, болашаққа бағыт-бағдар берген, бүгінгідей біздің беделді әрі қуатты мемлекетке айналуымызда – Елбасының еңбегі ұшан-теңіз» – деп аудан басшысы Елбасының Қазақстан тарихында алатын ерекше орны мен оның сарабдал саясаты арқылы мемлекетіміздің қол жеткізген жетістіктерін ерекше атап өтті.

Мерекелік шара барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бірнеше сала қыз-меткерлеріне аудан әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттары табысталды. Салтанатты шара соңы мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған арнайы концерттік бағдарламаға жалғасты.