Тәуелсіздік-баға жетпес құндылық

1Тәу-елсіздіктің 25 жылдық мерекесіне орай ауданымызда көптеген іс-шаралар өткізілуде. Солардың бірі өткен аптаның сенбісі күні өткізілді. Атап айтар болсақ, аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің, аудандық кәсіпкерлік Палатасының ұйымдастыруымен Жаңатас көпсалалы, №5 Жаңатас, №11 Сарысу колледждерінің елу білімгері ауданымыздағы тарихи жерлерге саяхат жасады.