Тәуелсіз Қазақстан-ғасырлар арманы!!!

%d1%96Қайырымдылық концерті

Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясы ұжымының ұйымдастыруымен Б.Қашқынбаев атындағы орта мектебінің жанындағы мектеп-интернатында Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты қайырымдылық концерті өткізілді.

Мектеп-интернаттың оқушылары Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп – гимназиясының көркемөнерпаздарының шағын концерттік бағдарламасын тамашалады. Концерттік бағдарламаның соңында мектеп-гимназиясының директоры Лаура Нұрмаханова оқушыларды Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтап, интернат оқушыларына заттай сыйлықтар табыс етті.

Колледждегі көңілді кеш

Жыл сайын дәстүрге айналған үрдіс бойынша Жаңатас көпсалалы колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Балгобаева мен жастар ісі жөніндегі комитетінің төрайымы Н.Шалғынбаеваның ұйымдастыруымен биыл да Жаңатас көпсалалы колледжінде білімгерлер арасында «Күзгі балл-2016» атты мерекелік байқауы болып өтті.

Сайыста барлық жұптың алды болған, жүлделі орынның иегерлері күзгі балдың ханзадасы мен ханшайымы атанған Бауыржан Мұсаев пен Гүлмира Кенжалиеваның жұбы ұлттық нақыштағы киімдерімен, мың бұрала билеген билерімен көрермен көңілінен шыға білді. Ал заманауи сән үлгісі мен таланттарымен тәнті етіп, әділқазылар алқасының ризашылығын алған Жаңылай Жұманалиева мен Мирас Қалымбетовтың жұбы жүлделі бірінші орынды иеленді. Екінші орынды иеленген Назым Сапарова мен Багдан Касьяновның жұбы сыпайылығымен, жарасымдылығымен жанкүйерлер жүрегін баурап алды. Үшінші орынды Күлшат Есенғазиева мен Жамбыл Бектұрған қанағат тұтты.