Он күндікте

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Жаңатас көпсалалы колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Балгобаева және жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Н.Шалғынбаеваның ұйымдастыруымен   колледжішілік мамандықтар арасында «Мен мамандық әлеміндемін» тақырыбында «Колледж кубогы-2016» жайдарман сайысы өтті.

Жарыста «Кеншілер», «Бұзық қыздар» , «Электриктер», «Еркін құрама», «Аты жоқ» командалары «Сәлемдесу», «Үй тапсырмасы» кезеңдері бойынша өз өнерлерін көрсетті. Қызықты да тартысты өткен жайдарман ойын нәтижесінде «Бұзық қыздар» командасы бас жүлдені қанжығасына байлады.   «Кеншілер» командасы 1- орынды жеңіп алды. «Еркін құрама» командасы 2-орынды қанағат тұтса,   «Электриктер» және «Аты жоқ» командалары 3-орынды өзара бөлісті.

***

Жайылма ауылдық балалар өнер мектебінде домбыра сыныбының мұғалімі Айнұр Қойлыбекованың ұйымдастыруымен «Тәуелсіз елдің ұланымын» атты әдеби-музыкалық кеш өтті.

Шарада мектеп директоры Әмірәлі Әбенов құттықтау сөз сөйледі.

Мектеп оқушылары сахналық көріністер қойып, ән мен күйден шашу шашты.

***

Ұ.Сыздықбайұлы ауылындағы «Қарлығаш» балабақшасында «Үздік тәрбиеші» байқауы болып өтті. Сайыстың нәтижесінде 1-орынды балабақшаның музыка жетекшілері Н.Бабашова мен Р.Сайрамова жеңіп алса, «Құлыншақ» және «Балапан» тобының тәрбиешілері К.Ахметова мен Ш.Нөгербекова 2-орынды иеленді. Ал, «Балапан» тобының тәрбиешісі Д. Дүйсенғалиева 3-орынды қанағат тұтты. Байқау соңында балабақша меңгерушісі Д.Илясова тәрбиешілердің жеткен жетістіктерін атап өтіп, жеңімпаз тәрбиешілерді марапаттады.

***

Қамқалы ауылдық округінің кітапханасында «Елбасыға 100 тілек» атты тақырыпта кітап көрмесі өтті. Сондай-ақ, ауылдық клуб үйінде «Ел тәуелсіздік тұғыры» атты салтанатты кеш ұйымдастырылды. Аталмыш кеште Қамқалы ауылдық округінің бас маманы Б.Баушенов, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Аханбеков ауыл тұрғындарын мерекемен құттықтады. Ауыл өнерпаздары патриоттық әндер шырқады.

***

Жастар арасында салауатты өмірді насихаттау мақсатында және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай

«Жастар ресурстық орталығы» КММ-cі мен М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының оқушылары ұйымдастыруымен «Жастар – салауатты өмір салты үшін» атты флеш-моб акциясы өткізілді.

***

Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары   Г. Сыздықованың ұйымдастыруымен   тәуелсіздік күніне орай түрлі іс-шаралар өтті. Атап айтар болсақ, мектеп кітапханасында «Елбасы күні-елдікке құрмет» атты көрме өткізілсе, «Ел еріне, ер еліне сенген ұлы тұлға» тақырыбында эссе байқауы өтті. Байқауда Асқарқызы Альбина бірінші орынды иеленді. Аудандық оқушылар арасындағы жыр мүшайрасына жолдама алып, ІІ- орын жүлдегері атанды.

8-сынып оқушылары арасында «Табысты жылдар» тақырыбында дөңгелек үстел мен «Болашақты болжаған кемел еңбек» тақырыбында пікірталас, «Менің елімнің Президенті» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.

Сонымен қатар «Жас ұлан» ұйымының «Менің мақтанышым-менің Президентім» атты салтанатты жиын өтті.

Жиында мектеп директоры Л.Асанова   құттықтау сөз сөйледі.

Салтанатты жиында мектеп оқушылары патриоттық әндерден шашу шаты.

***

Балалар шығармашылық орталығының «Ағылшын тілі», «Маржан сөз» үйірме жетекшілері Г.Айтбаева мен П. Отарбаеваның ұйымдастыруымен « Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» тақырыбында шара өтті. Шара барысында «Ағылшын тілі» мен «Маржан сөз» үйірмесі оқушылары хормен «Көк тудың желбірегені» әнін нақышына келтіріп орындаса, «Қазақ», «Лезгинка», «Испан» билерін мың бұрала биледі. Кеш соңында өнер көрсеткен оқушыларға Алғыс хаттар табыс етілді.

***

№23 қалалық балалар кітапханасының қызметкерлері, зағип жандар кітапханашысының ұйымдастыруымен «Менің өлкеммен тынысым бір» атты сурет байқауы өтті.

Шарада психология педагогикалық түзету кабинетінің дифектолог Мариям Кулебаева, психолог Шолпан Жақсылыққызы құттықтау сөз сөйледі.

Байқаудың қорытындысы бойынша мүмкіндігі шектеулі оқырман Болатқызы Сайда үздік сурет байқауының жеңімпазы атанды. Мизамбай Бағымжан 1-орын иеленсе, Қалмұқан Альбина 2-орынды қанағат тұтса, Сұлтанов Бақдаулет 3- орыннан көрінді.

Шара соңында «Туған өлкем – Сарысу» атты кітап көрмесіне кітапхана қызметкері Қ. Бекеева библиографиялық шолу жасады.

***

Д.Сенбин атындағы орта мектебінің 2,3,4-сынып оқушылары арасында сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік бас-тауы – Желтоқсан» атты тақырыпта ертеңгілік болып өтті. Сонымен қатар кітапханада «Тәуелсіздік тұғыры биікте» тақырыбында кітап көрмесі ашылды. Онда оқушылар тәуелсіздікке байланысты шығармалар жазып, суреттер салды, жүрекжарды өлеңдерін оқыды.

Кеш соңында өнер көрсеткен оқушылар марапатталды.

***

Абылай хан атындағы орта мектебінің спорт нұсқаушысы Қ.Мендалиев және дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі А.Байсованың ұйымдастыруымен 7-сынып оқушыларының арасында «Жас ұланымын елімнің» атты спорттық ойындар өтті.

Шарада мектеп директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Сарбасова сөз сөйлеп, жарысты ашып берді.

Жарыстың қорытындысы бойынша 7 «а» сыныбының оқушылары І -орынды , 7 «б» сыныбының оқушылары ІІ- орынды, 7 «в» сыныбының оқушылары ІІІ- орынды иеленді.

***

Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебінде «Адал ұрпақ» ерікті клубы құрылды. Клубтың мақсаты оқушылар арасында рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеуге бағытталған шаралар, адамгершілік-этикалық құндылықтардың негіздерін қалыптастыру болып табылады. Сонымен қатар аталмыш мектепте кешенді іс-шара өткізу үшін түрлі тәрбие жұмыстары ұйымдастырылып, мектеп оқушыларының отансүйгіштікке, азаматтылыққа тәрбиелейтін «Парасатты азамат» бұрышы ашылды.