Аудандық турнир өтті

Абай атындағы орта мектепте Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесіне орай және ұлағатты ұстаз Ринат Жұмабекұлы Сақыпбековті еске алуға арналған аудан әкімдігі білім бөлімі, аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімі, Абай атындағы орта мектебі ұжымы және Сақыпбековтер әулетінің ұйымдастыруымен волейболдан аудандық турнир өтті.

 2

Турнир Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашылды.

Іс-шарада аудан әкімінің орынбасары Берген Омарбек, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Құдайберлі Әбілов, ауданның Құрметті азаматы, Ринаттың әкесі Жұмабек Сақыпбеков сөз сөйлеп, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Байрақты бәсекеде 90 спортшыдан құралған он бір команда бақтарын сынады. Жарыс нәтижесінде бірінші орынды №5 Жаңатас колледжінің командасы, М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының командасы екінші орынды, ал үшінші орынды Жаңатас қаласындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебі командасы иеленді. Ойын барысында Нариман Уристенбеков, Несіпкүл Серқұлова үздік ойыншы атанса, Нағашбек Романов үздік шабуылшы номинациясымен марапатталды. Барлық жеңімпаз командалар Сақыпбековтер әулетінің ұйымдастырған сыйлықтарымен және аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды.