Аймақтық жарыс

ИГІЛІК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ СПОРТ НҰСҚАУШЫСЫ ХАМЗАТ ӘЛІБЕКОВПЕН «ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» КММ-НІҢ ИНСПЕКТОРЫ ҮСЕН ЖҰМАТАЕВТЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН ИГІЛІК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНЕ ҚАРАСТЫ Ж.ОТАРБАЕВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ СПОРТ ЗАЛЫНДА ВОЛЕЙБОЛ ОЙЫНЫНАН ЖАРЫС ӨТТІ.
Жарысты Игілік ауылдық округінің әкімі А.Бердібаев ашып жарысқа қатысушыларды мерекелерімен құттықтап, жарысқа сәттілік тіледі. І-орынды Жарылқасын Отарбаев атындағы орта мектебі ұжымы командасы, ІІ-орынды Шоқай Датқа атындағы орта мектебінің ұжымы, жеңіп алды.
Ж.Отарбаев атындағы орта мектеп командасының ойыншысы Жәнәділ Бердібаев, Нұрбол Әлиев, Ш.Датқа орта мектеп командасы ойыншылары Ғани Бекбергенов, Нұрдос Жұманов, Нұрсұлтан Әмірбеков ең үздік ойыншы болып табылды. Жеңімпаздарға ауыл әкімінің грамоталарымен бағалай сыйлықтар табыс етілді.