16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шаралардың бағдарламасы

10 желтоқсан

сағат 10.00-10.30, Жаңатас қаласы 2 шағынаудан, «Бірлік пен жасампаздықтың 25 жылы» атты ескерткіш тастың ашылуы;

сағат 10.30-11.00, Аудандық мәдениет үйі, «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» атты кітап, «Ел іші, өнер кеніші» атты бейнелеу және қолөнер шеберлерінің көрмесі;

сағат 11.00-12.30, Аудандық мәдениет үйі, «Тұғыры биік – Тәуелсіз Қазақстан» атты салтанатты жиналыс, мерекелік концерт және театрландырылған қойылым;

сағат 12.00-13.00, «Мәңгілік Ел» оқу-тәрбие орталығы, «ЭКСПО-2017» жобасына арналған «Жасыл экономика» атты сурет салу конкурсы;

12 желтоқсан

сағат 10.00-10.05, Заңғар сауда орталығы, аудандық халық аспаптар оркестрінің орындауында «Сарыарқа» күйін ойнау;

сағат 15.00-17.00, «Еурохим» ЖШС, аудан жастарының «Еурохим» ЖШС индустриалды нысандарына экскурсия жасауы;

 

13 желтоқсан

сағат 11.00-12.00, Жаңатас балалар-жасөпірімдер орталығының акт залы, «Қуатты Қазақстан – қуатты өңірлер» атты ұранмен «Тәуелсіздіктің 25 жылы: бірлік, өркендеу, болашақ» білім беру қызметкерлерінің конференциясы;

14 желтоқсан

сағат 10.00-12.00, Саудакент ауылдық спорт мектебі, «Тәуелсіздік – тұғырым!» атты жасөпірімдер арасында шахматтан аймақтық жарыс;

сағат 12.00-13.00, Аудандық орталық кітапханының оқу залы, «Астананың өркендеуі – ауылдардың гүлденуі» атты патриоттық кеш;

 

15 желтоқсан

сағат 10.00-11.00, Жаңатас балалар-жасөпірімдер орталығы, «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты жас суретшілер байқауы;

сағат 10.00-11.00, Жаңатас қаласы қоғамдық-көпшілік орындар, «Тәуелсіздік ұлы ұғым» атты удандық орталық кітапхананың оқу залы, тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлауға бағытталған «Тәуелсіздік тұғырым!» атты жастар флешмобы;

сағат 11.00-12.30, Аудан әкімдігінің мәжіліс залында, қала жұртшылығының Астана қаласында өтетін салтанатты жиналыстың тікелей көрсетілімін тамашалауы;

 

16 желтоқсан

сағат 09.00-13.00, Жаңатас қаласының орталық алаңы, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған радиоконцерт, сауда-саттық жәрмеңкесі;

сағат 10.00-11.00, Аудандық мәдениет үйі, Тәуелсіздік құрдастары арасында ұлттық ойындардан (асық ату, ләңгі және т.б.) жарыс;

сағат 10.00-13.00, Жаңатас спорт кешені, мекеме-кәсіпорын командалары арасында волейбодан аудандық жарыс;

сағат 10.00-11.00, Жаңаталап ауылдық клубы, Тәуелсізік мерекесіне орай оқушылар арасында тоғызқұмалақтан жарыс;

сағат 10.00-11.00, Досбол ауылдық клубы, «Тәуелсіздік тірегім» атты тоғызқұмалақ, шахмат, дойбыдан жарыс;

сағат 15.00-16.30, Жаңатас спорт кешені, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған дойбыдан мекемеаралық жарыс;

сағат 14.00-17.00, Досбол ауылы, ауыл жастарының арасында «Көк бөрі» көкпар ойыны;

сағат 15.00-17.00, Игілік ауылы Шоқай датқа атындағы орта мектеп спорт залы, ауыл тұрғындары арасында волейбол жарысы;

сағат 18.00-20.00, Жаңатас қаласының орталық алаңы, Тәуелсіздік күніне арналған көпшілік халық серуені, жастар би кеші, мерекелік отшашу.

 

17 желтоқсан

сағат 10.00-12.00, Тоғызкент орта мектебінің спорт залы, ауыл тұрғындары арасында волейболдан аймақтық жарыс;

сағат 10.00-11.00, Досбол ауылдық клубы, қол күресі, гір тасын көтеруден ауыл жастары арасында сайыс;

сағат 11.00-12.00, Жаңаталап ауылдық клубы, ауылдық округ жастары арасында қол күресінен жарыс;

сағат 16.00-17.30, Өндіріс ауылы Ж.Отарбаев атындағы орта мектеп спорт залы, жастар арасында кіші футболдан турнир;

 

18 желтоқсан

сағат 09.00-10.00, Жаңатас спорт кешені, Тәуелсіздік мерекесіне орай ардагерлер арасында волейболдан аудандық ашық турнир;

сағат 10.00-15.00, Жаңатас спорт кешені, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 2004-2006 жылы туылған кіші жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен аудандық жарыс.