Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлттық ғылыми медицина орталығы» АҚ басқарма төрағасы Абай Байгенжинді қабылдады

Маусым 22, 2019

Мемлекет басшысына ғылыми орталықтың қазіргі жұмысы мен алдағы даму жоспарлары, мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі аясындағы медициналық жобалардың жүзеге асырылуы жайлы баяндалды. А. Байгенжин Президентке Томотерапия және ядролық медицина орталығының қатерлі ісікті емдеудегі жаңа әдістері туралы айтты.

Кездесуде денсаулық сақтау саласының басқа да өзекті мәселелері талқыланды.

Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев нақты тапсырмалар беріп, орталық ұжымына табыс тіледі.