ПРЕЗИДЕНТ СЫЙЫНА ИЕ БОЛҒАН-ДИНАРА

Желтоқсан 28, 2020
ПРЕЗИДЕНТ СЫЙЫНА ИЕ БОЛҒАН-ДИНАРА
Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін Президент шыршасын әр баланың пәк көңілмен, ізгі ниетпен күтетіні анық.
Президент шыршасы биыл да өз жалғасын тапты. COVID-19-ға қатысты барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, оқушылар бұл мерекені жасыл шырша жанында емес, өз үйлерінде өлең-тақпақтарын айтып, сәнді киініп күтіп алды.
Аяз ата мен Ақшақар оларды құттықтап үйлеріне барды. Көп балалы отбасынан шыққан,
Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Ы.Сүлейменов атындағы орта мектебінің 5-сынып оқушысы Шорахан Динара Мәдиқызына ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың атынан берілген құттықтау ашық хатын, сомасы 120 000 теңгелік сертификатты және ұлы ақын Абай туралы кітапты, сонымен қатар, жаңа жылдық тәттілерге толы сыйлықты мектеп директоры Ғ.Бозжігітов өз қолымен апарып тапсырды.
Президент атынан өтіп жатқан Жаңа жыл шыршасы балалардың өз үйлерінде болуына қарамастан олардың жүздерінен қуаныш байқалады, көңілдері өте көтеріңкі.