Үгіт жұмыстары жүруде

Қ.Тоқаевтың  Республикалық қоғамдық штабының мүшелері Маңғыстау облысының активімен, «Құрық» паром кешенінің жұмысшыларымен және өңірдегі басқа да бірқатар кәсіпорынның еңбек ұжымымен және аймақтағы бизнес қауымдастық пен ҮЕҰ өкілдерімен, бірқатар аудандардың тұрғындарымен кездесті.

Кездесулерде Қ.Тоқаевтың жақтастары кандидаттың инфрақұрылымды дамыту саласындағы басымдықтары туралы айтты. Сайлауалды бағдарламада Транскаспий дәлізі арқылы контейнерлер тасымалдау жүйесін әрі қарай дамыту, автомобиль жолдарының сапасын айтарлықтай арттыру және «үйге дейін жол» қағидасын жүзеге асыру тетіктері қарастырылған. Бұл басымдықтардың бәрі Елбасының еліміз бойынша инфрақұрылымды дамытуға бағытталған бастамаларының лайықты жалғасы болары анық.

– Өңірлерді дамыту бойынша Елбасы саясатын әрі қарай жүзеге асыру біздің кандидаттың маңызды бағыты. Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі бағдарламалардың жүзеге асырылуын сақтап, барлық санаттағы азаматтарға қолдау көрсетуге жағдай жасауды көздеп отыр, – деді Бақтықожа Ізмұхамбетов.

Сонымен қатар, Республи-калық штабтың мүшелері Жаңаөзен қаласының тұрғындарымен кездесті. Мұнда халықтың әл-ауқатын арттыру және барлық әлеуметтік міндеттемелерді сақтау үшін қажетті шараларды қолға алу мәселелері сөз болды.

– Қоғамдық-саяси келісім мен әлеуметтік-экономикалық даму міндеттерін орындау үшін Елбасымыз алдымызға нақты мақсаттар қойып отыр. Сабақтастық пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін Тұңғыш Президентіміздің әлеуметтік бағдарламалары мен стратегияларын тиімді әрі нәтижелі жүзеге асыру жұмыстарын жалғастыруымыз керек, – деді «Nur Otan» партиясының ардагері Зейнолла Алшымбаев.

Сондай-ақ, Қ.Тоқаевтың сенімді өкілдері облыс аумағында тағы бірқатар іс-шаралар өткізіп, кәсіпкерлермен, қоғамдық ұйым өкілдерімен және мұнай-газ саласындағы өнеркәсіп орындарының еңбек ұжымдарымен кездесті.

 

*   *   *

Қазақстан Республикасы-ның Президенттігіне үміткер Әміржан Қосановтың сайлауалды штабтарымен үгіт-насихат жұмыстары жалғастырылуда.

Үміткер өзінің сенімді тұлғаларымен Затобольск ауылынданғы «СХОС Заречное» ЖШС жұмыскерлерімен кездесу өткізді. Аталған ұйым тандаулы астық дәндерін өндірумен, мал өсірумен айналысады.

Жиынға жиырмаға жуық адам қатысты. Кездесудің модераторлығын облыстық сайлауалды штабының басшысы Серік Сатмұхамбетов атқарды. Кездесу барысында платформаның негізгі бағыттары талқыланып, жұмыскерлер мен қарапайым тұрғындар өз пікірлерін ортаға салды.

Пікірлесу барысында қатысушылардың өзекті сұрақтарына кандидат және штаб мүшелері жауап берді.

*   *   *

Шымкент қаласының сайлауалды штабының жетекшісі Н.Қадырқұлов және партия комитетінің белсенділері Индустриалды-техникалық колледжде қаланың студент жас-тарымен кездесті.

Н.Қадырқұлов жастарға Қазақстан Республикасының Президентініне үміткер Жамбыл Ахметбековтің және ҚКХП-ның сайлауалды тұғырнамасын түсіндірді.

Ол заманауи жастардың тәрбиесіне де тоқталды. Ақшаға деген құмарлық жастарды құлақ кесті құлға айналдырып жатқанына назар аударды. Интернеттің белгілі бір контенті жастар арасында осындай олқылықтың орын алуына себеп болатынын атап өтті.

Қалалық штаб жетекшісі үміткер жастардың өзін-өзі танытуына мүмкіндік ұсыну ҚКХП-ның басты басымдықтарының бірі екенін атап өтті. ҚКХП үміткері өзінің сайлауалды бағдарламасында жастар үшін алғашқы кепілденген жұмыс орнын енгізуді талап ететінін айтты.

Жиында көтерілген тақы-рыптар жастардың жанына жақын болды. Олар саламатты өмір салтына (ішімдік, нашақорлық), шәкіртақының көлеміне, жастардың бос уақытын ұйымдастыруға қатысты негізгі мәселелерін көтерді.

Ол қатысушыларға алғыс білдіріп, оларды Қазақстан Республикасының Президенті сайлауына қатысуға шақырды.