Өнерім саған-Туған ел

Техникалық шығармашылық орталығының биылғы оқу жылындағы оқу тәрбие жұмысының жоспарланған іс-жоспарында  оқушылардың өз ой туындылары бойынша жасаған шығармашылық жұмыстарынан мекемеішілік көрме ұйымдастыру жоспарланған болатын. Осы іс-жоспарды орындау мақсатында орталықта «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында   Отанымыздың жүрегіне, Тәуелсіздігіміздің тірегіне айналған «Ел жүрегі Астанаға-20 жыл» және Сарысу ауданына 90 жыл толуына орай, жастехниктер мен өнертапқыштардың арасында «Өнерім саған-Туған ел» атты шығармашылық көрме өткізілді.

Көрмеге арнайы шақырылған Сарысу ауданының «Құрметті азаматтары» Ермекбай Ақылбеков пен Алтын Досжанова және аудан әкімдігі білім бөлімінен, Байқадам ауылдық округі әкімінің аппараты мамандары, мектеп директорлары, ата-аналар, сонымен қатар, топ және үйірме жетекшілері және үйірмеге қатысатын  оқушылары қатысты. Орталық ғимарат алды безендіріліп, оқушылардың шығармашылық жұмыстары көрмеге қойылды. Көрме Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына байланысты жазған «Жас тұлпар-2014» сыйлығының иегері, ақын Серік Сейтманның «Рухани жаңғыру»  өлеңін «Ісмер» үйірмесінің оқушысы Бақытжанқызы Аяулым-ның орындауымен және  «Сымбат» үйірмесінің оқушыларының «Сән үлгісін» көрсетуімен басталды. көрермен қауым көрмеге қойылған оқушылардың шығармашылық жұ-мыстарына алғысын білдірсе, жиналған көпшілікке орталықтың тыныс-тіршілігіменен таныстыру үшін, орталық директоры М.Мельдеев хабарлама жасады. Бұдан кейін бұқарамен жұмыс бөлімінің меңгерушісі Д.Кажеков көрмеге қатысқан кісілерге көрмені аралатып, таныс-тырып өтті. Көрмені аралаған ата-аналар өз ризашылықтарын білдіріп, оқушыларға сәттілік тіледі.Көрме арнайы жасалынған бағдарлама бойынша өткізіліп, оқушылардың өз ой туындылары бойынша жетекшілерінің басшылығымен жасалған шығармашылық жеңімпаздардың жұмыстары қорытындыланды. көрмені саралап-бағалау үшін, құрылған әділ-қазылар алқасының шешімімен 2018 жылдың сәуір айында өтетін облыстық білім басқармасы Ғылым күніне арналған жастехниктермен өнертапқыштардың (әуе, авто, кеме, зымыран үлгілерін жасау бойынша) V облыстық шығармашылық жарысына қатысу үшін жолдама алды.