Өнегелі отбасыдан үлгілі ұрпақ өседі

Қазан 22, 2019

Өнегелі отбасыдан үлгілі ұрпақ өседі
Ел арасында «Ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, немере-шөбересін әлпештей өсіріп, шаңырағынан шаттық лебі ескен өнегелі от­басылардың көптігі ризалық сезіміне бөлейді.
Халық өсімі – ел өркендеуінің өзегі. Сарысу өңіріндегі демографиялық өсім де жыл санап жақсарып келеді.
Бұл үрдіске Жайылма ауылының тұрғыны Жанбөрі Убайділдаұлы Сыздықовтың да отбасы да өзіндік үлес қосып отыр.
Жайылма ауылынан 10 шақырым қашықтықта «Ұялыағаш» аталып кеткен жерде мекен еткен, шаруақожалықтың иесі Жанбөрі Сыздықов пен Жазира Мамбетованың отау құрғандарына биыл 13 жыл толыпты.
Осы жылдар арасында шаңырақтарында татулық пен ауызбіршілік салтанат құрған.
Қазіргі уақытта 6 баланы өсіріп, тәрбиелеп отыр.
35 жастағы көпбалалы ана бала тәрбиесінде – үнемі ізденіс, еңбекқорлық пен әділдікті басшылыққа алады екен.
Жазира Мамбетова – көпбалалы ана. Отанасы үй шаруасы мен бала тәрбиесінде, ал отағасы мал шаруашылығымен айналысып жанұясын асырап отыр.
Еңбекпен есейген Жанбөрі қашанда балаларына адал еңбек етіп, үлгілі болуларын айтып отырады.
Абай атамыздың жетінші, сегізінші, оныншы қара сөздерінде бала туралы, ақыл үйрену мен насихат тыңдау мәселелері қашанда бұл шаңырақта сөз болады.
“Жас бала анадан туғанда, екі түрлі мінезбен туады. Біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұл тәттінің құмары…
Біреу білсем… Көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген”. Бұл қара сөзде қаралған бала тәрбиесіне негізгі көмекші бірден бір ата-ана екендігі айдан анық.
Бала болашағына негіз салушы – ата-ана. Ата-ана қандай іс-әрекет жасаса да, барлығын баланың қамы үшін жасайды.
Барлығымыз да келешек ұрпақтарымыз үшін еңбек етіп жүрміз ғой, олардың қуанышы біздің қуанышымыз.
Сондықтан бүгінде көріп жүрген кейбір кісілер секілді, тек өкімет не береді екен демей тәуекел етіп, тіршілік жасаса тұрмысы тіктеледі. Әлеуметтік көмек жайы кейінгі кезде жиі айтылуда. Көмек дұрыс шығар. Десек те алмақтың да салмағы бар дегендей, елдің ертеңі үшін ерінбей еңбек ету керек-қой. тек үйде жатып, әлеуметтік көмек алып, балалары үшін қол қусырып өзі тірлік жасамау еразаматтарға сындай.
Қатты қажетсінетін отбасылар болмаса екініің бірі көмек сұрап, өкіметке қол жая беру орынсыз. Еңбек,еңбек, еңбек. Осы сөздер ғана бәрін жеңбек.
Ешкім үйіп-төгіп бере салған жоқ. «Убайдулла шаруақожалығын бастағанда біртіндеп еңбек етумен бүгінгідей халге жеттік. Сондықтан өкімет тарапынан беріліп жатқан, ауылшаруашылық басқа да жеңілдіктерді алу арқылы тұрмыс тіктеу бұл әлдеқайда дұрыс тіршіліктей.
«Жазира тұрмысқа шыққан күннен бастап үйшаруасымен қоса 30-40 түйе сауумен айналысып келеді.
«Ешкімде ешкімнен артық немесе кем көрмеймін», — дейді Жанбөрі мырза. Алланың берген 5 қыз 1 ұлын бірдей жақсы көремін дейді. Расында да біздің ұлттық құндылықтарымыздың бастауы – отбасы.
Әке – отбасының тірегі болса, ана – берекесі.
Менің ойымша, бақытты отбасы шаңырағынан бақытты ұрпақ тәрбиеленіп шығады.
Бақытты ұрпақтан құралған ұлт та, қоғам да бақытты болады. «Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде оларға жасайтын имандылық пен сауаттылық қасиеттерді сіңірсек,тәлім-тәрбие берсек,сонда ғана рухы дамыған, Отанның гүлденуіне өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз» деген Нұрсұлтан Назарбаевтың сөздерінде де үлкен мән бар.
«Әке – асқар тау,
Ана – етегіндегі бұлақ,
Бала – жағасындағы құрақ» .
Олай болса қашанда «Әкеге қарап ұл, шешеге қарап қыз өседі»,- дейміз. Шынында отбасының ең маңызды қызметтерінің бірі, негізгісі – баланы өмірге келтіру ғана емес, сонымен бірге оған әлеуметтік-мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәрбиесін жас ұрпаққа жеткізу, бойына сіңірту, яғни балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру. Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады.
Ата-анасын, аға-сіңлілерін сыйлай білген, жақындарына жақсылық тілеген адам, болашақта еліне, оның дамуына көп септігін тигізеді.
Жанбөрінің айтуынша, кез-келген қазақ отбасындағыдай бұл әулетте де үлкенді құрметтеу,кішіге ізетпен қарау қағидасы бірінші орында тұрады.
Бұл шаңырақта әлі күнге дейін үлкенге «сен» деп сөйлемек түгілі, алдын кесіп өтпеуге мән беріледі.
Үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемейтіндігі сияқты жазылмаған ережелер қатаң сақталады.
Бұл бала тәрбиесін ұл тәрбиесі, қыз тәрбиесі деп жеке- жеке мән беріп қарастыратын қазақ отбасының өзіндік ерекшеліктерінің ішіндегі маңыздысы.
Отбасы мүшелерінің арасында бір-бірінің тәрбиесіне жауапкершілік, борыштылық, адамгершілік сезімдерін туғызған Жанбөрі мен Жазира -нағыз еңбекқор, текті жандар деп ел алдында мақтана көрсетуге тұрарлық.
Өйткені «Ұялы ағаш» деп аталатын жерде жалғыз үй тұратынын бірі білсе бірі білмес. Аты айтып тұрғандай бір уақтары жалғыз ғана талға құстар ұя салған. Содан осынау жердің аты ұялы ағаш аталып кеткен екен.
Осы жерден үй салып, егіс егіп, мал ұстап отбасын асырап, халқына да пайдасын тигізіп отырған Жанбөрі «Убайдулла» шаруақожалығының иесі.
Тек түйе,жылқы ғана өсірмей, отбасында жары Жазира қызанақ, алма, қияр, басқа да түрлі жеміс ағаштарын күтіп баптауда шебер.
Жалғыз үйлі емес, бұл жерді бейне жер жәннаты деуге тұрарлық. Кептерлер мен тотықұстардың түрлері, есік алдында қолдан жасалған ауқымды аквориумда 10-нан аса балық түрлері суда шоршып түсіп, көздің жауын алады.
Балық түрлерін тартылған өзендер мен көлдерден, су жағалауларынан алып келіп, осындай жағдай жасап отырғандықтарын айтып, бұл күнде балықтар көбейіп, қыста су астында, жазда бетінде ойнақтап, бұл да бір тіршілігіміге айналды дейді.
Жаны керектің бәрі осы үйден табылған отбасы көпке үлгі, өнеге.

Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы.