Тарифті белгілеу туралы
Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкідігінің 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 189 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 31 қазанда № 3566 болып тіркелді
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37 баптарына және «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 19 бабына сәйкес Сарысу ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Жаңатас қаласындағы жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауда жол жүру тарифі барлық жолаушылар үшін – 50 (елу) теңге;
мектеп оқушыларына (1-11 сынып) – 20 (жиырма) теңге болып бекітілсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Омарбек Берген Жақатайұлына жүктелсін.
- Осы қаулы әділет органдарына мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Нарбаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Сарысу аудандық
мәслихатының хатшысы
С.Бегеев
6 қазан 2017 жыл
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК