«Сарысу ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен тәртібін бекіту туралы» Сарысу ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қыркүйектегі №219 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жамбыл облысы Сарысу ауданының әкімдігі

 

Жаңатас қаласы                                                          №366                                                           29.12.2015 ж

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, «Автомобиль көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 14 бабының 3 тармағының 3-1) тармақшасына және «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 26 наурыздағы №349 бұйрығына сәйкес Сарысу ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:        

  1. «Сарысу ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен тәртібін бекіту туралы» Сарысу ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қыркүйектегі №219қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2801 болып тіркелген, 2015 жылғы 7қарашадағы №109 аудандық «Сарысу» газетінде жарияланған)келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулының кіріспесіндегі «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі №767 қаулысына» деген сөздер «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 26 наурыздағы №349 бұйрығына» деген сөздермен ауыстырылсын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасарыД.Асановаға жүктелсін.
  2. Осы қаулы әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

 

 

                          Аудан әкімі                                                                                  Б.Жайлыбаев