Сарысу ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін, атауларымен индекстерін бекіту туралы
Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 235 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 25 желтоқсанда № 4055 болып тіркелді
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 3 бабының 7 тармағына, 6 бабының 2 тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Сарысу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Сарысу ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- «Сарысу ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Е.Алтишев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулының Сарысу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Омарбек Берген Жақатайұлына жүктелсін.
- Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б.Нарбаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Жамбыл облысы әкімдігінің
жолаушылар көлігі және автомобиль
жолдары басқармасының басшысы
__________________Б.Жәнібеков
«___»______________2018 жыл
Сарысу ауданы әкімдігінің 2018 жылғы «14» желтоқсандағы № 235 қаулысына қосымша |
Сарысу ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері
№ | Индекстері | Автомобиль жолдарының атауы | Ұзақтығы (шақырым) |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | КН-SH-1 | «Жайлаукөл ауылына кіре беріс» 0-1,7 | 1,7 |
2. | КН-SH-2 | «Қамқалы ауылына кіре беріс» 0-1 | 1 |
3. | КН-SH-3 | «Шығанақ ауылына кіре беріс» 0-2,14 | 2,14 |
4 | КН-SH-4 | «Шағалалы ауылына кіре беріс» 0-9,2 | 9,2 |
5 | КН-SH-5 | «Тоғызкент ауылына кіре беріс» 0-0,730 | 0,730 |
6. | КН-SH-6 | «Әбілда ауылына кіре беріс» 0-0,2 | 0,2 |
7. | КН-SH-7 | «Саудакент ауылына кіре беріс» 0-3,45 | 3,45 |
8. | КН-SH-8 | «Ұйым ауылына кіре беріс» 0-0,54 | 0,54 |
9. | КН-SH-9 | «Жаңаталап ауылына кіре беріс» 0-2,6 | 2,6 |
10. | КН-SH-10 | «Игілік ауылына кіре беріс» 0-4 | 4 |
11. | КН-SH-11 | «Маятас ауылына кіре беріс» 0-0,8 | 0,8 |
12 | КН-SH-12 | «Қызылдихан ауылына кіре беріс» 0-6,75 | 6,75 |
13. | КН-SH-13 | «Жаңатас-Түркістан» 0-8,56 | 8,56 |
14. | КН-SH-14 | «Түркістан-Арыстанды» 0-12,5 | 12,5 |
15 | КН-SH-15 | «Түркістан-Үшбас» 0-6 | 6,0 |
16. | КН-SH-16 | «Көк дала 1 ауылына кіре беріс» 0-1,5 | 1,5 |
17 | КН-SH-17 | «Көк дала 2 ауылына кіре беріс» 0-0,750 | 0,750 |
18 | КН-SH-18 | «Жайылма ауылына кіре беріс» 0-2,1 | 2,1 |
19 | КН-SH-19 | «Өндіріс ауылына кіре беріс» 0-0,350 | 0,350 |
Барлығы: | 64,87 |
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК