«Сайлау учаскелерін құру туралы» Сарысу ауданы әкімінің 2014 жылғы 20 ақпандағы № 1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Жамбыл облысы Сарысу аудан әкімінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 1 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 12 ақпанда № 2934 болып тіркелді
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциалық Заңының 23 бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабына сәйкес аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Сайлау учаскелерін кұру туралы» Сарысу ауданы әкімінің 2014 жылғы 20 ақпандағы № 1 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде № 2134 болып тіркелген, 2014 жылғы 29 наурыздағы № 29-30 «Сарысу» газетінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д.Асановаға жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б.Жайлыбаев |
Сарысу ауданы әкімінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №1 «Сайлау учаскелерін кұру туралы» Сарысу ауданы әкімінің 2014 жылғы 20 ақпандағы №1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешіміне келісім парағы
«КЕЛІСІЛДІ»
Жамбыл облыстық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы
_________________М.Сарыбеков
9 ақпан 2016 жыл
Город Жанатас
Сарысу ауданы әкімінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №1 шешіміне қосымша |
Сарысу ауданында дауыс берудi өткiзу және дауыс санау үшiн сайлау учаскелерi
№ | Сайлау учаскесінің нөмірі | Сайлау учаскесінің шекарасы |
№363 | Жаңатас қаласы, 1 шағын аудан №2, 3, 6, 7, 8, 16, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 31, 32, 33 үйлер, №15 бала-бақша, 3 шағын аудан №1, 7, 30, 31 үйлер | |
№364 | Жаңатас қаласы, 2 шағын аудан №6, 8, 13, 13а, 14, 17, 18, 19, 21, 22, 27, 28, 37 үйлер, 3 шағын аудан №47, 48, 52 үйлер, 4 шағын аудан №5, 7, 11, 12, 27 үйлер, В.Терешкова, А.Ыбраев, С.Аспандияров, С.Мұқанов көшесі және бұрылысы | |
№365 | Жаңатас қаласы, 3 шағын аудан №6, 12/2, 21/1, 21/2, 22, 23/1, 23/2, 23/3, 23/5, 24, 25/1, 25/2, 25/20, 25/21, 25/22, 26, 37, 38, 49, 50, 51 үйлер, М.Әуезов, Т.Рысқұлов, А.Әйтиев көшелері | |
№366 | Жаңатас қаласы, Профсоюз көшесі, Амангелді көшесі және бұрылысы, Ә.Азаматов көшесі және бұрылысы, Ш.Әлжанұлы көшесінің №53-114 үй аралығы, Қойгелді батыр көшесінің №1-6 үй аралығы, «Строитель» саяжайы, Өндірістік аймақ | |
№367 | Жаңатас қаласы, 5 шағын аудан №3, 9, 10, 17, 18, 19, үйлер, 6 шағын аудан №6, 8, 9, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 22, 23, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 34 үйлер, Б.Сұлтанғазиев, Б.Момышұлы, Т.Бокин, Т.Тоқтаров көшелері | |
№368 | Жаңатас қаласы, Ә.Молдағұлова көшесі, А.Оразбаева көшесі және бұрылысы, Ы.Дүкенұлы көшесі, Ш.Әлжанұлы көшесі №1-52 үй аралығы, С.Сейфуллин, Қ.Сәтпаев, И.Тайманұлы көшелері, №3 жолды пайдалану кәсіпорыны, 16 шағын аудан, Ж.Бижанов көшесі және бұрылысы, О.Жандосов, А.Порох, Жамбыл, Д.Нүрпейісова, Т.Бегелдинов, Т.Басенов, М.Маметова, Ғ.Мұратбаев, Құрманғазы көшесі және бұрылысы, И.Панфилов, Ә.Қастеев, Ә.Қашаубаев, М.Бәпиұлы, Шоқай Датқа көшесі және бұрылысы, В.Клочков, С.Есова, Ы.Алтынсарин, Ө.Аяпов, К.Әзербаев, Б.Серікбаев, Ә.Жангелдин көшелері және К.Байсейітова көшесінің №7 – 215 үй аралығы | |
№369 | Жаңатас қаласы, «Фосфорит», «Горняк», саяжайлары, Ш.Құдайбердиев, Абай, С.Шакиров көшелері, Қ.Шағыров көшесі және бұрылысы, Ш.Уәлиханов көшесі және бұрылысы, А.Пушкин көшесі, Қойгелді батыр көшесінің №7 – 47 үй аралығы, Қажымұқан көшесі, Ш.Әлжанұлы көшесінің №115 -135 үй аралығы және К.Байсейітова көшесінің №1 – 6 үй аралығы | |
№370 | Саудакент ауылы, Төле би, Құрманғазы, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердіұлы, Е.Тоқаев, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, С.Сейфуллин, Абай, Ұ.Сыздықбайұлы, Қ.Асанұлы, М.Әуезов, М.Дулатов, Н.Әбдіров, Ш.Байбатшаев, Д.Қонаев, Б.Кәріұлы, Ұ.Есенбеков, Қ.Ажақаев, Ө.Сармолдаев көшелері | |
№371 | Саудакент ауылы, Қазыбек би, Қ.Ысқақұлы, Б.Сұлтанғазиев, М.Мәметова, Абылайхан, Әйтеке би, І.Жансүгіров, Б.Момышұлы, Т.Рысқұлов, Қ.Сатпаев, А.Байтұрсынов, Б.Өзденбаев, Ж.Аймауытов, М.Абдуллаев, М.Күздеубаев, Ы.Қыздарбеков көшелері | |
№372 | Ұйым ауылы, Канал, Шабақты бойындағы үйлер, Саудакент ауылындағы Е.Жандыбайұлы көшесі | |
№373 | Жаңаталап, Жарқұдық ауылдары | |
№374 | Өндіріс, Талас ауылдары | |
№375 | Игілік ауылы | |
№376 | Жайылма, Ақтам ауылдары | |
№377 | Қызылдихан ауылы | |
№378 | Маятас ауылы | |
№379 | Ұ.Сыздықбайұлы ауылы | |
№380 | Ақтоғай ауылы | |
№381 | Шығанақ ауылы | |
№382 | Қамқалы ауылы | |
№383 | Жайлаукөл ауылы | |
№384 | Тоғызкент, Әбілдә, Майлыкөл ауылдары | |
№385 | Досбол, Шағалалы, Көкдала ауылдары | |
№386 | Түркістан, Үшбас ауылдары | |
№387 | Арыстанды, Қаратас ауылдары |
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК