Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 181 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 14 тамызда № 4316 болып тіркелді
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17, 69, 119 баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына сәйкес Сарысу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Қазақтелеком» акционерлік қоғамына талшықты оптикалық байланыс желісін жүргізу үшін 53,9666 гектар жер учаскесіне, жер учаскелерін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан, 3 (үш) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
- «Сарысу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберілуін;
осы қаулының Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Көкей Олжас Тұрғынұлына жүктелсін.
- Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Қ. Мәдібек | ||
Сарысу ауданы әкімдігінің 2019 жылғы «__» ________ №____ қаулысына қосымша |
|||
Талшықты оптикалық байланыс желісін жүргізу үшін қауымдық сервитут белгіленген жер көлемдері
№ | Қала, ауылдық округ | Жалпы көлемі (гектар) | Оның ішінде (гектар) | ||||
Егістік | Шабындық | Жайылымдық | Бөгде жер учаскесі | Құрылыс асты | |||
2 | Байқадам | 2,2857 | – | – | 2,2857 | – | – |
3 | Жайылма | 1,557 | – | – | 1,557 | – | – |
4 | Түркістан | 2,3544 | – | – | 2,3544 | – | – |
5 | Тоғызкент | 23,5087 | – | – | 21,2001 | 2,3086 | – |
6 | Жаңатас | 3,8911 | – | – | 1,8291 | 2,062 | – |
7 | Жаңаарық | 5,0769 | – | – | 5,0769 | – | – |
8 | Жаңаталап | 9,3551 | – | – | 9,3071 | 0,048 | – |
Барлығы | 53,9666 | – | – | 49,1007 | 4,8659 | – |
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК