Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 3 ақпандағы № 26 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 6 ақпанда № 4500 болып тіркелді
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9, 27 баптарына сәйкес Сарысу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
- «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Сарысу ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 29 мамырдағы № 124 (нормативтік құқықтық актілерді мемлкеттік тіркеу тізілімінде № 4253 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылғы 02 тамызда жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
- «Сарысу ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Имашев Ерлан Оспанбекұлына жүктелсін.
- Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан Әкімі | Қ. Мәдібек | ||
Сарысу ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 3 ақпаны № 26 қаулыға қосымша |
|||
Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдардың тізбесі
№ | Ұйымның атауы | Жыл басындағы қызметкерлердің тізімдік саны (адам) | Квота мөлшері (қызметкерлердің орташа тізімдік санынан пайызы) | Ауыр жұмыстағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде бөлінген квота саны (адам) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | «Сарысу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Абылайхан атындағы мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 96 | 2 % | 2 |
2 | «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Сарысу аудандық орталық ауруханасының емхана бөлімшесі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 99 | 2 % | 2 |
3 | «Фирма Минералл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 6 | 1 % | 1 |
4 | Жеке кәсіпкер «Аюпова» | 7 | 1 % | 1 |
5 | «Бейсен» шаруа қожалығы | 10 | 1 % | 1 |
6 | «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Жаңатас көпсалалы колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 83 | 2 % | 1 |
7 | «Сарысу ауданы Жаңатас қаласы әкімі аппаратының «Айгөлек» бөбекжай бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | 79 | 2 % | 1 |
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК