Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы

Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 8 маусымдағы № 136 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 14 шілдеде № 2696 болып тіркелді

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн төлемақы мөлшерi қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Дайрабаев Берік Тынышбекұлына жүктелсін.
3. Осы қаулы әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкімі Қ. Мәдібек

 

  Сарысу ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 08 маусымдағы
№136 қаулысына қосымша

 Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн
төлемақы мөлшерi

Мекенжай Төлем мөлшері (айына 1 шаршы метр үшін)
1 1 шағын аудан 7 үй 17 теңге
2 1 шағын аудан 8 үй 10 теңге
3 1 шағын аудан 19 үй 31 теңге
4 1 шағын аудан 31 үй 31 теңге
5 1 шағын аудан 32 үй 28 теңге
6 1 шағын аудан 33 үй 27 теңге
7 3 шағын аудан 25/22 үй 12 теңге

 

 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК