2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Жамбыл облысы Сарысу ауданының әкімдігі

Жаңатас қаласы                                       №362                                                 29.12.2015 ж

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Сарысу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Сарысу ауданында 2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д.Асановаға жүктелсін.
  3. Осы қаулы әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

 

 

Аудан әкімі                                                                                 Б.Жайлыбаев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сарысу ауданы әкімдігінің

2015 жылғы 29 желтоқсандағы

№362 қаулысына қосымша

 

Сарысу ауданында 2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері

 

 

Мектепке дейінгі мемлекеттік ұйымдар Мемлекеттік білім беру тапсырысы (орын), оның ішінде қаржыландырылатын Бір айға жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері, (теңге) оның ішінде қаржыландырылатын Бір айға ата-ананың ақы төлеу мөлшері (теңге)
республикалық нысаналы трансферттер есебінен Жергілікті бюджет есебінен

 

республикалық нысаналы трансферттер есебінен (теңге) Жергілікті бюджет есебінен

(теңге)

1 Балабақшалар (ауыл) 250 300 24356 34573 5000
2 Шағын орталықтар (ауыл) 300 25 16226 16757 4500
3 Балабақшалар (қала) 585 255 22586 24545 6000
4 Шағын орталықтар (қала) 75 50 15226 13595 4500