Салымшыларға ақпарат беру тәсілдері. Жарияланған күні 23.07.2019 ж

«БЖЗҚ» зейнетақы шотынан үзінді кѳшірме алудың бірнеше тәсілі бар екендігі туралы тағы да салымшылар мен алушылардың есіне салады. Бұл заң жүзінде бекітілген құқық және оны қор кеңсесіне келу, дәстүрлі пошта немесе электрондық тәсіл арқылы жүзеге асыруға болады.

Электрондық тәсілдің бірнеше нұскасы бар:

  • БЖЗҚ-ға ұсынылған электрондық пошта арқылы. Бұл жағдайда салымшы (алушы) зейнетақы шоты бойынша Yзінді кѳшірмені электрондық пошта аркылы ѳзі таңдаған кесте бойынша: ай сайын, үш ай сайын, алты ай сайын немесе жыл сайын алады;
  • электрондық цифрлык колтаңба немесе логин мен кұпиясѳзді қолдана отырып, қор сайтының Жеке кабинеті арқылы алу;
  • электрондық цифрлык колтаңбаның кѳмегімен электрондық Yкімет порталының Жеке кабинеті арқылы алу. Бұл ретте бір реттік sms-парольді де пайдалануға болады. Ол үшін салымшы (алушы) электрондық үкімет порталының Жеке кабинетінде тіркеліп, үзінді кѳшірме алуға сауал жолдайды. Сонда оның ұялы телефонына бір реттік sms-пароль жіберіледі. egov.kz электрондық Yкімет порталы арқылы мәліметтер алу үшін салымшылар осы сайттың «Азаматтар» санатына кіріп, «Әлеуметтік камтамасыз ету» айдарын таңдайды. Одан әрі «Зейнетақымен қамтамасыз ету» бѳлімінде кажетті ақпаратты алуға қол жеткізеді.

Зейнетақы шотынан ақпарат алу тәсілін мүлдем таңдамаған салымшыларға үзінді кѳшірме оған қор кеңсесіне ѳздері келіп сұраған жағдайда ғана беріледі. Ақпарат алу тәсілін таңдау үшін салымшы (алушы) қор кеңсесіне жеке басын куәландыратын куәлігін алып келеді. Бұл жерде хабарлау тәсілін ѳзгерту/анықтау туралы қосымша келісімге қол қояды. Кейін қор мамандары ЖСН мен кұпиясѳздің кѳмегімен enpf.kz сайтының Жеке кабинетінде тіркелуге кѳмектеседі.

Егер электрондық цифрлык колтаңбаның (ЭЦК) ѳзекті кілті болса, қор кеңсесіне келмей-ак, оның сайтының Жеке кабинетінде зейнетақы шотынан акпарат алу тәсілін таңдауга және ѳзгертуге болады. Сондай-ақ қор сайтының Жеке кабинетінде зейнетақы жинақтарыңыз бен есептелген инвестициялық табыстардың кѳлемін және зейнеткерлік жасқа толуға қанша уақыт қалғанын біле аласыз.

ЭЦҚ жэне ЖСН мен құпиясѳзді қалта телефонындағы ENPF ұялы қосымшасына кіру үшін де қолдануға болады. Қосымшаны Android жэне IOS базасында жумыс істейтін кез келген смартфон мен планшетке тегін жүктей аласыз. Ол қазақ жэне орыс тілдерінде жумыс істейді. Ұялы қосымшадан шотыңыздың жай-күйін, зейнетақы жүйесіндегі ѳзгерістерді білуге, қордың жергілікті кеңселерінің мекен-жайларын кѳруге және қордың байланыс орталығына хабарласуға болады. Бұл қызмет салымшыларға ѳздерінің зейнетақы жинақтарының жай-күйін аптасына 7 күн, тәулігіне 24 сағат бойы бақылауға мүмкіндік береді.

Бүгінде қордың ұялы қосымшасы қазақстандықтар арасында ѳте танымал болуда. Ал заманауи байланыс құралдарын пайдалана алмайтындардың зейнетақы шоты бойынша Yзінді кѳшірмені пошта байланысы арқылы жылына бір рет алып тұруға мүмкіндіктері бар. Мекенжай ѳзгерген жағдайда бұл туралы қорға міндетті түрде хабарлау қажет. Егер бұлай жасалмаса БЖЗҚ алдағы уақытта зейнетақы жинактарының жай-күйі туралы ақпаратты жібермеуге құқылы. Сонымен катар БЖЗҚ зейнетақы шоттарында жинақтары жоқ салымшыларға да Yзінді кѳшірме жібермейді.

 

 

 

«БЖЗҚ» АҚ баспасѳз орталыгы БАҚ, үшін байланыстар: press@enpf.kz