Меморандумға қол қойылды

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ауданымызда «Туған жерге туыңды тік» бағдарламасын ілгерілету мақсатында «Жаңғырған ауыл» жобасы жүзеге асуда. Осыған байланысты аудан әкімдігінің мәжіліс залында  өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Жиында аудан әкімі Б.Нарбаев сөз алып, ауданда атқарылып жатқан бір қатар мәселелерді тілге тиек етті. Сонымен қатар, ауданымыздың тұрғыны, кәсіпкер Түсіпбеков Талғат Қамқалы ауылында орналасқан құны 30,0 млн. теңге болатын медициналық пункті туралы аудан әкімімен меморандумға қол қойды.