Сарысу ауданында облыс жастарын ақпараттандыруға бағытталған «Болашаққа бағдар» атты көшпелі кеңес беру алаңының шарасы өтті

Бүгін, 30 мамыр күні Сарысу ауданында облыс жастарын ақпараттандыруға бағытталған «Болашаққа бағдар» атты көшпелі кеңес беру алаңының шарасы өтті. Шара барысында жастарға, сондай-ақ жалпы xалыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің барлық түрлері бойынша және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті одан әрі жетілдіру жөнінде түсіндірілді. ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Р.Төлебаев аудан әкімдігінде өткен жиында мемлекеттік қызметшілердің бойында барынша адалдық, әдептілік қасиеттерінің болуы, тұтынушыларды, азаматтарды қанағаттандыруы, «мінсіз мемлекеттік қызметкер» болуы, яғни жұмыстан тыс уақыттағы мінез-құлқы жайлы айта келе, мемлекеттік қызметші – xалықтың бет айнасы деп атап өтті. Сонымен қатар, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді барынша оңтайландыру, цифрландыру қажеттігін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы азаматтық бақылауды жетілдіру, мемлекет пен xалықты жақындату шараларын іске асыру нәтижесінде xалықтың мемлекетке деген сенімін арттыру жөнінде түсіндірді.