Сарысу ауданы әкімі аппараты ғимаратының мәжіліс залында аудан әкімі аппаратының әдеп уәкілінің үйлестіруімен 23 маусым – Мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты жиын өтті

Сарысу ауданы әкімі аппараты ғимаратының мәжіліс залында аудан әкімі аппаратының әдеп уәкілінің үйлестіруімен 23 маусым – Мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты жиын өтті. Жиынға аудандағы мемлекеттік қызметшілер қатысты. Оның барысында мемлекеттік қызметке алғаш рет тағайындалған қызметкердің ант беру рәсімі өтті, сондай-ақ мемлекеттік қызмет саласында адал еңбек етіп, мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға үлесін қосып жұрген бірқатар қызметкерлер облыс әкімінің, ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің және аудан әкімінің Құрмет грамоталарымен, Алғыс xаттарымен марапатталды.