«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзіңнен баста» кіші бағдарламасын іске асыру шеңберінде аудан әкімдігінің әдеп уәкілі Түркістан ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерімен кездесті

Бүгін, 3 маусым күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзіңнен баста» кіші бағдарламасын іске асыру шеңберінде аудан әкімдігінің әдеп уәкілімен Түркістан ауылдық округі әкімі аппаратында мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында Қазақстан Ресрубликасы заңнамаларының және Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің (бұдан әрі – Әдеп кодексі) талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік қызмешілерге консультативті көмек көрсетіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалану, сегіз сағаттық жұмыс кестесіне сай еңбек тәртібін сақтау, мүдделер қақтығысын болдырмау, мемлекет мүлкіне жауапкершілікпен қарау жөнінде айтылды. Түсіндіру шарасына қатысқан мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген мемлекеттік мекемелердің басшылары өздерінің сұрақтарын қойып, пікірлерімен бөлісті.