«Руxани жаңғыру» бағдарламасының «Өзіңнен баста» кіші бағдарламасын іске асыру шеңберінде орындау бойынша» аудандағы жас мемлекеттік қызметшілер мен Сарысу ауданының Құрметті азаматы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, «Қайрат» кәсіпқой футзал клубының ойыншысы, ҚР ұлттық құрама командасының мүшесі Серік Түгелбайұлы Жаманқұловпен кездесті

Бүгін, 6 мамыр күні әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі жоспарды, оның ішінде «Руxани жаңғыру» бағдарламасының «Өзіңнен баста» кіші бағдарламасын іске асыру шеңберінде орындау бойынша» әрекет алгоритміне сәйкес аудандағы жас мемлекеттік қызметшілер мен Сарысу ауданының Құрметті азаматы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, «Қайрат» кәсіпқой футзал клубының ойыншысы, ҚР ұлттық құрама командасының мүшесі Серік Түгелбайұлы Жаманқұловпен кездесу өтті. Кездесу барысында С.Жаманқұлов өзінің жетістіктерге қалай жеткені, мемлекетіміздің болашағы, өзінің армандары туралы ойларымен бөлісті. Жас мамандар тақырыпқа сай өз ойларын білдіріп, пікір алмасты. Кездесу соңында белгілі спортшы С.Жаманқұловқа спорт саласындағы жетістіктері мен жас жеткіншектердің спортқа қызығушылығын арттыру бағытында қосқан зор үлесі үшін аудан әкімінің алғыс xаты табыс етілді. Айта кету керек, жыл сайын ауданымызда аталған спортшының демеушілігімен жасөспірімдер арасында футболдан облыстық ашық турнир өткізіледі.