Руxани жаңғыру» бағдарламасының «Өзіңнен баста» кіші бағдарламасын іске асыру шеңберінде орындау бойынша әрекет алгоритміне сәйкес аудандағы мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызмет саласында Қазақстан Республикасы заңнамалары бойынша консультативті көмек көрсету мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет басқармасының қызметкерлерімен кездесті

Бүгін, 16 мамыр күні Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі жоспарды, оның ішінде » Руxани жаңғыру» бағдарламасының «Өзіңнен баста» кіші бағдарламасын іске асыру шеңберінде орындау бойынша әрекет алгоритміне сәйкес мемлекеттік қызмет саласында Қазақстан Республикасы заңнамалары бойынша консультативті көмек көрсету мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет басқармасының қызметкерлері З.Уразбекова мен Ф.Тулентаеваның аудан әкімі аппаратының әдеп уәкілімен бірлескен шарасы өтті. Аудан әкімдігінің мемлекеттік қызметшілеріне заңнамаға енгізілген бірқатар өзгерістер мен факторлы-балдық шкалаға негізделген еңбекақы төлеудің жаңа жүйесіне көшу жөнінде түсіндірілді. Бұдан бөлек, жас мамандарға мемлекеттік қызмет жүйесіндегі бос орындар бойынша жәрмеңке ұйымдастырылды. Оның барысында бүгінгі таңда ауданда бос тұрған мемлекеттік қызмет лауазымдарына орналасу тәртібі мен жолдары туралы түсіндірілді.