Мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру

Мемлекеттік қызметшілерді инновациялық тәжірибелерге және үлкен деректерді талдау әдістеріне, сандық құзыреттілікке оқыту өтті.

2019 жылдың 11 сәуірінде Қазақстан Республикасы  Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалының қызметкерлері: жетекші сарапшылар – Мырзахметова Жанар Мейрханқызының, Асанов Малик Назымбекұлының, лектор – Сарытай Гүлмира Аблайқызының аудандағы мемлекеттік қызметшілермен кездесуі ұйымдастырылды. Оның барысында жас мемлекеттік қызметшілермен көпшілік алдында сөйлеу, жобалық менеджмент тақырыптарында дәрістер оқылды және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға түсу үшін қойылатын талаптар: магистратура бағдарламасына сәйкес «Мемлекеттік менеджмент», «Цифрлық мемлекеттік басқару», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат», «Мемлекеттік саясат және құқық», «Өңірлік даму», «Халықаралық қатынастар», «Мемлекеттік басқару», «Мемлекеттік саясат», «Адами ресурстарды басқару» бойынша, сондай-ақ докторантура бағдарламаларына сәйкес «Мемлекеттік менеджмент», «Мемлекеттік басқару», «Халықаралық қатынастар», «Экономика» бойынша түсіндірілді.

              

Білімін, дағдысын және іскерлігін дамытуға арналған бұл шара барысында мемлекеттік қызметшілер көптеген мәліметтер алды және өздерінің пікірлерімен бөлісті. Бүгінгі таңда ауданда мемлекеттік қызмет жүйесінде еңбек ететін мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру, замануи талаптарына сай инновациялық тәжірибелер алу, мемлекет пен қоғам арасында тиімділікті, ашықтық пен кәсібилікті қамтамасыз ететін және мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жетілдіруге бағытталған цифрлық технологияларды енгізу шаралары қарқынды жүргізілуде.