Мемлекеттік қызметшінің әдебі

Мемлекет басшысы «Қазақстан – 2050» стратегиясында «өте жоғары этика және кәсібилік тиімді мемлекеттік аппаратты құрудың негізгі өлшемі болып табылатындығын» атап өтті.

Бүгінде мемлекеттік қызметшінің әдебі мен мінез-құлық мәселелеріне үлкен мән беріледі. Мемлекеттік қызметші имиджінің тұтастығы жоғары кәсібилік пен жеке құзыреттердің, моральдық-адамгершілік қасиеттердің және әдептілік мінез-құлықтың көрінуіне негізделген. Бұдан басқа, мемлекеттік қызметші мемлекеттің мүддесіне және азаматтардың құқығына залал келтіретін іс- қимылдарға қарсы тұруға, заңмен белгіленген шектеулерді сақтауға міндетті. Осыған орай, мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексімен қатар биылғы жылы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының бірлескен жұмысы – әрбір мемлекеттік қызметшіге қажетті құжаттың «қалта» нұсқасы (Pocketbook) жарық көрді.

Кодекс «Жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын жалпы қабылданған талаптарды, сондай-ақ олардың мінез-құлқының негізгі стандарттарын белгілейді. Халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған»(2-тармақ).

Ол, яғни «қалта» кодексі әдеп жөніндегі мәселелер туындаған кезде мемлекеттік қызметшілер үшін өзінше бір құрал қызметін атқарады. Бұл жұмыстан тыс уақыттағы, қызметтік қатынастардағы мінез-құлық, әлеуметтік желілерде, БАҚ-та көпшілік алдында сөйлеген кезде және мүдделер қақтығысымен байланысты әр түрлі жағдайларда өзін дұрыс таныта білу. Сонымен қатар, рocketbook-ты қарапайым азаматтар да пайдалана алатыны атап көрсетілген. Құрастырушылар әрбір тармақтан кейін көрнекі мысалдар келтіреді. Содан кейін жағдайды талдап, қорытынды жасайды.

Бұдан басқа, осы жұмыста мемлекеттік қызметшілердің парасаттылық мәдениетін қалыптастырудың негізгі аспектілері берілген.

Осы нұсқаулықта мемлекеттік қызметші әдебін сақтау бойынша қысқаша нұсқау ұсынылған. Мұнда лауазымды тұлғалардың мінез-құлық нормалары, олардың әріптестерімен өзара қарым-қатынасы мен қызметтік және қызметтік емес қарым-қатынастардың қағидаттары қарастырылған мысалдар келтірілген. Осы нұсқауды қолдану халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығына және әділдігіне қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуға мүмкіндік беретін болады.

Нұсқаулық мемлекеттік қызметшілердің оны мұқият түрде күнделікті өмірде  пайдалана отырып, әдепті мінез-құлық қағидаттарын сақтауға арналған.