Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді

2019 жылдың ақпан айында аудан әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімшесінің басшысы – Әдеп жөніндегі уәкілдің функцияларын атқарушы Кенешбаева Найля Төлеубекқызымен  Жаңатас қаласы әкімінің аппараты және  аудан әкімдігінің бөлімдері қызметшілерімен  мемлекеттік қызметшінің әдебі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Оның барысында мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалануы, еңбек тәртібін сақтауы, сегіз сағаттық жұмыс күнінен кейін икемді жұмыс кестесін, компьютерлерді автоматты түрде ажырату жүйесін енгізу мәселесін енгізу, республикалық, облыстық және аудандық деңгейдегі спорттық іс-шараларға ат салысуы, мәдени-қоғамдық өмірге тартылуы туралы айтылды.

Сондай-ақ,  мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуі, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті, автокөлік құралдарын қоса алғанда, ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта ғана пайдалануы туралы айтылды.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 50 бабы 1 тармағы 17) тармақшасының талабына сәйкес, мемлекеттік қызметшілер өздерінің мемлекеттік немесе соған теңестірілген функцияларын атқаруға байланысты қызмет бабында өздеріне тәуелді мемлекеттік қызметшілерден және өзге адамдардан жалпы қамқорлығы немесе қызмет бабында бетімен кетушілік үшін сыйлықтарды немесе көрсетілетін қызметтерді қабылдауы мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтар болып танылады. Мемлекеттік қызметші білмей келiп түскен, сондай-ақ ол тиiстi функцияларын осы тармақшаның бiрiншi абзацын бұза отырып атқаруына байланысты алған сыйлықтар жетi күн мерзiмде арнаулы мемлекеттiк қорға өтеусіз тапсыруға жатады, ал мемлекеттік қызметшіге нақ сондай мән-жайларда көрсетiлген қызметтер үшiн ол республикалық бюджетке ақша аудару жолымен ақы төлеуге тиiс.

Өзiне сыйлықтар келiп түскен мемлекеттік қызметші жоғары тұрған лауазымды адамның келiсiмiмен оларды аталған қордан тиiстi жерде қолданылып жүрген нарықтық бөлшек сауда бағасы бойынша сатып алуға құқылы. Сыйлықтарды сатудан түскен ақшаны арнаулы мемлекеттiк қор республикалық бюджетке аударатыны туралы заңнама талаптары түсіндірілді.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер арасында оқуға ұсыну үшін қалыптастырылған әдебиеттер тізімі ұсынылды.

Жиынға қатысып отырған мемлекеттік қызметшілер тарапынан тақырыпқа байланысты сұрақтар қойылып, жауаптар берілді және өзара талдау болды.