23 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілер күніне» байланысты өткен облыстық спартакиадаға ауданымыздың мемлекеттік қызметшілері қатысты

Бүгін, 13 маусым күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мен Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен Тараз-Арена спорт сарайында «23 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілер күніне» байланысты өткен облыстық спартакиадаға ауданымыздың мемлекеттік қызметшілері қатысты.