Мемлекеттік қызметшілердің әдептілік бейнесі

Ағымдағы жылдың 27 сәуірінде Жамбыл облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Ақылбаев Олжас Бақытұлының қатысуымен аудандағы мемлекеттік қызметшілер арасында әдептілік деңгейін арттыру, мемлекеттік қызметшілердің бойында жоғары мәдениет деңгейін қалыптастыру мақсатында семинар өтті. Семинар барысында Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» құжатында кәсіби мемлекеттік аппарат құру туралы, оның ішінде мемлекеттік қызметтің жаңа этикалық кодексін жасау, этика мәселелері жөніндегі уәкілетті өкіл лауазымын енгізу туралы қойылған нақты міндеттердің бүгінгі таңда іске асырылуы талданды.

Осыған орай, облыстағы Әдеп жөніндегі уәкіл О.Ақылбаев мемлекеттік қызметшілерге бүгінгі таңдағы әдеп жөніндегі уәкілдің атқарып жатқан жұмыстары, оның мазмұны мен маңызы туралы түсіндірді.

Семинар тақырыбына байланысты мемлекеттік қызметшілер өз пікірлерін білдіріп, өздерін қызықтыратын мәселелер бойынша сауалдарына жауаптар алды.