«Латын графикасы – мемлекеттік қызметте» атты облыстық байқауда Сарысу ауданының мемлекеттік қызметшілер командасы бірінші дәрежелі дипломды иеленді

Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі жоспарды, оның ішінде «Руxани жаңғыру» бағдарламасының «Өзіңнен баста» кіші бағдарламасын іске асыру шеңберінде аудан әкімі аппараты әдеп уәкілінің үйлестіруімен мемлекетттік қызметшілерді мәдени-қоғамдық өмірге тарту бағытында шаралар ұйымдастырылуда. Бүгін, 20 маусым күні Тараз қалалық мәдениет үйінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің және Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Мемлекеттік қызметші күніне арнап өткізілген » Латын графикасы – мемлекеттік қызметте» атты облыстық байқауға Сарысу ауданынан қатысқан мемлекеттік қызметшілер командасы бірінші дәрежелі дипломды иеленді.