Мемлекеттік қызметшілер өңірдің тарихи-мәдени мұрасын, киелі жерлерін аралауда

Елбасы Н.Назарбаевтың Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру мақаласында «Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәс­түрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі. Бұл кез келген халықты әншейін біріге салған қауым емес, шын мәніндегі ұлт ететін мәдени-генетикалық кодының негізі. Біздің бабаларымыз ғасырлар бойы ұшқан құстың қанаты талып, жүгірген аңның тұяғы тозатын ұлан-ғайыр аумақты ғана қорғаған жоқ. Олар ұлттың болашағын, келер ұрпағын, бізді қорғады. Сан тараптан сұқтанған жат жұртқа Атамекеннің қарыс қадамын да бермей, ұрпағына мирас етт» дей келе, ұлан байтақ Отанымыздың ұлылығын атап өтті. Мемлекеттік қызметшілер «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзіңнен баста» кіші бағдарламасын іске асыру шеңберінде орындау бойынша» әрекет алгоритміне сәйкес өңірдің мұражайы мен тарихи-мәдени мұрасына, ескерткіштеріне, киелі жерлеріне экскурсиялар ұйымдастырып тұрады. Ағымдағы жылдың мамыр-маусым айларында аудан әкімі аппараты әдеп уәкілінің үйлестіруімен аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің, ішкі саясат бөлімінің, қаржы бөлімінің және сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі мемлекеттік қызметшілермен ауданның тарихи-мәдени мұрасына, ескерткіштеріне,Тараз қаласындағы киелі жерлерге экскурсиялар ұйымдастырылды.